Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Бромат-анионына BrО3- тән сапалық реакциялар



бет105/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

Бромат-анионына BrО3- тән сапалық реакциялар

ВrО3- - иондары - бұл бір негізді бромды қышқылдың HВrО3 анионы. Ол сулы ерітіндіде түссіз, гидролизге ұшырамайды, күшті тотықтырғыштық қасиетке ие. Негізгі өкілдеріне - натрий броматы NаBrO3, күміс (І) броматы AgBrO3, барий броматы ВаВrО3, қорғасын броматы Рb(ВrО3)2 жатады.




1. Күміс нитраты AgNО3 концентрлі бромат BrО3- - ерітінділерімен әрекеттесіп, ашық түсті сары тұнба-күміс броматын түзеді:
BrО3-+ Ag+ → AgBrO3
Күміс броматының тұнбасы сұйытылған HNО3 және H24 қышқылда-рында, аммиак еритіндісінде, натрий тиосульфатының ерітіндісінде ериді.
Тәжірибе:
3-4 тамшы КВrО3 ерітіндісіне 3-4 тамшы AgNО3 ерітіндісінен қосады. Ақшыл-сары түсті күміс бромиді тұнбаға түседі. Тұнбаның ерігіштігін тек-серу үшін үшке бөліп, бірінші бөлігіне - натрий тиосульфатының ерітіндісін, екінші бөлігіне - аммиак ерітіндісін, үшінші бөлігіне - қышқыл ерітіндісін қосады.
2. Фуксин-күкіртті қышқылы бромат-иондарына спецификалық реак-тив болып табылады. Түссіз фуксин - күкіртті қышқыл ерітіндісі броматтар қатысында фуксинге тән қызғылт түске боялады.


Гексацианоферрат-ионына [Fe(CN)6]4- тән сапалық реакциялар


Гексацианоферрататтың(II) қасиеттері. K4[Fe(CN)6]-ның ерітіндісі бей-тарап реакцияны көрсетеді. Сілтілік және сілтілік жер металдардың гекса-цианоферраттары(II) суда ериді. Басқа тұздары суда да, минералды қыш-қылдарда да ерімейді. Гексацианоферраттар(II) және К4[Fe(CN)6] құрамында темір(II) болғандықтан, олар гексацианоферраттарға(III) немесе К3[Fe(CN)6] тотығады:
2K4[Fe(CN)6] + Br2 → 2K3[Fe(CN)6] + 2KBr




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет