Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Кремний фторидінің пайда болуы



бет94/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

3. Кремний фторидінің пайда болуы. Платина немесе қорғасын тигелінде зерттелінетін құрғақ сынамадан бірдей мөлшерде кремнийдің екі оксидін және концентрлі күкірт қышқылын құйып H24 қыздырғанда фторидтердің қатысында төрт фторлы кремнийдің бөлінуін байқауға болады.


Оксалат-анионына С2О42- тән сапалық реакциялар

Оксалат-ион C2O42- екі негізді H2C2O4 қышқылының анионы, орташа күшті қышқылдық (pK1 = 1,25; pK2 = 4,27), суда жақсы ериді. Оксалат-ионы суда түссіз, сатылап гидролизденеді, күшті тотықсыздандыр-ғыш, лиганда ретінде металл катиондарының тұрақты оксалатты комплекстерін түзеді.


Сілтілік металдардың оксалаттары, магний және аммоний оксалаттары суда жақсы ериді. Басқа катиондардың оксалаттары суда аз ериді.


1. Барий хлориді ВаСl2 оксалат-ионымен С2О42- әрекеттесіп, ақ түсті кристалды тұнба түзеді:
Na2C2О4 + ВаСl2 → BaC2О4 + 2NaCl

Барий оксалаты тұнбасы қышқылдарда оңай ериді, қыздырғанда сірке қышқылында да ериді. Дәл осындай ақ тұнба кальций тұздарымен де түзіледі. Түзілген CaC2О4 тұнбасы минералды қышқылдарда ерігенімен, сірке қышқылында ерімейді.


Тәжірибе:
Сынауыққа 3-5 тамшы натрий (немесе аммоний) оксалатын алып, оған сондай мөлшерде кальций хлоридін қосқан кезде ұсақ кристалды ақ тұнба түзіледі. Тұнбаның ерігіштігін минералды қышқылдарда және сірке қышқылында тексеру керек. Ол үшін түзілген тұнбаны екіге бөліп, біріншісіне кез-келген минералды (HCl, H24, HNО3) қышқыл ерітіндісін қосады. Екінші жартысына сірке қышқылын қосып, абайлап қайнағанша қыздырады. Тұнба екі жағдайда да ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет