Iii нұсқа 1-билет ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.


ІІ-билет 1. Барон Игельстромның реформасы және Кіші жүзде хан билігінің жою әрекеттері



бет2/13
Дата28.01.2018
өлшемі9,24 Mb.
#34200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ІІ-билет

1. Барон Игельстромның реформасы және Кіші жүзде хан билігінің жою әрекеттері.

Атауы: «Игельстром реформасы» Мерзімі: 1786жыл Реформаны дайындағандар: Орынбор өлкесінің губернаторы барон Игельстром Реформаны бекітуші: Ресей патшасы ІІ Екатерина Реформаның тарихи алғышарттары: С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің осы кезеңіндегі қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты және 1786жылы Кіші жүз ханы Нұралының хандық биліктен алынуы. Реформаның мақсаты: Кіші жүзде хандық билікті жойып, оны отарлауды тездетіп, ресейлік әкімшілік билікті орнату. Оның жобасы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылып, әкімшілік билік-Шекаралық сот құрылды. Ол патша шенеуніктерінен және жергілікті топ өкілдерінен құралуы тиіс болатын. Шекаралық сот тікелей генерал-губернаторға бағындырылды. Кіші жүзде құрылған әкімшілік басқарудың ауылдық буындары Шекаралық сотқа бағындырылды. Губернатор осындай жолмен дала қазақтарын бір шыбықпен айдап, басқаруға болады деп есептеді.

Францияда король билігінің құлатылуы Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық тудырды. Осыған байланысты үкімет барон О.А.Игельстромның реформасын тоқтатуға мәжбүр болды. Патша үкіметін қатты қорқытқан нәрсе оның жергілікті әкімшілік сатыларның қазақ даласында жұмыс жасауға қабілетсіз болуы ғана емес, ең бастысы, Сырым батырдың халық бұқарасынан үлкен қолдау тауып, хандық биліктің жауы ретінде және патша әкімшілігінің зорлық-зомбылықтарына жол бермейтін тарихи тұлға ретінде зор беделге ие болуы еді. Сондықтан Игельстромның реформасын жүзеге асыруды тоқтатқан патша әкімшілігі енді өзінің Орынбордағы генерал-губернаторына қазақтың қалың бұқарасына қарсы ымырасыз күрес жүргізіп отырған Ералы сұлтанмен келіссөз жүргізіп , оынң хан тағына отырғызу жолдарын қарастыруды тапсырды. Мұндағы патша өкіметінің мақсаты Кіші жүздегі күйреген хандық билікті қалпына келтіріп, хан тағына патша өкіметінің отарлау саясатын қолдайтын жаңа сұлтандарды отырғызу.


2.XX ғ. Басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Айқап» журналының орны мен рөлі.

ХХ ғасырдың басындағы халық ағарту ісі қоғамдық және саяси ахуалмен тығыз байланыста болды. Патша өкіметінің 1906ж қабылданған оқу-ағарту ісіндегі ережелері , негізінен, ұлттық аймақтарды орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасағымен, керісінще діни мектептерге және медреселерге әрқилы кедергілер туғызды. Ал өкіметтің жергілікті халықтың білім алуына арнайы бөлген қаржысы тым шағын болды.

Ағарту ісін дамытуда «Айқап» журналы белгілі орын алды. Семей, Верный, Орал, Орынбор, басқа да қалаларда орын жоқ, жарық көрген әртүрлі саяси бағыт бағыт ұстанған газеттер Қазақстанның шаруашылық және саяси өмірін суреттеуде үлкен рөл атқарғанын атап өткен жөн.

Е.П.Михаэлись, В.А. Обручаев, Н.Пантусов, Н.Я. Коншин және де басқа көптеген орыс ғалымдары қазақ халңының тарихи мен материалдық-рухани мәдениетін херттеуде тамаша мұра қалдырды. «Айқап» журналында өзі өмір сүрген заманның көкейкесті мәселелерін көтеріп еңбектер жазды.



3.Қыпшақ мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз.

Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, оң және сол қанат болып бөлінді. Күші беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мықтап ұстап отыруы үшін жасалған еді.


3-билет

Бай қожалықтарды тәркілеу және оның саяси, экономикалық салдарын түсіндір?

1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 
2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 
3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

Ф.Голощекин Қазақстан Өлкелік партия комитетінің хатшысы болған тұста «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұранмен жұрттың мал-мүлкі тартылып алып, тәркіленді. Тұтас бір халықты қырып салған жендеттік саясатты ұстанған Голощекин «Кіші қазан» төңкерісін ұйымдастырып, ел ішінде қанды қырғын жасады. Онсыз да адам шығынына ұшыраған халыққа жөн-жосықсыз қысым жасалып, жер-жерлердегі билік тізгінін ұстаған шаласауатты атқамінерлер қолында бір-ақ бас малы бар отбасылар да ауқаттылар қатарына жатқызған. Кейбір деректерге қарағанда сол жылдары қазақтардың арасында 700-ге жуық байдың малы тәркіленген. Негізі Қазақстандағы байырғы ұлтты жойып жіберуге арналған шаралар алғаш рет 1927жылдың көктемі мен күзінде қолға алынған. Ал 1928 жылы «ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шықты. 1929-1931 жылдары ол шегіне жетті. Нәтижесінде қазақ халқы өз тарихында болып көрмеген ашаршылыққа ұшырады. Дәл осы кезде өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың оты тұтанып жатты. Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс тапты. Жалпы ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Осылайша қазақ халқы өте қиын кезеңді бастан кешірді.
2. Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.

Қазақ халқының ұлттық-демоқратиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлизан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1780ж Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан біліиді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды.Ал саяси көзқарасының қалыптасуына Ұлы Француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1980 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1984жылы Санк-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған соң ол Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педогогтық, ғылыми және әкімшілік қызметер атқарды. ХІХ ғас.соңы мен ХХ ғас. бас кезінде Ә.Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсіне қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейді.1903ж Петербургте «Ресей.өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегезінші томы жарық көрді. Оның авторларның бірі Алащ қозғалысы көшбасшысы Ә.Бөкейханов.



3.Қарахан мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз.

Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс - екі иеліктен (хандыктан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе күз Орда деп атаған), кейін Қашғар каласы болды. 2. Батыс хандық Мауераннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.



4-билет

  1. Қайта құру саясатының негізгі кезеңдері

1985ж наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985ж сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986жылғы КОКП-ның ХХVІІ съезінде макұлданды.Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қиялы болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин , Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күнен-күнге қиындай береді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы, 1987ж қаңтар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында « Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды .Қаулының кемшіліктері: 1.Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмадым. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987жылғы маусым Пленумы басқару ісін дүбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде « Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды.

ХІХБүкілодақтық конферцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып , мынадай шешімдер қабылданды : 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік –экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау

2.Демократияландыру мен жариялық. 3. Төрешілдікке қарсы үрес 4. Халықтық реформа жүргізу 5.Әлеуметтілік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шараларының ауқымы мен салдары, ГУЛАГ жүйесінің құрылуы.

Тарихшы –ғалым М.Қойгелдиев құжаттық материалдарға сүйене отырып, еліміздің аумағында болған қуғын-сүргінді негізгі төрт кезеңін ажыратса, соның ішінде 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін өзінің шарықтау шегіне жетті. Құжаттық мәліметтер БМСБ(ОГПУ) органдарының 1933жылы Қазақстанда оннан астам «контрреволюциялық ұлттық ұйымдарды» әшкерелеп, жойғандығы жөнінде мәлімет береді. Тергеу ісінде қатталған материалдар, негізінен, тұтқынға алу ордерлерінен, тергеу хаттамаларынан, айыптау қорытындыларынан, сондай-ақ тұтқындардың арыз-тілектерінен құралған. Сонымен бірге бұл кезеңге тән мынадай бір ерекшеліктерді айта кеткен жөн: егер 1923-1932 жылдары тергеушілер қоғамнан социалистік құрылысқа қарсы зиянкестік әрекеттерді жүргізуші «элементтерді» неғұрлым көбірек тауып, өздеріне жүктелген жоспарды асыра орындауға тырысса, ендігі уақытта тұтқындардың арасынан шетелдік, негізінен, Германия мен Жапония сияқты мемлекеттердің кеңестік қоғамдағы «агенттерін» көбірек табуға күш салды. 1937-1938 жж. Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Ә.Досов, Ж.Сәдуақасов, Л.Мирзоян, Ж.Сұлтанбеков, Т.Жүргенов және т.б. адамдар өтірік жаламен жазаланды. Қазақтың ғылым мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Шанин, т.б. кінәсәз жазалаудың құрбаны болды.

30-жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған , саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір, Өскемен арнайы лагерьлері ашылды. Бұл лагерьлердің ішіндегі ең ірілері – Карлаг (ерекше тәртіптегі Қарағанды лагері), «ОТанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагері (АЛЖИР) болды. 1930ж 25сәуірде лагерьлерді басқаратын мекеме құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 1930жылдардың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. 1930жылдың 13 мамырда КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» Қаулы қабылдады.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ГУЛАГ жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Тек, Сталин қайтыс болғаннан кейін мемлекет ГУЛАГ жүйесін жоюды қолға алды. Саяси тұтқындар 1954 жылдан босатыла бастады. 1960ж қаңтардың 25-і күні Ішкі істер министрінің жарлығымен ГУЛАГ жүйесі ресми жабылды.

3.Үгедей ұлысының аумағын карта бойынша белгілеңіз.

Үгедей ұлысы. Үгедей – Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.



5-билет

  1. Тәуке ханнан кейінгі Қазақ хандығындағы қалыптасқан жағдай.

Тәуке хан (1680-1715) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».

Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.

Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билеп-төстеушіге сұлтандардың топтары тарапынан наразылык күшейіп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді. Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарысты күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақтық сеператизмі күшейді. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталык хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде - Әбілқайырдың, Орта жүзде - Болаттың, Сәмекенің, Кушііктің, Ұлы жүзде — Жолбарыстың, Иманның жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты.
Бұл хандармен қатар қазақ даласында Барақ, Әбілмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа да сұлтандардың беделі арта берді. Атап айтқанда, Сұлтанбет өзінің толып жатқан ұлдары арқылы Ертіс бойы қазақтарына билік жүргізді. Оның жергілікті қазақтардың арасына ғана емес, сонымен қатар шекаралас орыс өкіметі орындарына да елеулі ықпалы болды.

XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701—1721 жылдар) аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты.
Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңінде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер — редуттер мен форпосттар салына бастады.
Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.

  1. А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.

Қзақ халқының ХХғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілернің бірі,ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог-ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі-А.Байтұрсынов. А.Бпйтұрсынов «Алаш» патриясы басшыларының бірі болды. Қырғыз өлкесі Әскери-революциялық Комитетінің мүшесі болып сайланды. В.И.Ленин атындағы қол қойған мандат алып, комитет құрамында жұмыс істеді. Қазақ АКСР-ін құруға елеулі еңбек етті. Қазақ АКСР-і құрылған соң үкімет құрамына кіріп, оқу-ағарту халық комиссары болып жұмыс істеді. Соңынан, «Ақ жол»газетінде, Оқу-ағарту Халық Комиссарының жанындағы академиялық орталықта қызмет етті. А.Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының бастауында тұрды. 1929ж ешбір негізсіз тұтқындалып, түрмеде отырады, соңынан Архангельскіге жер аударылады. 1934ж М.Горький мен оның әйелінің араласуымен, Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегімен босатылады. Бірақ еркінлік ұзаққа созылмай,1937ж қайта тұтқындалады. Ату жазасына бұйырылады. 1988ж ақталды.

3.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар) орналасқан аумақты карта бойынша белгілеңіз.

Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда, көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларына сүйенеді. Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген корымдар мен коныстарды таты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттері деп атады.

Қауыншы мәдениеті - Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта, Отырар-Қаратау - Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Ал Жетіасар - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.
6-билет


  1. Орбұлақ шайқасы.

1643ж Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір ханСамарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгермен жоңғарларға қарсы аттанды.

Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да, 3 щақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздар жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалғакеліп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіріп жұлып жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан мыңдай адам өледі, қалған 40мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20мың қолмен Жалаңтөс батыр көмеккке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуылып тасталды.Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болсын тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.



  1. Қазақстан ғылымының дамуындағы Қ.И.Сәтбаевтың орны мен рөлі.

Қ.И.Сәтбаев-геолог, қоға қайраткері, геология-минералогия ғылымдарның докторы, профессор. Қазақ КСР ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті. КСРО ҒА-ның академигі. Тәжік КСР ҒА-ның құрметті мүшесі. Томск технология институтын бітірген. 1926-1929жж. «Атбасар түсті металл» тресінің геологиялық бөлімінің жетекшісі, 1929-1941жж. Қарсақбай комбинатының геологиялық барлау бөлімінің бастығы, бас геолог. 1941-1964жж. Қазақ КСР ҒА-ның Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО ҒА Қазақ филиалы Президиумы төрағасының орынбасары, төрағасы(1941-46жж.) Қазақ КСР ҒА-ның президенті(1946-1952 және 1955-1964)Қ.Сәтбаев – кен геологиясы саласындағы керемет көрнекті маман, Кеңес Одағында металлогения мектебінің негізін салушы. Өзінің ғылым ізденістерінің көпшілішігін ол Қазақстанның кен орындары мен минералдық ресурстарының геологиялық мәселелеріне арнады. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның меаллогендік болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірді.1929-31жж. Жезқазған-Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның қайта қарауға мүмкіндік берген жаңа зерттеу бағдарламасы белгіленді. Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары,Ертіс-Қарағанды, Маңғыстаудағы, Мұғалжар мен Торғайдағы табиғи байлықтарды зерттеу жөніндегі ірі зерттеулер ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикізат базаларының ірі объектілерін игеру, кенде Алтай, Қаратау фосфориттері және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет