Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


SО32- - сульфит ионын анықтау



бет99/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

32- - сульфит ионын анықтау
Газдарды анықтауға арналған сынауыққа анықтайтын ерітіндіден 4-5 там-шы тамызады, оған 2-3 тамшы тұз қышқылын қосады. Нихром сымын йод ерітіндісіне батырып алып, оны крахмалмен көгертіп сынауыққа орналасты-рады, егер сульфид-ионы SО32- бар болса көк тамшы түссізденеді.
СО32- - карбонат ионын анықтау
Егер, анықтайтын ерітіндіде сульфит-ионы SО32- бар болса, онда оны суль-фат-ионына дейін SО42- тотықтыру керек, ол үшін 4-5 тамшы сутегінің асқын тотығын (8-10%) тамызып, өте мұқият асықпай су банясында қыздырады. Осыдан кейін карбонат-ионын анықтауға болады, ол үшін 2н тұз қышқы-лының 6-8 тамшысын қосып, бөлінген СО2 газы әк суын буландырса, онда СО32- - карбонат ионының бар болғаны.
РО42- - фосфат ионын анықтау
Аммоний молибдатының (NH4)2MoО4 7-8 тамшысын сынауыққа құйып, оған 6-7 тамшы 6н азот қышқылының ерітіндісін қосады, қоспаға 5-6 тамшы анықтайтын ерітіндіні қосып, қыздырады. Егер, фосфат-ионы РО43- бар болса аммоний молибдафосфатының сары түсті тұнбасы түзіледі.

8.10.3. Екінші аналитикалық топ аниондарының сапалық реакциялары және қоспасының анализі

Аниондардың екінші аналитикалық тобына хлорид (Сl-), бромид (Вr-), йодид (J-), сульфид (S2-), бромат (BrO3-), цианид (CN-), тиоцианат (SCN-) - иондары жатады. Бұл иондар Ag+ катионымен еритін тұздар түзеді, олар суда және сұйытылған азот қышқылында ерімейді:


Топтық реагенті азот қышқылы HNО3 қатысында күміс нитраты AgNО3. ВаС12 екінші топ аниондарын тұнбаға түсіре алмайды.
Екінші аналитикалық топтың барлық аниондары сулы ерітіндіде түссіз, олардың бариймен тұздары суда ериді.
Сульфид-ион S2- күшті тотықсыздандырғыш, хлорид-ион С1- ,бромид-ион Вг- , йодид-ион J- , цианид-ион CN-, тиоцианат-ион (роданид-ион) SCN- - тотықсыздандырғыш қасиетке ие (мысалы, олар калий пермaнганаты ерітіндісін түссіздендіреді). Бромат-ион ВrO4- қышқылдық ортада тотықтырғыш болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет