Капсуланы қабықшамен жабу сатысы алдымен көптеген дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерінен асказанның сілекейлі қабықшасын қорғау мақсатымен ішекте дәрілік заттардың босатылуының локализациясы үшін қолданылады.
Қазіргі кезде қатты капсулаларды 5%-тік ацетилфлалилцеллюлоза (АФЦ ) ерітіндісінің ацетонымен және спиртпен (3:1) қоспасы арқылы жүргізеді немесе желатинді массаға 30%-тік АФЦ қосады. Ішекте ерігіш капсулаларды тамшылы әдіспен алу үшін желатинге 15-30%-тік АФЦ қосады.
Жабуда дәрілік заттардың пролингирлеу әрекеті үшін оксипропилметилцеллюлоза фталатының қоспасы және дибутилфталатын қолдануға болады. Қабықша жабын косметикалық мақсатта жылтыр беру үшін, мөлдірлікті төмендету үшін, ылғалы тұрақты капсула алу үшін, герметикалығын жоғарылату үшін қолданылады. Сұйық дәрілік заты бар жұмсақ капсулалар кесіледі және центрифугаға енгізіледі. Бөлінген дәрілік заттар фильтрленеді және анализденеді. Капсула қабықшасы шайылады және желатинді массаны алу үшін қолданылады.
Капсулаларды орау
Ерігіштігі
Капсуланың ыдырауы
Дозалаулың біркелкілігі
Орташа массасы
Капсула стандартизациясы 2 басылымға сәйкес жүргізіледі
Орташа массаны анықтау үшін 20 ашылмаған капсуланы өлшейді,бір капсуланың орташа массасын анықтайды.Сосын әр капсуланы бөлек өлшейдіжәне орташа массадан ауытқуды есептейді. Капсуланы ашады, ішіедегілерді жояды. Дәрілік заттардын босатылған капсуланы ұшқыш еріткіштермен шаяды және кептіреді. Сосын әр қабықшаны өлшейлі және орташа массаны анықтайды.
Дозалаулың біркелкілігін тексеруді «Дәрігерлер» мақаласына сәйкес немесе жеке мақала көрсеткішіне сәйкес 0,05г және одан кем емес дәрілік заты бар капсула үшін жүргізеді.
Ыдырауын анықтауды «Дәрігерлер» мақаласына сәйкес «тербелмелі » корзинка приборында жүргізеді. Егер жеке мақалаларды басқа көрсеткіштер болмаса , онда ыдыраушылық 20 минуттан жоғары болмауы керек.
Капсуланың еруі «Дәрігерлер» мақаласына сәйкес анықталады немесе жеке мақала көрсеткіштері бойынша «тербелмелі » корзинка приборында жүргізеді.
Капсуланы орау үшін шыны немесе пласмассалы флакондарды , банкаларды қолданады. Сонымен қатар ПВХ-тен жасалған контурлы ұяшықты орамалар, алюминийлі фолгамен терможелімді қолданады. Капсулалар тағайындалған жарамдылық мерзімі кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ететін шарттары сақталуы керек, мысалы салқын орындарда
Р.Е.Ботабаева,У.М.Датхаев,К.Д.Шертаева,А.Р.Шопабаева,С.В.Хименко-Қазақстан республикасы дәрілік препараттардың диверсификация стратегиясын ғылыми негіздеу.
Пайдаланылған әдебиеттер