Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Ересек адамның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуы



бет22/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

1. Ересек адамның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуы

Жеке еңбек жолының бастапқы кезінде, әрине жайлы жағдайда дамығанда, тұлғаның даму үрдісі аяқталады, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың барлық психологиялық механизмдері қалыптасады, сәйкестендіру мен рефлексия, өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжауға қабілеттілігі артады, әрі қарай өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту жекешеленеді, тек бір адамға ғана тән ерекшелікке ие болады, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту стилі анықталады. Бұдан кейін өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту саласы өзгереді, танымдық пен кәсіпқойлықты жетілдіру бірінші орынға қойылады. Жайлы жағдайларда, егер мамандығы болса және ол өзін іс жүзінде көрсете алатын сала ретінде қабылданса немесе тұлғаның өмірлік мақсаттарына түрткі болатын жағдай жүзеге асса, өз еңбегінің табыстары мен жетістіктерін көрсе, тұлғаның өзіне қанағаттану сезімі оянады. Ал жайсыз жағдайларда, егер мамандық таңдауда қателессе, жұмысы көңіліне жақпаса, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту «қамауда» қалуы мүмкін немесе керісінше ынта пайда болуы мүмкін. Көбінесе ол тұлғаның ерекшелігіне, мінезіне, ерік-жігеріне, өмірде өз орнын табуға ұмтылуына байланысты. Адамға мамандық иесі болу дағдарыстар, әртүрлі кедергілер, тағдыры дайындаған сынақ түрінде қабылдануы мүмкін. Әртүрлі сындарға дайын болуы, пайда болған кедергілерді жеңе алуы – бұл тұлғаның жетілгендігін, өзін іс жүзінде көрсеткенін, өзін-өзі жігерлендіргенін көрсетеді.


Адам өзін тек мамандыққа ғана байланысты емес, басқа жағынан да көрсете алады: бірінші отбасы, онда тұлға ретінде өзін қалыптастыру үрдісі жүзеге асады, бірігіп мақсат қою қабілеті артады, бала туылып, тәрбиелеу үрдісі жүзеге асады, әке болу, ана болу – ешқайсысына ұқсамайтын жаңа рөл, ал бұл рөлде жаңа көзқарас керек, өзін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Кей адамдар осы салада жоғары жетістіктерге жетеді, ал басқа салада сәтсіздікке ұшырайды.
Адамдармен қарым-қатынас, достарымен бос уақытты бірге өткізу, спорт, көңіл көтеру және т.б. өзін-өзі тануды, өзіне көңіл аударуды, өзін-өзі бекітуді, өзін-өзі жетілдіруді, өзін іс жүзінде көрсетуді қажет етеді. Ең бастысы – адам қаншалықты өзін өмірінің авторы сезінеді, қиындықтармен қалай күреседі, дағдарыстан қалай шығады, оптимистік әлде пессимистік көзқарасты таңдай ма, өзіне жауапкершілік ала ала ма, немесе тағдырына мойын ұсынып, күрессіз, бір қалыпты тіршілік ете бере ме, міне осыларға жауап болу керек. Мұндай қарама-қайшылықтарды шешу тәсілі – жетістікке жету немесе төмен құлдырау, өмірінің соңында қанағат сезімі болуы немесе қанағаттанбауы, «Өмірімді босқа өткіздім бе?» – сұрағының туындауы. Егер адам өзін іс жүзінде көрсете алса, көптеген жетістіктерге жетсе, онда қанағат сезімі пайда болады, көңілі тоқ болады, тек қана әлі де істерім көп еді деген өкініш қана болады. Кей жағдайларда адам өзін іс жүзінде көрсете алмаса, ол өмірін тек кезейсоқ жағдай деп қабылдаса, бәрін басынан бастасам деген тілек болады, күйзеліске ұшырап, өлімнен қорқады. Соңында адам бәрінен түңіледі, ол өлімді барлық қиыншылықтан құтылудың жолы деп санайды.
Біз қысқаша өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды әртүрлі жас мөлшерінде көрсетуге тырыстық. Келесі бөлімде кездесетін жалпы қиындықтарды атап өтеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет