Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет50/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

Ві3+ катионының сапалық реакциялары


1. Гидроксидтер КОН, NaOH және 4OH Bi3+ катионымен ақ тұнба Ві(ОН)3 түзеді, ол қышқылда ериді, сілтіде ерімейді:
ВіСl3 + 3KОН → Ві(ОН)3
Ві3+ + 3ОН+ → Ві(ОН)3
Тәжірибе: Сынауыққа 3-4 тамшы ВіСl3 ерітіндісін тамызып және 2-3 тамшы сілті ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі.
Висмут (ІІІ) гидроксидін кыздырғанда сарғыш түсті висмутил гидрок-сидіне (немесе висмуттың оксогидроксиді) өтеді:
Вi(ОН)3 (ВiO)ОH + H2O
Висмут және висмутил гидроксидтері қышқылдарда ериді.
2. Гидролиздену реакциясы - висмуттың қасиетін анықтайтын реакция-лардың бірі. Висмут (ІІІ) тұзын суда еріткенде, жартылай гидролизге ұшы-райтындықтан ерітінді лайланып тұрады. Висмут (ІІІ) катионы сулы ерітінді-лерінде гидролизденеді де, нашар еритін оксоқосылыстарын түзеді (мысалы, ВіОСl, ВіОNO3 және т.б.):
ВiСl3 + 2НОН Вi(ОН)2Сl + 2НСl
Түзілген ақ түсті тұнба тұрақсыз, су молекуласын бөліп жаңа негіздік тұз -висмутил хлоридін түзеді:
Ві(ОН)2Сl ВіОСl + H2O
Катион ролін ВіСO+ –висмутил ионы орындайды. Сурьманың оксохло-ридтерінен ерекшелігі – висмуттың оксохлоридтері шарап қышқылы мен оның тұздарында ерімейді.
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 8-10 тамшы су қосып, тұнба түзілгенін байқау керек.
Гидролизді басу үшін және мөлдір ерітінді алу үшін Висмут (ІІІ) тұзын таза суда емес, сәйкес қышқылдарда ерітеді.
Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) гидролиз реакциясын ВіСl3-пен жүргізген дұрыс, себебі висмутил нитра-тына BiОNО3 қарағанда, ВіОСl висмутил хлоридінің ерігіштігі төмен;
2) Bi(NО3)2 қолданылған жағдайда ерітіндіге 2-3 тамшы NH4Cl қосу керек;
3) сурьманың тұздары реакцияның жүруіне кедергі жасайды;
4) висмутил хлориді шарап қышқылында ерімейді (стибил хлоридінен SbOCl айырмашылығы осы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет