Ііі. Есептің программасы



Pdf көрінісі
бет41/150
Дата21.05.2020
өлшемі1.13 Mb.
түріПрограмма
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150
Бақылау сұрақтары 
1. Графикалық режимді баптауға арналған енгізгі процедураларды атаңыз. 
2. Фигураларды тұрғызу үшін қандай процедуралар қолданылады?  
3. Графикалық режимде мәтінді шығару үшін қандай процедуралар қолданылады? 
 
Глоссарий 
С/С++  тіліндегі  графика  –  бұл  графикалық  процедуралар  мен  функциялардың 
тізімі.  Барлық  аргументтер  графикалық  процедуралар  мен  функциялар  үшін  .  тек 
бүтін  типті  бола  алады.  Драйвер  –  бұл  ДК  техникалық  құрылғыларын  басқаруды 
жүзеге  асыратын  арнайы  программа.  Графикалық  режимді        инициализациялау  – 
бұл адаптер (экран) жұмысының мәтіндік режимнен графикалық режимге ауысуы. 
Қазіргі  ДК-де,  негізінен,  растрлық  дисплейлер  қолданылады.  Олардағы 
бейненің ең кіші элементі болып нүкте – pixel (ағылш., picture element) табылады. 
Дисплейдің  мүмкіндігі  –  бұл  көлденең  және  тік  орналасқан  пикселдер  саны 
(стандартты разрешение – 640*480 нүкте). 
Адаптерлердің  барлық  түрлері  үшін  графикалық  драйверлер  Borland 
International  фирмасымен  құрастырылған.  Олар  BGI  (Borland  Graphics  Interface) 
кеңеймесімен  жеке  файлдарда  орналасқан.  Графикалық  драйверді  қосу  үшін 
арнайы initgraph() функциясы қолданылады. 


147 
 
Драйверді және графикалық режимді таңдау 
detectgraph (&gd, &gm) 
функция арқылы орындалады. 
2. Драйверді жүктеу, графикалық жүйені инициализациялауды  
initgraph (&gd, &gm, "BGI-файлдың жолы") 
функциясы  атқарады,  мұндағы  gd  және  gm  айнымалылары  қажет  драйвер  мен 
графикалық режимнің номерлері.  
Егер  ВGI-файлдар  ағымдағы  директорияда  орналасса,  онда  initgraph() 
функциясының үшінші параметрі ретінде бос жолды беруге болады 
initgraph (&gd, &gm, " "); 
Режимдерді  ауыстыру.  Дисплейлік  адаптердің  текстік  режиміне  уақытша 
ауысу үшін мына функция қолданылады: 
restorecrtmode (); 
Қайтадан графикалық режимге ауысу  
setgraphmode (gm); 
функциясымен жүзеге асырылады. 
Ағымдағы драйвер үшін графикалық режимнің максимал мәнінің номерін                
     getmaxmode (); 
функциясы арқылы анықтауға болады. 
Графикалық жүйемен жұмыс жасап болған соң, графикаға бөлінген жадыны 
босату,  бейнеадаптер  буферін  тазарту,  алдыңғы  текстік  режимді  қалпына  келтіру 
керек. Барлық әрекеттерді 
closegraph (); 
функциясы жүзеге ауыстырады. 
5.  Түстерді,  шрифттерді  сызықтардың  стилін  және  бояу  стилін  тағайындау. 
Түстерді көрсету үшін констандаларды пайдалануға болады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет