ІІ Тарау 1 сынып оқушыларының дамуындағы тәрбиенің ролі
1 сынып оқушыларының дамуындағы тәрбие құрылымының
маңызды міндеттері
1 сынып оқушыларының даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Соңдықтан олардың пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылар-дың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, баланың дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Көптеген ғалымдар жеке баланың дамуында тұқым қуалаушылық факторын жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше батереясы, ондағы «гена саймандары» өзгермейді, олар баланың дене қасиеттерін, ақыл - ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт жөне қабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез-құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері және осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін-өзі жетілдіруі, бүған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіңдірсе, ал неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді. Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке адамның дамуы мен қалыптасуындагы қоғамның ролін теріске шығарады. «Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін XVI және XVII ғ.ғ алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі - жалпыға бірдей және міңдетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін «Утопия» кітабын да сипаттайды. Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан тәрбие процесінде балалардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді.»
XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.Фурье, Роберт Оуэн жөне Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни, оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы тәрбие жүйесін батыл сынап, жеке адамның жан-жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халыққа білім және тәрбие арқылы таптық қоғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды арман етті.
Алғашқы гуманистер және социал-қиялшылдар адамды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік және адамды - адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.
Баланы жан-жақты дамыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К. Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар қоғамның даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты - бақытты өмір сүріп, жан-жақты дамуына игілікті жағдай жасайтын жаңа қоғамды орнату керек деген қорытындыға келді.
Даму - баланы жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді. Баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |