2.Әлихан Бөкейханов – Қарқаралы оязы, Әлтеке-Сырым болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша бұл елді-мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, «Қаратал» кеңщарына қарайды. Оның нақты туған жылы туралы да жазба деректерде түрліше пайымдалып жүр. Кеңес үкіметі Әлихан Бөкейхановты «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген үкімнің шыққандығын айғақтайтын іс қағаздары арасындағы өмірбаяндық жеке құжатында ол 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы оязындағы жетінші ауылында жарық дүниеге келгендігі баяндалған. 1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша өкіметі құлатылғаннан кейін қазақтың зиялы қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ж. Досмұхамедұлы, Х. Досмұхамедұлы 1917 жылы сәуірде облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізеді. Облыстық және уездік қазақ комитеттері құрылды. «Жалпы қазақ съезі» өткізілсін деген қаулы қабылданады. Бірінші жалпы қазақ съезі Орынбор қаласында 1917 жылы 21-26 шілдеде өткізілді. Съезде қаралған 14 мәселенің бірі – қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның аты – «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Партияның бағдарламасын жасау, қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жоспары белгіленеді. Осы съезде Әлихан Нұрмұхамедұлы көпшілік дауыспен «Алашорданың» басшысы болып сайланады. Бұл 6 миллион алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығының айқын дәлелі. 1937 жылы атылды.
3. Қарахан мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз.
Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі.Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі.
4-билет
1. Қайта құру саясатының негізгі кезеңдері
2. 1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шараларының ауқымы мен салдарын, ГУЛАГ жүйесінің құрылуы.
3. Үгедей ұлысының аумағын карта бойынша белгілеңіз.
1.Қайта құрудың басталуы. 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК пленумында М.Горбачев әлеуметтік-экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалар – қайта құрулар жүргізетінін мәлімдеді. Қайта құру саясаты мемлекеттің қоғамдық-саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін-өзі басқаруын тереңдету деп түсіндірілді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары- қоғам өмірін демократияландыру және жариялықты дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету болды. Сонымен бірге 1985 жылы сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету туралы қаулы қабылданды. Жеделдету саясатының мақсаты-өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығын дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жекеменшік түрлерін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Кооперативтік шаруашылықтардың тиімді жақтары бірден байқалды. Бірақта жеделдету бағыты ғылыми тұрғыда негізделмей асығыс енгізілген еді. Мемлекет басшылары экономиканы басқаруда әлі де директивалық әдістерге сүйенді. Бұл жеделдету бағытының басты қайшылығы болатын. Бірақ бұл шаралар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы айқын сезіле бастады. Азық-түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқарудың жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі дәлелденді.
1987 жылы қазанда КОКП ОК Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Борис Ельцин қайта құру мен реформалардың жүзеге асырылуының баяулығын қатты сынға алды.
1987 жылы қарашада Қазан төңкерісінің 70 жылдық мерекелік мәжілісі болып өтті. Онда М. Горбачев кеңестік қоғамның дамуының негізгі тарихи кезеңдеріне саяси баға берді. Бас хатшының баяндамасында сталинизм қылмысты құбылыс деп танылып, тарих «ақтаңдақтары» жаңа тұрғыдан қаралуы тиіс деген қортынды жасалды.
1988 жылы маусымда КОКП ХІХ Бүкілодақтық конференциясы өткізілді. Конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасалды. Онда партия басшылары тарапынан саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасаумүмкін еместігі мойындалды.2.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ГУЛАГ жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары болды.
1953 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңға жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк болса, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу 20—30-жылдары үзіліссіз жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына үласты. Еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары Бас басқармасы (ГУЛАГ) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігіне айналды.
1997 жылдан бері Елбасының жарлығымен 31 мамыр–Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Этностық және діни тегі бөлек мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін кінәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз қуылып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Әділеттіктің салтанат құруы үшін Қазақстанда кең көлемді жұмыс жүргізіліп келді. Тәуелсіздік жылдары 146,5 мың кінәсіз жазғырылған отандастарымыздың аты-жөндері жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде ондаған ескерткіш-белгілер орнатылған. Бұрынғы ГУЛАГ лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер жұмыс істейді. Бүгін солардың қатары, аты қайғылы Қарлаг орнынан ашылып отырған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен толықты. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді.
3. Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысы болып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы Еміл қаласы болған.
5-билет
1. Тәуке ханнан кейінгі Қазақ хандығындағы қалыптасқан жағдай.
2. А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.
3. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар) орналасқан аумақты карта бойынша белгілеңіз.
1.Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1715 жж.) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», яғни «Дана Тәуке» деген құрметті атаққа ие болды. Тәуке бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Тәуке ханның өзіне дейінгілерден ерекшелігі - өз билігін дала аристократтары - билердің қолдауымен күшейтуі болды. Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билер кеңесінің» ролін арттырды. Билер кеңесі Тәуке ханның ордасы Түркістан жанындағы Битөбе мен Сайрам түбіндегі Мартөбеде, Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өтетін болды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде қаралып шешілді. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан өз билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Олардың қатарында үш жүздің атақты Төле, Қазыбек және Әйтеке билері бар. Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» ролі өте зор болды.
Тәуке тұсында қазақ-орыс қарым-қатынасы барынша күшейтілді. Тек 1686-1693жж. аралығында Сібірге бес рет қазақ елшілігі жіберілді.
Оның билігі қазақ халқының тарихындағы ең бір ауыр кезеңмен сәйкес келді. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары қазақ көштерін үлкен шығынға ұшыратты. Қонтайшы Сыбан-Рабдан тұсында қазақ-ойрат қарым-қатынасы шегіне жетіп шиеленісті. Ш. Уәлиханов осы бір ауыр кезең туралы «XVІІІ ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқының өміріндегі қияметті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан жақтан килігіп, олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап, адамдарын тұтас отбасымен тұтқындап алып кетті», - деп жазған еді.
Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұмда қазақтың үш жүзінің өкілдері бас қосты. Үш жүздің жасағы жоңғар әскерін талқандап, жауды шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ ішкі алауыздық жаудың басқыншылық шабуылдарын тоқтата алмады. Жоңғарлардың жойқын шапқыншылықтары 1711-1712 ж., 1714 ж., 1717 ж. қайталанып отырды.
Сыртқы қауіп қазақ қоғамының үш жүзі ішіндегі алауыздық, рулық-тайпалық дау-дамайлар мен сұлтандар арасындағы сепаратизммен ұштасып жатты. Тәукенің басты мақсаты ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.
Міне, осындай жағдайда Тәукенің тұсында «Жеті Жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы өмірге келді. Қазақ қоғамында қолданылып келген құқықтар мен нормалар жинақталды, толықтырылып жүйеленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. «Жеті Жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш болып табылады. «Жеті Жарғыға» сәйкес қанға-қан, жанға-жан қағидасы заңдастырылды. Адам өлтіруші өлім жазасына кесілді. Кей жағдайда, мәселен, өлген адамның жақындары кешірім жасаған жағдайда айыпталушы құн төлеу арқылы өлім жазасынан құтыла алды. Құнның көлемі екі жақтың әлеуметтік шығу тегіне байланысты болды. Қарапайым шаруаның құны бір мың бас қой тұрса, сұлтанның құны жеті мың бас қойға бағаланды. Осыдан-ақ «Жеті Жарғының» қазақ үстем табының мүддесін қорғаған заң екенін анық көреміз. Заңның негізгі баптарының мазмұнынан үзінділер келтіре кетсек, олар төмендегідей:
- қанға қан алу (біреудің кісісі өлтірілсе) немесе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
- Егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі, ал ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
- Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
- Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
- өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді.
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;
- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
- құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының қолына беріледі;
Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» баптары сол заманның талаптарына сай келді. Ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Онда әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы туралы ережелер енгізілді. «Жеті Жарғының» жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы ролі зор.
Тәуке билігі тұсы қазақ қоғамындағы «Алтын ғасыр», «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман» болды. Орыстың тарихшы ғалымы А. И. Левшиннің Тәукені «Ол қазақ ордаларының айдаһары, Ликургі» деген теңеулері қазақ қоғамының дәуірлеу кезеңін білдірсе керек.
2.Ахмет Байтұрсынов – 1873 жылы дүниеге келген. Туған халқының аса ірі қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түрколог, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті мен мәдениет зерттеушісі, профессор. Жас қазақ үкіметінің мүшесі болған мемлекеттік қайраткер басына 1929 жылы-ақ бұлт үйірілгендей. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. Ол 1937 жылы 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілінеді
3.Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі – Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр.
Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.
Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр.
Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады.
6-билет
1. Орбұлақ шайқасы.
2. Қазақстан ғылымының дамуындағы Қ.И.Сәтбаевтың орны мен рөлі.
3. Картадан ерте темір дәуіріндегі тайпаларды көрсетіңіз.
Олардың археологиялық ескерткіштері туралы баяндаңыз.
Орбұлақ шайқасы – маңызы орасан шайқастардың бірі. Бұл – қазақ жасақтарының Жоңғар басқыншыларына ымыралықпен, бірлікпен байласа, біріге тосқауыл берген алғашқы нәтижелі ұрыстарының бірі. Сондықтан да шайқастың тарихымызда маңызы ерекше.
1.Шайқас ұзақ жылдар бойы Жоңғарларға өмірлік ұрысын арнаған, жоңғарларды жер бетінен құртуды армандаған хандардың бірі – Есім ханның ұлы хан Жәңгір мен Жоңғарлардың Батыр қоңтайшысы арасында өткен үлкен соғыс. Жазық жазирада тыныш, момақан ғана ғұмыр кешіп жатқан көшпелі халықты қанап, қасқыр тартқан қойша қырған Жоңғарлардың қарқынының белең алып бара жатқанын сезген Жәңгір хан қол астына жаужүрек батырларын жинап жауына қарсы ұмтылады. Небәрі 600 ғана адам қолымен жоңғардың 10 мың әскерінің қанын төккен шайқас бұл. Қазақтың ашынғандығы жеңістің басты себебі секілді.
Жәңгір хан жоңғар әскерлерінің тактикасын әбден жете зерттей білді. Күтпеген тосын тактиканы өзі де ойлап тапты. Хан Жәңгір ұрыс орнына Ор деп аталатын кішкене өзеншесі бар тау арасын қолайлы деп тауып, әскерін «ор қазу» әдісіне жаттықтырды. Оның ойлағаны іске асып Батыр қоңтайшының қалың қолын ортадан қоршап сасқан жау қолының он мың әскерін дем арасында қырып тастайды. Жәңгір ханға 20 мың қолды бастаған Жалаңтөс батыр көмекке келеді. Қазақтардан айласын асыра алмаған жоңғар ханы қалған қолын жинап, ойсыраған шығынмен кейін шегінуге мәжбүр болады. Аты дардай жоңғар ханына үлкен ұят саналған шайқастың соңы қазақ жасақтарының үлкен жеңісімен аяқталады.
Орбұлақ шайқасын ұйымдастырушы Жәңгір ханға тек Жалаңтөс батыр ғана емес қазақтың ержүрек, дарабоз батыр, жыраулары да түйіле қатынасты. Атап айтар болсақ, арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, тана Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай, т.б. батырлардың үлесі шайқастың жеңіске жетуіне де өз септігін тигізді.
Орбұлақ шайқасының маңызы – қазақтарды жоңғарлардың ғана емес бүкіл әлемнің мойындауын туғызған шайқас болды. Сонымен қатар, қазақ даласындағы шайқастарды ұзақ жылдарға толастатып, жоңғарларды қайта қазақ сахарасына басып кіруіне жүректерін шайлықтырардай әсер де қалдырды. Қазақ даласы сәл де болса жау езгісі мен зәбірінен құтылып, жаймашуақ тіршілігін жасай білді.
2.1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.
1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.
1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды.
1927-1928 жылдары Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған.
1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған.
Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.
3.Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар).
Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар ) тайпалары Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген. Олардың оңтүстігінде хаумаваргалар қоныстанған.
Тиграхауда сақтары (шошақ бөріктілер) Жетісу, Тянь-Шань таулары, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. Жетісу алқабы олардың жиі қоныстанған орталығы болған. Шошақ бөрікті сақтар осы күнгі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Сақтар – б.з.б.1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа.
Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер Жетісуда шоғырланған.
Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.
Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды.
Сарматтар қазіргі Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аумағында өмір сүрді. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған.
7-билет
1. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.
2. Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуының
тарихи маңызын анықтаңыз.
3. 1867-1868 жж.Уақытша ереже бойынша Қазақ жеріндегі
басқару жүйесін көрсетілген кесте бойынша толтырыңыз
1.Тәуекел хан (1582-1598 ж.ж. билік құрған)
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.
Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.
2.ҚазАКСР құрылуы
1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам
2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды
3.1867-1868 жж.Уақытша ереже бойынша Қазақ жеріндегі
басқару жүйесін көрсетілген кесте бойынша толтырыңыз
Генерал-губернаторлық
Уезд
Ауыл
Болыс
Облыс
8-билет
1. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.
2. Ұлы Отан соғысының басталауына байланысты республика
өмірін соғыс жағдайына бейімдеу шараларын талдаңыз.
3. ХІХ ғ. Қазақ жерінде ашылған жәрмеңкелердің (Талды-Қоянды,
Қарқара, Ойыл) орналасқан жерін карта бойынша белгілеңіз.
1.Хақназар хан (1538-1580ж.ж. билік құрған)
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп, жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты.
Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды» деп хабарлаған.
2.1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды. Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
3.1848 жылы Қарқаралы станицасынан 52 шақырым қашықтықтағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Алғашында оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алып жатты. Талды өзенінің бойында орналасуының басты себебі, сатуға әкелінген малды уақытша жаюға жері құнарлы суы мол, шөбі шүйгін. Осы орайда, жәрмеңке комитеті сату малын жаюға 55 шақырым жер бөлген.
Жәрмеңке (нем. Jahrmarkt - жыл базары) — жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Жәрмеңке сөзі неміс тіліндегі Jahrmarkt (Ярмаркт) сөзінен туындаған.
Мұндай сауда орындарының Қазақстан аумағында ғұн дәуірінен бастап ұйымдастырыла бастағаны тарихтан белгілі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерінде Жәрмеңкелер көптеп ашылды. Бөкей ордасындағы, Шортанды, Семей, Көкшетау, Ақмола, т.б. Жәрмеңкелер қазақ жеріндегі сауда айналымының өсуіне, айырбас көлемінің артуына ықпал етті. Ресей, Қытай, Моңғолия, т.б. мемлекеттермен сауда байланыстарын жүргізуде Қазақстанның әр түкпіріндегі Қоянды (Қарқаралы уезі), Ойыл (Ақтөбе), Қарқара (Верный, Жаркент уездері), Әулиеата, Тайынша көл (Петропавл уезі), Шар (Семей уезі) Жәрмеңкелері маңызды рөл атқарды. Жаздық және күздік болып бөлінетін Жәрмеңкелер саны 19 ғасырдың соңында Ақмола облысында 40, Семей облысында 14-ке жетті. Олардың ішінде ең ірісі болған Қоянды Жәрмеңкесінде мемлекеттік банк бөлімшесі, почта, телеграф жұмыс жасады.
9-билет
1. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезеңдері.
2. 1930 жылдардағы жаппай репрессия саясатының мақсаты мен
нәтижесіне талдау жасаңыз.
3. ХІХ ғ. қазақ жерінде ашылған ірі өндіріс орындарының (Успен,
Қарағанды, Екібастұз, Риддер) орналасқан жерін карта бойынша
белгілеңіз.
1.Қазақстан территориясындағы қола дәуірі мәдениеті үш кезеңге бөліп зерттеледі:
-бірінші кезеңі - б.з.б. ХVIII--ХVI ғғ;
-екінші кезеңі - б.з.б. ХV – ХIII ғғ;
-үшінші кезеңі - б.з.б. ХII--VIII ғғ.
Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар, қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба жұмыстарын 1913 ж. Б.А.Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М.П.Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов мәдениеттерінің ескерткіштері – шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.
Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.
Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.б. ХVШ-ХVІ ғғ.; орта - б.з.б. XV-XII ғғ; соңғы - б.з.б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты, ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні көшеге дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері – ерте және соңғы болып белінетіндігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б.з.б. ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б.з.б. ХIII-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе, кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі 9шырасқан. Федоров тайпаларының қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды Орталық Қазақстанға батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырға
2.1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі:
· Жер, фабрикалар мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті.
· Республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.
· Республикаларға заң шығару құқығы берілмеді.
1936 жылы сталиндік КСРО Конститіциясы жарияланған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.
Сталиннің «социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген теориясы үстемдік етті.
· Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.
· Мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.
Одақ Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары:
Жеке адамды, халықтарды жер аудару
Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау
КСРО-дан тыс жерлерге қудалау
Ату жазасына кесу
Жазалау шараларының құрбандары:
· Қазақ тілі білімінің негізін салушы – А.Байтұрсынұлы;
· Тілтанушы ғалым, профессор – Қ.Жұбанов,
· Қазақтың тарихи білімінің негізін салушы – С.Асфендияров,
· КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М.Төлепов т.б.
Қазақстанда лагерьлер жүйесі
Степлаг – Далалық лагерь
Қарлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзету лагері.
ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.
Алжир – Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.
ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы.
БМСБ (ОГПУ) – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма
3.Екібастұз - Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды.
10-билет
1. Энеолит заманының өндірістегі және қоғамдық өмірдегі
жетістіктері.
2. «Кіші Қазан» саясаты және оның қазақстанға кері әсері.
3. ХVІІІ ғ. жоғарғы Ертіс бойында орналасқан бекіністердің
(Семей, Өскемен, Жәміш, Кереку, Омбы) орналасқан жерін
карта бойынша белгілеңіз.
1.Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
Энеолит дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар, оның ішінде бүгінгі күнге дейін жақсы зерттелген Ертіс пен Еділ арасындағы елді мекен тұрғындары мал өсірумен айналыскан, оның ішінде жылқы түлігі басым болған.
2.Ф.Голощекин алғаш “Кіші Қазан“ төңкерісін бір ғана әлеуметтік-саяси науқанмен, яғни шабындық-жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлумен аяқтай аламын деген пікірде болды. Большевиктер жерге орналастыру жөніндегі бұл шара әсіресе ауылдағы байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық (рулық) пайдалануды жояды деп есептеді. Алайда Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасы ете алмады. Оның себебі бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді. Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық және жайылымдық жерлерді жәй бөліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, шабындық және жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына қарай иемденді, яғни көшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына және оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай көшпелі аудандардағы жер бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауыл-шаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру болды. Мысалы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800 мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124 мың өте қарапайым еңбек құралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың тұқым себетін машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б. Бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай ғана еді және оның сапасы да өте төмен болды. Тіпті әлеуметтік тұрғыдан келгенде Петропавл округінде еш құрал-сайманы жоқ щаруа қожалығының мөлшері 95,5%, ал орта шаруа қожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% және 85,8 5%, Қызылорда округінде 72,95% және 69,15% болған. Шаруашылық құралдардың жетіспеуі, әрине, кедей қожалықтарын өз үлесінен бас тартып, бөлінген жерлерді бұрынғы иесіне қайтаруға мәжбүр етті. 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді.
11 билет
VI-IXғғ Қазақстанда өмір сүрген мемлекеттерді атап көрсетіңіздер
Түрік қағанаты (552-603 жж)
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж)
Түргеш қағанаты (704-756 жж)
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж)
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ соңы ХІ ғ басы)
Қимақ мемлекеті (ІХ ғ соңы ХІ ғ басы
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ.
Шығыс Азияда IX ғасырдың ортасында көшпелі дала хандығы Жужан мемлекеті құрылды. Жужандар Халха мен Хинганға дейінгі жерлерді қоныстанып, хан ордасы Хангайда орналасты. Жужандар монғол тілінің бір диалектісі сяньби тілінде сөйлеген. Олар Ордос өзенінен батысқа қарайғы далаларда көшіп жүрген теле тайпаларын бағындырған.
Ал телелер IX ғасыр соңында Жоңғарияны мекендеген еді. Зерттеушілер теле тайпаларының шығу тегін III-IX ғасырлардағы cюннулардың ұрпақтары гаогюй тайпаларымен («биік арбалар») байланыстырады. Телелердің негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Олар биік дөңгелек арбалармен көшіп жүрген жауынгер тайпалар еді. Қытай дерегі «Сүйнаманың» хабарлауынша «бұлардың бәрі жалпы телек деп аталады. Тұрақты қоныстары жоқ. Өріс пен суаттың жағдайына қарай көшіп жүреді. Атқа мықты әрі шетінен мерген. Өте дүниеқор, қарақшылықпен күн кешеді. Батыс жақтағы ұлыстары егіншілікпен де айналысады».
X ғасырдың басында Хинганнан Алтайға дейінгі далаларда Жужан ханы Шелун билік етіп, телелерді өзіне бағындырды. 418-419 жылдары жужандар Тарбағатайға еніп, Жужан империясы күшейді.
XI ғасырдың ортасынан XII ғасырдың ортасына дейін Орталық және Ішкі Азияда үстем тайпа, жоғарыда аталған теле тайпаларын бағындырған қытай деректерінде тюцзюелер (тужюе), руникалық ескерткіштер тілінде, түркологияда türk, türük, türkü аталған тайпалар болды.
X ғасырдың ортасында Алтай тауларының оңтүстігіне оңтүстік-шығыстан Ашын бастаған 500 жан ұя (500-көп емес деген ұғымды білдіреді) қоныс аударған. Олар жужандықтарға тәуелділікке түсіп, темір өндірумен айналысады. Мұнда олар жергілікті тайпаларды топтастырып Алтай тауларының жергілікті атауымен «түріктер» атанды.
460 жылы жужандардың Турфан мен Шығыс Түркістанға басып кіруімен Алтай түріктері жужандықтарға тәуелді болды.
Өздерін түрік деп атаған (қытайша «тужюе») халық XI ғасырдың басында монғолдық Алтайда қалыптасты.
Түріктерге қатысты олардың ата-тегінің аналық қасқырдан бастау алатындығы туралы Қытай дерегі «Жоунамада» берілген екі тарихи аңыз бар.
Түрік тайпалары өз иеліктерін Алтайдан Хуанхэге дейін жеткізіп, 542 жылы қытай деректерінде алғаш рет кездесті. Бұл оқиғалар осы «Жоунамада» көрініс тапқан: «...Кейінгінің аты Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп әр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым- қатынас жасау ниеттерін байқатты». Осы кезде қытай патшалығы - Батыс Вэй өзіне жужандарға қарсы әскери одақтас іздеді. Осы мақсатпен Батыс Вэй билеушісі Тайцзу түріктерге елшілік аттандырды. 545 жылы Соғдылық Альнопанто елшілігі Бумын ордасына келді. Бұл кездегі түріктер көсемі Бумын еді. Елшілікті «Ордада бәрі бір-бірін құттықтап, бүгін бізге Ұлы державаның өкілі келіп отыр, көп ұзамай біз де сондай дәрежеге жетеміз» деп жорыды. Бумын Батыс Вэйге өз елшісі Чаньонды жіберді. Сөйтіп өз сюзерені жужан ханының қас жауымен одақтасты. Бұл одақ өте құпия жағдайда өтті. 551 жылдың жазында Бумын қытай қызы Чан Леге үйленді. Оқиға Монғолияның оңтүстік, орталық аудандарын мекендеуші жужан езгісінде отырған теле (тирек) тайпаларының көтерілуімен сәйкес келді. Оларды Бумын қабылдап, өз сюзереніне қарсы екінші «сатқындыққа» жол берді. Түріктер күшейді. Жужандарға қарсы үлкен күш пайда болды. Сюзеренімен қақтығысты бастау үшін Бумын сылтау іздей бастады. Жужан ханы Анағұйдан «қызыңды маған әйелдікке бер» деп талап етті. Бұл даланың дәстүрі бойынша өзін ханмен тең қою деген сөз еді. Хан «маған бас иетін- вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды?» деп ашуға басады. Түріктердің күткені де осы болатын. Түріктер жужанға қарсы соғысын бастады. Жужан ханы Анағұй өзіне қол жұмсап, өзін - өзі өлтіреді, билікке баласы Ян Лочен келеді. 552 жылы жужандар толық талқандалды. Бумын түріктердің тәуелсіздігін жариялап, жаңа мемлекет - Түрік қағанатын құрды. Өзі «Ел-хан», әйелі «хатун» лауазымын алды. Ұлы жеңісінен кейін, Бумын ұзақ өмір сүрген жоқ. Кейбір деректердің айтуынша, сол 552 жылы, ал «Билік ғибратнамасының» (165 бумасы) мәлімдеуінше, 553 жылдың басында қайтыс болған. Билік інісі Қара Ескеге өтеді, бірақ, ол да көп отырмаған. 553 жылдың соңында оның орнына інісі Мұқан қаған келді. Мұқан қаған (553-572 жж.) мен Таспар қағандар (572-581 жж.) тұсында түрік елінің билігі Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, оңтүстік-батыс Маньчжурия, Енисей қырғыздары елі, монғол тайпасы қидандар еліне тарады.
Батыста билік Бумынның басқа бір інісі Истемидің (553-576 жж.) қолында болды. Ол түріктердің батыс тармағында дәстүрге айналған ябғу лауазымын иеленіп, 554 жылы батысқа жорығын бастады. Фирдоуси Истеми державасының шекараларын «От Чина (Китая) до берегов Джейхуна (Амударьи) и до Гульзариуна»(Сырдарьи) по ту сторону Чача (Ташкента)» деп көрсетеді. Зерттеушілер Фирдоуси тек өзіне таныс жерлерді ғана атап, Солтүстік-батыс шекараларды көрсетпеген деп есептейді. 555 жылы түріктер Шығыс Түркістан, Жетісу, Орта Азия, Сырдария, Арал маңына жетіп, мұндағы жергілікті тайпалар қағанат құрамына кіреді немесе аварлармен батысқа жылжиды. 558 жылы Истеми Поволжьені бағындырып, Еділге шығады. Одан оңтүстікке бет бұрып, Эфталит, Ауғанстан, солтүстік Үндістан, Кавказ, Батыс Қырым, Батыс Босфорға дейін жетті. 576 жылы Истеми қайтыс болды.
XI ғасырдың 80-жылдары Суй әулетінің (581-618 жж.) қол астына біріккен Қытай күшейіп, империяның әскери-экономикалық өрлеуі басталды. Бұл түріктердің өзара ішкі тартыстарының күшеюімен, 582-583 жылдардағы жұтпен сәйкес келді. Осы жылдары басталған әлеуметтік - саяси дағдарыс 603 жылы қағанаттың Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуімен аяқталды. Орталығы Монғолияда болған Шығыс Түрік қағанаты және Орта Азия мен Батыс Жоңғария, Жетісуда құрылған Батыс Түрік қағанаттары тарих сахнасына шықты.
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түріктен мүлдем ерекшеленді. Егер шығыста көшпелі мәдениет үстемдік құрса, керісінше, батыста отырықшы- егіншілік шаруашылық дамып, сауда мен қолөнер гүлденді. Оған Жетісудың табиғи географиялық орналасуы қолайлылық туғызды. Оған қоса Орта Азияда Ферған соғыстарының басталуы себепті Ұлы Жібек жолының басты бағыттары Жетісуға ауысқан еді. XI-XIII ғасырларда тек Шу аңғарында ғана 18 ірі қалалар мен қала қоныстары болған екен. Батыс Түрік қағанатының астанасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы.
Батыс Түрік қағанаты ортағасырлық деректерде «он тайпа елі» («он оқ будун») ретінде мәлім. Қағанат екі ірі тайпалық конфедерация - дулу мен нушибиден тұрды. Әр одақ бес тайпаны біріктірген. Батыс Түрік қағанатының тарихы осы екі конфедерация арасындағы билік үшін күреске толы. Дулу - Жетісу мен батыс Жоңғарияны қоныстанса, Нушиби - батыс Тянь Шань мен Ыстықкөл маңын мекендеген.
Батыс Түрік қағанатының гүлденген мезгілі Жегуй қаған (610-618 жж.) мен Тон жабғу (618-630 жж.) билігі тұсы болды. Жегуй Алтайды қағанаттың шығыс шекарасы етсе, кейін Тон жабғу батыста Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. Бұлар нушиби тайпасының өкілдері.
Тон жабғу тұсында түріктер Ауғанстан арқылы солтүстік - батыс Үндістанға жетті. Византия императорымен байланыс орнатып, Ираклийдің Закавказьеге үшінші жорығына қатынасты. Тбилисиде Ираклиймен кездесіп Тон жабғуға император өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны беруге уәде етеді. Тон жабғу өзіне тәуелді жерлерге, яғни солтүстікте Испиджаб, Шаштан, оңтүстікте Ауғанстанның оңтүстігі мен солтүстік - батыс Пакистанға дейінгі аумаққа өз өкілдерін - тұдындарды жіберді. Қытай дерегі «Көне Таңнама» авторлары Тон жабғу саясаты туралы «батыс варварлар мұндай күшті болып көрген емес» деп жазды.
Мемлекеттің жоғарғы билеушісі қаған (хакан) лауазымын иеленіп, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына басшылық етті. Қағаннан кейінгі екінші адам ұлық еді. Сонымен қатар қаған руынан шыққан ябғу, тегін, шад, бек, бұйрық, елтебер сияқты вассал тайпаларды билейтін жоғарғы лауазымдар болған.
Қытай деректері Батыс Түрік қағанатында 28 дәрежелі лауазым иелері болды деп көрсетеді. Дегенмен, бұл қағанат аумағының үлкейіп-кішірейіп отыруына байланысты бірде көбейсе, ал енді бірде азайып отырған.
Халық бұқарасы, ерікті ұсақ қауым мүшелері «қара бұдұндар» (budun -халық) аталған.
Түрік иеліктері туралы будда монахтары көп мәліметтер қалдырды. Солардың бірі 630 жылдың басында Жетісуда болған будда монахы - қытайлық Сюань Цзан. Сюань Цзан Тоқмақ жанында аң аулап жүрген Тон жабғуды кездестіреді. Будда монахын жылқылардың көптігі таңқалдырады: «Қаған жасыл жібек желбегей киген. Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қалқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Аттары өңшең сәйгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді. Қаған үйінің алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті көз қаратпайды». Үзінді Батыс Түрік қағанатының байлығы мен молшылығын бейнелейді. Бұл 630 жылдың басы болатын. Ал жыл соңында қағанат үшін нағыз апат басталды. Бірақ, мұны Сюань Цзан көре алған жоқ. Тайпа ақсүйектерінің басқыншылық соғыстардағы жеңісі нәтижесінде әбден баюы қағанаттағы сепаратизмді күшейтті. Билік үшін күрес өршіді. Нәтижесінде Тон жабғу өлтірілді. Бұл оқиғалар «Көне Таңнамада» баяндалған.
Деректер осыдан кейін батыс түріктерде тыныштық болмағанын жазады. Қағанат Сырдарияның батысындағы ортаазиялық иеліктерінен айырылды. Елде саяси дағдарыс басталды. 659 жылы қағанатқа қытай әскерлері басып кірді. Тан империясы Батыс Түрік тайпаларын қаған руынан тағайындаған сенімді адамдары арқылы басқаруға әрекет жасады. Бірақ түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. «Дулу» бірлестігіне кіретін түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады.
Осы кезде Орталық Азияда саяси жағдай өзгерді. Шығыста Шығыс Түрік қағанаты күшейіп, оңтүстікте арабтардың жаулаушылық соғыстары басталды.
ТҮРГЕШТЕР ҚАҒАНАТЫ
Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы.
707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», - деп екі ағайынды өлтіріледі.
Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты.
Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай қызмет етті».
717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап атқа ие болды.
Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ». Осылайша Сұлық бұл ұсыныстан бас тартады.
737 жылы Сұлық өз шатырында қастандықпен өлтіріледі. Сұлықтың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның билігі бір-екі жылға ғана созылды.
Сұлықтан кейін сары және қара түркештер арасында жағдай шиеленісіп, Түркеш қағанаты әлсіреп, ішкі бірлігінен айырылды. Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748жылы Суябты басып алады.
751 жылы шілде айында Таласқа жақын Атлах қаласы түбінде арабтар мен Тан әскері кездесті. Бұл шайқас тарихта «Талас шайқасы» деген атпен қалды. Атлах қаласы туралы араб тарихшысы әл-Макдиси «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі...», - деп жазады.
Түркеш мемлекетінде билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Билік әкеден балаға немесе ағадан ініге мұрагерлік жолмен қалып отырды.
Түркеш тайпалары қолайлы географиялық орналасуы, табиғи климат жағдайларына байланысты отырықшы, қала мәдениеті дамыған, көп салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түрі, егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласынан «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.
756 жылы түркештер тәуелсіздігінен біржола айырылып, Жетісудағы билік қарлұқтар қолына өтті.
ҚАРЛҰҚТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтар туралы алғашқы мәліметтер кездесетін қытай деректерінде V ғасырдың орта шенінде қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Бұлақ деп кездеседі. Олар Алтай баурайларын мекендеген.
Қарлұқтар Алтай тауларының батысын Зайсан, Алакөл, Урунгу көлдері аралығын, Қара Ертіс бойы мен Тарбағатайды мекендеді. Бұл кезде олар «Үш Қарлық» (Қарлұқтардың үш тайпасы) елі ретінде белгілі болды. Олар бірде Батыс Түрік қағанатына, бірде Шығыс Түрік қағанатына бағынған.
VII ғасырдың соңында қарлұқтар бір-бірімен күрескен үш күштің ортасында қалды. Олар Шығыс Түрік қағанаты, Қытай империясы және Түркештер еді. 714 жылы қарлұқтар Түркештер мен Шығыс Түрікке қарсы Қытаймен одақтасты. Оған бір жағынан, батыста күшейіп келе жатқан Түркештерден гегемондықты, яғни қозғаушы, басқарушы күшті, тартып алу, екінші жағынан, Шығыс Түрік қағанатының басқыншылық, тонаушылық жорықтарынан қорғану себеп болды. Жазба деректер («Үлкен Күлтегін жазуы») Шығыс Түріктің қарлұқтармен шайқасын былайша хабарласа «жиырма жеті жасымда еркіндік пен тәуелсіздікте болған қарлұқ халқы дұшпан болды», Білге қаған жазуы мұны тағы да растайды «Отыз бір жасымда қайғысыз, еркін және тәуелсіз болған қарлұқтар дұшпан болды. Тамағ ыдуғ басында шайқастық. Қарлық елін өлтірдім. Ол жерді қол астыма қараттым.». Тамағ ыдуғ (Тамыр бұлағы) Хангай тауларынан бастау алып Орхон өзеніне құятын өзен саласы. VIII ғасырдың ортасында Орталық Азиядағы шешуші саяси күш - ұйғыр мемлекеті болды. Көне түркілер мұрасы Солтүстік Монғолия үшін ұйғырлармен болған күресте сәтсіздікке ұшыраған, екінші жағынан батыста Түргеш қағанатының әлсіреуімен қарлұқтар батысқа бет бұрды. Қарлұқтардың батысқа жылжуы бұдан ертеректе-ақ басталған болатын. Ұйғырлардың Терхин жазуларында қарлұқтардың ит жылы (746 ж.) «Он оқ еліне» кеткендігі хабарланады. Бірақ, Жетісуда қарлұқтар билігінің орнығуына 740 - 751 жылдар аралығындағы империя әскерінің бұл өңірге жорықтары кедергі жасады. 740 жылы Тараз, 748 жылы Суяб, 749 жылы Шаш қалаларын қытай әскерлері ойрандады. 751 жылғы Талас шайқасында жоғарыда аталған себептерге байланысты империя әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Арабтар да кейін шегініп Жетісуда қарлұқтар билігі нығайды. Жетісуда қарлұқтардың орнығуына жергілікті оғыздар да қарсылық көрсетті. Дегенмен, қарлұқтардың қысымымен оғыздар батысқа, Сырдарияның төменгі ағысына, жылжуға мәжбүр болды. 756 жылы қарлұқтар Тараз және Суябты алып Жетісуда өз биліктерін түпкілікті орнатты.
Қарлұқ мемлекеті шығыста- Жоңғар Алатауынан, батыста- Сырдарияның төменгі ағысына дейін, солтүстікте-Балқаш, оңтүстікте- Ыстықкөлге дейінгі жерлерді алып жатты. Араб саяхатшысы Әбу Дулаф «қарлұқтар жерімен жиырма бес күн өтуге тура келді» десе, араб географы Ибн Хаукаль «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін отыз күн жол жүру керек болды» деп хабарлайды. «Худуд әл-алам» (X ғ.) мәліметтеріне сүйенсек, халқы ең тығыз қоныстанған және ең бай жер болған. Онда қалалар мен қала қоныстары өте көп. Қарлұқ елінде жиырма бес қала мен қала қонысы болған. Олардың ішінде Құлан, Мерке, Аталық, Балық, Барысхан, Тальхиз қалалары аталады. Қалалардың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Ірі қалалары Тараз бен Испиджаб.
756 жылы құрылған Қарлұқ мемлекетінің билеушісі ябғу лауазымына ие болды. 840 жылы Білге Күл Қадыр өзін қаған деп жариялады.
Қарлұқтар құрамына үш ірі рулық бірлестіктер- Бұлақ, Жікіл және Ташлықтар кірді. Араб, парсы деректеріне сүйенсек, Жетісуда құрылған қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі түрлі тайпалар өкілдер- бұлақтар, тухсилер, аргулер, барысхандар, оғыздардың қалған топтары кірген.
Орта Азиядағы Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту мақсатында «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилер әулетіне алым-салық төлеп тұрады. Саманилер Тараз қаласын да басып алып, онда мешіт салдырады. Қала билеушісі Оғұлшақ (Білге Күл Қадырдың ұлы) Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болады. Дегенмен, бұл қалаларда саманилердің діни ықпалы болғанымен де, іс жүзінде билік қарлұқтар қолында болды. Сондықтан да саманилерге қарсы күрес те тоқтамаған.
Қалыптасқан тарихи және географиялық жағдайларға байланысты, қарлұқтар Қазақстан мен Орта Азияда орналасқан түріктердің ішіндегі отырықшылдыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік. Оған ,біріншіден, оңтүстік, оңтүстік-батыстағы отырықшы-егіншілікпен, саудамен айналысқан Соғды мемлекетімен байланыстары, екіншіден, Ұлы Жібек жолының қарлұқтар мекенімен өтуі себеп болды. Қарлұқ қоғамында шаруашылықтың бірнеше типі қалыптасты. Олар көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылықтар. Егер осы қарастырып отырған кезеңде қыпшақтар мен оғыздарда негізінен көшпелілік басым болса, қарлұқтарда жартылай көшпелі шаруашылық үстемдік етті. Аң аулау кәсібімен де шұғылданды. Қағанаттағы ішкі талас тартыстар мен билік үшін күрес күшті болды. Бұл қағанатты әлсіретпей қоймады. Мұны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын талқандайды.
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқтар мен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді.
IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді.
Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, ШығыстаБалқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. ОңтүстіктеХорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды.
Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты.
Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты.
Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды.
Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.
КИмақ МЕМЛЕКЕТІ
VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік батысын мекендеген кимектер VII ғасырдың ортасына таман Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне көшеді. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында кимектер Қазақстан жеріне қоныс тебе бастады. 766-840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды. Ортағасырлық парсы тарихшысы Гардизи кимектер құрамында жеті тайпа болды деп көрсетеді. Олар эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажларлар, имек, қыпшақ тайпалары. Кейбір деректерде кимектер атауы «қимақтар», «кемектер» деп те кездеседі.
Деректердің көрсетуінше, Кимек мемлекетінің құрылған мерзімі IX ғасырдың соңы. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттық орталығы Имақия қаласы болды.
Мемлекет билеушісінің лауазымы «қаған» деп аталған. Билік атадан балаға мұрагерлікке қалдырылып отырған. Өкіметтің барлық билігі қаған қолында болды. Қағаннан кейінгі билік тайпалар бірлестігін басқарған «ябғулардың» қолында еді. Олардаң кейінгі жеке ру-тайпаларды «шад-түріктер» билеген.
Кимектер орталығы болған Ертіс өңірінде олардың 16 қаласы болыпты. Олардың ішінде Имақия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур, т.б. бар.
Х ғасырдың екінші жартысында кимектер жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастайды. Деректер оларды Ертіске дейін жетті деп жазады. XI ғасырда бұл шабуылдар күшейе түсті. Осындай жорықтардың әсерінен Кимек мемлекеті де әлсірей бастайды. Екінші жағынан, ішкі билік үшін күрес те өрши түсті. Билік үшін күреске қыпшақ тайпалары да араласты.
Кимектерде мал шаруашылығы басым болды. Парсы тарихшысы Гардизи былай деп жазды: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты... Қысқа арнап олар әрқайсысы өздерінің шама- шарқына қарай, қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады». Сонымен қатар, кимектер қолөнер, балық аулау, егіншілікпен де айналысқан. Зираттардан табылған садақ жебелері кимектердің темір қорытудың шеберлері болғандығын көрсетеді.
Кимектер мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.
Кимектер табиғаттың әртүрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көкке, Тәңірге сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, «өзен – адамның тәңірі» деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.
X ғасырда Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Кимек мемлекетін әлсіретті. Сондықтан Кимек мемлекеті құрамындағы қыпшақ тайпалары өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына қарай қозғайды. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді «Дешті Қыпшақ», яғни «Қыпшақ даласы» деп атады.
Осы оқиғалардың барысында кимектер саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Кимектердің бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар кимек мемлекетінің орнын басты.
Кимек атауы туралы «Қазақстан тарихының (Көне заманнан бүгінге дейін)» 5 томдық. 1том, 322-бетті қараңыз.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу түбіндегі шайқастағы қазақстандықтардың көрсеткен ерліктері
1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді.
Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды.
“Барбаросса” жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның билеушілері КСРО - ны көп ұлттық жасанды және тұрақсыз бірлестігін ішкі бірліктен жұрдай этностық конгломерат (құранды) деп есептеді.
Фашистер басып алынған Кеңес аумағында Остланд (Беларусь пен Балтық жағалауы), Украина, Мәскеу (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ - Орал рейхкомиссариатын құруды жоспарлады. “Ғылыми - зерттеу институты” деп аталған “Арбайтегемайншафт Түркістан” атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы “Үлкен Түркістан” картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұрыстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық және саяси мақсаттардан туындады. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық - түлік базасын құру белгіленді.
Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдыққа түсіру гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы басты нысаналарының бірі болды.
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап - ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Мәскеу түбінде генерал - майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 - атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылы қарашада Дубосекова түбінде ұрыс болған 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочковтың: “Ресей кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу”, - деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарпыған ұранға айналып кетті. Мәскеу үшін шайқаста И.В. Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.
Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алды...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік”.
Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316 - атқыштар дивизиясы 8 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В. Панфиловтың есімімен аталатын болды.
Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.
Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды. Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұзақ жылдар соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасап, жанған жау тобына ұшағын бағыттаған адам, авиация капитаны Николай Гастелло саналып келді. Кейін зерттеушілер мұндай ерлікті алғаш жасаған А. Масловтың экипажы екендігін дәлелдеді. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев бар еді. А. Маслов экипажының мүшелеріне Ресейдің батыры атағы берілді. 1998 ж Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді.
Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес, С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
|
Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837)
|
Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі (1837-1847)
|
ЖАНҚОЖА НҰРМҰХАМЕДОВ БАСТАҒАН СЫРДАРИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ
|
Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс,
|
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Саяси–әкімшілік реформа жүргізу және жаңа басқару элитаның саясатының даму барысы қазақ даласында қауырт экономикалық тәуелділіктің күшеюіне әкелді. Көшпенділердің құнарлы жерлері тартылып алынды. Орыстардың бекіністеріне және казак станицаларына деп жер алынды; салықтық төлемдер өсе берді және одан басқа да заң бұзушылықтарға жаңадан келген басшылар тарапынан жол берілді. Осындай теріс көріністер қарапайым халықтың наразылығын тудырды. Сол наразылық ақырында С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне айналды. Көтеріліс 1783 жылдан 1797 жылға дейін созылды. Негізгі себеп: Ресейдің отаршылдық саясаты, қазақ жерлерін тартып алу, қазақтардың тарихи қалыптасқан көшпенділік өміріне бөгет қою. Сонымен қатар тонау, отаршылдықты жақтайтын шенеуліктердің әрекеті және жергілікті басшылықтың қыспағы.
1785 жылдың көктемінде табанды күрес басталды. Қысқы жайылым үшін қазақтар қыспақ көрді. Орал бекінісінің әскерлері малдарын, шаруашылығын тонады: олардан 83 түйе, 2955 жылқы айдалып әкетілді.
1785ж. Сырым Датұлы отряды Сахарная бекінісін шабуылдады. Бірақ артиллерия қысымына шыдамай кейін шегінуге мәжбүр болды. 1790 жылдардың басынан бұл қозғалыс нағыз көтеріліске айналды. Өзінің Екатерина ІІ – ге жазған хатында Сырым Датов былай деген: “Орал казактарының атаманы 1500 әскерімен жайбарақат жатқан қазақ ауылдарын тонады, дүние – мүлкін иемденіп, 150 адамды өлтіріп, 57 адамды тұтқындап, сансыз жылқы, түйе, сиыр, қой айдап әкетті.” Осыған байланысты қазақтар да Орал бекінісінің бөлімдеріне шабуыл жасады. Орынбор әкімшілігінің жаңадан тағайындалған басшысы Пеутлинг қатаң әрекет қолданды: үнемі қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберіп отырды.
Осы оқиғаларға байланысты старшындар патша үкіметінен Нұралы ханды орнынан алуды талап етіп, өлкені Орынбор генерал–губернаторы Игельстромның құрған жүйесі бойынша басқаруды талап етті. Осы жүйенің мағынасы бойынша Кіші жүзді Орынбор шекаралық сот басқаруға тиіс болатын. Жүз үш бөлікке бөліну қажет: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Осылар негізгі жазалау соттың бұйрығын орындап, олардың басында төраға және оның екі орынбасары жергілікті старшындар болу керек.
Бұл Игельстром реформасын бүкіл Жүз үшін іске асыру мүмкін болмады. Өйткені бүкіл саяси билік старшындар қолында болатын және хан билігін жою патша үкіметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. 90 жылдардың ортасында қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. 1796 жылдың көктемінде Есім хан өлтірілді, бірнеше қамалдарға шабуыл жасалды. Жазалау отрядтарының қуғындау барысында өзінің жақтаушыларының көбінен айрылған С.Датұлы Хиуа хандығына көшуге мәжбүр болды. Сол жерде 1802 ж. дүние салды.
Осылайша қазақ тарихындағы ең ірі қозғалыстардың бірі аяқталды. Бұл қозғалыс ұлттың бостандық үшін күресі болып табылады. Оның тарихи маңызы өте зор болатын. Осы көтеріліс нәтижесінде Ресейдің Батыс Қазақстанға енуі уақытша тоқтатылды. Екіншіден, қазақтар Орал мен Жайық аралығын мекендейтін болып, Орал казактарының қазақ даласына шабуылдары тоқтатылды.
Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі.
Көтеріліс басшылары - Исатай Тайманұлы. Махамбет Өтемісұлы. XIX ғасырдың екінші ширегінде Бөкей ордасында халықтың экономикалық жағдайы ауырлай түсті. Халықтың азаттық қозғалысы бастапқыда хандықтың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды. Бұл қолайлы, жайылымдық алқаптар орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың, хан туыстарымен басқа да ақсүйек топтардың иеліктері еді. Бұл жерлерде халық тығыз орналасты. Старшын мен билердің озбырлығы, патшаның және Астрахань губернаторының қолдауына арқа сүйеген Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі – жалпы хандық басқару жүйесін шайқалтты. Сонымен қоса іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, орыс помещиктері, чиновниктері және қазақ байларының қазақ шаруаларын екі жақты бұрынғыдан бетер қанауы, көтеріліске тағы бір себеп болды. Ресей императоры бұл жерлердегі қазақ билеушілерін орыс үкіметінің сойылын соғатын қолшоқпар ретінде пайдаланғысы келіп, осындай түсінік қалыптастырды. Осы тұста Ішкі орда ханы орданың басқару жүйесінде біршама өзгнр»стерді енгізді. Бұлар: Патша үкіметінің қаражатына Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды. 1827 жылы Орда әкімшілігінің басты құрамды бөлігі 12 биден тұрған «Хандық кеңес» құрылды. Орда ішінде баж салығының жиналуын қадағалайтын 12 старшын сайланды. Осы өзгерістер, хандық билеу саясатының күшеюі , алым-салықтың көбеюі, қазақтардың дәстүрлі құқтарының әлсіреуіне, жергілікті билеушілердің халықты қанауының тамыры тереңдей түсуіне әкелді. Көтеріліс Ресей империясының отаршылдық саясатына да қарсы бағытта болды. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауыл қожа Бабажан ұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды. Қарауыл қожаның үстінен түскен бұқараның шағымдарына Жәңгір мән бермей жауып тастап отырды. Сонымен қоса ауылдық жерлерді орыс помещиктері, хан туыстары мен ақсүйектердің иеленуі. Хан билігінің бұқара мұддесіне қайшы келуі, алым-салық ауыртпалығы. Сұлтандар, бай-топтардың және қарапайым халықтың арасындағы әлеуметтік және экономикалық қайшылықтар көтеріліске алып келді.
Қозғалыстың басты мақсаты: – Хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мәселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
Жәңгір хан Орынбор губернаторынан Исатай Тайманов пен Махаммбет Өтемісов және олардың кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша үкіметінің даладағы саясатына қарсы «бүлікшілікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрайды. 1836 ж. 17 наруызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазады: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып хан ордасына жеткізуге әмір етемін». Азаттық қозғалысының бастапқы кезеңіне тән белгілері: Халық хан билігіне ру басшыларына күрт наразылық білдіріп, оларды орындарынан алуды талап етті, екіншіден хан және бай сұлтандардың саясатына қарсы бағытталған қозғалысқа жаңадан ауылдарды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді, қарулы жасақтар құрылып жатты. Сонымен қатар сұлтандар, билердің ауылдарына шабуыл жасалып, малдарын тартып алып, қоныстарын талқандау жиілей түсті. Көптеген ауылдар Исатай мен Махамбетті қолдап, Исатайдың қол астына келеді. Исатай мен Махамбеттің серіктері, көтеріліс басшылары: Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Иса Төлегенұлы, Имантай Қондыбайұлы т.б. ерлікпен күресті. Жәңгір ханның қарулы топтары Исатай туы астына топталған старшындардың ауылдарын жиі тонады. Бұл жағдай Орынбор генерал-губернаторы атына Исатай Тайманұлы Иманбай Қалдыбайұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұманбекұлы т.б. белгілі старшындар қол қойған шағымның түсуіне себепші болды.
Көтерілістің негізгі ошақтары. Жәңгір хан Орынбор әкімшілігінен көмек сұрайды. Орынбор губернаторына түскен мәліметтерде : 1837 жылғы 11 маусымдағы деректе, Исатай Тайманов пен Жүніс Жантемин Құлай мен Көктөбе алқабында «өздерінің қаруланған 500-дей руластарын жинаған», бір айдан сәл асатын уақытта Исатайдың ауылына «1000-ға жуық шаңырақ пен қаруланған 600 қазақ шоғырланғандығы» көрсетілген. Бұған қатысқан көтерісшілердің саны 2000 –ға жуық.
1837 жылы тамыз айының басында Орынбор губернаторы көтеріліс басшылары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовты ұстауға үкім шығарады. Патша үкіметі Исатайды ұстап беру үшін мың сомдық сый мөлшерін ұсынады. Көтерілісшілер топтары бірнеше ұсақ топтарға бөлініп, үнемі орын ауыстыра отырып хан ордасына жақындай түседі. Жол жөнекей хан шенеуніктері мен шонжарларының ауылдарын қиратып, олардың жерлерін тартып алады.
16 қыркүйекте 1837 жылы көтерілісшілер тобы Қарауылқожа Бабажановтың ауылын күл талқан етті. 15-20 қазанда көтерілісшілер хан ордасынан 60-70 шақырым жердегі Теректіқұм алқабына келеді, Жәңгірдің сыбайласы Балқы би Құдайбергеновтың сарбаздарының шағын тобы қалды. Жазалаушы ұлының ауылын ойрандады. Қазанның 27-і күні 1500 жігітпен хан ордасына жетіп келіп, қос тігеді. Қоршау екі аптаға созылады. Сол уақытта Орынбор губернаторы көтерілісшілерді қоршауға алып, оларды жойып жіберу жөніндегі операцияны жүзеге асырды. Операцияны үйлестіру және басшылық ету үшін Орынбордан подполковник Геке келді. Жақсы қаруланған тұрақты бөлімдер мен казак бөлімдері, Кулагин, Горск бекіністерінен, Зеленов форпостынан Орал мен Астраханнан әкелінген жекелеген әскери бөлімдер шабуылға шықты. Хан жағынан 600-700 адамнан тұратын қарулы топ ұйымдастырылды. Исатай тобы күші басым, жақсы қаруланған жазалау отрядтарының қоршап алуын және олармен кездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты.
Қараша айының 15 күні 1837 ж. саны 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер жазалаушылардың біріккен қолымен Тастөбе деген жерде кездесті.
Исатай жоспары кенеттен шабуыл жасап, жазалаушыларды шегіндіру еді. Геке көтерілісшілерге қарсы зеңбіректі қолданды, бұл көтерілісшілердің жеңілуіне тікелей себепші болды. Қысқа уақытқа созылған, бірақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айырылды. Ұсақ топтарға бөлініп, әр түрлі бағыттарға бытырап кетті, Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын топ, жауға қарсы ұсақ қақтығыстар жасай отырып, жалтарып кетті.
Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісі көтерілістің кейінгі барысына да әсер етті. Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде ең табанды сарбаздарының шағын тобы қалды. Жазалаушы отрядтар қорғансыз қалған қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап алып кетті, барлық күшті Исатайды ұстап алуға жұмылдырды, оны ұстағандар 500 сом күміс ақша алатындығына уәде берілді.
1837 ж. желтоқсанның 13-не қараған түні Исатай жасағы Жаманқала күзет орнынан жоғары қарай отыз шақырым жерден Жайық өзенінен өтіп кетті. Осы жерде Исатай мен Махамбет бытырап кеткен күштерді біріктіреді. 1838 жылдың көктемінде біршама ірі отряд құрылады. Көтерілістің ауқымын түсінген Орынбор губернаторы оны басу үшін далаға жаңа отрядтар жібере бастады. Әскери губернатор кеңсесінде жинақталған және Перовскийдің өзінің қолына түскен Исатай көтерілісі туралы материалдар бұл көтеріліс үшін дәлелді негіздердің болғандығына оның көзін жеткізеді. Бірақ ол көтерілісшілерді қуғындауды тоқтатпады. Қудалауды Орал сыртындағы сұлтан Баймұхамед Айшуақовтың басқаруындағы жергілікті феодалдардан құралған топ пен казак отрядтары жүргізеді. Ол Исатайдан ажыраған көтерілісшілердің бір тобының ізіне түсіп тұтқындайды, олардың ішінде Исатайдың жұбайы, қызы Бағлан, ұлы Досмамбет, М.Өтемісұлының інісі Сүлеймен және бассқалары барлығы 12 адам болды.
Исатай алға қойған мақсатынан қайтпай көтерілісті жалғастыра берді. Кіші жүздегі көтерілістің ұлғаюы патша үкіметін тез шаралар қоллданып, Исатай тобын тез арада талқандау болды. Генерал-губернатор В.А.Перовский полковник Геке басқарған әскери күш жібереді. Оған Айшуақ сұлтанның жасағы, Жайық қазақтарының бір жарым жүздігі, не батальонның екі зеңбірегі бар елу солдаты кірді. 1838 ж. 12 шілдеде көтерілісшілердің жалпы саны 500 жігітті құрайтын негізгі тобы Ақбұлақ және Қиыл өзендерінің арасындағы ауданда жазалаушылармен шайқас болады. Зеңбірек снарядтарының жарылысы, мылтықтың бораған оғына төтеп бере алмаған көтерілісшілер шегінеді. Осы Ақбұлақ шайқасында Исатай Тайманов қайтыс болады.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауы. Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісұлы дала өңірінде бой тасалап жүрді, біраз уақыт өткен соң қазақ ауылдары арасында ханға, патша саясатын жақтайтын шонжарларға қарсы қайтадан үгіт жүргізе бастады. 1843 жылы Махамбет Жайық өзеніне жақын ауылдарға келгенін естіген хан шекаралық басқармаға: «Исатай қарақшыларының басшысы Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тиым салуына қарамастан, оған жақын жерде тұрып жатыр, үнемі тиімсіз сыбыс таратып, Ішкі ордадан қашқандарды өзіне қосып алуда», - деп хабар жеткізген. Махамбет Өтемісұлы билеуші Баймұхамед сұлтан жіберген қарақшылардың қолынан 1846 ж. қаза тапты. Көтерілістің жеңілу себебі: оның ұйымдастырылуының жеткіліксіздігі, едәуір дәрежеде бір аймақта шектелуі, нақты бағдарламасының жоқтығы, бір текті еместігі, кейбір қатысушылардың өзіне сенімсіздігі сонымен қатар жазалаушы отрядтардың жақсы қарулануы, бекініс горнизондары, хан және оның жақтастарымен біріге отырып әрекет жасауы да себеп болды. Көтеріліс жеңілгенімен, оның тиімді жақтары да болды. Хан сұлтандардың жыл сайынғы салынатын салықтарын шектеді, патша үкіметі көтерілісті қолдаған ауылдардың старшындарымен санасуына тура келді. Ішкі ордада хандық биліктің әлеуметтік негізінің әлсірегенін, бұл жерде де хандық биліктің жойылатындығын көрсетті.
Тарихи маңызы: Хан сарайындағылардың іс-әрекетіне біршама шек койылды. Хан билігінің әлсірегенің көрсетті. Патша үкіметіне көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.Хандық билеу жүйесінің жойылатындығын көрсетті. Сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс – отаршылдыққа және әлеуметтік езгіге қарсы бағытталды.
Көтерілістің тарихи маңызы зор. Ол отаршылыққа қарсы, азаттық үшін, әлеуметтік езгіні жоюға бағытталған күрес болды.Бұл ұлт-азаттық көтеріліс тек жер үшін күреспен шектелген жоқ, ең негізгісі елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ұмтылды.
Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі
ХІХ ғ. І жартысында патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікті сақтап қалуға бағытталған күресін Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы басқарды. Бұл көтеріліс толығымен зерттелмеген. Көптеген қайшылықтарға толы болғандықтан әлі де болса бағаланбады. Нағыз шын тарихын ХХ ғ. 40 жылдарында тарихшы – ғалым Е.Бекмаханов нақты зерттегені үшін 25 жыл түрмеге отырған. Кенесарының қойған басты талаптары: тартып алынған қазақ жерлерін қайтару, бекіністерді жою, түрлі алымдар мен салықтарды тоқтату, Қоқан және Хиуа хандықтарымен күрес арқылы Оңтүстік өңірлерді азат етуі халық талабынан шықты.
Көреген саясаткер ретінде Кенесары хан ұлы Ресей империясымен күресу үшін – барлық қазақ руларымен жүздерінің бірігуі керектігін жақсы түсінді. Ресейге қарсы ашық қарулы күрестің қиындығын түсіне отырып, көптеген даулы мәселелерді негізінен патша үкіметімен бейбіт жолмен шешіп отырған.
Кенесары хан басқарған қазақтардың көтерілісі алғашынан жаппай сипатқа ие болды. Бұл көтеріліске ХVIII – XIX ғ. барлық дерлік қазақ халқының, Кіші және Орта жүздің жаппай ат салысқан тұңғыш көтеріліс болды.
Негізгі қозғаушы күші–шаруалар, старшындар, 80-нен астам сұлтандар. Бірақ, өкінішке орай, бір бөлігі күресті жалғастырудан бас тартты.
Қазақтардың казак отрядтарымен алғашқы қақтығыстары 1837 жылы қараша айында орта жүз территориясында болды. 1838 жылдың мамырында көтерілісшілер Ақмола бекінісін өртеп жіберді. Кенесары өз жасақтарымен Кіші жүзге жақындау Торғай даласына қоныс тепті. Осы жерде көтеріліске Жоламан Тіленшұлының жасақтары қосылды. Нәтижесінде көтерілісшілер саны көбейіп, бекініп алды. Кенесары соғыс қимылдарын екі бағытта жүргізді: Солтүстікте патшаның жазалау отрядтарымен, ал Оңтүстікте қазақтарды ығыстырған Қоқан хандығымен.
1841 жылдың тамыз айында Кенесары қоқандықтардың қол астындағы Созақ, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршап алуы көтерілісшілерді рухтандырды. Осы жылдың қыркүйек айындағы құрылтайда қазақ жүздері бірауыздан Кенесарыны хан сайлады.
7 жыл көтерілісшілермен нәтижесіз күрестен соң 1845 жылы Орынбордан Домов пен Берн өкілдігі келді. Көтерілісшілер отарланған жерлерді қайтаруды талап етті. Бірақ патша үкіметі келісім бермегендіктен, келіссөз нәтижесіз қалды.
1846 жылы Ырғыз және Торғай бекіністерінің салынуы көтерілісшілерді Ұлы жүз аймағына көшуге мәжбүрледі. Сол жаққа патша едәуір жазалау отрядтарын жіберді.
Асқын күштің қысымына шыдамаған Кенесары хан қырғыз жеріне еніп, патша үкіметі мен Қоқан хандығына бірлесіп күресуді ұсынды. Бірақ қолдау таппаған Кенесары 1847 жылы шайқаста жеңіліс тапты. 32 сұлтанмен бірге тұтқынға алынып, қаза табады. Кенесары ханның бастаған ұлт – азаттық қозғалысы осылайша аяқталады. Көтерілістің басылуынан кейін патша әскері Ұлы жүз жерін отарлайды. Қазақ мемлекетін құрған Кене хан халық мүддесін ойлайды. Хандықта салық жүйесі, әскери кеңес, билер соты құрылып, дипломатия дұрыс жолға қойылды. Кенесары құлдыққа, барымта мен ру аралық жанжалға тыйым салады. Әскери қатаң тәртіп болып, сатқындарға өлім жазасы кесіледі.
Көтерілістің жеңілу себептері: Ресей империясынан жеңілдіктер алған бірқатар жүзге бөлінген қазақ рулары көтерілісті Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға сұлтандар мен билердің орталықтанған феодалдық мемлекетті қалпынакелтіруге мүдделі болмауы. Қоқан және қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстауы. Сұлтан билердің озбырлығы көтерілісшілер қатарын сиретті.
Көтерілістің тарихи маңызы: 1837-1847 жылдардвғы күрес үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған ХІХ ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды. Кенесары қозғалысы – қазақ елінің ішкі қайшылықтарының патша үкіметінің отаршылсаясатымен байланыстылығын көрсетті. Негізінен Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер еткен - әкесі Қасым. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Көтеріліске Көкшетау өңірінен қатысқан сұлтандар :Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым; Ақмрла округінен: Күшік, Жадай, Жанай Айшуақұлы болды.
Көтеріліске Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл округтерінен қатысқан сұлтан, би, старшындар саны – 80-нен астам.
Кенесары әскеріндегі белгілі батырлар: Ағыбай, Иман. Жоламан, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт, Сұраншы т.б. болған.
Кенесары әскерінің соңынан ермегенЖетісу жеріндегі белді тұлғалардың аылдарын ойрандауы – олардың Ресейден көмек сұрауына себеп болды.
1846 жылы шекаралық комиссиясының төрағасы генерал майор Н.Ф.Вишневский Жетісу мен Орта жүзге әскери сапарының мақсаты: Біріншіден Ресей билігін мойындаған ру басшыларымен кездесу, екіншіден Кенесарымен күреске Жетісу қазақтарын тартып көтерілісшілерді әзірлеу. Кенесапының Қоқан бектеріне қарсы күресін қолдаған Ұлы жүздің батырлары Тайшыбек, Саурық, Сұраншы, Байзақ, Медеу би т.б. 1847 жылы Майтөбеде қазақ әскері жасағының жеңілісіне Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында жауынгерлерімен бөлініп кетуі де себеп болды.
1837-1847 жж. Көтеріліс үш жүзді қамтыған, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ірі көтеріліс болды. Қозғалыс ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі азаттық көтерілісінің бір құрамдас бөлігі болды, көтеріліс патша үкіметінің Орталық Азияны жаулап алуын тездетті.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Кенесары Қасымовтың ұмытылған есімін халқына қайта оралтты. Оған егемендіҚазақстанның елордасы Астана қаласында ескерткіш орнатылған. Ол туралы кітаптар жазылуда, ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлық түкпірінде оның есімі құрметпен аталады. Мұның бәрі Кенесары ханның арманы – Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет болуының арқасында жүзеге асты.
ЖАНҚОЖА НҰРМҰХАМЕДОВ БАСТАҒАН СЫРДАРИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ
Көтерілістің себептері, барысы. Орыс әскерлерінің Хиуаға жорығы.Қоқан хандығы ұстаған бағыт. ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанның бірсыпыра аудандарында экономиканың өскендігі байқалды. Бұл жалпыресейлік рынокқа кірумен байланысты болатын. Бұл кезде Қазақстандағы саяси жағдай тұрақсыз болды. Сыр бойында өмір сүріп жатқан қазақтардың жағдайы ауыр болумен қатар, Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлай бастауы, Сыр өңіріндегі Хиуа хандықтарының өктемдігі олардың өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысты. Бұл жағдай осы өңірдегі қазақтардың наразылығын туғызып, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің шығуына әкелді. Өйткені Хиуа ханының ұлы Мұхамед-Рақым Аллахұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында көптеген қамалдар тұрғызуына орай, 1843 ж. өзінде-ак Жанқожа Нұрмұхамедов Қуандарядағы Хиуа бекінісін қиратып, 1845 ж. көктемінде киратылған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген 2000 адамға жуық хиуалық отрядты талқандады. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзгеше стратегия қолданып, қамалға шабуыл жасап, оны қиратты. Оның әскерімен Жаңақала бекінісі алынды. 1847 және 1848 жылдары ол Райым бекінісі маңындағы хиуалықтарға тойтарыс беруде орыс әскерлеріне бірнеше рет жәрдем берді. Жанқожа Кенесары көтерілісіне де қатысты. (кейін, шынында бүл қозғалыстан кетеді) және Кенесарымен бірге Созақтағы хиуалықтар бекінісін талқандады.
1849 ж. Райым қамалына Орынбор казактарының алғашқы отбасылары қоныс аударды. 1857 ж. таман 3000-ға жуық қазақ отбасылары өздері тұрған орындардан жүретін жері жөне егін суаратын суы жоқ жерлерге қуылды. Бір жағынан хиуалықтардың езгісі, екінші жағынан — жерсіз қалу кішкентай шекті руының егінші қазақтарын ашық көтеріліске алып келді. Көтерілісшілер өздерінің апатына басты себепші Қазалы форты деп ойлады. Отаршылдық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұахмедовтың көшбасшылығымен Арал өңірінің қазақтары көтерілді. Олар: улкен шекті жөне кішкене шекті болыпекіге бөлінетін шекті руынан шыққандар еді. Бірінші басшы Жанқожа Нұрмұхамедов, ал екінші Есет Көтібаров. Сөйтіп, көтерілістің басшысы Жанқожа Нұрмұхамедов (1770—1860 жж.) болды. Ол қарапайым еңбекшілер арасында беделді және мақсатты батыр деген даңқты иеленді. Жанқожа, болашақ шекті руының басшысы егінші қазақтардың күшті отарлық езгіге тап болғанын байқады. Сондықтан көтерілістің басты мәселелерінің бірі жер туралы болды.
Патша әскерлерінің Ақмешітті алуы. Қазақтардың Қоқан бектерінің үстемдігіне қарсы күресі. Ақмешітті (1853 ж.) алған соң казактар мен қоныс аударғандарды орналастыру үшін қазақ жұртының иеленуінен алынған үлкен алаңдарды межелеп бөліп беру мақсатымен Сырдария әскери шебі қүрылды. Қазақ жұртының өзіне үй басы салығы салынды. Бүдан басқа, сондай-ақ көптеген міндеткерліктер - жолды күту, көпірлер салу, күре жолдардағы арықтарды тазарту, көлік-арба міндеткерлігі талабы бойынша жүмысқа түйелер бөлуі, қамал қүрылысына адамдар бөлуі және құрылыс материалдарын тасуға мал берулері керек болды.
1856 ж. патша әскерлері мен көтерілісшілер арасында тікелей әскери әрекеттер басталды. Бұрын Жанқожа Хиуалықтармен күрескен орыс әскери командованиясымен одақтас болса, ал қазіргі орыстардың Сырдария мен оның салаларындағы аудандарды отарлауына қарсы шыққан белсенді күрескерге айналды.
Көтерілісшілерге қарсы форттағы Михайлов отряды әрекет жасады. Майор Булатовтың көшбасшылығымен патша әскерінің тағы бір отряды көтеріліске қатысушылардың лагерін атқылады. Күрес ауыспалы басымдылықпен жүрді. Ақмешіттен портқа генерал-майор Фитингофтың отряды жіберілді.
1857 ж. 9 қаңтарда Арықбалық шатқалындағы көтеріліске қатысушылар мен Фитингоф отрядының арасында шешуші шайқас болып өтті. Нәижесінде Жанқожаның 5000-ға тарта қарулы салт аттылары болғанымен, көтерілісшіер жеңіліс тапты. Шайқастан соң Фитингоф көтерілісшілердің ізіне түсіп, оларды Хиуа хандығы Сырдарияның оң жағалауына өтуге өтуге мәжбүрледі. Жанқожа өзіне Хиуаханы Бұхардан немесе Қоқаннан одақтастар табуға тырысты, бірақ ол мұны жасай алмады. Жанқожа отряды ауыл-ауылды аралып, тұрғындардың малдарын тартып алды. Қазақтар арасында аштық басталып, көптеген адамдар өлді.
Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шамалы жерлерді қамтыған халық қимылы болды. Оған әр түрлі руларға жататын, қазақтардың едәуір бөлігі катысты.
Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80 – нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза болды.
1870ж. Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс
Маңғыстау көтерілісі - 1870 жылы Маңғыстау өңірінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды.
Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережеге” (“Далалық облыстарды басқару жөніндегі Ереже”) сай туындады. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 67 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті. Ел арасында толқу басталды. Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмағамбетұлы, Ержан Құлұлы және Ерменбет Құлұлылар басқарды. Оған қоса Маңғыстау приставы полк. Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға (1869 — 70) бір-ақ жинамақшы болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда Б.Маяевтың жол көрсетуімен төрт зеңбірегі бар 35 казак, тілмаш Бекметов, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілерге “Ұсақ” құдығы маңында Бозащы тобы қосылды. Рукин отряды біржола талқандалып, Б.Маяев өлтірілді, Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді.
Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу территорияларының барлығын орыс әскерлері бөліп алды, олар бүл үшін «зерттеу жүргіземіз» деген сылтау айтты.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.
Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады.
Көтеріліс бүкіл түбекті қамтып, көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Форт-Александровск мен Николаевск станицасына шабуыл жасады. Шабуылшылар теңіз бағдарларын өртеді, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін, гарнизон қорлары сақталған Нижнее бекінісін талқандады. Алайда зеңбіректерден жауған оқ көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ уәкіл-әкіміне жүктелді. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонның екі ротасы, Дағыстан полкінің 4 ротасы, 4 зеңбірекпен қаруланған Терек казактарының екі жүздігі жеткізілді. Көтерілісшілер “Ұсақ” құдығында, Үшауыз шығанағында, Александровск фортында жазалаушыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, күшті қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтерілісшілер үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан жазалаушы отрядпен (Н.А. Крыжановский мен гененерал-майор Биязнов бастаған) қақтығыста көп шығынға ұшырап, қайта шегінуге мәжбүр болды. Патша әскерлері Маңғыстауда үш ай болып, көтерілісшілерді қатал жазалап, қудалай бастады. Көтеріліс басшылары И.Тіленбаев, Тәжіұлы, Құлов патша жендеттерінің қудалауынан қауіптеніп, 1870 жылы желтоқсанда өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті. Сөйтіп, жазалаушылар халықты “Уақытша Ережеге” күшпен көндірді.
12 билет
Сақ, сармат дәуіріндегі әйелдердің қоғамдағы орнын сипаттаңыз.
«Сақ әйелдері ержүрек келеді .Соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсктіп,ұрысқа араласады»
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.
. Сармат қоғамы әскери-демократия негізінде қалыптасқан. Оларда ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылар шешті. Олар бүкіл қауым мүшелерімен ақылдаспай, тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен санасқан. Сармат әскерлерінің негізгі бөлігін садақшылар құрады. Мұны жасы мен жынысына жіктемей-ақ барлық сармат қабірлерінен кездесетін жебе салынған қорамсақ қалдықтарынан байқауға болады. Сармат қоғамында басқа көрші тайпаларға қарағанда әйелдер мен ерлер тең құқылы болып, әйелдер жасақ құрамында әскери жорықтарға қатысқан. Оған олардың қабіріне қойылған қару-жарақтар дәлел бола алады. Сондықтан сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды.
Сарматтар қоғамындағы әскери демократия басқа көшпелілердікінен өзгеше болды. Мысалы, сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жатағы ерлер үшіМысалы, сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жатағы ерлер үшін болды.Ал сарматтардың әйелдері жасақ құрамыга кірен.Оған лардың қабірлерінен қару жарақтың көп табылуы дәлел. Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды.Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған.
Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық ескерткіштер сармат қоғамында әлеуметтік теңсіздік орын алғанын көрсетеді. Мәселен, біздің жерімізде зерттелген сармат обаларының кейбіреуінде сол кезде өте бағалы саналған заттар бірге көмілген. Ал, енді біріндегі заттар өте жұпыны болып келеді. Әлеуметтік теңсіздікті біз обалардың сыртқы пішінінен де байқаймыз. Қоғамда ерекше орын алған бай, беделді адамдар қайтыс болғанда оларға үлкен ескерткіштер қойып, кейде сол атақты кісінің жанына қатардағы туыстарын жерлеген. Сарматтардың ру басылары өзерінің үстемдік жағдайын мәңгілікке паш етуге талпынған. Осы мақсатта олар орасан зор ескерткіш – оба соқтырды. Сарматтардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын олардың оба үйінділерінің көлемінен байқауға болады. Егер үлкен обаларда тайпа көсемдері жерленсе, орташа көлемдегі обаларда белгілі жауынгерлер ал, шағын обаларда қатардағы қауым мүшелері жерленді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтардың ерліктері. (С. Баймағамбетов, Б.Момышұлы, Т. Бигелдиев)
Мәскеу түбінде генерал - майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 - атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылы қарашада Дубосекова түбінде ұрыс болған 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочковтың: “Ресей кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу”, - деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарпыған ұранға айналып кетті. Мәскеу үшін шайқаста И.В. Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.
Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алды...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік”.
Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316 - атқыштар дивизиясы 8 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В. Панфиловтың есімімен аталатын болды.
Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.
Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды. Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұзақ жылдар соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасап, жанған жау тобына ұшағын бағыттаған адам, авиация капитаны Николай Гастелло саналып келді. Кейін зерттеушілер мұндай ерлікті алғаш жасаған А. Масловтың экипажы екендігін дәлелдеді. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев бар еді. А. Маслов экипажының мүшелеріне Ресейдің батыры атағы берілді. 1998 ж Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді.
Қазақстанда құралған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Балтық флотындағы Қызыл тулы “Киров” крейсерінде ғана 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды.
Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты. Сол үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты.
1941 жылы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтықтарға “Ленинградтық өренім!” деген жырын арнап, онда көпұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің сезімі мен алаңдаушылығын білдірді.
Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы болды.
1942 жылдың күзінде Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар жүріп жатты.
Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойынша шекаралас жатқан еді. Соған орай Батыс Қазақстан соғыс қимылдарына кең ауқымда тартылды. 1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. Қазақстандықтардың Еділ бойындағы қаһарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуіне “Сталинград - Шығыстың кілті” деп атап көрсетті. Ұшқыш Нүркен Әбдіров 1942 жылғы 19 - желтоқсанда Боковская - Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғарына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты. Сол сияқты жауынгер Толыбай Мырзаев, минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады.
Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарына шығып, әуе мен жерге оннан астам ұшақтарды, көптеген танкілерді жүздеген фашистерді жойған шабуылшы ұшқыштар Талғат Бигелдиновке, Леонид Бедаға және Иван Павловқа, жеке өзі 37 ұшақты атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңестік шығыс әйелдері арасынан алғашқылардың бірі ретінде танымалы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ қыздары 100 - ші Қазақ Ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова және 54 атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Екеуі де 100 ден астам жауды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.
Қатарында қазақстандықтар болған кеңестік жауынгерлер Ұлы Отан соғысының тарихына каһармандық ерлік көрсетті. 500 - ге жуық адам - солдаттар мен сержанттар, офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ондаған мың адамға жоғары әскери атақтар беріліп, әр түрлі марапаттарға ие болды.
Сөйтіп, Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында қайтпас ерлік істерімен өшпестей із қалдырды.
Кестені салыстыра отырып, толтырыңыз.
|
Палеолит
|
Мезолит
|
Неолит
|
Кезеңдері
|
Б.з.б 2,5 млн. жылдан б.з.б 12 мың жыл аралығын қамтиды.
1) Ерте палеолит (б.з.б. 2 млн. 500 мың – 140 мыңжылдықтар);
2) Орта палеолит (б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар);
3) Кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар).
|
Б.з.б 12-5 мыңжылдық аралығын қамтиды
|
Б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар
|
Қоғамдық өміріндегі өзгерістер
|
Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағы адамдарды топтастырды.
|
Қоғамда қауым мүшелерінің құқығы тең болды. Қауым: қариялар, ересектер және балалар болып үш топқа бөлінді. Балалар қауымынан ересектер тобына өту бағыштау(инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды. М: ұлдар аң аулау әдістерінен, садақ ату; қыздар үй шаруасы бойынша сынақ тапсырды.
|
Еңбек бөлінісі пайда болды.Қоғамдық еңбек бөлінісі дегеніміз қоғамдағы топтардың белгілі бір кәсіп түріне бірте бірте мамандануы. Аталық руға көшу басталды
|
Кәсібі
|
Терімшілік, аңшылық
|
Аңшылық, терімшілік, балық аулау, жануарларды қолға үйрету
|
Аңшылық, балық аулау,жер өңдеу, мал өсіру, қолөнер
|
Еңбек құралдыры
|
Қазғыш таяқ, шоқпар, қашау, жарғыш сына тас, бифас, қырғыштар, найза шанышқы ұштары, гарпун
|
Садақ пен жебе, орақ
|
Тастың тұтқыр түрлеріненбалта кетпен , келі-келсап жасаса, граниттен – дән үккіш жасады.
|
13-билет 1. Моңғол әскеріне қарсы Отырардың қорғанысы.
Жетісуды бағындырғаннан кейін, Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне,, қарсы жорыққа жол ашылды. Көп кешікпей, оған сылтау да табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Керуен тоналып ,адамдары өлтірілді. Мұны естіген Шыңғысхан өз елшілері арқылы Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ, Хорезм шахы бұл талапты орындамақ түгілі, Шыңғысханның жіберген елшілерін өлтіруге әмір берді. Елшілер өлтіріліп, олардың жанына ерген мұсылман көпесінің сақалын кесіп кері қайтарды. Бұл сол кездің дипломатиясында «мен соғысқа әзірмін» дегенді білдірген. Әрине, Хорезм шахы соғысқа дайын емес еді, тек ол Қайырханды ұстап берсе де, ұстап бермесе де, Шыңғысханмен соғыстың сөзсіз екендігін түсінді. Екінші жағынан, Қайырхан Иналшық Мұхаммед шахтың тегі қыпшақ шешесінің жақын туысқаны болып келетін. «Отырар апаты» деп аталған бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын жеделдетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Монғол әскері Отырарға таяп келгенде Шыңғысхан Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған екінші тобын Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші топқа Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан өзі кіші ұлы Төлемен негізгі күшпен Бұхараға беттеді.
Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға әзір емес болатын. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп өзіне қарсы шығуынан күдіктенген ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын-шағын топтарды үлкен қарсылықсыз -ақ құртып жіберуге мүмкіндік берді.
Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы монғол басқыншыларына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда монғол әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, оның ішінде жанып кететін күбішектер, ататын машиналары болса да монғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.
Қаланың құлауына опасыздық себеп болғандығы белгілі. Әскер басыларының бірі Қараджа қажып түн жамыла «Сопы хан» қақпасы арқылы шығып, монғолдарға өтіп, қаланы қоршап тұрған монғол әскерлері осы қақпа арқылы қалаға лап берді. Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған монғол әскері Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Қайырхан мен сатқын Қараджа қажып өлтірілді.
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның бірі Сығанақ қаласы. Бұл жақсы бекінген, халқы көп, ірі сауда орталығы болатын. Жошы бастаған монғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп, Сығанаққа Хасан қожа көпесті жіберді. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді, сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді. Қала қорғанысы жеті күн, жеті түнге созылды. Ақыры қала жау қолына өтіп, монғолдар қаланы тонап, халқын аяусыз қырды. Бұдан кейін Үзгент және Баршынкент қалалары алынды. 1220 жылы 4 сәуірде монғол әскерлері Жент қаласын бағындырды.
Араб және парсы деректерінде (Жувейни, Ибн әл-Асыр, Жүзжани, еңбектерінде) «монғол атының тұяғы жетіп жермен -жексен етілген» отыз қаланың аты аталады. Солардың ішінде оңтүстік Қазақстанның үш қаласы Отырар, Сығанақ, Ашнас та бар. XIIIғ. парсы тарихшысы Жувейни «Тарих–и джахангуша» еңбегінде Жошы ханның Сырдарияның бойымен жүріп басып алған қалаларын тізіп беріп, Сығанақ қаласын қалай алғанын сипаттайды. Қалаға екі жергілікті көпестер Хасан-қожа мен Али-қожаны жібергенін, бірақ қала тұрғындарының Хасан-қожаны өлтіріп, қатты қарсылық көрсеткенін, қаланың тек жеті күн, жеті түн дегенде берілгенін.... жазады. («Тарих–и джахангуша» құнды дерек көзі болып табылады)
- Бұл Қазақстан тарихы 5 томдық, 1 том, 444-бетінде де көрсетілген.
2. Ш. Уәлихановтың зерттеулеріне талдау жасаңыз.
Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Шоқанның келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда Омбыдағы Кадет корпусының орны ерекше. Кадет корпусына алғаш келген кезде орыс тілін білмейтін Шоқан аз ғана уақыттың ішінде өзгелерден анағұрлым озық тілді меңгеріп алған. Шоқанның ерекше қабілеті өзі қатарлас достарының ғана емес, таңдаулы ұстаздарының назарын өзіне аударды. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Осы оқытушылардың әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген. Шоқанның зерттеушілік қабылеті корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс уақытында ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры болған. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н.Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болған. Мұның өзі оған қатты әсер қалдырады. Ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етеді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Осыдан кейін ол «Тәңір (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарлар барысында «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне салынған жол деп біледі. Сонымен қатар оны өз халқының құндылығымен, тіршілігімен байланыстыра дамытады. Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», - деп жазады. Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді. Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған. Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.
Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады.
Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:
«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
3. «Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан хандық құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер:
мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу);
әскери заң (қосын жасақтау, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).
Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 - 1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды. Тәуке ханның тұсында (1680 - 1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Құба қалмақтың жортуыл шапқыншылығына байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кезеңінде сұңғыла ойшыл билер бес тараудан тұратын ежелгі ережелерге тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» (Жеті хақиқат) деп атаған. Тәуке кезінде қосылған бұл екі тарау: жесір дауы; күң дауы. Бұл кезеңде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болғандықтан құн дауын өз алдына бөлектен, қылмыс заңына айналдырған. XV - XVIII ғасырларда қолданылған ежелгі жарғының үзінділері халық аузында қысқа-қысқа мәтел сөздер қалпында сақталған. Мысалы, «Қара қылды қақ жару»; «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру», «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», т.б.
14-билет
1. Киіз үй құрлымына талдау жасаңыз
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Толығырақ... Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
Сықырлауық - (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп - шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады. Сықырлауық киіз үйдің басқа материялдары сияқты жиналмалы болады.
Кереге - киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын - ерісін, қысқалауын - балашық, ең қысқасын - сағанақ деп атайды. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.
Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды. Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.
Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі. Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын - шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.
Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады.
Киіз үйдің ішкі баулары Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш - екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.
Бас арқан - керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл - арқан.
Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Желбау - өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті - дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Белбау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Киіз үйдің шилері Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.
Киіз үйдің сыртқы жабдықтары - күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.
Туырлық - керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.
Киіз есік - сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.
Түндік - шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.
2.Қазақ жерінде салынған әскери бекіністер.
Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы.
Әскери бекіністер мен шептердің салынуы.
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.
Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.
1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.
Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.
Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды – Железинск, В. Чередовтың отряды – Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды.
Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.
Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.
XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.
1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.
1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды.
XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды.
Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.
3.Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды.Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:
1.Ауыл- қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады.
2.Ата аймақ- жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.
3.Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған.
4.Арыс – бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.
5.Ұлыс – бірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққандар болды.
6.Жүз – бірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін хан деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:)
7.Хандық – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған.
(Тәуелсіз Қазақстан Республикасының басқару жүйесімен салыстыра отырып түсіндіру)
Қазақ ханы. XYI ғасырдағы қазақ хандары жалпы қазақ халқының қоғамдық әдет - салтына байланысты сайланып қойылатын болған.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатынасты.Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді.Осыдан соң хан отырған киізді, ханның хан сайланғанға дейін киген киімдерін жапырақтап кесіп, хан сайлауға қатынасқандықтарының белгісі ретінде үлестіріп алады.Жиналғандар ханның бүкіл малын бөлісіп алып үйлеріне тарайды.Мұндай дәстүр «ханталай» деп аталады....
Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.XYI – XYII ғасырларда Қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа – феодалдар тобы мен қарашаға – қарапайым халыққа бөлінді....
Билер кеңесі.Қазақ хандығында жазалау құқығы ханның және билер мен ру тайпа басшыларының қолында болды.Кейбір істі таларкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері шешкен.Куәгерлер болмаған жағдайда ант беру талап етілген
15-билет
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикадағы қиындықтар.
Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алып, түбегейлі әлеуметтік реформалар жасауға, демократиялық қоғам мен ашық экономика орнатуға кірісті. Осыдан бері еліміз жеке меншік және еркін бәсекелесттікке негізделген нарықтық экономика құру жолына түсті.
Нарықтық экономика (рыночная экономика) – нарықтағы тауар-ақша қатынастары аясында қалыптасатын экономиканың ұдайы өндірістік қатынастардың жиынтығы. Нарықпен қатар тауарлармен көрсетілетін қызметтерді өндіру, тұтыну, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласын білдіретін экономика.
Нарық өзінің субьектілері: тауар өндірушілер, және сатып алушылар арасындағы аса маңызды байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Нарықтық экономика қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауар өндірісінің және айырбастың дамуына негізделеді. Нарықта бәсеке барысында баға, сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, қозғалысқа түседі яғни мұнда ресурстарды пайдалану туралы шешімді нарық қабылдайды. Әрбір жекеше тауар өндіруші өзінің тауарын ақшаға айырбастау үдерісінде өз еңбегінің қоғамға қаншалықты қажет екенін, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіне кіргені, қоғамдық сипат алғанын біледі.
Нарықтық экономика құрылымы күрделі болып келеді. Ол нарықтың мынандай түрлерін қамтиды: тауарлар нарығы мен қызметтер көрсету нарығы; өндіріс факторларының нарығы; қаржы немесе ақша нарығы.
Нарықтың алуан түрлілігіне қарамастан, қазіргі заманға нарық экономикасына тән сипат: көпжүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экономикалық өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы.
Нарықтық қайта құруды жүргізудің бірінші кезеңі 1992 жылдан -1997 жылға дейін анықтауға болады. Бұл кезеңде қоғамдық қатынастар жүйесінің үлестіруші әкімшіл-әміршіл түрінен жеке меншіктік пен бәсекелестікке негізделген нарықтың түріне өту процесі жүрді.
Қазақстан экономикасы дамуының екінші кезеңі 1998 жылдан немесе «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы қабылданғаннан кейін басталды. Осы құжаттың қабылдануымен тұрақты дамитын ел экономикасын құрудағы ұзақ мерзімді мақсаттар мен басымдылықтарға жету бойынша жасампаз процесс басталды.
Қазақстан экономикасы тауар-ақша құрылымының бұзылуымен бәсекеге қабілеттіліктің төмен болуынан біршама дағдарыстарға ұшырады. Бұл ретте нарыққа көшудегі жүйелілікті қамтамасыз ету қиын болды. Қазақстанның нарық экономикасы бар тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы өмір сүру ойлау және іс-әрекетті түпкілікті өзгерту есебінен жүрді.
КСРО ыдырағаннан кейін қоғамда шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына кезең бойынша өткізуге мүмкіндігі болмаған Қазақстан үшін батыл қадам болды.
1993 жылы Дағдарысқа қарсы қауырт шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасы қабылданды.
Нарықтық қатынастар жүйесіне өту экономикалық дағдарыстың тереңдету аясында жүрді. Бұл дағдарыстың бастауы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында басқарудың әкімшілік жүйесі жағдайында еді.
Бұл экономика салаларының өндірістік –қаржы жағдайына және халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейіне 1990 жылдардың басында-ақ кері әсерін тигізді.
Бұл КСРО-ның ыдырауының басты факторы болды. Соған орай, республикалар арасындағы өнідірістік-шаруашылық байланыстардың үзілуіне және мемлекеттің бір тұтас қаржы жүйесінің күйреуіне әкелді. Сонымен қоса, нарықтық реформаны тездету кезінде тұрғындардың тұрмыс деңгейі шұғыл төмендеді. Зейнетақының нақты мөлшерінің құлдырауын әлсірету бойынша жасалған Үкімет шараларының тиімділігі экономикалық дағдарыстың тереңдетілуіне байланысты жеткіліксіз болды.
Ұлттық армияны құрудың, шекараны және кедендік аумақты орналастырудың, дипломатиялық корпусты қалыптастырудың қажеттілігіне байланысты, мемлекеттік бюджет табыстары деңгейінің кемуінен, әлеуметтік сала шығындарын қаржыландыру үрдісі қысқаруға мәжбүр болды.
1995 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде реформаның басты бағыты макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету, заңдық базаны, қаржы жүйесін, әлеуметтік саланы және өнідірстік секторды жетілдіру болды.
Макроэкономика –экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық теория бөлімі (оның тағы бір бөлімі-микроэкономика), сондай-ақ оның үй қожалығы (шаруашылығы, бизнес, мемлекеттік сектор т.б.) сияқты аса маңызды құрамдас жиынтықтары.
Макроэкономика –экономикалық өрлеу, жұмыспен қамту, инфляция проблемаларын, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың ықпалдастығын зерттейді.
Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтандыру сатысында экономикалық реформалардың негізгі бағыттары мыналар болды:
1995 жылы ҚР Конституциясының қбылдануы;
Кәсіпорын меншігіндегі жер учаскелерін қолдану құқығын сатуға рұқсат берілуі;
Қазақстан, Ресей, Белорусь және Қырғызстан Кеден Одағының құрылуы;
Монополияға қарсы әреттер туралы, жекешелендіру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы т.б заңдардың қабылдануы.
1992 жылы Ресей бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Экономикалық дағдарыс күшейе түсті.
Бюджет – (ағылш budget қоржын қалта) экономикалық мәні бойынша –мемлекеттік билік және өзін-өзі басқару органдарында заңды және жеке тұлғаларымен, қоғаммен оның азаматтарының экономикалық, әлеуметтік және саяси мүдделерін қанағаттандыру қажеттігіне байланысты ұлттық табысты бөлуге орай қалыптасатын ақша қатынастары.
Жәңгір Бөкейұлының қазақ тарихындағы алатын орны мен рөлі.
Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор роль атқарды.Қазақ халқының тарихында көптеген із-түзсіз кеткен хандар болды.Жәңгір ханды біз олардың қатарына қоса алмаймыз, себебі оның қазақ тарихында алатын орны үлкен.Жәңгір хан қазақ даласына көптеген жаңашыл өзгерістер енгізген адам.Бөкей ордасы, Жәңгір хан туралы көп жазылғанымен, бұл әулет тарихында беті ашылмаған жәйттері әлі жеткілікті.
1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жәңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тәртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, әсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мәселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дәлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында әкімшілік және сот билігі болды.
Әкімшілік және саяси жағдайы. Билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды. Жер өз туыстарының арасында бөлінді. Жер жалға берілді. Халық отырықшылыққа көше бастады. Сауда-саттық дамыды. Саудагерлерді тарту үшін баж салығының ең төменгі мөлшері белгіленді. Іс қағаздарын жүргізу тәртібін енгізді, аурухана және дәріхана ашылды. Мал тұқымын асылдандырды, ағаш егу ісіне көңіл бөлді. Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Шығайдың заманында елдің қонысы едәуір тарылды. Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға,не суаттарды офицерлерден жалдап алуға мәжбүр болды және оған байлардың ғана мүмкіндігі болатын. Шаруа арыздарын жергілікті патша әкімшілігі тыңдамады, дау-жанжалды ылғи өз пайдасына шешіп отырды. Қыста бекініс тұрғындары шаруаларға сатып,әрбір шана шөпті 6-20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді. Сол кездегі патша офицерлерінң мойындауынша, қазақ шаруалары екі оттың ортасында қалды. Отарлық әкімшіліктің өз үстемдігін іске асырып,бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады. Жайылым,суат, орман,қыстауға қолайлы өңір мәселесі қазақ шаруалары үшін шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс жағдайын күйзелтіп,қайыршылыққа әкелді. Мұнымен шектелмей,орал әскерінің атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, үй салуға, ағаш шабуға, балық алауға, сордан тұз алуға да тыйым салды. Осы тұста патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылық басқару жүйесіне беру саясвтын жүргізген болатын. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып бекіткен Уақытша Кеңес құрылды. Құрамында сұлтандар тобынан екі өкіл, мемлекеттік мүлік министрлігінен бір кеңесші кірді. Соңынан Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеулігі бекітілді. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясы құрамына берілді.
Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны ерекше.Кіші жүз қазақтарының күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі өздерінің ежелгі атамекеніне қайта оралып, қоныстануы, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденуге мүмкіндік тудырды. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ-Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени ағарту салаларында ерекше табыстарға қол жеткізе алды. Ал жер мәселесінің шиеленісуі И.Тайманов, М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ұласты.
VІ –ІХ ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіштер жайлы кестені толтырыңыз.
Архитектуралық ескерткіштер
|
Қысқаша сипаты
|
Өзіндік ерекшеліктері
|
Ақыртас
|
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. Қазіргі кезде онда археологиялық жұмыстар жүргізілуде.
|
Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңдығы 40х70х70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында (оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер, атқарылатын орын болған. П. И. Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғ.-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас. Ақыртас 8 ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ, құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы Ақыртас болуы мүмкін.
|
Мырзарабат
|
Мырзабат Сардобасы – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Гүлстан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде, Мырзашөл даласында орналасқан (Өзбекстан).
|
Ғимарат табанының диаметрі шамамен 12 м, жалпы биіктігі 8 м. Байырғы керуен жолдары бойында орналасқан күмбезді құдық. Мырзабат Сардобасы шөл далада су сақтау, ыстық күнде құдықтағы судың жылымауы үшін тұрғызылған. Сырт пішіні киіз үйге ұқсас. Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызылған. Бүйірінде күмбезге кіріп-шығуы және іші бір қалыпты салқын болып тұруы үшін бірнеше ойықтар жасалған. Ойықтардың маңдайшалары доғаланып өрілген. Құдық қабырғасы берік шегенделген.
Мырзашөлде Мырзабат Сардобасы секілді басқа да күмбезді құдықтар бар (Якка Сардобасы, 6 – 9 ғасырлар). Бұл ғимараттар сол дәуірде және кейінгі кезде де көшпелі халықтарға, жолаушылар мен керуендерге ауыз су және бағыт-бағдар, демалыс орны қызметін атқарған.
|
16-билет
1. Палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінің даму ерекшеліктері.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
А. Ерте палеолит
Ә. Орта палеолит
Б. Кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.
Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);
Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.
Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.
Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.
Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).
Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады.
Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды.
Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.
Адамдар және олардың тіршілігі.
Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.
Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.
Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.
Соңғы палеолит.
Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.
Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.
Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.
Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.
Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.
Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.
С.Датұлы мен К.Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық көтерілістерге салыстырмалы талдау жасаңыз
|
С.Датұлы бастаған көтеріліс
|
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс
|
Жылдары
|
1783-1797
|
1837-1847 жылдар
|
Көтеріліс себептері
|
- Патша үкіметінің қазақ жерін отарлауы
- Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы
- 1782 ж. патша Жарлығы бойынша:
1. Қазақ жерінің қазақтарға берілуіне тиым салу.
2. Жалға алынған жер үшін ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды
- Кіші Жүздегі хандық биліктің әлсіреуі.
|
Азаттық үшін күрескен әкесі, ағалары, туыстарының ерлікпен қаза болуы, қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
|
Негізгі оқиғалар
|
- 1783 ж. көтерілісшілер мен Орал казак әскерінің арасындағы күрес
- 1785 ж. Смирнов, Колпаков, Назаров басқарған әскерлер қазақ ауылдарын тонады
- 1785 ж. Кіші Жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан түсіру туралы шешім қабылдауы.
- 1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа
жағына өтіп кетті.
- 1802 ж. Хиуа жерінде қаза тапты
|
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды.
|
Жеңілу себептері
|
- С. Датұлы бірден екі күшке қарсы күрес жүргізгені.
- Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы
- Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі
Руаралық қайшылықтар.
- Қару жарақтың аздығы.
|
Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта – патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.
|
мақсаты
|
- Бұрыннан қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
- Орал казак әскерлерінің қазақтың жерлерін тартып алуын тоқтату.
- Нұралы ханның патша үкіметін ашық түрде қолдауға көшуі.
|
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
|
маңызы
|
Қазақ жеріндегі ең ұзаққа, 14жылға созылған отарлық езгіге қарсы көтеріліс.
- Патша үкіметін қазақтармен санасуға мәжбүр етті.
- 1801 ж. Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге. мал жаюға рұқсат етті.
|
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс – ХІХ ғасырдағы барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.
|
ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз
Інжу
|
Шыңғысхан өулетінен шыққан билеушілерге бөлініп берілген жер үлесі.
|
Вакфтық жерлер
|
Дін ірі жер иеленушілер, басыларға, діни мекемелерге, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер. Вакфтық жерлерден салық алынбаған.
|
Сойырғал, иқта
|
әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер. Иқта - билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа және ұсақ болып бөлінген.
|
Шаруалардың мүліктік жерлері
|
отырықшылық аудандардағы жерлер
|
17-билет
Сақ тайпалары туралы жазба деректер (грек, рим, парсы)
Б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атаған. “Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.”
Геродоттың мәліметінше, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық болғанда ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылды. Бұдан басқа шикі кірпіштен салынған үйлері болған. Мал өсіруші көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болды.
Парсы жазбаларында – құдіретті еркектер, иран жазбаларында – жүйрік атты турлар, грек жазбаларында – азиялық скифтер деп аталады.
Грек деректерінде сақтарды “дайлар” деп атау кездеседі. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, исседондар, аргиппейлер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстігін, солтүстік және орталық аймақтарын қоныстанған.
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң, парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.
Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.
Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.
Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік думасындағы қазақ депутаттары көтерген маңызды мәселелер.
МемлекеттікДумағасайлауболатынытуралызаңшыққанықазақарасынадажетеді. Өздерін теңгермей, жартыкеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігінен орын бермегі қазаққа жақсы жаңалық әкелген хабар еді. Бірақ, жергілікті биліктегілер сайлау науқанын ұйымдастыруды көп уақыт қолға алмайды. Тек, халықтың қысымымен ғана ол мерзімінен әлдеқайда кеш басталады. Тіпті, аумақтық бөлініске келгенде де барынша әділетсіз болады. Мәселен, қазақ даласының Ақмола, Семей, Торғай, Орал губернияларына бөлінген 10 депутаттық мандаттың бүкіл халықтың 70% құрайтын қазақтарға 4-еуін, ал 30% құрайтын орыстар қоныстанған қалаларда 6-уын ғана береді. Осылайша, уақытылы өткізілмеген сайлаудың ұзаққа созылуының кесірінен қазақ депутаттары тым кеш қалып, Думаның жұмысына алғашқы күннен қатыса алмайды. Мәселен, А.Қалменұлы, А.Бірімжанұлы, Санкт-Петербургке Дума ашылғаннан кейін бір жарым ай өткен соң келсе, Ә.Бөкейханұлы оның жабылуына біраз күндер қалғанда ғана жетеді (себебі, Дала генерал губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды). Дегенмен, қанша жетіспеушіліктері болса да, бұл қазақ даласында демократиялық жолмен өткен тұңғыш сайлау еді. 1-ші Думаға қазақтар арасынан 8 депутат қана сайланды. Соның өзінде де қазақ депутаттары белсенділік танытып, әртүрлі комиссияларға мүше болды. Жоғары білімді заңгер А.Бірімжанұлы – әскери дала соттарын жою жөніндегі заң жобасын жасау комиссиясына енгізіледі. Ол А.Қалменұлы екеуі жоғарғы үкімет орындарына қазақ жеріне қоныс аударушыларды орналастыру барысында заң бұзушылық әрекеттер жасалып жатқаны жөнінде сұрау салады. Патша 1-ші Думаны өктемдікпен таратқанда оған сайланған депутаттар қарсылық білдіріп, Выборг қаласына жиналады. 182 депутат қатысқан бұл оппозициялық жиын тарихта «Выборг үндеуі» деген атаумен қалды. Жиналғандар патшаның әділетсіз шешімін айыптап, оның жүгенсіз істерін әшкерелеуге тырысты. II мемлекеттік Думаға қазақтардан 7 депутат сайланған. Олардың кейбіреулері (Ш.Қосшығұлұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Құлманұлы) екі рет сайланды. Ал, Ә.Бөкейханұлы «Выборг үндеуіне» қол қойғандықтан өкімет оны қуғынға ұшыратып, қылмыскер атандырды, ал заң бойынша ол депутаттыққа кандидат бола алмады. Бұл Думада белсендірек болған қазақ депутаттары: Б.Қаратайұлы хат-хабарларды реттеу, ар-ождан бостандығы, ал М.Тынышбайұлы аграрлық комиссияға мүше болды. Яғни, Ресейдің 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларына қазақтардан бар-жоғы 12 адам сайланған еді.
1. Әлихан Бөкейханұлы 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақ халқының рухани көсемі, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің төрағасы. 1-ші Думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі. Алдымен Қарқаралыдағы Зариф молда медресесінде оқығаннан кейін оны місе тұтпай қаладағы үшсыныпты бастауыш мектепке ауысады. 1889 ж. сол қаладағы қазақ балаларына арналған мектепті, 1890 ж. Омбыдағы техникалық училищені бітіреді. 1890-1894 жж. Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтының экономика факультетін аяқтайды. 1901 жылы императорлық Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі болып сайланады. 1905 жылы қазақ даласында алғаш рет саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясының ұйымдастырушысы болды.
2. Мұхаметжан Тынышбайұлы 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының етегінде туған. Қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. 2-ші мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Верный қаласындағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Санкт-Петербургтегі I Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен. 1905 жылы осы қаладағы автономияшылар одағының 1-ші Құрылтайына қатысып, «Қазақтар һәм азаттық қозғалысы» деген тақырыпта баяндама жасаған.
3. Ахмет Бірімжанұлы 1871 туған. Алашорда үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы, ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. Екікластық училищені, 1891 ж. Орынбордағы ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1899 ж. Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларына Торғай облысы қазақтарының атынан сайланған.Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып қызмет істеген. 1906 жылы 2-шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.
4. Сәлімгерей Жантөреұлы 1864 туған, 1-ші мемлекеттік Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді, Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде оқыған. Губерниялық земствоның бастығы қызметін атқарған. Өзі Башқұрт жерінен депутат болып сайланса да, туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыстанып кетуінен қауіптенген адам.
5. Алпысбай Қалменұлы 1860 жылы туған, I мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, Орынбор гимназиясын бітіргеннен соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі болған. Халқының білім алып, отырықшы болу істері оны үнемі толғандырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.
6. Дәуіт Ноян Тұндыт 1860 жылы туған, I мемлекеттік Думаға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқатты отбасында туып, патша лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.
7. Темірғали Нұрекенұлы 1858 жылы туған, 2-ші мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын өтеген, діни сауатты адам екен.
8. Тілеулі Аллабергенұлы 1856 жылы туған, 2-ші мемлекеттік Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.
9. Шәймәрден Қосшығұлұлы 1869 жылы туған, 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларға Ақмола облысынан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты, бай адам деп көрсетілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті 2-ші Думаның ресми тізіміне кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халықты қанаушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.
10. Бақытжан Қаратайұлы 1860 жылы туған, Әбілқайыр ханның шөбересі. II мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын, ал 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен Орал облысынан 18 отбасы бірге барады. Кеңес Одағы кезінде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы 74 жасында дүниеден өтті.
11. Бақтыгерей Құлманұлы 1857 жылы туған, 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған. Ауқатты адам болған. Депутаттардың тізімінде жоғары білімді, шенеунік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.
12. Молда Тайынұлы 1-ші мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған. Сондықтан болса керек, оның есімі ресми тізімге енгізілгенімен, ол туралы басқа деректер табылмауда.
3. ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Тағар
|
Әскерді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын сабақ
|
Құшыр
|
Мал өсірушілерден жиналатын салық
|
Қалан
|
Жер көлеміне байланысты салық. Мұндай салықтың түрі моңғол шапқыншылығынан кейін пайда болды.
|
Зекет
|
мал салығы
|
18-билет
1. Неолит төңкерісі.
Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнедеболды. Осы кезеңде бұрын болмаған экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды: адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, кетпенмен жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың осындай жаңа түрлерінің шығуы адамзат қоғамының дамуында аса маңызды рөл атқарды және адамның кәсіби қабілетін кеңейтіп, мінез-құлқының сапасын жақсартты. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы. Осының нәтижесінде адамдар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген мықты қыш ыдыс– керамикажасауды үйренді.Сондықтан бұл дәуірді кейде «қыш құмыралар заманы» деп айтады. Бірақ, бұл ыдыстар қолмен жасалғандықтан өте қарапайым болды. Осындай қарапайым үй заттарының өзінен-ақ олардың сұлулыққа талпынысын байқаймыз. Ыдыстарға күйдірмей тұрып, жұмсақ кезінде, арнайы дайындалған сүйек және ағаш таяқшамен немесе қарапайым қалыппен онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған.Неолиттік егіншілер өздерінен бұрынғы аңшы бабаларына қарағанда, айналадағы табиғатқа мүлдем басқаша қарады. Бұрынғыдай тек жеуге жарамды шөптер мен даяр жемістерді жинау орнына нағыз шаруашылық еңбек қалыптасып, өнімді өздері өсіре бастады. Адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етті. Ғылымда бұл құбылыс "неолит төңкерісі" деп аталады. Мұнымен адамзаттың үздіксіз дамуының алғышарттары жасалды. Жаңа тас дәуірінде жер өңдеудің қалыптасуы әйелдер еңбегінің ауқымын кеңейте түсті. Олар тамақ жасап, бала тәрбиелеумен қатар жер жырту, егін егу, астық жинап, қамбаға тасу жұмыстарын атқарған. Әйелдер еңбегінің артуынан олар жетекші орынға шығып, қоғамда – аналық ру (матриархат) қалыптасты. Ендігі жерде туысқандық ана жағынан таралды. Аналық ру кезінде өндірістік еңбек құралдарына қауымдық меншік сақталды. Ру мүшелері бірге өмір сүріп, барлық мәселені ру кеңесі шешкен.
2.Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары мен Дың ескерткіштерін салыстырыңыз.
VI –IX ғ.Қазақстанда дами бастаған архитектуралық құрылыстың бір сипаты діни сенімге байланысты.Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрлысының бір түрі – құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас Дың ескерткіштері.Дың ескерткіші қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Оның қабырғасы берік тастан қаланады.
Қазақстан керуен жолдарының бойында және көші- қон бағыттарында жолаушылар мен малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер сақталған.
«Сардоба»- парсыша құдықтың үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді.
1.Бір күмбезді және көп күмбезді Мырзарабат сардобасы.
2.Сардоба ғимараты. Якка сардоба ғимаратының күмбездері бір – біріне жалғастырылып жасалған.
3. Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
Көшпелі мал шаруашылығы
себептері
Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады
Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті
19-билет 1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
Түркістан қаласындағы Ахмет Йасауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Йасауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Йасауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
«Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Йасауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет ЙасауИкесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
Ахмет Йасауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м., ұзындығы – 65,5 м.
Әйгілі қола қазан – Тай қазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935- жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989- жылы қыркүйек айына дейін сақталған.
Тай-қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің үлкен залының ортасында орналасқан. Оны жеті металдың құймасынан Тавризден шыққан шебер жасаған. Қазанға 3000 литр су сияды, Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м. Қазан мұсылмандарға мінажат жасап болған соң таратылатын әулие суға арналған. Бұл күнде мұнда осы қазанды көріп, тиын салу мақсатымен дүние жүзінен мыңдаған саяхатшылар келеді.
2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірін зерттеген орыс ағартушылары және олардың еңбектері.
Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің көрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді.
1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі туралы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.
ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдік деңгейдегі ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шаньды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды.
Қазақстанның географиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зерттегендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырларын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор академиясының академигі В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қалдырды. Оның «Түрік тайпаларының халыктық әдебиетінің үлгілерінде» қазақ-тың ертегілері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған.
Қазақ халқының тарихы туралы құнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, археолог, лингвист, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектерінен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерттеу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбектерінде Қазақ тарихының өзекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің тарихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штабтың офицерлері жинастырды. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәдениетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңызды рөп атқарды. Орыс географиялыққоғамыныңбөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1867 ж.), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркістанда (1897 ж.) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақзиялылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәдениет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отырды. Семей облыстық статистикалық комитет жұмысына Абай да қатынасты. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т.б. айналысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды.
3. 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы көтерілістің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838)
Көтерілістің себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі,салық түрінің көбеюі.
- Жер мәселесі
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
- Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші: қазақ шаруалары бірқатар старшын, билер де қатысты.
Көтерілістің басты мақсаты:
- Хан озбырлығына шек қою.
- Шаруалар жағдайын жақсарту.
- Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
- Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
-
Көтеріліс үш кезеңге бөлінеді.
1.1833-1836 жылдар көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы.
2.1837 ж. басы мен аяғы көтерілістің етек алуы,патша жазалаушы әскерімен қақтығыстар.
3.1837 ж. желтоқсан айынан 1838 ж.шілде айына дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреуі,жеңілу кезеңі.
Карта арқылы көтеріліс барысымен таныстыру.
1836 жылғы 17 наурызда Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып,хан сарайына барып бас июді талап етуі қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті.
1837 жылы 2 қазанда атаман Покатиловтың тобы Исатайды қамауға алу талпынысы іске аспады.
Осы жылдың аяғы қарай көтерілісшілер саны 1500-ге жетті.Патша үкіметі көтерілісшілерге қарсы жасақ құра бастады, оны подполковник Геке басқарды.
1837 жылы 15 қарашада Тастөбе шайқасында 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты.Зеңбірекпен қаруланған жазалаушы отрядқа төтеп бере алмай Исатай тобы кері шегінуге мәжбүр болды.Тағы бір себебі қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті.Исатай жанында тек қана серіктері қалды. Осы кезде Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсанда батыр жазалаушылардың торын бұзып,Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті. Исатайдың Кіші жүзге өтуі,Кенесары көтерілісінің әсерімен осы өңірде кең тарала бастаған шаруалар қозғалысымен қатар келді.
Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақ ұлына соққы беру үшін Қайыпқали тобынан бөлінді.Айшуақ ұлы тобының Геке тобымен қосылып үлгергенін батыр аңғармады. 1838 жылғы 12 шілдедегі Ақбұлақ шайқасында Исатай қаза болды. 1838 жылы 23 шілдеде Махамбет хан ауылына шабуылдады. Ол 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қайтыс болды. Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері мен солдаттары марапатталды. Көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді.
1836-1838 ж.ж. көтерілістің жеңілу себептері:
- үстем тап өкілдерінің опасыздығы
- көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.
- қару-жарақтың теңсіздігі.
- ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
Нәтижесі:
- салық мөлшеріне шек қойылды.
- патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
- әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қалады.
- Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.
Тарихи маңызы:
- ХIХ ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт – азаттық қозғалыс.
- Отаршылдыққа қарсы бағытталды.
20-билет 1.Шірік- Рабат, Бәбіш- Молда қалалары.
Ерте кезден бабаларымыз үшін ауылшаруашылық кәсібін түлеткен қалашықтарға Бәбіш-Молла, Баланды, Шірік-рабат жатады
Сыр өңірі ертеден жерөңдеушілер мәдениеті тұрғысынан дамыған өлке. Бұл жерде көне дәуірден қалыптасқан ескі қала орындары мен жерөңдеушілік орталықтарын көруге болады. Солардың бірі «Шірік-рабат» мәдениетіне жататын қалашықтар. Ерте кезден бабаларымыз үшін ауылшаруашылық кәсібін түлеткен қалашықтарға Бәбіш-Молла, Баланды, Шірік-рабат жатады.
Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері қатарына Бәбіш-мола, Баланды ескерткіштер кешені, Шірік-рабат қала қорымы, Іңкәрқала, Сеңгірқала ескерткіштері жатады. Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштері 1946, 1848, 1851, 1957, 1958, 1960 жылдары ХАЭЭ тарапынан зерттелген. 2004 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандарынан жасақталған Шірік-рабат археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сырдың бойы ертеден сулы да нулы жер болды. Олай дейтініміз Арал көлі және оған құятын қос өзен Әмудария мен Сырдария бойы суармалы егіншіліктің, ауылшаруашылық кәсібінің ордасы. Бұл жерді ертеден мекен еткен бабаларымыз отырықшылық мәдениетке байланысты өздерінің ғұрыптық салттарын, қала орталықтарын сыр өлкесінде салып, өзіндік өркениет тоғысымен дамып отырды. Мәселен Арал маңындағы Сырдарияның орта ағысындағы аңғардан табылған сақ ескерткіштерін зерттеу нәтижелері, олардың б.з.б. Ү ғасыр соңы мен б.з.б. V-ІV ғасырлар шебінен б.з.б. ІІ ғасырға дейінгі уақытты қамтитындығын дәлелдеп отыр. Олардың барлығы көне Шірік-Рабат қаласының орнынан табылды. Соған байланысты Шірік-Рабат қаласының атауынан келіп шыққан шірік-рабат мәдениетінің ғылымда пайда болуына мүмкіндік берді.
Шірік-рабат мәдениеті ескерткіштерінің топографиясы тайпалардың ирригациялық жүйелер аймағындағы жазираларды қоныстанғандығын байқатады. Ол дегеніміз суармалы егіншілікпен айналысқан бабаларымыз канал арқылы ірі суландыру жүйелерін қолға алған. Сол су каналдарының ірі орталықтарына қалашықтар салған. Мәселен, ең үлкені – Бәбіш-Молда 10 мың гектар, ал Баланды 150-200 гектар шамасында.
Шірік-рабат мәдениетіне жататын көне қалаларда топырақтан тұрғызылған обалар, бекіністер, қалашық орындары салынған. Олардың барлығы археологиялық қазба жұмыстары кезінде дәлелденген. Алғашқыда Шірік-Рабат бекіністі қала-қамал болған сияқты, оның аумағына бастапқыда обаға, кейіннен кесенелерге тайпа көсемдері жерленді.
Шірік-Рабат қаласы мен оның төңірегіндегі ескерткіштерді Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеу жүргізді. Мұнда бірнеше ескерткіштер аршылып, тұрмыстық-шаруашылық заттар, қару-жарақтар, қыш ыдыстар алынған. Енді сыр бойындағы көне қалалардың біразына тоқталып өтсек:
Достарыңызбен бөлісу: |