Іі. Педагогикалық жобалаудың Қалыптасуы мен дамуы педагогикалық жобалаудың мәні



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата24.09.2024
өлшемі1,6 Mb.
#204968
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau (1)

Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі
жобалау 
нысанының тұжырымдамасын немесе оның болжамдық 
нобайын, моделін құрастыруға бағытталады. Мысалы, білім 
стандартының моделі, бағдарлама тұжырымдамасы, оқу 
жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі 
универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған 
ұқсас ӛнімдерді құрастырудың әдіснамалық негізі бола 
алады.
Жобалаудың мазмұндық деңгейі
нәтиженің ӛзін ғана 
алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету
бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды кӛздейді, 
мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, лигвистикалық 
гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар 
мамандығының оқу бағдарламасы, т.б. 
Жобалаудың технологиялық деңгейі 
берілген контексте 
қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді 
кӛздейді, мысалы, тұлғалық–бағдарлы оқыту технологиясы 
бойынша сабақ жоспарын құру, топтық әрекеттер 
әдістемесінің алгоритмі, т.б. 
Процессуалдық, үрдістік деңгей
жобаның тәжірибеде 
қолдануға дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың 
әдістемелік жоспары, шараларды ӛткізу сценарийлері, тәрбие 
жұмысының әдістемесі, т.б. 
Егер жоба тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда 
жобаны жасау оны құрастыру қозғалыстары болып 
табылады, ӛйткені, ойлау әрекеттері ұйымдастырушының 
бірқатар 
ізденістік–зерттеу 
қызметтерін, 
ойлау 
операцияларын кӛздейді, олар – болжау, жобалау, модельдеу, 
құрастыру. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының 
басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын–
бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, т.б. қажет етеді. Олай 
болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, 


77 
бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау 
қызметінің ӛз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла 
алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында 
аталған әрекеттер жүйесі кӛлемі жағынан шағындау деңгейде 
осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір 
ауқымды мәселені болжау барысында тӛмендегі жобалау 
алгоритмі рет –ретімен орындалады: 

мәселені 
нақтылау


оның «болашағын» 
болжау
– қазіргі жағдайдағы 
мәселелер, күні ертең шығуы айқын және алдағы 
уақытта пайда болуы мүмкін проблемалар; 

оларды ескере отырып, басқару әрекетін 
дамытудың тиімді жолдарын 
жобалау;

қолайлы нәтижеге жету жолдарын 
жоспарлау


қабылдануы қажетті шешімдерге 
баға беру

Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рӛлді жобалау 
атқарады, ӛйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен 
тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің 
барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады. 
Білім беруді дамыту стратегияларына жасаған 
талдаулар кӛрсеткендей, бүгінгі ӛзгерістер реформалау, 
жаңарту деген түсініктер шеңберінде жүргізілуде. Олардың 
мәні ӛзгерістердің нақты нәтижелік мақсаты болуын, нақты 
идеяға негізделген әрекеттер бағдарламасы болуын кӛздейді. 
Бұл жерде мынадай маңызды жағдайлар ескеріледі: олар – 
алға қойған мақсаттардың педагогикалық қалың кӛпшіліктің 
мүддесіне сәйкес келіп, олардан қолдау табуы және 
құрастырылған жоспарлар мен бағдарламалардың қолда бар 
мүмкіндіктерге сәйкес болуы. Шынына келгенде, білім 
жүйесіндегі ӛзгерістер жүйемен, бір қалыппен жүзеге 
асырылады деп айту қиын, жоспарланған негізгі бағыт та, 
белгіленген 
білім 
нәтижелері 
де 
дәл 
ойлағандай 
орындалмауы да мүмкін, ӛйткені, ол үнемі пайда болып 
отыратын 
трансформациялық 
әрекеттердің 
жаңа 
жағдайлардағы сипаты мен оларға ықпал ету амалдары мен 
құралдарының 
сол 
кездерде 
қолда 
болмауына 
да 
байланысты. Осы трансформациялық үдеріс күрделі және аз 
зерттелген түсінік деп айта аламыз, ол реформалау 
үдерісінен» ӛзгеше, реформа жағдайында кез келген жүйе 


78 
типологиялық ұқсастықты сақтап қалады. Оны жаңаруға ӛту 
деп те қарастыра алмаймыз, себебі, трансформациялық 
үдерістің негізіндегі қозғаушы күштері мен механизмдері сан 
алуандығымен ерекшеленеді. П. Друкер осы үдерістер 
жүретін қоғамдағы кезеңді заңдылықтары жоқ дәуір деп 
бағалайды. 

Бүгінгі күні білім берудегі жобалау академиялық 
ғылым мен теориялық зерттеулерден педагогикалық 
тәжірибеге дейін қолданылуда. Педагогтар мен білім беру 
мекемелерінің 
инновациялық 
әрекеттерінің 
дамуы 
жобалаудың кеңінен қолданылуын нақты болашақпен 
байланыстырады. Бірақ, қазіргі жобалаудың ерекшелігі 
қалыптасқан әлеуметтік білім беру институтуттары 
тәжірибесінің шеңберіне сәйкес келмей оны ӛзгертуге дейін 
алып барады.
Білім 
берудегі 
психологиялық–педагогикалық
жобалаудың мазмұны тӛмендегі үдерістерден тұрады: 

оқыту–әрекеттің 
тәсілдерін 
меңгеру 
үдерісі 
ретінде; 

қалыптастыру–жүзеге 
асырылған 
әрекетті 
меңгеру; 

тәрбиелеу –есею мен әлеуметтену ретінде.
Осылайша, жобалау білім берудің дамыту әрекеті 
болып табылады, оның аясында субъектінің қалыптасуы мен 
дамуы жүзеге асырылады. 
В. И. Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде 
педагогикалық жобалау мәселелері педагогикалық болжам 
жасауға, мұғалімнің жобалаудағы рӛліне негізделген. Ол 
білім беру үдерісінің тұтастығын тӛмендегі феномендермен 
белгілейді: бірлескен әрекеттер, субъектілердің теңдік 
қатынасы, 
т.б. 
білім 
берудегі 
жобалау 
әрекетінің 
негіздемелері болып табылады.
Сонымен қатар, жаратылыстану ғылымындағы 
«адам» туралы ғылым қай жағынан қарастырылса да, 
қаншалықты күрделі синтездерден құрастырылса да адамның 
педагогикалық жобалауын алмастыра алмайды. Сондықтан, 
бұған дейін ӛмір сүрген немесе қазіргі күні ӛмір сүріп жатқан 
зерттеулерімен қатар педагогикалық жобалаудың арнайы 
әрекеттері қала бермек. Осы айтылған пікірден жобалаудың 


79 
қайта құрушылық сипаты – жобаның және жобалау арқылы 
жүргізілетін әрекеттердің болашақта қайта жаңғыртуға, 
жаңартуға бағытталған үдеріс екені кӛрінеді. 
Жобалау 
әдіснамасын 
білім 
беру 
саласында 
қарастыруға ықпал еткен Ю. В. Громыко, В. И. Борзенков, О. 
Г. Прикот, В. И. Слободчиков, Н. А. Масюкова еңбектерін 
атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында жобалау 
туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның 
ішінде, оны педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В. 
П. Беспалько болып табылады. Ол А. С. Макаренко 
еңбектеріне 
сүйене 
отырып, 
ғылыми–педагогикалық 
контестке педагогикалық технология ұғымын ендірді. 
Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде 
қарастыра отырып, тұжырымдама түсінігіне қосымша 
мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе үдерісіне қатысты 
жобалау әрекетінің мәнін ашып кӛрсетті. Автор, сонымен 
қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде 
болашақ педагогикалық жүйенің мақсатын айқындау және
қою, аралық мақсаттарды белгілей отырып, дидактикалық 
үдерісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен 
технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау 
және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын 
белгілеу қажеттігіне назар аударды.
Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, 
мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты 
жобалаудың негізгі үш түрі белсенді дамып келеді, олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет