25
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген сын есімнің негізгі ерекшеліктерін қамтитын
сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру
жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Оқу процесінде мұғалім түсіндірген ұғымды соған жуық мәнді қайта баяндап немесе
жазбаша жұмыс түрінде орындап береді, осыдан келіп оқу процесіндегі
оқушылардың кері
байланыс қызметі пайда болады. Әлбетте, кері байланыс мұғалім үйреткен білімді
оқушылардың толық әрі саналған ұғымдарын айқындайды. Бұл кері байланыс біздің
мектептерімізде кеңінен орын алуға тиісті оқыту әдісінің жалпы нысаналы межесінің бірі
болып саналады. Осы айтылған жағдайларға орай мұғалімдердің оқыту әдісі және
оқушылардың үйрену әдісі туындайды.
Мұғалімнің оқыту әдісі – деп оқу процесінде оқушылардың ақыл – ой процесіне
басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады, ал оқушылардың үйрену методы
дегеніміз – олардың білім, білік дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу
жұмысында басшылық рольді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және
әдістемелік төселген шеберлікті талап етіледі. Ал оқушылар болса
оқу еңбегіне саналы әрі
белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болып келеді.
Оқытудаң тиімді әдістемесінің дидактикалық шарттарының бірі -оқыту әдістерін дұрыс
таңдай ала білу.
Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында грамматика табиғатында, әсіресе, оның
синтаксис саласында анық байқалатын өзгерістерді көрсету үлкен мәнге ие болып отыр.
Сөздер өзара тіркесіп, сөйлем құрамына ену арқылы өзінің толқынды қызметің өтейді, яғни
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет етеді. Сөздердің өзара тіркесу қабілетің әдеби
тілдің дамуынан, тілдік факторлардың әсеріне өзгіріп, жаңа мәнге ие болып отырады.
Мұндай өзгерістер күрделісынесімдердің арасында және қабілетінен де анық байқалады [1,
26].
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі сын есім. Сын есімнің өте ірі, негізгі сөз
таптарына жататын, ол тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге,
грамматикалық
құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өте күрделі сөз табы.
Осы уақытқа дейін ағылшын тіл білімінде жалпы теория грамматикасында сын есімді
ғылыми тұжырымда: А.С. Бархударов, Г.Н. Воронцова, А.Н. Горбалаев, Е.М. Гордон, И.П.
Крылова, И.П. Иванова, Б.А. Ильиш, Н.Ф. Иртенова, И.Г. Кошева, В.Я. Плоткин, Т.А.
Расторгуева, Т.А. Смирницкий, В.Н. Ярцева сынды ғылымдар еңбектерінде ағылшын
тіліндегі күрделі сын есімнің басқа грамматика категориялары ішінде алатын орны, оның
синтактистік, семантикалық және грамматикалық құрылымы берілген.
Қазіргі таңда қазақ тіліндегі ағылшын тілінің грамматика саласындағы көп қолданатын
сын есімдер тобы, қазақ тілінің сын есімдер тобымен салыстыра зерттеу жоқтың қасы деп
айтуға болады.
Бұл үрдістерді отандық тіл білімінің дербес аударма теориясының
негізін салудағы
алғашқы қадамдар деп танимыз. Алайда, Е. Букетов, М. Мағауин, М. Жанғалин, Б. Омаров,
Б. Баймақанов т.б. өз заманының алдыңғы қатарлы аудармашылары болып табылады.
Олардың ағылшын тіліндегі туындылары аралық тіл нұсқасынан қазақ тіліне аударған
еңбектері өзіндік құндылығымен ерекшеленеді.
Сын есімнің ең басты белгісі – жай шырай салыстырмалы және күшейтпелі
шырайлардың формалары негізінен жай шырай формасының екі түрінің бірінен жасалады: 1)
Егер сын есімнің жай шырайдағы формасы бір буыннан тұрса, онда салыстырмалы
шырайдың формасы –еr жұрнағының көмегімен жасалады, ал күшейтпелі шырайдың
формасы- жай шырай формасының негізіне - est жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. 2)
Сын есімнің екі, үш немесе бірнеше буыннан туратын жай шырайынан салыстырмалы
шырай more сөзінің көмегімен жасалады, ал күшейтпелі шырай сын есімнің жай шырай
формасының алдында тұратын most сөзінің көмегімен жасалады. Кейде –er, est
жұрнақтарының көмегімен жасалған күрделі сын есім формасы да кездеседі.
Көбінесе бұл
сын есімдер –y, -er, -ow аяқталған жай шырай формасы:easy, yellow. Кейбір сын есімдерден
26
шырай формалары ерекше жасалады және осы сын есімдерді барлық формасында есте сақтау
керек.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген сын есімнің грамматикалық категорияларының
бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен
байланыстырады.
Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін сын есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы
біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды. Ондай тәсілдер
әр түрлі болады.
Екіншіден, мұғалім 8 сынып көлемінде оқылатын сын есімнің грамматикалық
категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі
сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және
тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да сын
есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар
оқушыларға тәрбие беру жағынан
да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу
процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін
жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей
болғаны жөн.
Сын есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі – шырайларының
болуымен ерекшеленеді. Сын есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық
тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті
әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты.
Сын есімдер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде қызмет етеді.
Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына,
формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады.
Қазіргі кезде ана тіліне сүйене отырып оқыту ұстанымы ана тілі мен үйренетін
тілдің
ерекшеліктерін салыстыра оқу кең қолдау табуда. Олай болса, кез келген шетел тілін
үйретуде ана тілінің алатын орны ерекше. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін ана тілі мен
шет тілін әр түрлі деңгейде салыстыру және үйренетін тілдік
материалды оқушылардың
саналы түсінуі қажет. Осыған орай орта буында ағылшын тілі сабағында сын есімнің
шырайларын өткенде, оны қазақ тіліндегі сын есімнің шырайларымен салыстыра өткізу өте
тиімді.
Ана тілі шәкірттерге үйреніп жүрген тілі ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын
да анықтауға көмектеседі.
Оның үстіне бұл тілдердің жалпы теориялық негіздері бір-біріне ұқсас.
Мәселен, шетел тілдерінің қай-қайсысында да фонетика, лексика, грамматика өтіледі.
Шетел тілін жетік меңгеру үшін оқушы ең алдымен ана тілін, яғни қазақ тілін жетік меңгеру
керек. Ол, ең алдымен , ана тілі шетел тілін үйрету тілі болып қана қоймай , салыстыру тілі
де болып есептелетінін басшылыққа алған жөн.
Өйткені, салыстыра оқыту шетел тілін саналы түрде үйренуге мүмкіндік береді. Ал
саналы түрде оқыту – дидактиканың басты ұстанымдарының бірі.
Шет тілін меңгеру өте күрделі үрдіс. Өзге тілді меңгеру үшін адам ең бірінші ана тілінің
тілдік құбылыстарын жетік меңгеру керек. Ана тілі- басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі.
Қазіргі кезде ана тіліне сүйене отырып оқыту ұстанымы ана тілі мен үйренетін тілдің
ерекшеліктерін салыстыра оқу кең қолдау табуда. Олай болса , кез келген шетел тілін
үйретуде ана тілінің алатын орны ерекше. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін ана тілі мен
шет тілін әр түрлі деңгейде салыстыру және үйренетін тілдік материалды оқушылардың
саналы түсінуі қажет. Осыған орай орта буында ағылшын тілі сабағында сын есімнің
шырайларын өткенде, оны қазақ тіліндегі сын есімнің шырайларымен салыстыра өткізу өте
тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: