Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет243/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Негізгі сөз:
Кескіндеме. Живопись. Масляная краска. Майлы бояу. Пейзаж. Табиғат көрінісі. 
Леонардо Де Каприо. 
Кесіндеме өнері – бұл бейнелеу өнерінің ежелгі заманнан бері келе жатқан негізігі 
және күрделі дамыған бөлігі. Кесіндеме өнері ол дүние жүзі бойынша танылған атақты 
суретшілірдің мойындаған әрі бас иген жанры болып табылады. Микеланджело: «Сурет –
живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және 
живопись түрлерінің жаны мен қайнар көзі» десе, ал А.Байтұрсынов «Бояулы нәрсенің түрін 
, түсін кескін келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері» деп жақсы сипаттама берген.
Барлық өнерлердің арасынан, тіпті бүкіл адамдардың істерінің арасынан Леонардо 
бірінші орынға живописьті қояды. «Көз – сезімнің әміршісі екен, онда живопись – өнер 
падишасы». Леонардо бұл қағиданы көптеген мысалдармен дәлелдейді.
- Живописші, деп мәлімдейді Леонардо, - көзбен көріп, жүрекпен сезінген 
нәрселерінің барлық өзгешелігін, өз түсін, өз көмескілігін, оның алуан түрлі қасиетін тұтас 
жиынтықтай қамтып бейнелейді – міне, жарық пен көлеңкенің табиғаттан алатын мүсініне 
оларды өзі жасайтын живописьтің артықшылығы да дәл осында. Ұлы суретші Леонардо Де 
Каприо: «Егер живописьші, - өзінің сүйсінісін туғызатын тамаша заттарды көргісі келсе, - 
оларды туғызу оның өз қолында, ал егер ол адамды үрейлендіретін кейіпсіз, сайқымазақ, 
күлкілі немесе шын мәнінде аянышты дүниелерді көргісі келсе, онда оларды да жасайтын 
құдірет иесі соның өзі. Сонымен, живопись кез келген іс әрекеттен жоғары қойылуға тиіс
өйткені ол табиғатта бар және онда жоқ барлық формаларды бойына дарытқан. Леонардоға 
дейін ешкім де кескіндеме туралы бұлай айтқан жоқ. Және одан кейін де ешкім, 
сірә, кескіндеменің мұндай ғаламат құдіреттілігін соншалықты сеніммен және соншалықты 
өктемдікпен сезінбеген болар! 
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір 
заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері 
сияқты, кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға ерекше
эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудындылары. Кескіндеме сол 
дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік жағдайын бейнелеп қана қоймай, белгілі бір 
идеологиялық маңызы бар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің 
сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды 
жасауға себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің тәрбиелік мәні зор және ол 
деректемелік мағлұматтар береді. 
Кескіндеме – бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған, біз 
музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейілінше сан 
алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен, темперамен, гуашьпен, 
акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын 
кескіндеме бар. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде кескіндеменің мүмкіншілігі зор. 
Бұл оның көп жанрлығынан да байқалады.


256 
Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа 
бөлінеді. Олар: 1) Монументтік сәндік кескіндеме. Бұған қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне, 
тұсқа салынатын суреттер жатады. 2) Қондырғылы кескіндеме суреттер, яғни 
картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен 
байланыстырылады. 
Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да 
кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кескіндеме, фреска, секко, темпера 
желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.
Кескіндеменің керамикалық бояумен, силикаттық бояумен салынатын тағы басқа да 
түрлері бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын 
жасауда гуашь, акварель, тушь, пастель, молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар 
көлем кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндеме жанрына 
көптеген суретшілер жұмыс істеген. Сонымен қоса кескіндеме өнері: натюрморт, пейзаж, 
портрет, анималистік, маринистік, батальдық жанрларына бөлінеді.
Бұл бейнелеу өнерінің шығу тарихына тоқтала кетсек оның ежелгі үлгілері палеолит 
дәуіріне б.з.б. 40 – 8-мыңжылдықта (шамамен) мысалы ретінде, Оңтүстік Франциядағы Фон-
Де Гэм және Солтүстік Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған 
суреттеді жатқыза аламыз. Ежелгі дәуір Кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, 
қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. 
Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі Кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді 
өрнектеу) өркендеді. Көне дүние кескіндемесі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре 
қолданды. Бояу реңдері ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт 
тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. 
Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. 
Кейіннен Ежелгі Грекияда қондырғылы Кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда 
болды. Ал орта ғасырларда бұл өнердің түрі Батыс Еуропа, Византия, Ежелгі Русь, Кавказ 
елдерінде кеңінен қолданылды. Ол кезеңдегі кесіндеме өнерінің ерекшелгі арнайы тақырып 
та яғни діни көзқараста салынған. Онда әсіресе шіркеумен ғибадатханаларда қолданылған. 
Дәл осы кезеңдерде Орта Азия елдерінде яғни Үндістан, Иран, Цейлон елдерінде 
монументтік кесіндеме дамып жатса, ал Қытайда, Корея, Жапония елдерінде адам мен 
табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық бояулар мен 
қанық реңдер пайдалану кеңінен қолданысқа ие болды.
Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған Кескіндеменің маңызы артты. 14 ғасырда 
италиялық суретші Джоттоның Кескіндемелері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер 
үлгілерінен асып түсті. Ал майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану суретші 
Яван Эйктің (Нидерланд) кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне 
себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы 
тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін 
бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар 
жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу 
дәуіріндегі кескіндеме өнерінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да 
Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан болып табылады. 
Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да 
содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында 
бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, 
заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан 
тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір 
тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да 
бейнелеп, олардың мәнін ашады. 
Ал осы кескіндеме өнерінде қазіргі таңда кең қолданысқа ие түрі ол майлы бояумен 
салу техникасы. «Түс кесікіндеменің жаны» деп атайды. Яғни суретші сол түстерді яғни 
бояуларды пайдалана отырып өзінің дәл көз алдындағы бейнені дәл ойындағыдай етіп қағаз 


257 
бетіне түсіре алады. Майлы бояу техникасы осы кескіндеме өнерінің ішіндеге күрделі 
материал болып табылады. Ол гуашь немесе акварельге қарағанда өз реңін ұзақ уақыт бойы 
сақтап қана қоймай сонымен қатар ол суретшіге кең мүмкіншілік береді. Майлы бояуды 
пайдаланудағы суретшінің негізгі міндеті өз ойын бейнеге барынша жан беру үшін барынша 
майлы бояудағы түстердің ерекшелігін, алуандылығын, яғни түстердің сумен немесе бір 
бірмен аралстырылғандағы реңктерін кеңінен және дұрыс пайдалан білу болып табылады.
Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі дамыған ерекше бөлігі. Ол сізге шынайы 
сезімдерді де сезінуге мүмкіншілік береді. Ал көзбен көру арқылы сіз ерекше сонымен қатар 
адам баласының қолынан жасалған дүниеден әдемілікті көріп өзіңізге ерекше көңіл күй 
сыйлай алсаңыз ең ғажайбы осы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет