Ойынның шарты: Барлығы 20 сұрақ қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. 1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. 2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. 3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. 4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ – та пайда болды. 5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. 6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. 7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. 8. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. 9. Delete алдыңғы символдыөшіру пернесі 10. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ.
11. «Информатика» пәні ЭЕМ – нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 12. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. 13. Монитор компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы 14. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. 15. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. 16. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. 17. Пернетақта, сканер ДК – дің сыртқы құрылғыларына жатады. 18. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. 19. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. 20. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы.
ІІ-тур: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.