ІІ. Негізгі бөлім Ежелгі Үндістан



Дата08.11.2019
өлшемі31,42 Kb.
#51412
Байланысты:
Үндістан

ЖОСПАР



I.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Ежелгі Үндістан

2.Үндi-будда мәдениетi

3.Өнері

4.Музыка және би

5.Театр мен кино

III. Қолданылған әдебиет

Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде.

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Ежелгі Үндістан – адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.

Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.

Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата” мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда болған.

Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.

Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.

Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).





Үнді - будда мәдениеті

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар боййғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді-будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады.

Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы карма адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.

Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәхар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет ұрлаушылар — қаршығаға, астық ұрлаушылар — сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер — ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе ұрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брахмандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады.

Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддхартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.



Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.



Көне Үндістанда астрономия мен математика жоғары бағаланған. «Ноль» белгісі мен санаудың ондық жүйесін ойлап тапқан да үнді ғалымдары болатын. V—XII ғасырларда Ариабхатта (V ғ.), Брахмагупта (VII г.), Магавира (IX ғ.), Бхаскара (XII ғ.)сияқты дарынды математиктер мен астрономдардың мерейі үстем болды.

Үнді химиктерінің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия және хирургия жайында тамаша ғылыми еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі ғылыми тұжырымдарымен үнділіктер атақты дәрігер Гарвейден де асып түсті. Бірақ, өкінішке орай, үнді-будда мәдениетінің дәстүрлері рационалистік сипатқа толық ие бола алмады. Ғылыми білімнің құрылымының логикалық негіздері үнді ғалымдарын онша қызықтырмады. Одан да олар адамзатты қоршаған дүниенің сан құпиялары мен әр түрлі салада жаңалықтар ашумен айналысқанды жақсы көрді. Тіпті, тарихи зерттеулерге де онша мән- мағына бермеді. Ғасырлар бойғы үнді халқының мәдени жетістіктері, халықтардың миграциясы, шаруашылық өмір, патшалықтардың арғы-бергі тарихы сияқты маңызды мәселелерге онша назар аударылмады. Соның салдарынан көне заман тарихынан сыр шертетін еңбектер санаулы ғана болды. Солардың бірі — Кашмирдің тарихы жайындағы тарихшы Калханидің (б.з. XII ғ.) «Раджатарангити» атты еңбегі.



Өнері

Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қойылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қабатты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістан мәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Олардың формалары мен типтері (жартылай шар немесе конустық күмбездері бар дөңгелек үй, ағашпен жабылған қоғамдық жиналыстарға арналған зал типті ғимараттар, т.б.) келесі ғасырлардағы тас храмдар мен басқа құрылыстар архитектурасының негізін қалады.



Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы Шунга мен Декандағы Андхра құл иеленуші мемлекеттерінде өнер өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңге Бхаджи, Насика, Карли тауларындағы жартастарға қашалып салынған монастырьлардың ірі кешендері жатады. Үндістанның солтүстік пен орталық аудандарында Гупталардың (4 — 6 ғасырлар) қуатты мемлекеті құрылуымен құл иеленушілік дәуір өнері өзінің соңғы гүлдену кезеңіне өтті. Осы кезде Будданың формасы кемеліне келген, барлық бұлжымас ережелерге сай мүсіндері жасалды. 10 — 11 ғасырлардан бастап қалалар тез өсіп, храм құрылыстары кең қанат жайды. Храмдар неғұрлым салтанатты әрі әсем, көлемді, күрделі композициялы бола түсіп, мүсіндердің сәулет өнерімен бөлінбес бірлігі қалыптасты. 10 — 13 ғасырларда жергілікті сәулет өнері мектептерінің өзіндік ерекшеліктері көрінген бірқатар храмдар пайда болды. 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды мұсылман билеушілерінің басып алуы елге Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстың мәдени дәстүрлерін әкелді, ислам үстем дінге айналды. Басқаша құрылымдық элементтер (аркалар, күмбездер, шаңырақтар) мен құрылыс типтері (мешіттер, мұнаралар, медреселер, кесенелер) орнығып, сарай-бекініс ансамбльдерінің құрылысы бұрын болмаған гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнымен қатар мүсін өнері мен бейнелеу өнерінің дамуына елеулі соққы берілді, өйткені исламның діни талаптары тіршілік иелерін бейнелеуге кедергі келтірді. Делиде үнді сәулет өнері белгілерін сақтаған Кутб-Минар мұнарасымен Кувват-уль-Ислам мешіті (1193 жылы салына бастады), күшті бекіністері бар қалалар: Сири, Джаханпанах, Туглакабад пен Фирозабад, Деканда Даулатабад (14 ғасыр) салынды. Ұлы Моғолдар империясының құрылуымен (1562) Үндістан өнері жаңа сатыға көтеріліп, өзінің ең гүлденген шегіне Акбардың тұсында жетті. Ол билік жүргізген жылдары (1556 — 1605) қала құрылысы мен қамал, бекіністік өнердің тамаша үлгілері жасалды.





Музыка мен би

Үндістан халықтары — өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың әр салалы еңбек және рухани қызметіне байланысты халықтық және ұжымдық әдет-ғұрыптардан басталады. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі “Натья-шастра” (1 ғасыр) трактаты өзі жарық көргенге дейінгі заманда үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді. Үнді музыкасына суырып салмалық тән. Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан келгендер орныққаннан кейін үнді музыка мәдениеті мұсылмандық Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін ұштастырған жаңа стиль пайда болды. Көптеген вокалдық стильдердің ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ән айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен бірігуі нәтижесінде кейінірек пайда болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары мен өкініштері жөніндегі әсем лирикалық ән-тхумри, негізін Пенджабтың халық әндері құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне жақын бхаджан мен киртан да кең тараған. Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классикалық және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Әр түрлі аудандардың халық әндері жергілікті ерекшеліктерге ие, оларға табиғи, шынайы сезімдік сарын, әлеуметтік реңк тән. Үндістан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін музыкалық мәдениеттің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Музыка, би мен драма академиясы (“Сангит натак академи”, 1953) құрылды. 1954 жылдан үнді әндері жөніндегі конференция (“Сангит самелян”) өткізіліп келеді. Қазіргі заманғы Үндістанның музыка мәдени өміріндегі жаңа құбылыстардың бірі — үнді киносындағы музыка. Оның негізгі ерекшелігі — музыка өнерінің батыс және шығыс үлгілерінің үйлесімі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет