Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата10.11.2023
өлшемі3,07 Mb.
#190816
  1   2
Байланысты:
43AA5C43-3342-4038-9F1D-DA0D5459EF5A



Ыбырай
Алтынсарин
Дайындаған:Жунусова Жанель,
Зарубаева Аружан НМ-31 


 Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-
педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың
ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841
жылы қазіргі Қостанай облысының
аумағында дүниеге келген. Атақты Балғожа бидің немересі.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп
оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген
кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай
кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос
уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем
деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік мақсатына айналды. Өзінің мінез-құлқы
жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын
неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. 
Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі
кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа
жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда
ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты,
әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп,
шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. 
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. ,
Ыбырайдың
әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар
әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап
мектеп ашып, оқулық жазған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет