III.Менің ұсыныстарым
Электр энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін біздің Қазақстан Республикамыздың Оңтүстігі мен Батысында қосымша энергия көздерін салу кажет және Солтүстік Қазақстан электр стансаларынан тапшы Оңтүстік Қазақстан алқабына электр энергияны көбірек жеткізу үшін Солтүстік - Онтүстiк электр беру желісін салу керек . Осылайша , болашақтағы кезеңде Қазақстанның мүмкіндігі және табиғи отын энергетикалык коры экспорт үшін де және ішкі қажеттікті өтеу үшін де жетерлік өнім шығаратын қуатты отын энергетикалық кешен дамытуға жеткіліктілігін дәлелдеуге болады . Қазақтың бағалы шикізатын көптеп игеру неғұрлым маңызды болса , оны әлемдік базарларға жеткізудің ерекшелігі жайында сөз қозғамасқа болмайды .
Мұхит пен теңіз атаулымен шектеспейтін Каспий өңірімен көміртегі тасымалдауға қаржы кедергісімен қабат ықпал соғысынан туындайтын саяси және экономикалық бәсеке де салқынын тигізеді . Терістікке бет алған құбыр арқылы жыл сайын 67 миллион тонна " қара алтын ” асылуы керек . Жобаның жүзеге асуы Ресейдің қас қабағына байланысты . Сол себепті балама бағыттарға деген зәрулік зор . Елбасының АҚШ - қа сапары кезінде американдықтар Каспий арқылы Әзірбайжанға , содан кейін түріктің Жейхан портына апаратын құбыр желiсi жобасына бет бұратының ашық бiлдiрген . Әйтсе де АҚШ зерттеушiлерi Каспий мұнайы үшін ең төте әрі шығыны аз жоба ретінде Иран бағытын нұсқауда .
Сонымен қатар елдің электро мәселесі өзін - өзі жеткілікті қамтамасыз түрде етуінде өте өзекті мәселе болып отыр . 1999 жылы 47498 миллион квт . Сағат электр энергиясы өндірілді , ал тұтылғаны - 50263 миллион квт . сағат . Тапшылығы 5,5 % -ды құрады . Сонымен бірге республикадан тыс жерлерден 5683 млн . квт . сағат электр энергиясы алынса , Қазақстаннан сыртқа 2918 млн . кВт . Сағат электр энергиясы жөнелтілген , яғни бұл сырттан алынған энергияның жартысынан астамын құрайды . Бұл арада электр энергиясын сатып алу проблемасы туындайды . Оны қайта тасымалдау қаншалықты тиімді ? Сөйтіп , республиканың энергетика мәселесін кешікпей шешуді талап етеді .
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аргунов П.П. “ Гидроэлектростанции” Казахстан, 1990 год
2. Денисов М.П. “ Основы использования энергии “ Москва, 1989 г.
3. “Энергетика гидроэлектростанции” методическая энциклопедия., 1997 г.
4. Ж.Жатқанбаев “Экология негіздері “ Оқулық – Алматы, “Зият”, 1999 ж.
5. А.Көшербаев “ Тау-кен және байыту өндіріс экологиясы” Әдістемелік нұсқау
6. Е. Шілдебаев “ Қызық экология”, “Әдебиет”, 2000 ж.
7. А.Оспанова “ Экология негіздері “ Алматы, 2003 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |