Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Эпилог Менің сіздер үшін мінәжатым



бет80/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Эпилог
Менің сіздер үшін мінәжатым
Көктегі Әке, бізді Сенің сүйіспеншілігің мен қамқорлығыңды толықтай танып – білуіміз үшін, Өзіңе керемет мейіріммен және ізгілікпен, сүйіспеншілікпен және нәзіктікпен тартасың!

Біз Сенің өзімізде және біз арқылы әрекет етуіңді жалғастыруың үшін сиынамыз. Құдайым, біздің өмірімізде Өзіңнің ниетіңді жүзеге асыра гөр!

Құдайым, Сен Өзіңді әлі білместен, қайда бара жатқанын түсінбейтін, өз өмірлерінің мағынасын көрмейтіндерді Өзіңе келтіру үшін сиынамын. Оларға Иса Мәсіхті Құтқарушы деп танып-білуге көмектесші. Олар Оған өз Құдайлары ретінде сенім артсын. Олар Киелі Рухтың жетегіне сенім артып, Киелі Рухқа өздерінің өмір жолдарында жаңартуға және нығайтуға жол берулері үшін сиынамын.

Көктегі Әке, шөлдегендер мен ашыққандар үшін, Сенімен рухани жақындықты іздегендер, қызметте табысты болғысы келетіндер үшін, оларға жауабыңды беруіңді сұраймын. Сен оларды Өзің қадағалап үйрет және оларды сауықтыр. Тәңірім, Сен оларға ерекше тапсырма бере алуың үшін олар рухани өссін.

Бізді үйрете гөр, Көктегі Әкеміз. Біздің қалай өзгеріп, өсіп – дамуымыз керектігін аша гөр. Біздің өз-өзімізге сеніп, ниетіңнің іске асуына кедергі жасайтындарды алып тастауға көмектесе гөр. Сен бізді шақырғандардың бәрін алғыспен қабылдай алуымызға көмектесе гөр.

Сенің біз үшін бәрі болғаныңды қалаймыз. Сені жақсырақ біліп, саған жақынырақ болып, өз өміріміздегі Сенің құзырыңды тереңірек сезуді қалаймыз.

Әке, біз Сенің бейнең болуымыз үшін, бізді күйрете гөр. Бүгін біз өзімізді Саған сеніп тапсырамыз. Тәңірім, біздің игілігіміз үшін және Сенің мәңгі даңқың үшін бізде әрекет ете гөр. Иеміз Иса Мәсіхтің атымен. Аумин!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет