Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзіндік өміршеңдіктің қорытындысы



бет17/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Өзіндік өміршеңдіктің қорытындысы – өз өмірінің мәнін түсіну, қателіктерді түзету арқылы дұрыс жолға шығу, өзіңді тұлға ретінде мойындату, өзіңнің ерекшелігіңді, ешкімге ұқсамайтындығыңды, жан-жақтылығыңды мойындату.
Сонымен, қорыта келгенде, өзіндік даму қиын, күрделі, жан-жақты үрдіс екенін көрдік, оның жақсы немесе кері жақтары барын, өз-өзінің мақсаты, түрлері, кескіні барын көрдік. В.Франкл мынадай жақсы сөз айтқан еді: «Тағдырды өзгерту мүмкін емес, егер оны өзгерте алсақ, ол тағдыр болмас еді. Адам оны өзгерте алмайды, әйтпесе ол адам болмас еді». Өзін-өзі жасау қабілеті – адамдық болымыстың ерекше билігі [30].
Психологиялық механизмдердің мәселелеріне тоқталайық: олар өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау.
Өзіндік дамудың механизмі ретіндегі өзіндік қабылдау және өзіндік болжау. Өзіндік танудың механизмдері жайлы сөз болған уақытта біз сәйкестік өзімізді бірдеңемен теңестіруге әкелетінін байқадық, ал рефлексияда (сананың өзіне психикалық көз жүгіртуі, өзіне назар аударуы) өзімізге сырттан қарайтынымызды байқадық және өзін-өзі болжау адамның өз-өзін, кейбір қасиеттерін қалай қабылдауына тікелей байланысты.
Сондықтан, тағы бір еске салып өтейік: өзіндік қабылдау – ол адамның өзін-өзі тануы, өзіндік дамумен қатар жүретін құбылыс.
3. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы

Өзін-өзі қабылдау – барлық аспектілер бойынша өз жеке тұлғаңның құқығын мойындау, жалпы тұлғаңды мойындау. Адамның жақсы жақтарының да, жаман жақтарының да, мықты жақтарының да, әлсіз жақтарының да құқықтары бірдей.


Психологияда мынадай пайымдаулар белгілі және әлдеқашан дәлелденген: адам қаншалықты түрде өзін, өз қасиеттерін қабылдауға қабілеті болса, ол соғұрлым өзімен-өзі үйлесімде болады және өзін-өзі дамытуға да көбірек қабілетті болады. Бірақ мәселе адамның өз бойында бір қасиеттерін қабылдағысы келмегеннен емес, істей алмауынан туындайды, себебі оған қажетті мүмкіндіктері шектеулі болуы мүмкін, басқаша айтқанда, қажетті мүмкіндіктері сананың бір түбінде «тығылып» жатады, адам оны сыртқа шығаруға қабілеті жетпейді.
Кей жағдайда адамдар өз бойынан өздеріне ұнамайтын қасиеттерді ашады, бұл оларға ұнамайды, олар сол қасиетпен күресуге жандарын салады, көп ретте бұл қасиеттер өздеріне қиындық әкеледі.
Өзін-өзі қабылдау үрдісінде мынадай сұрақтар туындайды:
Біріншіден, адам өз бойында қандай қасиеттерін қабылдай алмайды немесе ұнатпайды, өзінің бойында қандай қасиетті қабылдағысы келмегендіктен, оны сананың түбіне ығыстырып, соны түсінуге шамасы жетпейді, міне осыларды анықтап алуы қажет.
Екіншіден, «мен жаманмын» деген ұстаныммен жүретін, өздеріне теріс баға беретін адамдар тобы көптеген сұрақтар туғызады. Американдық психолог Э.Берн [31] өмірдің әр кезеңдерінде тұлғаның әртүрлі ұстанымда болатынын ашып көрсеткен: «Мен – жақсы, сен – жамансың»
«мен жақсы – сен де жақсысың»
«мен жаман – сен жақсысың»
«мен жаман – сен де жамансың».
Соңғы екі нұсқауда «мен жаман» басым болады, бірақ соңғысында өмірге көзқарас тіпті нашар болады. Бұл ұстаным – өзін-өзі кем тұту, қорсыну,бір жағынан бәріне сыйлы адамдарға деген қызғаныш. Бұл жағдай ең бір торығушы ойларға жетелеп, тіпті өзін-өзі өлтіруге дейін баратын жағдайлар да кездеседі, немесе басқа бір адамды өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін барынша пайдаланады, немесе өзінің басқа да жеке мүдделері үшін алдап-арбап, басын айналдырады.
Үшіншіден, әр адам неге бір қасиет пен сапаны әртүрлі қабылдайды деген сұрақ түбегейлі тұрады. Бұл сұрақтың жауабы әрі қиын, әрі оңай.
Мысалы, бір адам – жақсы ойлап, тілектес болу қасиетін өзінің ең басты қасиеті деп ойлайды, өмірде сол бағытты ұстанады. Басқа бір адам – біреуге жақсылық жасау өзінің жаман қасиеті деп есептеп, одан құтылуға әрекеттер жасайды. Осы екі жағдайдың себебін түсіндіретін болсақ, олардың осы қасиеттері бастапқыда қалай қабылданды, адамдармен қарым-қатынаста сол қасиеттері қалай бағаланды, міне, осыдан олардың сол қасиеттері туралы не жақсы, не жаман ойлары қалыптасты, себеп осында. Әрине, егер тілектес болуының артында өзінің бас пайдасы тұрмаса, сол үшін сыйлық тілеп тұрмаса, бұл – өте жақсы қасиет. Ол өзінің жақсылығына сый күтіп жүргенде (тым болмағанда оған да кезі келгенде жақсылық жасаса деген тілек), жақсылық жасаған адамы оны ескерусіз қалдырса, онда ол адам бұл қасиеттерінен құтылу үшін күрес жүргізеді. Ал жақсылық жасаумен күрес жүргізу қажет пе? Көп адамдар бұл сұраққа «Бұл – ойсыздық!» деп жауап берер еді.
Өзін дамытуға қабылдау механизмінің қалай әсер ететінін біз өзін болжау механизмін сипаттағанда білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет