Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет89/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Ключевые слова:
народная педагогика, фольклор, воспитание детей. 
Annotation: 
Language – a source of national culture. National traditions of each people, 
consciousness, the speech, ways of thinking, behavior. In the distinguishing features of language 
and literature reflects the culture. The importance of oral folk art in the development of children's 
speech is also reflected. 
 Key words:
Folk pedagogy, folklore, education of children
 


92 
 
Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, 
ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда 
жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ 
халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен 
күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, 
мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ 
халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен 
мәдениетте «халық шығармашылығы», «халық поэзиясы», «халықтың ауызша сөз өнері» 
дейтін атаулардан осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-
тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, 
қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл 
қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын 
танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – 
бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, 
олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. 
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір 
тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты 
жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең 
пайдаланылатын дүниелер [1]. 
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз 
әдебиеті саласының бірі – ертегілер. Ертегілерді халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан 
ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді. Ертегінің бала санасына лайықтап жеткізуде 
айтушының шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: 
1.
Қиял ғажайып ертегілер 
2.
Хайуанаттар жайында ертегілер 
3.
Тұрмыс-салт ертегілері. 
Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады. 
Кіші топтарда (3-4 жас) ауызша әңгімелеп беру қолданылады. 
4-5 жастағы балаларға оңай, жеңіл жұмбақтар ұсынылса, ересектер тобында (5-6 жас) 
оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндағы мақсат ертегіні 
әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен 
танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал-мәтел арқылы да беріледі. 
Қазақтың мақал-мәтелі негізінен елдікке, ынтымақ-бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа 
тәрбиелейді. 
Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы 
байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық 
шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға 
бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді, жеке дыбыстарды 
алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Баланың тілін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетінің балабақшада 
пайдаланудың маңызы зор [2].
Ө.Тұрманжанов «Көркем әдебиетті оқудың ерекшелігі» атты еңбегінде: «Көркем 
әдебиет туындыларын оқу әрі ермек, әрі өрнек. Ермек дейтініміз: ол ойнақы жеңіл оқылады. 
Көркем әдебиет кітаптарындағы алуан-алуан, шым-шытырық оқиғалар, сан қилы, сан түрлі 
адам мінездері мен әрекеттері, күрестері мен күн көрістері, тіршілік тәсілдері, нені сүйіп, 
нені жек көретіндері, неден жиреніп, неге ұмтылатындары көзіңізге көрініп, көңіліңізге 


93 
сезіліп, бойыңызға жеңіл сіңеді. Осылардың жақсысына үйренесіз де, жаманынан бой тартып 
жиренесіз. Өмірде қалай тұруды, қалай өмір сүруді, отбасынан, Отаныңызды қалай сүюді 
үйренесің. Отанға, өз ортаңа сүйікті болудан артық абырой бар ма? Осының бірін терең 
түсініп, жақсы ұғынуыңа көркем әдебиет кітабы зор көмегін тигізеді», - деп көркем 
әдебиеттің рөлін атап көрсеткен.
Балабақшада тәрбиеленушілерге ауыз әдебиетінің үлгілерін үйретуге баса назар 
аудару қажет. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге 
үйрету, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен 
диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында 
кездесетін сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі айта 
білуге тәрбиелеу талап етіледі. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін 
дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, 
балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу. 
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз 
әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін 
пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен 
оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің 
мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек. 
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол 
белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі 
болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне 
байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз 
етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. 
Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының 
шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. 
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы 
баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру 
тәсілі қолданылады. 
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай 
мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай 
білуге үйрету. 
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып қызығады. Қысқа 
ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби 
кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді: бойын қорқыныш билейді. 
Сәбилерде жақсы және жаман әс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле 
түседі. Ал тілінің дамуы баланың бойында қабылдау, ести білу сияқты психологиялық 
үдерістердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. 
Мектеп жасына дейінгі шығармаларға оқып беретін шығармалар негізінен үш салаға 
бөлінеді: 
1)
Ауыз әдебиеті нұсқалары 
2)
Классик жазушылар шығармалары 
3)
Қазақ жазушылары шығармалары. 
Осы саладағы шығармалар тәрбиешіге арналған бағдарламалық материалда нақты 
жүйеге бөлініп берілген.
Бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет 
арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып суреттің астына жазылған 
өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан 
тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) 
әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты 
қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс, өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет 
көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда зейін 
қоймайтын болады. 


94 
Бала тәрбиесі ерте заманнан бастап, адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің 
өзекті мәселесі. Ежелгі қағида – бала тәрбиесі бесіктен басталады. Жас ұрпақтың ана тілінде 
тәрбиелеп, оларға білім берудің аса құнды мәдени игілік халықтық педагогиканы кеңінен 
енгізу бүгінгі таңда өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, тіліміз 
мемлекеттік мәртебеге көтерілгеннен кейін тоқырау жылдарында жоғалтып алған небір асыл 
қазыналарымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қайта жандандыруға, дамытуға даңғыл жол 
ашылды. Рухы күшті, жаны таза, мақтаныш ететін ұрпақ өсіріп шығару қазіргі заманның 
талабы. 
Халық педагогика элементтерін балабақшада балалардың ана тілін қалыптастыруда 
қолдану қазіргі кездегі ең маңызды да өзекті мәселелердің бірі. 
Халықтық педагогика – кешегі өткен данагөй қариялардан, ғұлама ойшылдардан, 
шешен-билерден, батырлар мен ақын-жыраулардан,бақсы-балгерлерден, сал-серілерден мұра 
болып қалған ұлы тәрбие құралы. Еліміз тәуелсіздік жолына қадам басып, өшкеніміз 
жанданар тұста жас бөбектерді ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз негізінде тәрбиелеп, 
халқымыздың тәрбиелік мәні зор, ұлттық дәстүрлерді, салтты бойына сіңіру арқылы баланы 
ана тілінде сөйлету басты мақсат. 
Ана тілімізді құрметтеп, ардақтап, аялай отырып, оны зәулім бәйтерекке теңер болсақ, 
оның тамыр тартар бастауы – балабақша. Сондықтан балабақшада балалармен осы тұрғыда 
сабақтар, іс-шаралар, мерекелік ертеңгіліктер өткізіп көптеген жұмыстар жүргізу қажет. 
Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны, халқымыздың қасиетті өнегесін, салты мен 
дәстүрін, әдет-ғұрпын, бабалардың ақ батасын,адал тілегін, әр бір ел баласына үйрету, 
санасын ояту мәселесі ата-аналар мен тәрбиешілердің, отбасының үлкен парызы. 
Келешекте салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ана тілін жақсы меңгерген тәрбиелі, талантты 
бүлдіршіндер саны арта түседі деген сенімдеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет