Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Біздің күйреуіміздің құралы жауларымыз бола алады



бет46/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Біздің күйреуіміздің құралы жауларымыз бола алады
Бәлкім, бізді күйрету үшін қолданатын ең жағымсыз құрал – жауларымыз шығар. Иә, кейде Құдай қуғындауды қолданатын болады. Ол біздің Өзіне толықтай назар аударып, толық мойынсұнуымызды көрмейінше, жауларымызға бізді қуғындауға және қысым көрсетуге жол береді.

Біз жауларымыз бізге шабуыл жасамауы үшін сиынамыз. Оған жалынамыз: «Құдай, маған неге бұлай болып жатыр? Сен неге сол адамды тоқтатпадың? Мені неге жауларымнан қорғамадың?» Ал Құдай тек Өзіне ғана сенім артатын жағдайға келтіру үшін сол қуғындарға жол береді.

Егер біреу үнемі сіздің қытығыңызға тисе, мүмкін әр кезде тәлкектеп, қарсы келе берсе, сізбен ұрсысып немесе сіз туралы жаман сөздер таратып жүрсе, онда Құдайдан: «Тәңірім, Сен маған нені үйреткің келеді? Мендегі өзгерткің келетін нәрсені маған көрсете гөр», – деп сұраңыз.

Құдай біздегі өзгерткісі келетінді, бізге үйреткісі келетінді тез арада ашып көрсетуі жиі кездеседі. Түсініп алу керек: Құдай біздің жауларымызды емес, бізді өзгерткісі келеді. Сөйтіп, сіз көзіңізді жеткізесіз: Құдай сіздің өміріңізде нені күйреткісі келетінін ұққан кезде, барлық жауларыңыз сізден шегініп кететін болады.

Бірақ ерекше назар аударуыңызды өтінем, біздің жауларымыз барлық уақытта дұрыс істейді деп айтудан аулақпын. Олар бізге және Құдайға қарсы әрекет етуі ықтимал. Сондай-ақ біздің жауларымызға деген ұнатпайтын көзқарасымыз – қарама-қайшылық және орынсыз деп те айтқым келмейді. Менің айтқым келетіні, Құдай біздің өмірімізде ерекше игілік пайда болу үшін бізді күйретудің құралы ретінде тіпті жауларымызды да пайдалана алады. Сөйтіп Құдай біздің дұшпанымызға қажет болса, міндетті түрде алдынан шығарады деп сенуге болады (қараңыз: Рим.12:19).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет