Тақырыбы: « Жасөспірім және заң» дөңгелек үстел.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик,қанатты сөздер
Барысы:
І .Құқық туралы жалпы түсінік
ІІ.«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
ІІI. Мен заңды қаншалықты білемін?
ІV. Заңсыз арал
V.«Қызыл,сары-көк ауыл» ойыны
VI. Қылмыскер бала қайдан шығады?
VII. Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І. Құқық туралы түсінік Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
IІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?
2. Кім қалай бұзды ?
3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?
ІІІ .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?” 1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді
ІV.“Заңсыз арал” - Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.
V.“Қызыл, сары, көк ауыл” ойыны Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір- бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?
VI.“Қылмыскер бала қайдан шығады?” VII. Қорытынды. Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.