Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.



1


2
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ӘҢГІМЕЛЕРІ
Ыбырай Алтынсарин
(шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың 
аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам 
қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық 
мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі 
Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған 
ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында 
тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге 
бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі 
араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В 
Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай 
Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос 
уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген 
құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал 
арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-
құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың 
қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған 
білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.


3
ӨЛЕҢДЕРІ
КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ
Бір Аллаға сиынып, 
Кел, балалар, оқылық 
,
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Істің болар қайыры 
Бастасаңыз алдалап, 
Оқымаған жүреді 
Қараңғыны қармалап. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Оқысаңыз , балалар, 
Шамнан шырақ жағылар, 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет