ІІ. Негізгі бөлім 1 Түймедақ гүліне сипаттама



Дата03.02.2017
өлшемі220,32 Kb.
#8736
Түймедақ гүлінің емдік қасиеттері
МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе …...............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Түймедақ гүліне сипаттама ...........................................................6
2. 2 Түймедақ гүлінің ботаникалық сипаттамасы............................10

2. 3 Химиялық құрамы ...........................................................................11

2. 4 Түймедақтың қолданылуы .............................................................11

2. 5 Түймедақ гүлінің емдік қасиеттері ..............................................12

2. 6 Түймедақтың фитохимиялық талдамасы ..................................13

2.7 Түймедақ - шынайы махаббаттың нышаны ...............................20

ІІІ. Қорытынды ......................................................................................23

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................25


Кіріспе 


Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған. Олар әр уақытта өмірдің негізі, яғни тағамдық және емдік қасиетімен белгілі. Халықтық фитотерапияның тарихы жалпы адамзат тарихымен тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде де фитотерапия емдеудің негізгі әдісі ретінде қолданылуда. Мысалы, Африка елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тұрғылықты халқы тек қана өсімдіктермен емделеді. Өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде тапсырылған.

Бір өсімдіктің құрамында химиялық қосылыстардың әртүрлі класы – флавоноидтар, иілік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар болғандықтан белгілі бір ауруға байланысты қасиетін анықтау қиын болған. Химиялық қосылыстардың әр класына сай емдік эффект байқалады, олар қосылып жаңа активті түрге ие бола алады [1].



«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған-түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. 

Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз бөлімше дәрігерім, рррр апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.

Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруертгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ. 

Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. 

Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында. 

Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқада халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады. 

Cоның бірі – түймедақ гүлі. Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиынтығын кездестіруге болады. Тек гүлді көлік жүрмейтін, ауылдар мен қалалардан алыс шалғындар мен алаңқайлардан жинау керек. Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы 


осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады.

Қазақстан әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті.

Табиғатта дәрілік өсімдіктердің қорын көптеп сақтау үшін, оларды дұрыс пайдалана білу керек, ол үшін өсімдіктердің тек сыртқы түрін ғана емес, сонымен бірге олардың өсу жағдайларын, емдік қасиеттерін, қолданылуын, ең бастысы дұрыс жинау ережелері мен мерзімін білу қажет. Қазіргі кезде емдік қасиеті жағынан кеңінен қолдау тапқан түймедақ гүлінің құрамын зерттеу.

Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.



Зерттеудің мақсаты: Түймедақ гүлінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Түймедақтан дайындалатын тұнбалар мен ем-домдардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

- Түймедақ гүліне сипаттама жасау;

- Түймедақ гүлінің ботаникалық және химиялық құрамына сипаттамасы беру;

- Түймедақтың қолданылуы мен емдік қасиеттерін анықтау;



- Түймедақтың фитохимиялық талдамасын жасау.
Негізгі бөлім
2. 1 Түймедақ гүліне сипаттама

Қазақ халқы түймедақ гүлі туралы да біраз мәліметтерге ие. Бұл гүлдің атын «түймедақ гүл» деп атауының да өзіндік ерекшелігі бар. Түймедақ гүлі маусым айының басынан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Гүл шоғы әдемі де әсем жасалған түймеге ұқсайды. Гүл шоғының ортасында сары дағы бар, ақ түсті дөңгелек гүл. Сары дағының жан-жағына ақ көкшіл, әдемі, ұсақ жапырақтар жайып тұрады. Әбден толық гүл жарғанда әдемі түймеге ұқсап, гүлі даланы ару түске бөлеп тұрады. Қазақ бұл гүлдің осы бейнесіне қарап «түймедақ гүл», «түймедақ», «танагүл», «дала түймесі» деп әр алуан аттармен атаған.

Қазақ совет энциклопедиясында түймедақ гүлі туралы былай баяндалады: «Түймедағы – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Африкада таралған 50-ге жуық түрі бар. Қазақстанда ең көп өсетін екі түрі кездеседі. Аптекалық түймегүлі, жалаңаш түйме гүлі Жерорта теңізі маңында, Иран, Ауғанстан, Еуропа бөлігінде, Кавказ, Орта Азия, Қазақстанда Іле, Жоңғар Алатауларында, Алтайда өседі. Биіктігі 10-35 сантиметр, сабағы тармақты, жапырағының ұзындығы 15-60 миллиметр, ені 5-15 миллиметр. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді. Түймегүл медицинада ішек түйілуіне, метеоризмге қарсы және терлететін дәрі ретінде пайдаланылады. Түймегүл Ресей, Болгария, Румыния, Польшада қолдан өсіріледі».

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар. Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі. Сол түрлерінің ішіндегі ең кең таралғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған. Түймедақ адам жүйкесін тыныштандырып, оған түскен ауыртпалықты қалпына келтіреді. Қан қысымын қалыпты жағдайға дейін түсіреді, тағдырдың кейде «сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді. 

Қазақ халқы түймедақ гүлін ертеден танып, оны да әсем, ажарлы гүлдер тобына жатқызады. Ол кез-келген күн көзі толық әрі жақсы түсетін өңірлерде, құнарлы топырақты жерлерде өседі. Бұл гүлді үйге, аулаға егуге болады. Тұқымы немесе түбінен бөлу арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы көктем мезгілінде түбінен бөлу жолымен көбейту, көшеттерінің арақашықтығы биіктігінің жартысындай деңгейде болуы шарт. Үнемі уақытында суарып, баптап отырғанда, ол масатыдай құлпырып, гүл-гүл жайнап шыға келеді. Гүлзарларға жеке не топтап отырғызса да болады.

Қазақтың әдеби тіл ажарынан да орасан орын алғанын байқауға болады. «Түймедақтай әдемі, түймедақ – түймедей ғана гүл еді, оны бүкіл қазақ баласы ауруға ем деп біледі», «түймедақ ішек түйілген ауруға таптырмас дәрі», «түймедақ түймедей ғана болғанымен, түйедей ауруды жазады» деген сияқты сөз тіркестері түймедақ гүлінің өзіне тән дара, хас қасиетіне қарай қолданылған қазақы сөздер болып табылады.

Қазақтың жаңа туылған балаларына Түймебай, Түймегүл, Түймедақ, Танабай, Танагүл деген тәрізді аттарды әдейі ырыммен қоюы осы түймегүлдей әдемі, сұлу, ажарлы, бай-бақытты болсын дегені.

Түймегүлің әп-әдемі түймедей,

Хан-патшаның қыз ұзатқан күймедей.

Ару дала, әсем гүлге оранып,

Түймегүлмен түймеленіп жатқандай.

Түймегүл – ару даланың әсем гүлдері арасынан түймедағы арқылы ерекше көзге түседі. Гүл шоғының ортасындағы сары түймесі арқылы басқа көп гүлдерден ерекшеленеді және парықталынады.

Қазақтар түймегүлін үзіп алып, балаларына тұмар ретінде тағады. Той-томалақ, топты жиылысқа барғанда, ұл бала болса, оның омырауына, қыз бала болса, оның шашына қадап қояды. Солай жасаса, басқалардың тіл мен көзі тимейді, сұғы өтпейді, «Түймегүл - тұмар гүл» деп ырым етеді. Жақсылық және әсемдік ретінде бағалайды.

Дәрілік түймедақ (Martricarіa recutita) жабық тұқымдылар – Magnoliophita немесе Angiospermae  бөліміне, күрделігүлділер Asteraceca  тұқымдасына  жатады.

Түрлік атауы – Martricarіa chanimilla (recutita) грек сөздерінен төменгі алма деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет Martricarіa деген ботаникалық атауды неміс ботанигі ұсынған. Ресейде бұл өсімдік ХҮІІІ ғасырдан бастап белгілі бола бастаған.

Дәрілік түймедақ (ромашка аптечная) – бір жылдық аласа (35 см-ге дейін) шөптесін өсімдік.

Сабақтарының ұзындығы 10-60 см – ге дейін түп жағында және гүл шоғырларынды бұтақталатын сабақтарының іші қуыс, сайлары болып келеді. Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.

Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша пішінді, ұзындығы 2-5 см және ені 0,5-1,8 см,отырмалы, негізінде азғана кеңейген, сызық тәрізді немесе жіп тәрізді бөліктерге екі жақты қауырсынды тілімделген ұшында қысқа үшкірі болады. Себеттерінің диаметрі 1,5 см-ге дейін қуыс жалаңаш гүлтұғырда орналасады, гүлдеудің бас кезеңінде жартылай шар тәрізді, ал кейінірек ұзынша конус тәрізді болады. Себетінің жалпы орамасы шатырша тәрізді. Ораманың жапырақшалары көп қатарлы, доғал сарғыш жасылдау болады. Шеткі аналық гүлдердің ұзындығы 8-14 мм, ені 2,5-3 мм ақ түсті тілшелік күлтелерден тұрады, олардың саны себетте 12-17-ге дейін болады. Ортаңғы гүлдер екі жынысты, сары, түтікті тостағаншалары болмайды, күлтелері бес тілшелі болады. Гүл табаны конус тәрізді, жалаңаш қабыршақсыз және тістесіз  ішкі жағы  қуыс. Құрғақ себеттердің диаметірі 5-8-ге тең болады. Жемісі – тұқымша ұзындығы 1-2 мм  және 0,2-0,30 мм, жанынан сығылған болып келеді, түстері қоңырлау, жасыл түсті айдаршасыз  немесе әлсіз білінетін тісшелі тәждер болады.

Дәрілік түймедақтың табиғи өсіп  жетілуі иен далаларда адам қоныстанған пунктерде, бақтарда, бақшаларда, дәндік және мәдени егістерде кездеседі.

Топырақ құнарлығына аз талапшан, жеңіл құмдық топырақтарда жақсы өсіп өнеді, бірақ жарықтану режіміне өте талапшыл келеді, өсіп, өну мен дамуға оптималды орташа тәуліктік температура 19°с  және 21°с аралығында болады.Түймедақтың  өте үлкен тереторияларға кең таралуға мүмкіндігі бар.

Дәрілік түймедақ дизьюктивті ареалды голарктикалық түр. Ресейде бірнеше ареал үзінділері арқылы кең таралған, олардың ең үлкендеріне европалық бөлім аумағы жатады, солтүстік, тайгалық, тундралық және жартылай шөл далалы аудандарда ол кем кездеседі.

Көптеген басқа бір жылдық шөптесін өсімдіктер сияқты дәрілік түймедақ спорадикалық жолмен өз ареалын шектері жағынан пайда етіп тұрады.

Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен, көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта қолданбайтыны өкінішті.

Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.

Түймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады.

Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.

Аула ерте көктемнен күзге дейін тұрақты гүлдеп тұрсын десеңіз, сүмбілшаш, құртқашаш, алтыншар, бақытгүлі, қашқаргүл т.б. гүлдермен бірге араластырып қатар-қатар егуге болады. Нәтижесінде, ауладағы өсімдіктер маусымнан қазанға дейін кезек-кезек гүлдеп адам жанын қуанышқа бөлейді. Мектеп пен балабақшаны көгалдандыруда да аталған гүлдерді егуге болады. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.


2. 2 Түймедақ гүлінің ботаникалық сипаттамасы


Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40 см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік, білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан. Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді, төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді. Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3 см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.

Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар.

.
2. 3 Химиялық құрамы


Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0,2-0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин, осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер, фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен, мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді.


2. 4 Түймедақтың қолданылуы


Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады. Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар. Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады. Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды,

Түймедақ гүлін өз бақшаңызда өсіргіңіз келсе, оның ұрығын жаздың соңғы айларында немесе күздің алғашқы айларында сепкеніңіз дұрыс.



Сіздің де өміріңіз түймедақ секілдің қарапайым және сұлу болсын!

Оқушы ғылыми жобасы туралы
Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет