Ыбырай Алтынсариннің “Жомарт” әңгімесі бойынша мәтін арқылы оқушылардың білім деңгейін, қабілетін анықтай отырып құзырлылығын қалыптастыру жбб №66 ом қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Алшымбекова Н. М
Ыбырай Алтынсариннің “Жомарт” әңгімесі бойынша мәтін арқылы оқушылардың білім деңгейін, қабілетін анықтай отырып құзырлылығын қалыптастыру ЖББ №66 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Алшымбекова Н.М.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қ.Р.”Білім туралы Заңының» қабылдауына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Сондықтан білім беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі..Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдык құзіреттілікті дамытудың атқарар кызметі, қосар үлесі зор.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қ.Р.”Білім туралы Заңының» қабылдауына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Сондықтан білім беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі..Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдык құзіреттілікті дамытудың атқарар кызметі, қосар үлесі зор.
Мақсаты:
Оқушылардың сөздік қорын байыту, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркестері мен сөйлем қолданыстарын меңгерту;
Міндеттер:
балалар әдебиетінің идеялық мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалана отырып, оқушыларды өмір құбылыстарын терең түсіне білуге баулу;
оқушыларды көркем шығарманың идеялық мазмұнын ұғынуға үйрету;
оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін арттыру;
шығарманың көркемдік ерекшелігі мен тіл байлығын ұғынуға жетелеу;
қазақ әдебиеті арқылы оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру;
оқушылардың жеке шығармашылығының ұшталуына әсер ету, жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже
материалды меңгеру барысында мәнерлеп оқу пәнінен терең, толық, жан-жақты білім алып, бүгінгі күн талабына сай жан-жақты, мәдениетті, білікті азамат болуға талпынады;
әдеби шығармаларды жан- жақты талдау дағдысын меңгереді;
жеке өзіндік шығармашылығын шыңдайды, атап айтқанда шығармашылықпен айналысуға қадам жасайды;
көркем әдебиет мәселелері туралы өзіндік пікірлері қалыптасады, оны өз бетінше жеткізе алуға машықтанады және зерттеу әдісін қолдану дағдылары қалыптасады;
шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды орындай алады ( тірек сызба);
Қостанай облысында туған.Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі. Ыбырай Алтынсарин мектепті үздік бағамен бітіреді.
1850-1857 ж.ж.
Орынбор шекара комиссиясы Жанынан қазақ балалары үшін ашылған мектепте білім алып, үздік бітіреді.”Аға шәкірт”.
1857-1859 ж.ж.
Еңбек жолының басы, тілмаш, хатшы, аудармашы болып қызмет істейді.
1860-1863 ж.ж.
Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алуы. Дайындық жұмыстары жүруі, қаржы жинау, көмекші оқушыларды дайындау мектеп іргетасын көтеру.
1864 жылы 8 қаңтар
Торғай мектебінің ашылу салтанаты Ыбырайдың оқыту әдістемесінің тәжірибелі сынақтан сүрінбей өтуі 14 қазақ баласы оқуға келеді.
1864-1879 ж.ж.
Ғылыми, саяси, қоғамдық көзқарасының кемелденіп қалыптасу кезеңі.
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:
—Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ақша — тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не? — деп.
Жомарт айтты дейді:
—Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желік-кен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәм тәтті, сіңімді болады екен. Төртінші:... дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, — деді.
Мәдени құзырлылық (аспектілер, тапсырмалар)
Халқымыздың салт-дәстүрінде шүленгерлік деген ұғым бар, қазірде оны қалай атап жүрміз?
Қазіргі заманда қайырымдылық жасаумен айналысып жүрген қандай жандарды білесіңдер?