Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет189/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Ключевые слова:
обновления содержания образования, педагогического мастерство, 
способность, педагогические технологии, методы и подходы
 
Annotation
Methods of training of Kazakh, also are shown to a way of development of Kazakh in 
this article, in the updated content of education and a technique of training initial in a class.
 
Keywords:
renovation of educational content, pedagogical skill, abilities, pedagogical 
technologies, methods and approaches 
 
Білім беру жүйесі ел экономикасы мен Қазақстан қоғамының тұрақты ілгерілеп дамуын 
қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде гуманистік бағдардағы «субьект-
субьектілік» қатынасқа негізделген «өмір бойы білім алу» парадигмасының құрылуы жаңа 
оқыту технологияларын зерттеу және оларды оқу-таным үдерісіне енгізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының әлемдік инновациялық білім кеңістігіне еніп, дамудың 
халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған модельдерін 
үйренудің және жаһандану үдерісінің жолына түсіп отырған осы кезеңінде қазақстандық 
білім беру стратегиясы мен бағыттарын жаңартудың қажеттілігі күннен-күнге айқындала 
түсуде.
Мемлекетіміздің білім беру мазмұнын жаңартудағы мақсаттарының бірі –
 
әлемдік білім 
кеңістігінде жинақталған жетістіктерді меңгере отырып, сапалы өзгерістерді қамтамасыз 
етуге үлес қоса алатын, рухани салауатты, кәсіби құзыретті және өмірлік маңызды 
құндылықтарды терең түсіне білетін мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу. Ол үшін осындай 
тұлғаны тәрбиелейтін мектеп үнемі құбылып тұратын әлемде табысты болуға қабілетті 
адамға негіз салуға тырысуы қажет. Осыған байланысты жылдам өзгеретін әлемде 
оқушыларды оқытуға неғұрлым бағытталған білім беру модельдерін әзірлеу үшін орта білім 
саласындағы үздік отандық және халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижесінде білім 
мазмұны жаңартылып, мектеп тәжірибесіне оқытудың жаңаша әдістері мен технологиялары, 
бағалаудың объективті жүйесі енгізілуде. 
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімнің кәсіби даярлығын дамыту – 
мұғалімнің жаңартылған білім мазмұнын меңгеруі және инновациялық педагогикалық 
технологияны өз іс-тәжірибесінде қолдануға даяр болуы, яғни оқушыға жаңа білімді 
меңгертудің, оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге 
асыруы.
Мұғалім инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-
тәсілдерін, жаңартылған білім мазмұнын меңгерген, психологиялық-педагогикалық 
диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол 
салатын, зерттеуші, шығармашыл, жаңашыл педагог болып шығады. Сондықтан болашақ 


210 
ұрпаққа білім мен тәрбие беру сияқты жауапты міндеттің нәтижелі болуы, ең алдымен
мұғалімнің ғылыми-теориялық дайындығына, оның ізденушілік қабілетіне байланысты. 
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып, 
олардың оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, 
педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін жағдай туғызу, 
жеке тұлғаның белсенділігін арттыру. 
Осыған орай біздің мамандыққа сәйкес білім беру бағдарламасы аясында жүргізілген 
«Педагогикалық шеберлік», «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты пәндерде осы 
жаңартылған білім беру мазмұны туралы толық мағлұмат беріліп, оқушының белсенділігін 
арттыруға және өздігінен білім алуға мүмкіндік беретін, оқытудың әдіс-тәсілдерінің 
жиынтығы болып табылатын 
нәтижеге бағытталған дамыта оқыту жүйесі 
туралы 
теориялық-практикалық тұрғыда кеңінен таныстырылды. 
Дамыта оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу – мұғалімнен үлкен кәсіби
шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді. Дамыта оқыту 
жүйесінің теориясын толық меңгеріп, тәжірибеге енгізу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы 
жүргізілді. Зерттеу барысында төмендегідей жайттар анықталды. Дамыта оқыту теориясы өз 
бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алады. 
Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты 
қалыптасты. Өз еңбегінде Г.К.Селевко: «В 1996 году Министерство образования России 
официально признало существование систем Л.В.Занкова и Д.Б.Эльконина – В.В.Давыдова. 
Остальные развивающие технологии имеют статус авторских, альтернативных», – деп 
көрсетеді [1]. 
Дамыта оқу жүйесін қалыптастыратын В.А.Занковтың идеясы – білім өзінен-өзі 
ешкімді дамытпайды, сырттан берілген білімді ішкі құлшыныс пен талпыныс арқылы оқушы 
өз санасына ұғындыруы керек. Яғни танымдық схемалар санада құрылуы керек. Ол үшін 
ғылым, білімді өз бетімен алу әдісін оқушыға үйрету керек, - дейді [2]. 
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген 
мақсаттарына жету 
тек баланың белсенділігіне байланысты.
 
Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-
тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, оқушының іс-әрекетін талдап, 
көмектесіп отыруды көздейді [3]. 
Жоғарыда айтылғандардың ішінен Ресейде бастауын Л.С.Выготскийден алып, оның 
бер жағында А.Н.Леонтьев идеясына сүйенетін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов жасаған 
дамыта оқыту теориясын басшылыққа ала отырып, эксперимент жасау арқылы өз 
тәжірибеме енгізіп, бастауыш сыпныптарда пәндерді дамыта оқыту әдістемесі жасалынды.
Негізінде, дамыта оқыту дегеніміз – нақты өмірде және сол өмірдің табиғи дамудың 
заңдарын танып, соған сүйеніп ұйымдастырылатын оқу-танымдық үдерісті білдіреді. 
Дамыта оқытудағы негізгі мақсат
- білім мазмұнын жаттандылықпен үйрету болып 
табылмайды, яғни білім мазмұнын оқушыға өз бетімен жасалатын көптеген ақыл-ой 
әрекеттерін орындау арқылы меңгерту және теориялық ойлауын дамыту.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім оқыту материалдарында берілетін білім мазмұнын 
«бар, өзгермейтін, даяр» нәтиже ретінде беретін болса, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет