Ақынның көз алдындағы табиғат – ұлы сауықтырушы, тыныштық орнатушы. Ол өмірді ерекше ықыласпен қабылдап, оның кереметтігіне, тамаша екендігіне сенеді. Бұны тек «Жаз» өлеңінен ғана емес, «Өзен» өлеңінен де көруге болады. Бұл, бір жағынан, жағада өскен желкілдеген көк майса шалғын, өрісте асыр салған тай-құлындар, мөлдір ағыста шоршыған балықтар, ал екінші қырынан, өмір ағысының мәңгілік бейнесі: Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады, Өксіген оттай жанып жануарлар, Өзеннен рахат тауып басылады. Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Табиғат әлемінің әр алуан сұлу да, көркем көріністерін баланың көз алдына келтіріп, көңіліне эстетикалық әсер қалдыру арқылы өмір танытады. Ы.Алтынсарин өлеңдерден басқа, демократтық, гуманистік, ағартушылық идеядаға әңгімелер жазды. Әңгімелерінде XIX ғ.60-70 жылдарындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмірі суреттелген.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығы қазақ әдебиетінде үлкен орын алады. Көрнекті ағартушы – педагог, ақын, аудармашы, қазақ прозасының негізін қалаушылардың бірі – Ы.Алтынсарин қазақ даласының жоғары мәдени құндылық әлеміне зор үлес қосты. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы – қазақ публицистикасының қайнар көзі. Қазақ журналистикасының бастауы – XIX-XX ғасыр басы. Оның басында тұрған ағартушылар барлық жақсы қасиеттерді: еркін ойлау, ұлттық ерекшелік, түрлі көзқарас-ұмтылушылық жинады. Оның қалыптасу жолы кеңестік түрде болғандықтан, ұлттық қадамын жойды. Сондықтан болар, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, С.Торайғыровтардың баға жетпес, маңызды ойларына оралу орынды. Қазіргі уақытта ұлттық журналистиканың дамуы мен жан-жақтылығына бар жағдай жасалған. Бірақ ол үшін 100 жыл бұрынғы арман-мұраттарға қайта оралу керек. Ы.Алтынсариннің шығармашылығын зерттеушілер оның публицистикалық қызметі жайлы аз сөз қозғаған. Дегенмен, ол-қашаннан белгілі Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтармен бірге публицистиканың негізін салушы. Қазақ журналистика тарихының негізін салушы Х.Н. Бекхожин идеологиялық догма үстемдік еткен кезде Ы.Алтынсариннің шығармашылығына қадам жасау үстірт болғандығын берілген дәлелдермен негіздейді.