Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет84/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

қолданады
. Соңғысы тіл білімінде -
лингвостатистика деп аталады.
Лингвостатистика – математикалық статистиканың әдістерін тіл білімінде қолдану 
туралы ғылым. Бұл жағдайда сөз мәтін статистикасы туралы болмақ. Мәтінде 
морфемаларды, фонемаларды, сөздерді, сөз тіркестерін санауға болады. Бірақ та мәлімет 
берушінің психикасын, оның коммуникативтік ниетін т.б. жағдайларды санмен бере 
алмайды. Сондықтан лингвистикалық зерттеулерде тіл туралы сандық мәлімет алудан гөрі, 
оған сапалы талдау жасағандұрыс. Мәтінді статикалық талдаудың мақсаттары төмендегідей: 
1) берілген мәтін немесе мәтіндердің грамматикалық-лексикалық байланысын анықтау; 
2) автордың жеке стилін, шығарманың оқырмандарға тигізетін әсерін анықтау; 
3) жеке функционалды стильдердің ерекшелігін зерттеу; 
4) зерттеу мақсатына қарай алынған тәжірибе қорытындыларына қарай тілдік материалды
жинаудың негіздерін зерттеу; 
5)жиілік сөздігін құрастыру. 
Лингвостатистикалық зерттеулерде статистикалық ықтималдықтарды анықтау үшін 
негізінен қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілген бірізді әрекеттер жиынтығы, немесе 
алгоритмді қоданған жөн. Статистикалық талдау тек қана жазбаша мәтінді, немесе жазбаша 
сөйлеуді талдауда ғана қолданылмай, сонымен қатар ауызша сөйлеуде де қолданылады. 
Жоғарыда айтылғандай лингвистикада математикалық талдаудың әдіс-тәсілдерін қолдану, 
зерттеу жұмыстарының объективті, әділ, шыншыл және дәл болуына ықпал жасайды. 
Статистикалық әдіс негізінен тіл білімінің фонетика, лексика, лексикография, морфология 
сияқты салаларында қолданылады. Мәтін тілін, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика 
мәселерін зерттегенде де осы әдісті жиі пайдалануға болады.[5, 84б] 


88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет