1.2. «Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі».
Бекежан Сүлейменұлының қалам тартып, терең зерттеу жүргізген мәселелердің бірі–Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелері. Ол өзінің таңдаған проблемаларының нағыз патриоты болды. Әсіресе Б.Сүлейменовтің жүйелі түрде тереңнен зерттеген тақырыбы ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы еді. Осы мәселе бойынша көп жылдар бойы айналы су барысында, ғалым өз соңынан 3 монография және 27 ғылыми мақалаларын жазып қалдырды. Сондай-ақ, ғалым бұл проблема бойынша дерек базасын жасауға тікелей қатысып, қыруар жұмыстар атқарды. 1952 жылы Алматыда революцияға дейінгі ұлттық қозғалыстар тарихы және Қазақстанның Ресейге қосылуының мәселелері бойынша өткен ғылыми кеңесте 1916 жылы көтеріліс бойынша баяндаманы Б.Сүлейменов жасады.
Бұл мәселе бойынша ол өз ғылыми зерттеулерін Ұлы Отан соғысы аяқталар кезінен бастаған болатын.Б.Сүлейменов көтеріліс бүкіл қазақ жерінде болғанын, тек көтерілістің ішкі ерекшелігі, Торғай, Жетісу облыстарымен салыстырғанда, қалған облыстарда әлсіздеу екендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ Б.Сүлейменов 1916 жылы көтеріліс тарихнамасында мүлдем қаралмаған қазақ жұмысшыларының, жалшыларының да осы көтерілісшілер қозғалысына қатысқандығын тарихи фактілер келтіріп дәлелдеді. Б.Сүлейменовтың бұл мәселеге қосқан маңызды жаңалығы осы көтерілістің мерзімдік шеңберін дұрыс анықтауға болатын. Оның пікірінше, 1916 жылғы көтеріліс 1917 жылыақпан революциясы кезінде басылды деген қалыптасқан қорытындыны дұрыс емес деп есептеп, көтеріліс Торғай және Жетісу облыстароында партизандық әдіспен жалғаса берді деп алғаш тұжырымдайды. Б.Сүлейменов бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ елінде онсыз да ауыр отарлық езгіні күшейткендігін,соның салдарынан халықтың азаттық күресінің өрлеуіне 1916 жылы патша жарлығының себеп болғанын баяндады. Жинақталған құжаттарға сүйене отырып, ол 1916 жылы көтеріліс ұлт-азаттық сипатта болып, империалистік соғыспен патшалықтың отарлау саясатына және феодалдық езгіге қарсы бағытталды деп қорытынды жасайды. Көтерілістің әлеуметтік құрамын анықтағанда, Бекежан Сүлейменов бірқатар аудандарда көтеріліске шаруалардың қалың бұқарасымен қатар бай-феодалдардың және мұсылман дінбасыларының өкілдері қатысып, олардың көздеген мүдделері бұрынғы отарлауға дейінгі әлеуметтік артықшылықтарына қол жеткізу болды деп таптық тұрғыдан болса да 1916 жылғы көтерілістің кең әлеуметтік негізін көрсетеді. Оның еңбектерінде 1916 жылы көтерілістің көп ұлттық болғанына да баса көңіл аударылған. Әсіресе жетісудағы көтеріліске қазақтармен бірге ұйғырлар, дүнгендер т.б. ұлт өкілдері белсене араласты деп көрсетеді. Одан әрі қарай «мұндай бірнеше ұлттың басын қосқан, біртұтас интернационалдық көтеріліс тарихта сирек кездесетін құбылыс еді. Патша үкіметінің ұлттарды бір-біріне айдап салу сияқты қитұрқы саясатына қарамастан, азаттық қозғалысқа қазақтармен қатар ұйғырлар, дұнғандар жаппай қатысты»,-деп өз пікірін нақтылы айтады.18 Б.Сүлейменов 1916 жылы қозғалыста қарапайым халықтан шыққан қазақ-радикольды демократиялық интеллегенциялық халық бұқарасының күштерін ұйымдастыруға тікелей қатысқандығын атап көрсетеді. Зерттеушінің А.Бөкейхановтың басшылық жасаған «Қазақ» басылымының айналасында топтасқан интеллекциялық тек осал жақтарын ғана көрсетіп, бір беткей пікір жасауынан әкімшілік-әміршілдік жүйенің идеологиясының кемеліне жетіп тұрған уақытындағы салқыны сезіледі. Жалпы айтқанда 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыста қазақ интеллегенциялың осал жақтарыменқатар жарытымды іс-әрекеттерін де көрсете білді. Ол 1916 жылғы көтерілісті Қазақстан және Орта Азия жерін түгелдей қамтыған Ресей империясындағы ең айбынды ұлт-азаттық қозғалыс деп бағалады.
1952 жылы Алматыда өткен тарихшылардың пікірталасында 1916 жылы көтеріліс ұлт-азаттық сипатта өрістеді леп бағаланғанмен, Орта Азия мен Қазақстанды түгелге жуық шарпыған бұл көтеріліс жөнінде дау-талас басыла қойған жоқ. Сөйтіп осы ғылыми кеңесте Орта Азия және Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихына ортақ баға беру қалыптастырылды.19
Алайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың прогрессивті және кереғар тұрғысынан ошақтарға бөліп қаралуы осы айбынды көтерілістің Орта Азия және Қазақстан халықтары тарихындағы аталатын ролінің және мәнінің тарих ғылымында кеміттіп көрсетілуіне алып келді.
Ғалымның Отан тарихына қосқан күрделі үлесі «ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе», «1905-1907 жылғы Қазақстандағы көтеріліс», «XVII ғғ басындағы Қазақстан Россия құрамында» деген күрделі монографиялық еңбектерінде20 Бекежан Сүлейменұлы отарлық езгідегі қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік мәселелеріне феодалдық және капиталистік өндіріс қатынастары дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстың даму кезеңдеріне жаңа ғылыми баға бере отырып, Қазақстанның Ресейге қосылуының әр түрлі нәтижелері мен салдарын ашып көрсетеді, халықтар досытығын, еңбекшілер білігін насихаттайды.
Ғалым Қазақстанныңреволюцияға дейінгі тарихының деректік негізін жасауға тікелей атсалысты. Ол бес томдық «Қазақ КСР тарихының» бас редакциясының мүшесі және белгілі авторы болды. Қазақ Совет Энциклопедиясын шығруда көп үлес қосты. Қызық тарихы тәелсіздік пен Отан территориясын қорғауға арналған соғыстар мен күреске бай болса, ХІХ-ХХ ғасырларда Ресей империясының отардау саясатына қарсы көтерілістерге толы. Бұл көтерілістер күшпен басылып отырғанымен, қарсылық әртүрлі қозғалыстарға ұласып, ешқашан жоғалтқан жоқ. Бір кездерде «1905-1907 жылғы революция Қазақстанға соқпай кетті, сол кезеңдегі революциялық толқын Қазақстанға жетпеді» деген ұғым басым болған.
Б.Сүлейменов бұл пікірді сынап, жергілікті қазақ халқы өз бостандығы, егемендігі үшін орыс ңбекшілерімен бірге 1905 жылғы революцияға қатысқандығын дәлелдеді. Ресейде болған 1905-1907 жыллардағы революция Қазақстанда күрестердің жаңа толқынының пайда болуына түрткі болды. Еңбекші шаруалардың жер үшін күресі Ресейдегі және ұлттық аймақтардағы 1905-1907 жылғы саяси күрестің құрамдас бөлігіне айналды деді.21 Бұл еңбектерде Кеңестік кезеңдегіидеологиялық лептің салқыны сезіледі.Бірақ сол еңбектерде жинақталған үлкен фактологиялық материал, қазақ халқының сан ғасырлық азаттық үшін біртұтас күресінің бір буыны ретінде көрсететіндігімен құнды. Сондай-ақ бір кездерде тарихи әдебиеттерде 1916 жылғы қазақтар көтерілісінің ұлт-азаттық бағыты бұрмаланған болатын. Бекежан Сүлейменұлы құжаттармен мәліметтерге, мемуарлық және әдеби деректерге сүйен отырып, бұл көтерілістің арогрессивтік-азаттық мәнін дәлелдеп берді және де бұл көтеріліс империализм дәуіріндегі алғашқы ұлт-азаттық революция екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар 1916 жылғы ұлт-заттық көтеріліс бүкіл қазақстан жерінде болғанын толық дәлелдеді,өйткені сол кезге дейігі еңбектерінде көтеріліс тек қана 2 облыста болды деп жазылды. Бұл көтеріліс 1917 жылы ақпан революциясы кезінде басылды деген пікірге қарсы шығып, көтеріліс Торғай партизандық әдіс күресімен жалғаса берді деп дәлелдеді.22
Бекеңнің тереңдеп жан-жақты зерттеген проблемаларының бірі революцияға дейінгі Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы. Ол «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе» деген күделі монографиялық еңбегі негізінде 1964 жылы өзбек КСР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар жөніндегі біріккен ғылыми кеңесінде докторлық диссертация қорғады.
Бекежан Сүлейменовке дейін революцияға дейінгі Қазақстандағы аграрлық мәселе тарихы бойынша арнайы зерттеу жоқ еді. Бұл еңбектің құндылығы міне сонда.
Қазақстанды отарлау тарихының жалпы мәселелеріне арналған көптеген еңбектерде аграрлық қатынастар мәселесі үстірт қаралды, көптеген мәселелер шатастырылды және үстем идеология ықпалымен теріс жазылды. Сондықтан да бұл монографияны жазу барысында авторға көп еңбек етуіне тура келді. Бұл Кеңес Одағының Мәскеу, Ленинград, Алматы, Орынбор, Ташкент, Омбы және басқа қалаларындағы 15-ке жуық архив қоймаларынан мәліметтер мен құжаттар алып, 150-дей қорды сұрыптайды. Революцияға дейін шыққан көптеген журналдар мен газеттерді қарап, мыңға жуық кітаптар, зерттеулермен мақалалар талдайды. Сонымен қатар Бекең Қазақстанның әр жерінде тұратын ақсақалдармен бұрынғы ауылдық шаруашылық тұрмысының кейбір жайларын анықтау үшін үнемі пікір алысады. Осындай бағалы деректерді пайдалана отырып, 1967-68 жылдардағы шарушылық құрылысын, жер көлемін саны көлемін, халықтың саны мен отырықшылық жағдайын ғылыми жүйемен зерттеп, талдай білді. Б.Сүлейменов революцияға дейінгі Қазақстан патшалық Ресейдің аграрлық-шикізат көзі болғандығын атап көрсетеді. Қазақстанның 98,8 және орыс тұрғындарының 63,1% ХХ ғасырдың басында тек қана ауыл шаруашылығымен айналысқан беді.Осыдан бреволюцияға дейінгі Қазақстанның тарихы, түптеп келгенде, ауылдық, ауыл шаруашылығымен шаруалардың тарихы деп орынды көрсетеді.
Монографияда 1867-68 және 1891жылғы патша реформалары талданып, Қазақ елі өмірінің негізгі салаларын қамтығандығы, осының негізінде Қазақстан метрономия үшін түкілікті шикізат көзіне айналғандығы дәлелденген.Сонымен қатар патша үкіметінің реакциялық саясатына қарамастан, ХІХ ғасырдың аяғында ауылдық-әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына капиталистік қатынастар біртіндеп енгенін көрсеткен. Осыған дейін объективті түрде зерттелмей келген мәселелер, оның ішінде ауылдық территориялық-шаруашылық тұрмысының ерекшеліктері ескеріліп, географиялық ортаның әсері, көрші аймақтардың оның экономикасына ықпалы мен маңызы көрсетіліп баяндалады. Қазақ ауылының ерекшеліктерін ескеріп, аймақтар бойынша зерттеу ескеріп, аймақтар бойынша зерттеу негізінде Бекежан Сүлейменов Қазақстан жерін аймақтарға дұрыс бөледі. Олар: мал және жер шаруашылығымен айналысатын солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, және мал шаруашылығымен айналысатын оңтүстік-батыс , және орталық аудандардың бір бөлігі.
Б.Сүлейменов өз еңбегінде қазақ шаруаларының отырықшылыққа көшуіне егжей-тегжейлі тоқтап, бұл үдістердің кезеңдерін талдайды. Шаруалардың жаппай отырықшылыққа көшуінің бірінші сатысы тұрақты қыстауларға көшу деп көрсетеді. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясаты шаруалардың жаппай отрықшылыққа көшуіне кедергі болды, тіпті қазақтарды шөлейттерге ығыстырды деп дәлелдеді.
Аграрлық қатынастың шиеленісуінің себебі ретінде Сүлейменовтың қазақ жерлерін патша үкіметінің жаппай талан-таражға түсіргенін атап көрсетті.23 Ежелден қазақ халқының меншігінде болған жерлері патшы үкіметінің күшпен тартып алып, казак әскерлерінің иелігіне және қоныс аударушылар қорына бергені баяндалды. Осындай зорлық-зомбылыққа қарсы өрістеген аграрлық қозғалыстың дамуын талдай келіп, Бекең қазақ шаруалары не үшін күресті, олардың күресінің түрлері және әдістері қандай болды деген сұрақтарға бұған дейін жарияланған әдебиеттермен салыстырғанда толық жауап береді. Қазақ шаруаларының аграрлық қозғалысы ұрт-азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Оның төменгі сатысы арыз, өтініш, талап және «петиция» жазу түрінде болса, қазақ шаруаларының қарулы көтерілісі жоғарғы деңгейі еді.
Сонымен қатар қазақ шаруалары жер үшін, Ресейдің басқа халықтарымен тең саяси құқық үшін, толық бостандық және ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жүргізді24 деп, Ташкентте ғылыми конференцияда жасаған баяндамасында «тап күресі» шеңберіне шығып, қазақ халқының ұлттық патриотизмін насихаттаушы ғалым ретінде көрді.
Бұл қабылдаған ортақ ресми көзқарасқа Б.Сүлейменов айдаудан оралғаннан кейін, осы мәселелермен айналысу барысында үзілді-кесілді қарсы шығып, бір қозғалысты жасанды түрде бөліп, түрлі сипаттау және «ошақтың» принципі бойынша бағалау дұрыс емес деп, өз көзқарасынашық білдірді.
Б.Сүлейменовтің бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы азаматтық үшін күресті баяндаудағы көзқарасында кеңестік кезеңнің идеологиялық салқыны сезілгенмен, ол жазған еңбектер Қазақстан халқының патшалық езгіге қарсы өрлей түскен күресін көрсететінкөп тың мағлұматтар мен құнды, сондай-ақ мұнда 1905-1907 жылдардағы революциялық толқулар қазақ халқының өзінің азаптығы үшін күресінің бір жағдайының астарларын ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзілік өнеркәсіп дағдарысынан да іздейді. Ол 1905 жылғы революция қарсаңында қазақ өлкесіндегі жұмысшылар және шаруалар қозғалысын зерттеу барысында олардың революциялық күреске шығуына себептер болған экокномикалық жағдай екеніне баса назар аударды. Монографияда архивтік мағлұматтар негізінде Қазақстандағы кеншілердің, теміржолшылардың, өңдеу өнеркәсібінің жұмысшыларының және қазақ шаруаларының революциялық бас көтерулері қазақ халқының ұлт-азаттық күресімен бір арнаға құйылып, патша билігіне елеулі қауіп туғызды деген тұжырымға келеді. Б.Сүлейменовтың бұл моографиясына уақыт сарынындағы таптық, коммунистік көзқарас ықпалын тигізбей қоймағанмен дегенмен, иқазақстандық тарихнамада Ресейде 1905-1907 жылдарда болған төңкерістің дала өлкесіне әсері, сол уақыттағы І—ІІ-ші мемлекеттік Думаның пайда болуы мен қызметінің кейбір мәселелері бұл еңбекте алғаш байланыстырыла зерттелген. Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіне ықпалын зерттеуде алғаш деректік жинақ 1949 жылы Б.Сүлейменовтың редакциялығымен және кіріспе мақаласымен жарық көрді.
Бірнеше жыл өткеннен кейін Б.Сүлейменов редакциялауға тікелей қатысқан «1905-1907 жылдардағы Қазақстандағы революциялық қозғалыс» атты тағы бір жинақ жарық көрді.
Б. Сүлейменовтың мұралары ішінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр баысндағы агралық мәселе бойынша жазған еңбектеріде ерекше орынға ие. Оның бұл саладағы еңбектері өзінің ғылыми құндылығын жоғалтпай онда айтылатын кейбір тұжырымдар әлі күнге дейін өз маңызын сақтауда. Ол 1867-68 жылғы жүзеге асырылған реформалардың мәнін аша түсіп,Қазақстан патшалық ресейдің дамып келе жатқан өнеркәсібінің өнім өткізу рыногы және шикізат көзіне айналды, соның нәтижесінде қазақ жерінің байлығы аяусыз тоналды леген ғылыми тұжырым жасады. Ол кейбір ғалымдардың «Англия мен Голландияның отарларына қарағанда патшалық Ресейдің аймақтарындағы отарлық саясаты жұмсақтау болды»,--деген пікіріне ашық қарсы шықты. Мұндай пікірдің тарихи шындыққа сай келмейтінін, патша өкіметінің отарлық саясаты треакциялық мәнге толы екендәгән алға тартты.
Ғалымның мұндай пікірі кейін оның қуғын-сүргінгеұшырауына түрткі де болған еді.
Көптеген деректерді талдап сараптау негізінде автор ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында қазақ аулында аграрлық қайшылықтар аса қатты шиеленісу себебі қазақ жерлерінің патша өкіметі тарапынан тоналуында жатқанын негіздеп береді.
Б.Сүлейменов тарихи демография аспектісіне де көңіл аударып, Қазақстан ғалымдарының ішінде ең алғашқылардың бірі ретінде қазіргі қазіргі қазақстан территориясы бойынша географиялық сипаттама бере отыра, өлкеге кіретін аудандар бойынша халықтың санын өсіңкілік жағдайда қарастырды. ХІХ ғ соңы мен ХХ ғасыр басында өлкенің жалпы сирек қоныстанғандығын айта келе, автор облыстар бойынша халықтың тығыздығының әркелкі болғанын көрсетеді. Мұны ол сол жердің географиялық ерекшелігімен және тұрғындардың шаруашылық өмірімен түсіндіріледі.25
Б. Сүлейменовтің пайымдауынша көптеген зерттеушілер өз еібектерінде қазақ халқының шаруашылық тұрмысының ерекшеліктеріне баса көңіл аудармаған. Қазақ ауылының шаруашылық тұрмысые ескере отырып, ғалым географиялық ортаның сол аймақтың экономикасына тигізетін әсерін есепке алудыбірінші кезекке қояды.Ол Қазақстан жерін екі шаруашылық аймаққа бөліп қарастырады.Бірінші аймаққа мал және егіншілік шаруашылығымен айналысатын солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, Сырдария алқабы аудандары, егінші аймаққа мал шаруашылығымен айналысатын Оңтүстік батыс, орталық аудандарды жатқызды.
Б.Сүлейменов еңбектерінде қазақ интеллегенциясының сол тарихи кезеңде аграрлық мәселені көтеруіне тоқталмай, одан саналы түрде айналып кетіп отырған. Сол үшінде Б.Сүлейменов мұндай әрекеті П.Г.Глузо тарапынан: «Оның кітабында жергілікті ұлтшыл, контрреволюцияшыл күштердің аграрлық мәселеге берген бағасы жайлы айтылады»,-деп сынға да ұшыраған болатын. Сонымен бірге Б.Сүлейменовтың еңбегінде қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанға көшіп келуіне жергілікті халықтардың қатынасы жеткілікті ашылмаған.Бұны кеңестік идеологиясының ықпалы деп ұғынуға болады.
Б.Сүлейменовке дейін революцияға дейінгі Қазақстандағы аграрлық мәселе тарихы бойынша арнайы зерттеу жоқ еді. Бұл еңбектердің құндылығы міне сонда.
Қазақстанды отарлау тарихының жалпы мәселелеріне арналған көптеген еңбектерде аграрлық мәселелер үстірт қаралды, көптеген мәселелер шатастырылды лнемесе үстем идеология ықпалымен теріс жазылды. Сондықтан да бұл монографияны жазу барысында аворға көп еңбек етуіне тура келді. Кеңес Одағының мәскеу, Ленинград, Алматы, Орынбор, Ташкент, Омбы және басқа қалалардағы 15-ке жуық архив қоймаларынан мәліметтер мен құжаттар алып, 150-дей қорды сұрыптайды. Револьюцияға дейін шыққан көптеген газеттер мен журналдарды қарап, мыңға жуық кітаптар, зерттеулер және мақалалар талдайды. Сонымен қатар Б.Сүлейменов Қазақстанның әр жерінде тұратын ақсақалдармен бұқрынғы ауылдың шаруашылық тұрмысының кейбір жайларын анықтау үшін үнемі пікір алысады. Осындай бағалы деректерді пайдалана отырып, 1867-68 жылдардағы шаруашылық құрылысын, жер көлемін, халықтың саны мен отырықшылық жайын ғылыми жүйемен зерттеп, талдай білді.
Б.Сүлейменов революцияға дейінгі Қазақстан патшалық Ресейдің аграрлық-шикізат көзі болғандығын атап көрсетеді. Қазақтардың 98,8 %-і және орыс тұрғындарының 63,1%-і ХХ ғасырдың басында тек қана ауыл шаруашылығымен айналысқан еді. Осыдан революцияға дейінгі Қазақстанның тарихы, түптеп келгенде, ауылдың, ауыл шаруашылығы мен шаруаларддың тарихы деп орынды көрсетеді.
Б.Сүлейменов өз еңбегінде қазақ шаруаларының отырықшылыққа көшуіне егжей-тегжейлі тоқтап, бұл үрдістің кекзеңдерін талдайды. Шаруашылық жаппай отырықшылыққа көшуінің бірінші сатысы-тұрақты қыстауларға көші деп көрсетеді. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясаты шаруалардың жаппай отырықшылыққа көшуіне келергі болды, тіпті қазақтарды шөлейттерге ығыстырды деп дәлелдейді.
Аграрлық қатынастардың шиленісуініңнегізгі себебі ретінде Б.Сүлейменов қазақ жерін патша үкіметінің жаппай талан-таражға түсіргенін атап көсетеді. Ежеклден қазақ халқының меншігінде болған жерлердің патша үкіметінің күтеп тартып алып, казак әскерлерінің иелігіне және қоныс аударушылар қорына бергені баяндалады. Осыдан зорлық-зомбылыққа қарсы өрістеген аграрлық қозғалыстың дамуын талдай келіп, Бекең қазақ шаруалары не үшін күресті, олардың күресінің түрлері және әдістері қандай болды деген сұрақтарға бұған дейін жарияланған әдебиеттер мен салыстырғанда толық жауап береді. Қазақ шаруаларының аграрлық қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Оның төменгі сатысы арыз, өтініш, талап немесе петиция жазу түрінде больса, қазақ шаруаларының қарулы көтерілісі жоғарғы деңгейі еді. Сонымен қатар қазақ шаруалары жер үшін, Ресейдің басқа халықтармен тең саяси құқық үшін, толық бостандық және ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жүргізді деп Ташкентте ғылыми конференцияда жасаған баяндамасында «тап күресі» шеңберінен шығып, қазақ халқының ұлттық патриотизмін насихаттаушы ғалым ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |