Инверсиялық орын тәртібі. Кұрмалас сөйлемдер жүйесінде инверсия да болады. Инверсияға көбіне түсетін сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бағыңқы сөйлем компоненті үйреншікті орнынан ауысып, басыңқыдан соңғы позицияға көшеді. Әйтеуір жанымды салып ойнадым, ойна деген соң. Айтсын шығып, дәлелдей алса!. Қолы бос ешкім жоқ, қазір өзім реттеп бермесем.
Құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің инверсияға түсуі сөйлеушінің ой екпінін көрсету (актуализация) мақсатына байланысты. Ой екпініне ие болған компонент ілгері позицияға көшеді де, мәні төмен компонент содан кейін орналасады.
Сөйлеушінің өн бойында үнемділікке ұмтылу талабы қоса жүреді: Осы ұмтылыстың құрмалас сөйлем құрылысынан көрінісі алуан түрлі. Солардың бірі - компоненттерді ортақ лексикалық, грамматикалық тұлғаға қатыстырып құру, мұны біз ортақтастыру амалы деп айтамыз. Ортақтастыру екі түрге бөлінеді:
1) лексикалық;
2) грамматикалық.
Лексикалық ортақтастыру құрмалас сөйлем компонеттеріне бір немесе бірнеше сөзді ортақ қатыстырып құрылуынан көрінеді.
Жүзінде қайғы да жоқ, қасіретте жоқ.(Ғ.М) Менің екі бетім дуылдап, өн бойым дірілдеп кетті. (С.Мұрат.) Тракторды жүргізу үшін білім керек, айла, тәсіл керек. (С.Мұрат).
Аталған мысалдарда жүзінде, менің тракторды жүргізу үшін, құрмалас конструкцияларға кірген әр компоненттерге ортақ, бірдей қатысты. Осылай құрылу конструкцияны ықшам етіп құруға септігін тигізеді. Ортақ лексикалық тұлға тұрлаусыз мүше қызметінде болады, әрі ол құрмалас сөйлемнің бас позициясында тұрады.
Грамматикалық ортақтасу құрмалач сөйлем компонеттерінің құрамындағы қызмет жағынан бірыңғай мүшелерінің грамматикалық формаға ортақтас болып құрылуынан көрінеді.
Болашақты олар да күтсін, біз де күтейік. Бәлкім, бөлінген жерлеріміз жалғасып, бөлінген еліміз бірігіп кетер (У.Қыдырханұлы).
Осы құрмалас сөйлемнің компоненттерінде баяндауыш қызметінде жалғасып кетер, бірігіп кетер жұмсалып тұр. Бұлар форма жағынан ұқсас: негізге етістіктер көсемше тұлғада тұрып, кетер деген көмекші етістікті телуге тиіс. Осы кетер соңғы баяндауыш құрамында ғана жұмсалып, алдыңғы компоненттіі баяндауышына да ортақ болып тұр.
Талданған фактілер мынаны аңғартады. Құрмалас сөйлемдердің жүйесінде олардың құрылысына, семантикалық компоненттеріне сай қалыптасқан коммуникативтік талаптар және оларды жүзеге асыруға арналған өздеріне лайықты амалдары бар. Сонымен бірге құрылымдық тұлғалары бір ыңғайлас келген тұста ортақ амалдарды жұмсайды. Яғни инверсия, кірігу құрмалас сөйлемдердің бәріне тән.
Достарыңызбен бөлісу: |