Ііі. Өзіндік зерттеулер



Дата29.01.2018
өлшемі343,02 Kb.
#36137
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе...................................................................................................................2

ІІ. Әдебиетке шолу............................................................................................3-10.

ІІІ. Өзіндік зерттеулер

3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері .........................................................….12

3.2 Шаруашылыққа және Айболитке сипаттама ..........................................….13

3.3. Зерттеу нәтижелері................................................................................... 14-25

3.4 Экономикалық тиімділікті есептеу..........................................................26-27


ІҮ. Еңбекті қорғау ...........................................................................................28-31

Ү. Қорытынды........................................................................................................32

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................33-34

І. Кіріспе
Мал дәрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдану және емдеу принциптеріне негізделген, ауруға алдын-алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру және тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасау және дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан-жақты зерттеп, оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады.

Оларға алдын-алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру әдістері, іріңді инфекцияға қарсы әрекеттер және керекті операция жасау, белсенді дәрі қолданып емдеу әдістері жатады.

Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады.

Жылына екі рет көктемде, күзде малға жалпы клиникалық зерттеу тексеру.



  • Экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану.

  • Организмнің резистенттігін көтеру, жазылу процесін үдету.

Жаңа хирургиялық ауруларды зерттеу (Ғ.А. Ишмухамедов)

Отанымыздың ауыл шаруашылық және де оның ішіндегі мал шаруашылығын дамыту қазіргі кездегі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикада көшуге байланысты халқымыз ежелден келе жатқан дамыту әрі өркендету үшін жануарлардың әртүрлі жұқпалы емес және жұқпалы аурулардың алдын алған жөн. Атап айтқанда жұқпалы ауру емес ауруларға жарақаттық үлесі көп. (Ильясов Б.К. – 2001ж.)

Сондықтан жұмыстың мақсаты жараның емдеу тәсілдерін игеру және шунгарин майының жараға әсер ету тиімділігін Вишневский майы мен салыстырып бағалау.

ІІ. Әдебиетке шолу


Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесдесетін кеселдің бірі К.И. Шакалов және т.б. ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтағы кездесетін аурулардың 94-97 пайызы жұқпалы емес ішкі аурулар болса, соның ішінде 40 пайыздан астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне тиеді. Жарақаттар әсерінен мал уақытынан ерте есептеу шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған ауру малға көрсететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дәрмекке кететін шығынды қоссақ жарақаттың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияндығы орасан зор екендігін көреміз. (Белов А.Д., Плахотин М.В., Башкиров Б.А. және Вишневский А.В., Бережков Н.К. 1951)

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді



  1. Механикалық

  2. Физикалық

  3. Химиялық

  4. Биологиялық

  5. Жүйке-стрестік

1. Механикалық жарақат – организмге әсер еткен механикалық күшпен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдардық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қалуы т.б. Осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары сіңірі, тарамысы және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі тарамысы терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты болады. (И.И. Малда Б.З. Иткин, И.Н. Воронин 1979)

Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жанасу, сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық кұштің бағыты мен әсеріне, жағымдығына, әсер етуші заттың тығыздығына, көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.

Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. сол сияқты буаз малдарды остеомаляция дамығандықтан сүйектері сынған жағдай да көп жерден сынатыны байқалады.

Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақаттар жабық жарақаттар дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, жарылыуы, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомо гистологиялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады, сол себепті тарамыс – сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтінділігі сақталады. (К.И. Шакалов 1972, Л.И. Целишев 1965)

Егер тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұылған жарақаттарды (кесілу тіліну) ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады. (И.Е. Паваженко, С.И. Братюха 1952)

Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде одан алшақ жерде болуы мүмкін. Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке тұяққа әсер етеді. Малдың тоқпан жілігі орнына тайып (шығып) кетуі мүмкін (Г.А. Ишмухамедов, 1995)

Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалармен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу (сотресенние) немесе контузия дейді. (Белов А.Б, 1990)

Физикалық жарақат ыстық суықтық электрдің және сәуленің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тоғы немесе найзағайдың әсері жатады (Г.С. Кузнецов, 1980)

Химиялық жарақат мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары соғыс, улану заттары және т.б.

Химиялық заттардың әсерінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық заттарменен паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі.

Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жерлеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады (фосфор, СҰЗ)

Биологиялық жарақат организмде вирус, микроб, саңырау құлақ, паразиттер, мал және өсімдіктер әсерінен пайда болады (Шакалов К.И. 1961).

Жүйке – стрестік жарақаттар малға көру, есту анализатры жүйесі арқылы малдың психикасына стрестік жағдайларының әсер етуімен пайда болады. Стрестік жағдайлардың малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғыртқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айрықша төмендетеді, әлсіреп қажыған малдар естен танып өліп кетуі мүмін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда көп кездеседі. (Г.А. Абишев, 1975)

Ауыр механикалық жарақаттар электр, ыстық-суықтық және химиялық заттардың әсерінен жарақаттанған мал бас кезде естен танады. (коллапс, шок, салдану.)

Салдануға, шалдығуға апаруы мүмкін кейде мал өліп те қалады. Мал терісінің бүтіндігі бұзылып жара пайда болады, егер жарадан көп қан кетсе мал қансырайды, жара арқылы организмге микробтар еніп жара асқынуы мүмік. Көлемі үлкен жабық жарақаттарда сол жерде пайда болған өлі ұлпалардың уыты организмді уландырады (травматич, токсикоз). (Б.А. Петров, В.И. Дорофеев, 1953)

Жарақаттану туралы түсінік


Күтімі тіршілік жағдайы бірдей жануарлардың зақымдалуын тудыратын жарақаттар қосымдылығын жарақаттанулар дейміз. Олар бірнеше түрге бөлінеді. Өнеркәсіптік – механикалық, малды пайдаланудағы спорттық, транспорттық, соғыс азықтандырудағы және жыныс жарақаттанулары (Т.С. Касенов,1992)

1. Өнеркәсіптік-технологиялық жарақаттану малға дұрыс жағдай жасалмағаннан, зоогигиеналық талаптар орындалмағандықтан туады. Мысалы: мал тұрған қора өте дымқыл, лас болса, едені тегіс емес тесік саңылаулар болса, желдету жүйесі жоқ болса т.б. қажет емес заттар жатады. (Карий, 1980)

2. Малды пайдаланғандағы жарақаттану малды дұрыс пайдаланбаған болады. Мысалы: жылқыны дұрыс ерттемесе аныттың өлшемі дұрыс болсамаса сиыр сауу машиналарының кемістігі, сауу талап-ережелерін қадағаламау.

3. Атты спорт жарақаттануы. Жылқыларды дұрыс жаттықтырмағанда және спорттық дұрыс орындарында жарыс орындарында кездеседі.

4. Транспорттық жарақаттану. Малды машинамен, пойызбен, су және әуе транспортымен тасымалдағанда пайда болады. Мұнда негізінен малдың статодинамикалық аппараты зақымдалады.

5. Соғыс жарақаттануы соғыс кезінде малға қарсы қару жарақ қолдағаннан пайда болады.

6. Азықтандырудағы жарақаттану негізінен мал азығын дұрыс дайындамағандығынан, азықтың сапасының төмендігінен, жайылымның жағдайының (темір-терсек, шегемен ластану, улы шөптердің өсіп өнуі) жамандығынан пайда болады.

Сонымен қатар малды ірі кесекті, тоңазып қалған түбір тамырлы (қызылша, картоп) азықпен қоректендіргенде кездеседі. Мұндай азық көбінесе малдың өңешінде тұрып қалады. Мал далада елеусіз қалған ауыл-шаруашылығында пайдаланатын улы химикаттар және дәрілермен уланып қалуы да мүмкін.

7. Жыныс жолдарының жарақаттануы мал қораларда бұқа қашардың бір-бірінің үстіне секіріп жыныс мүшелеріне және анустың аумағын зақымдануынан туады. (Кабыш А.А. 1986)

Организмнің жарақатқа жауабы жергілікті және жалпы түрінде өтеді. Жергілікті реакциясы қабыну түрінде болады. қабыну организмнің зиянды огенттерге деген күрделі реакциясы. Ол қан тамырларының дәнекер ұлпалардың жүйке жүйелерінің жеке дара зақымдану реакциясы (З.К. Қожабеков және Ә.М. Өтеновтен, 1992) болады.

Қабыну сыртқы әсерлерге (механикалық, физикалық, химиялық, физиологиялық) жергілікті қарсы қорғаныс – бейімделу реакциясы.

Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерін айырады. Асептикалық қабыну көбінесе жабық жарақаттарды дер кезінде емделіп жаңадан пайда болған жараларда кездеседі. (Т.С. Сайдулин 1992)

Инфекциялық қабыну ұлпаларға әр түрлі ауру тудыратын қоздырғыштарының енуінен пайда болып жіті және ауыр түрде өтеді.

Қабыну процесі екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде гидратация құбылыстары пайда болады, яғни ұлпалар ісінеді және эксудат жиналады. Бұл өзгерістер қабыну аумағында және патогендік агенттердің зиянды әрекеттерінен пайда болады. Қабынудың клиникалық белгілері: ауырсыну, қызару, домбығу, жергілікті қызуының көтерілуі, функциясының бұзылуы.

Екінші кезеңде – дегидротация яғни қан айналымын реттеу, біртіндеп тамырдың жиырылуы, зардап шеккен аумақтың қайта құрылуы. Қабынудың нормаэлгиялық, гиперэргиялық және гипоэргиялық түрлерін айырды.

Олар организмге патегендік фактордың өзара қатынасы, себебі арқылы, макрооргонизм мен микроорганизмдер арқылы анықталады. Егер организмнің қорғаныс күштері басым болса, қабыну жазылуымен аяқталады, ал егер керісінше болса, онда процесс созылмалы немесе септикалық түрге айналады. (Г.С. Кузнецов, 1980)

Организмнің жарақаттық жалпы әрекеті


  1. Коллапс – уақытша, кенеттен пайда болатын жүрек қызметінің бәсеңдеуі және қан тамырының қысымының төмендеуі.

Мұнда артериялық қысым бір төмендеп, бүкіл организмнің өмірлік қызметтері бәсеңдейді. (А.В. Вишневский, 1929)

Коллапс пайда болу себептеріне жарақаттанған малдың көп қан кетіп қансырауы, қатты ауырып тітіркенуі жатады. Кейде ол ұлпалардың ыдырауынан пайда болған уыт денеге тарағанда, қатты қорыққанына, бұлшық еттердің қажығанында пайда болады. (А.А. Веллер, 1933ж.)

Клиникалық белгілері организмнің кенеттен туатын жалпы әлсіздігі (қоректігі) малдар көбінесе жатып алады, қан тамырдың соғысы әлсез, жиі, болар-болмас білінеді, дем алысы сирек, үстіртін көз шырышты қабығы (слиз оболочка) ағарыңқы көкшіл болады. жалпы дене қызуы төмендеп сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне әрекеті бәсеңдейді. Аяқтары салқындап, бұлшық еттері босаңсиды. (Поваженко И.Е, 1955ж.)

Шок естен тану басында қысқа уақыт қоздырып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең қиналуға ауысатын малдың жалпы ауыр күйі.

Шок деген сөзді (ағылшын сөзі) ХҮІІІ ғасырдың басында француз дәрігері Ле –Дран енгізген және шоктың негізгі ауру белгілерін (симптом) анықтаған. Терагоз дүниеде бірінші болып (потогенезіне) аурудың даму барысына түсінік беріп, оның емі мен алдын алу шараларын ашты. Естен танудың жіктеулі себептеріне байланысты:


  1. Жарақаттан пайда болған әр түрлі зақымдалудан туатын.

  2. Операциялық естен тану-шала немесе жансыздандырудан туатын түрі.

  3. Гемотрансузиялық – сәйкес емес қан құйғанда, сәйкессіз белок еккенде болады.

  4. Анафилактикалық – алдын ала бөгде белокпен немесе бактерия уытымен (сенсибилизацияланған) сезімдендіру кезінде болады.

Бұлардың ішінде жарақаттың әсерінен туатын естен тану өте жиі кездеседі. Белгілері пайда болатын уақытына байланысты., естен танудың алғашқы және кеш пайда болатын түрлері болады.

Алғашқы естен тану мал жарақаттанған кезде мезгілде немесе жарақаттанғаннан кейін бірнеше минут пен бірнеше сағаттың ішінде пайда болады.

Алғашқы естен тану 3 кезеңде болады


  1. Кенет қозумен сипатталып электальды деп аталады

  2. Топрпидті кезең қатты тежелу

  3. Салдану өліммен айқындалады.

Мұндай малдарға операцияны жергілікті немесе жалпы жасыздандыратын жасау қажет. (А.А.Вишневский 1933ж.)

Этиологиясы (себебі) – естен тану мына жағдайларда кездеседі: бұлшық еттердің, көлемді, жарақаты, оған қоса сүйектің сынуы, жүйке бағанасының (стволы) қосылып қалуы ішкі ағзаларға операция жасағанда шажырқайдың (брыжейка) қатты соғылуы.

Кеуде қуысы жарақаттанғанда, әсіресе сол қуысқа ауа енгенде (пневмоторакс) мал туғанда дұрыс көмек жасамағанда күюдің 2,3,4,5 – дәрежесінде және т.б.

Жарақат осындай күрделі дамумен өтеді және көп түрде малда кездездеседі, зияндық әсерін тигізеді, сондықтан жарақаттануды көптеген ғылымдар зерттеген. (Г.А. Абишев 1975ж.) Ақтөбе мен Семей облыстарындағы колхоздарда ірі қара мал жарақаттануын зерттеп, жарақат алған жануарлар 3,7,8 пайызы оның жабық , ал оның ішінде 64,2 пайызы ашық жарақаттар – жаралар деп жазады.

Л.И. Целишев 1965 жылы Ставрополь өлкесінде қой жарақаттануын анықтады. Ол соны хирургиялық ауруларды ішінен бірнші орын алатын қой жарақаты екенін көрсетеді. Мысал ретінде басқа шаруашылықтағы жануарларды алады. Қойда арықтауы байқалады, жүн өсуі бәсеңдейді, организмнің инфекцияға деген қарсылығы төмендейді және келтірілген зардаптарын көрсетеді. Көптеген жарақат қойларда қырқу кезінде кездеседі. Жарақат 90 пайызға дейін жетеді. Сонымен қатар қырқу кезінде сүйек сынуы, ішкі мүшелердің жарылуы бастың миына қан кетуі де анықталып жатады. Тері жарақатына көп мөлшерде шыбын қонады, олар тек жараға инфекция алып келіп қана қоймай, сол жараның көлемін үлкейтеді. (Ф.З. Бесков 1938, В.Г. Бранцев 1929ж., С.С. Григолов 1928, а.А. Гусев 1953ж.) Мұндай жарақат баяу жазылады, ол іріңдейді сепсис туғызады және жануарлар өліп кетуі де мүмкін. (А.А. Кабыш, н.Н. Бурденнок 1968ж.).Ең жеңіл зақымданудан күрделі процесі туады. Ол организмдегінің хәліне әсер етеді деп белгіленеді. Е.Н. Абсатаров 2001, Е. Абдрахманов 2000 терінің іріңдеп асқынуы, оған инфекция түскеннен кейін болатынын белгіледі. Инфекция тері ішінде немесе тұяқтың зақым алғаннан кейін ішінде дамиды. Мысалы: шегені немесе темірдің басып кетуінен, тағаны тазалағанда табандағы мүйіздің сынуынан және оның түсіп қалуынан және де ұлпалардың жақын орналасуынан болады мысалы: оның ішіндегі ірің тез жиналады. (И.А. Ленец, 1986)

Л.А. Лосев (1935) жылы барлық іріңді қой бақайларындағы инфекциялы табиғи зақымдану некробактериозды немесе тұяқтың іріңдеуін туғызады деп есептейді. Мутовин В.И. (1958) өзінің тазалы емес жерлерде тұратын жануарлардың сан алғандағы тұяқтарының тазаланбайтындығына, таң қалатынын хабарлайды. Сонымен қатар аурудың маңызды себебі ол инфекция және аурудың таралуы. Ақ сызық бойынша мүйіздің бұзылуы көбінесе үлкен енділеу келген тұяқтағы сызық яғни мүйізді дефекті болады. ақ сызықта болатын саңылау іріңге, құмға және кірге толады. Ең қатаң жағдайда осы саңылаудың тереңдігі соншалық тері негізінде жетеді (А. Бурденнок). Б.К. Ильясов 2001 ж. бойынша мал организмінде жарақаттанушы факторлардың әсерінен ұлпалармен мал мөлшерінде кешенді түрде морфологиялық және функционалды болуымен өтетін патологиялық процесті жарақат табылады. Жарақаттанушы факторлар мал организміне әсер еткеннен кейінгі белгілі уақыттан кейін болады.

3. Өзіндік зерттеулер

3.1. Зерттеу материалы мен әдістері
Жұмысты орындауға материалдар ретінде “Айболит” орталықтың емханасына алып келінген, негізінен ұсақ үй жануарлары (ит, мысық) болатын Өстемір қожалығындағы екі қой болды.

Зерттеу жұмыстарына анализдік деректер, жануарларға жалпы зерттеу (Т., Тс., Та.) клиникалық бақылау және хирургиялық әдістер қолданылады. Ашық жарақаттарды емдеуге төмендегідей құрал-асбаптар, дәрі-дәрімектер және тігін-таңғыш материалдары қолданылады.

Дәрілер: 5% йод тұнбасы, 3% перманганат, новакаин, кальций глюканаты, кальций хлориді, асқын тотығы, стрептоцид, 70 % йодталған спирт, пеницилин, стрептомоцин, вишневский және т.б. Құрал асбаптары: скальпель, пинцет, ине, қайшы, шприц, клейц (кемпір ауыз) т.б. Тігін таңғыштар: дәке, тампон, мақта т.б.


3.2. Шаруашылыққа және Айболитке сипаттама

Өндірістік машақтануды Талғар ауданы, Өстемір ел мекенді ауылындағы “Құс фабрикасында” жұмыс жасаймын. Мен сол Өстемір ауылындағы адамдардың қойларын емдедім.

Құс фабрикасында “бройлер” тауығын өсіреді. Ол жердегі тауықтарды 40-45 күнге дейін, болмаса 50-55 сақтап болып, тауық соятын жерге алып барады “Убойны цехқа”. Ол жердегі сойылған тауықтардың етін сатуға жіберіледі. Құс фабрикасының аты “Алтын Айдар”. Ол қаладан 73 км жерде қашықтықта. Мен енді қой жайында айтсам, жұмыс уақытында интсрументтерді, дәрі-дәрментер, таңып байлайтын заттарымды алып, емдеуге кірістім.

Ол жерде аптекасы және канторы бар, және де лабароториясы бар. Алматы қаласындағы “Айболит” емханасы Розыбакиев, Жамбыл көшелірінің қиылысқан жерінде орналасқан, емхананың көлемі 200кв. м. аумақты алып жатыр. емхананың кірген жерінде ауласы бар. Ауланың сол жақ жағында ұсақ үй жануарына арналған қонақ үй орналасқан. Қонақ үй бетоннан салынған екі бөлмеден тұрады. Әр бөлмесі ит және мысық тұратын үйшіктер тобымен тұрады. Ауланың оң жағындағы есіктен кіргенде операциялық бөлмесі орналасқан, екінші бөлмесі дәрігерлер отыратын және де малды қабылдайтын бөлме, түпкі бөлмесі болса, дәрі-дәрмектер тұратын бөлме. “Айболит” емханасында бес қызметкер бар.

Емхананың бас дәрігері Аханова Күләш, одан басқа хирург Андрей Грегориевич Симицин, терапевт Ольга минкина және екі вет фельдшер бар. Аптекада отандық және шет елдік дәрі-дәрмектер бар.


    1. Зерттеу нәтижелері

Талғар ауданы Өстемір ауылының ветеринары болып, өзім жұмыс істеп жүрген жерімде өз жұмысымнан басқа, қойларды өзім емдедім. Қойды маған алып келген адамның 10-15 қойы бар, 1 жылқысы 2 сиыры да бар екен.

Малға жақсы жағдай жасалған. Орталдық үйінің ішінде қой тұратын стационар бар.

Аулада әр түлікке арналған қоршалған қоралар бар.

Малдың асты күнделікті тазартылып тұрады.

Малдары уақытында профилактикалық ісшара жүргізіліп, құнарлы жем-шөбін береді. Осындай жағдайда малдарда жарақаттанулар болмайды. Ал маған емдеткен екі қой болса біреуі жайлауда жараланған, екіншісі қораның сыртында жүргенде жараланған. Өстемір қожалығының қойдан басқа жергілікті тұрғындардың ұсақ үй жануарлары ауырса әкеліп тұрады. Ол дипломдық жұмыс орындауға аз, жеткіліксіз болғандықтан мен “Айболит” емдеу орталығынан статистикалық дерек жинадым. Әр операцияға жансызнадыру жасалмайды, ол жергілікті және жалпы түрі қолданылады.

Жергілікті жансыздандыруды 5% новакаин ерітіндісімен жасайды. Бұл төменгі операцияларда пайдаланады: жараны өңдеуде , абсцесс, флегмананы жаруда, кішігірім жарық ісіктерді емдегенде , тағы сол сияқты ауруларды, мұнда инфилтациялық әдіс қолданылады. Ал күрделі операцияларда овариоэктомия, кесер тілімінде, ішек контрастазында, күрделі жарақаттарда, осетосинтез жасағанда тағы осы сияқты операцияларда жергілікті және жалпы жансыздандыру қолданылады.

Жалпы жансыздандыру мекемелерде әр түрлі қолданылады, жиі қолданатын норкотикалық миорелаксанаттар 2,5% аминазин ерітіндісі калипсел, рампун, димедрол.

Оларды малдың салмағына шектеп, мөлшерлеп жібереді.

Төменде иттерге қолданылатын дәрілер және олардың мөлшерін келтіреміз.



К/с

Препараттардың аты

Қолдану әдісі интервалы

Орташа мөлшері


1

Аминазин

Бұлшық етке, қанға

1 – 5 м/кг 0,5

2

Калипсол

Бұлшық етке, қанға

10-20м/кг 5 мг.

3

Ромитор

Бұлшық етке, қанға

1-2 мг/кг

4

Димедрол

Бұлшық етке, қанға

0,5 -1 мг/кг

Күрделі операциядан кейін қолданған дәрілердің күші қайтқанда ит-мысық иелеріне 1-2 күн аналгин, димедрол қолдану ұсынылады, өйткені жануарлар қатты ауырсынуды көтере алмай естен тану мүмкін.

Осымен қатар құрсақ қуысын жарып ішкі ағзаларға операция жасағанда жарақаттануға және асқынуға қарсы алдын-ала әрекет ретінде Мосин бойынша іштің жүйкелерінің және симпатикалық бағананы плевра үстілік новокайн тежеуішін жасайды.

Айтылған жүйкелерді тежеу үшін ине шаншитын орнын анықтайды. Ол малдардың соңғы қабырғасының алды немесе арты жағындағы жамбас қабырғалы бұлшық етпен арқаның өте ұзын бұлшық етінің арасындағы ойыс.

Көзбен мөлшерлегенде ірі малдарда жота қырынан бір алақан ұсақ малдарда екі үш елі шамасындай жерден шаншиды. Инені көлденең бетке 30-35 бағыттап омыртқа денесінің аралығында болады.

Ине дұрыс тұрған болса, одан қан ақпайды және ол арқылы ауаның кіріп-шаққаны байқалмайды. Осыдан кейін иненің ұшын сәл кейін тартып сагиталды бетке 10-15 қисайтып омыртқа астына бағыттайды. Инені шприцке жалғап 0,5% новокаин ерітіндісін жібереді.



Ол еркін кедергісіз бару керек. Шамалы ерітінді жіберілгеннен кейін шприцті инеден ажыратып иненің дұрыс тұрғанын байқау керек. Егер иненің ұшы эпиплевралды борпылдақ ұлпада тұрса , оның өздігінен бір тамшы ерітінді шығарады да өзегі ертінді мен толып тұрады. Иненің дұрыс тұрғанына көз жеткізгеннен кейін ерітіндінің қалғанын жібереді. Новокайынды мына есеппен жібереді: 1 кг салмағына қарай: ірі малдарға 2 мм. Ұсақ малдарға 0,5 мм. Новокаин ерітіндісін барлық мөлшерін малдың екі жағынан кезектеп теңбе-тең порциямен жіберу қажет. Бұл тежеу перитнитте, руменотомия, овариоэктомия жарыққа операция жасағанда жанбастық аяқтарының ауруларына қолданылады. “Айболит” емдеу орталығының 2006-2007 жылғы деректері:


К/с

Жарақаттың түрі

Қара мал

Иттерде

Мысықта

Жалпы саны

1

Жаралану

2

29

15

45

2

Соғылу,созылу

1

7

5

13

3

Буын аурулары, бұрса

1

1

1

3

4

Сүйек сынуы




16

10




5

Минфоэкспровозат гемотомалар




2

1

3

6

Жарықтар




5







7

Абсцесс, флегмона

2

5

3




8

Бөгде заттар енуі




3

5

8




Барлығы

6

118

65

119

Осы деректер бойынша қара мал өте аз, оның себебі де бар, ірі малда шаруашылықтан қала ортасына алып келіп жүрмейді, алып келетін болса әдейілеп жем-шөбін қосып ала келеді.

Қазіргі кезде жануар емдейтін емдеу орындары көбейіп кеткеннен соң емделетін жануарлар саны аз.

Жаралы қойдың тарихынан

Анамнезі:

06-07.06

Т – 396 – 40 жасы 7 ай қойдың түр түсі

Тс – 78 – 80 ақ, қой негізінен жайлауда

Та 28-30 жүр екен қойды бағып жүрген қойшы, қойларды суаруға арықтың жанына алып барыпты. Қой сол жерде арықтың жиегінде тұрған бір темірге жараланыпты – дейді қой иесі

Қойдың жараланған ұлпасы

Клиникалық белгілері: алдыңғы оң аяғының төске жақын жерінің жүні түсіп, терінің эпидермис, дерма қабаты түгелдей жырылып, шел қабаты ісінген. Жараның қабырғасы сәл ашылып жараның айналасы ыластанып домбығып, ұстап қарағанда жергілікті қызуы бар, ауырсынады, аққан қанның іздері қоңыр түсті болып қатып қалған.

Қойды бекемдеу.

Емі: қойды біз оң аяғынан басқасын байлап өзімізге ыңғайластырып, алдыңғы оң аяғын байладық, емді хирургиялық емдеуден бастадық. Жараның айналасының жүнін диаметрі бойынша 2 см. қашықтықта қырып 5% йодталған тұнбасымен 70% йодталған спиртпен жараның айналасын сүртіп емдедік. Жараның аузындағы қатып қалған қан қабыршақтарын скальпель және пицетпен алып тастадық. Жараның ұзындығы 3-4 см., тереңдігі 1,5 см. жара кездейсоқ болғандықтан ашық емдедік, 3% пермангант ерітіндісімен, шприцын қысым жасам жара қуысына шунгарин майын жағып, тампон салып, үстінен бекемдедік.

08.07.06

Анамнезі:

Т – 39,5

Тс – 75


Та – 25

Клиникалық белгілері

Қойдың жалпы жағдайы жақсы, жем-шөбін жейді, суын жақсы ішеді.

Жараның қырғалары аздап ісігі азайған, қуысы дымқылдау, бірақ іріңді эксудат көрінбейді. Жара айналасының терісі қатайған. Аздаған ауырсыну байқалады.

Жергілікті қызуы басылған

Емі. Жараның байламы алынғаннан соң, жара қуысына шунгарин майын жақтық. Жараның айналасына хирургиялық өңдеу жүргіздік.

10.07.06

Анамнезі:

Т – 38,5

Тс – 75


Та – 23

Клиникалық белгілері:жараның қабырғасы жақындап бітуге дайын.

Екі жағынан түйіршікті жаңа қызғылт түсті ұлпа шыға бастаған. Жара аузы бітелуге жақын қалды, домбығуы, ауырсынуы басылған жергілікті қызуы жоқ.

Емі: жараға хирургиялық өңдеу жасалып болған соң оған вшневский майы жағылды.

11.07.06

Анамнезі:

Т – 38,3

Тс - 72,5

Та – 19,3

Клиникалық белгілері: жараның қуысы түйіршікті ұлпаға толған, қызғылт түсті, жылтыр, жара қабырғасында ісіну, ауырсыну жоқ.

Жануардың жалпы жағдайы жақсы.

Емі: жараны емдеудің ең бастысы түйіршікті ұлпаны сақтау болғандықтан, вишневский бальзамын жағып айналасына тек қана хирургиялық өңдеу жүргізумен шектелуі.

12.07.06

Анамнезі:

Т – 38,- 40

Тс – 76 – 80

Та – 20 - 30

Клиникалық белгілері:

Жараның аузы түгелдей бітеліп, түйіршікті ұлпа қатайып, аздаған тыртығы бар, жара толықтай жазылған, ем тоқтатылды.

Тістелген жарасы бар қойдың ауру тарихынан

Анамнезі:

10.08.06

Т – 39


Тс – 75

Та – 29


Қойдың жасы алты ай. Қойдың түр-түсі ақ “Меранос”Тұқымынан иесінің айтуы бойынша қорадағы қой шығып жүргенде ит тістеп алған, бұдан 2-3 күн бұрын.

Клиникалық белгілері: жара қойдың оң жамбасында, бетінде орналасқан. Жараның айналасы ұйыған қанмен қабыршақтанған, қара қоңыр түсті, аузы ашық қабырғалары домбыққан. Жараның ұзындығы 3-4 см., тереңдігі 1,5 –2см. Жем шөп жеуі, су ішуі жақсы болғанмен жара орны ауырсынады. Өйткені қой жатар алдында ақырындап, әрең артқы аяқтарын жинап жатады. Емі: жараның айналасына туалет жасадық (жүнін қырқып, химиялық антисептика қолданып) оның ішін немесе қуысына асқын тотығы ерітіндісін (1:5000) 10мм. шприцпен қысым жасап жуып шайдық, жара қуысына дәкеден жіңішке кәріз жасап, оны NaCl ерітіндісімен малып ішіне енгіздік ұшы жарадан шығып тұратындай қылып жасадық.

Клиникалық белгілері: жарасы бұрынғыдан жақсылау.

Емі: жараның қуысынан кәрізді алып, оның ішін ішін Н2О ерітіндісімен жуып шайдық. Оның қуысынан көпіршікпен бірге іріңнің және өлі еттенген торшалардың қабығы шықты. Екінші рет KMNO4 ерітінді құрғаттық. Дәкеден жіңішке етіп, кәріз жасап оны шунгарин майына батырып, жара қуысына енгіздік.

11.08.06

Т – 38


Тс – 75

Та –26


Клиникалық белгілері: жараның қабырғасының ісінуі басылып жұмасрып, бір-біріне жақындапты. Ауырсыну байқалмайды, дәкені алып, жараның айналысан хирургиялық өңдеу жасап, оған вишневский майын жақтық.

13.08.06


Т – 38

Тс – 75


Та 25

Клиникалық белгілері: жараның аузы жабылған, қызғылт түсті домбығу ауырсыну байқалмайды. Оның аузы бүршікті ұлпамен толық жабылған. Жара айналасының терісі қалыпты жағдайға келген. Жараның жазылуына байланысты ем тоқтатылды.

Жаралы иттің ауру тарихынан

Тұқымсыз қара ала 3 жастық еркек ит.

03.05.06

Аномнезі:

Т – 38 – 38,6

Тс – 73 – 80

Та – 15 –25

Ит үй жағдайында өмір сүреді, күтімі жақсы далаға шығып келіп жүреді, бұл жолы үйге келген. Екі күннен соң өзі келді, мойнында жырылған жарасы бар.

Клиникалық белгілері: иттің жалпы жағдайында өзгерістер білінбейді, зерттеу кезінде, құлағының төмен жағында мойнында жарылған жара бары анықталды. Жараның шеттері тегіс емес, бұлшық еттері көп зақымдалмаған, көлемі ұзындығы 4-5 см. кеңдігі 3 см. Айналасы кепкен қанмен қабыршақтанып қалған.

Емі: хирургиялық өңдеу жүргіздік жараның шеттерін тегістедік, өлі еттерін тазарттық. Осыдан кейін жақсылап 1% калий пермаганат ерітіндісімен жуып шайдық, жараның аузына тігін салып шеттерін жақындаттық. Жіптерді байлау алдында жараның қуысына шунгарин майы жақтық, содан соң жіптерді тығыздап байлап, үстінен дәкемен уақытша таңдық.

24.05.06

Т – 38 – 38,4

Тс – 75 – 80

Та – 15 – 25

Иттің жағдайы жақсы, аумағында ісіну, ауырсыну жоқ, беті құрғақ, тігіндер таратылмаған. Ем қолданудың қажеті жоқ.

08.05.06

Т – 38 – 38,2

Тс – 77 – 80

Та 15 – 25

Иттің жағдайында өзгеріс жоқ. Жара бетіндегі тігіндер орнында босалмаған тарқалмаған беті құрғақ.

09.05.06

Т – 38 – 38,0

Тс – 78 – 80

Та – 15 – 25

Жараның беттері бір-бірінен түйісіп бірінші жетілуімен жазылды. Тігіннің үстін спиртпен өңдеп, шетінен бір-бірлеп алдық. Емі: осымен бітті

Жаралы мысықтың ауру тарихынан


04.06.06

Анамнезі:


Т – 38,8

Тс – 73


Та – 15-25

2 жастағы сары-ала ұрғашы мысық. Мысыққа ем ретінде қан тамырына кальций хлорид ерітіндісі жіберліген, абайсызда жартысы тер астына, кейін оған шара қолданылмаған, 2-3 күннің ішінде ауырсыну, қызуы көтеріледі. 4- ші күні осы “Айболит” емханасына алып келеді.

Клиникалық белгілері: артқы сол аяқтың асықты жілік аумағынан сырт жағының, орта жерінде тауықтың жұмыртқасындай болған домбығы бар, басып көргенде шет жақтары тығыз, ал орта жері жұмсақ, қызуы бар, ауырсынады. Инемен тесіп көргенде азғана қығылт сұр түсті эксудат бары анықталады.

Емі: жарып емдеуге ұйғардық, операциялық алаңды талабына сай өңдедік, содан соң өткір скальпель қабынған жерді жардық, ұзындығы 5 см., ажырауы 2 см, тереңдігі пайда болды. Ем ретінде хирургиялық өңдеу, стутегі асқын тотығының 3% ерітіндісі, стрептацид, 1% калий пермаганат ерітіндісі, стрептоцид ұнтағын қолдандық.

Жараның қуысынан қанды эксудатқа араласқан өлі еттер шықты, бірақ толық тазарған жоқ.

06.06.06


Анамнезі:

Т – 38,7


Тс – 74

Та – 15


Жалпы жағдайы жақсы. Жараның аузы ашық ішінен сары қызғылт эксудат ағып тұр. Айналасы ластанған жара аузынан жиектері ұлпалары өлі еттенген кеңінен. Хирургиялық өңдеуі тағы толығымен жүргіздік. Өлі еттенген тазартылған жараның қуысы үңірейіп қалды. Мөлшері бұрынғыдан да 0,5 – 1см-ге дейін тереңірек және аузы кеңейіңкіреген. Хирургиялық өңдеуден кейін 3% сутегі асқын тотығы еретіндісімен жақсылап жуып-шайдық, кальций пермаганат ерітіндісін және вишневский майын қолдандық.

12.06.06


Т – 38,5

Тс – 76


Та – 15

Мысықтың жалпы жағдайы жақсы, жараның айналасындағы домбығуы көп қайтқан, қуысы тарылған, ішінде сәл эксудат бар, мөлшері кішірейген, аузы тартылып, ұзындығы 3,5 – 4 см.-ге дейін, аузының ажырауы 2 см. тереңдігі 2 см-ге дейін болған. Жараға бұрынғы емді қайталадық.

13.06.06

Т – 38,4


Тс – 77

Та – 15


Мысықтың жарасы толық жазылды, орнында тыртық қалды. Біздің қолданылған ем нәтижесі болып шықты деп санаймыз.

3.4.Экономикалық тиімділікті есептеу

Дипломдық жұмысты орындау барысында жаралған жануарларды емдедім. Емдеген екі қойымның басы аз болғандықтан экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіншілік болмады, зерттеу жұмысында жарақттанған әр деңгейдегі 2 қойды емдедім. Оларға кеткен шығындар төмендегідей болады. Емдеуге қолданылған құралдар таңғыш мтериалдары мен дәрі-дәрмектер шығыны төмендегіей:






Жұмсалған препарадтардың аты

Препарадтардың өлшемі (апмул)

Препарадтардың құны (теңге)

Емделген уақыты (тәулік)

Жалпы бағасы (теңге)

1

Йод спирт

200 мл

80




80

2

5% йод

100 мл

80




80




3

3% перман

20гр

160

Күрделі дәрілер

160




4

Шунгрин

1дт

50

қоспасымен

50

5

Шприцтер

10шт

5

орта есеппен

50

6

Стрептоцид

100гр

70

жануарлар

70

7

Виневский

1 тюбик

90

6 тәулік

90

8

Новокойн

2 ампул

10

емделді

20

9

Антибиотик майлары тетрациклин

1тюбик

200




200

10

Дәке

3 пакет

50




250

11

Тампон

50 штук










Жұмсалған барлығы жалпы шығын

1200


ІҮ. Еңбек қорғау


Қазақстан Республикасының еңбек заңы. Қазақстан Республикасының президентінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы жарлығымен бекітілді.

Еңбекті қорғау құқықғына әрбір жұмыс істеуші адам ие болады. Жұқпалы ауру малдарды күтуші адамдардың денсаулығына байланысты еңбек қорғау шаралары:



  • Жұқпалы аурулар кезінде олармен жұмыс істеуге жасы он сегізге толмағанадар жіберілмейді.

  • Жұқпалы аурумен ауырған малдар тұрған жерге бөтен адам кіруге болмайды.

  • Адамға жұққан әрбір аурулар жайында 4 дана акт жасалынады.

  • Шаруашылық басшылары жылына кем дегенде бір рет өз қарамағындағы жұмысшылары медициналық бақылаулардан өтіп тұруын қадағалау тиіс.

  • Жұмысшыларға арнайы киімдерден бөлек, санитарлық киімдер де бөлінуі тиіс, арнайы және санитарлық киімдерен басқа киюге тыйым салынады.

Санитарлық киімдерді басқа жерлерге киюге болмайды. Барлық санитарлық және арнайы кимдер дезинфекцияланып тұруы тиіс.

Дезинфекция және дератизация жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі: дезинфекция дератизация шараларын жүргізген кезде әр жұмысшы өзінің жеке қауіпсіздік ережелерін білуі қажет.

Жұмысты орындаушылар арнайы норма бойынша санитарлық киім киюі шарт. Кілегей қабықтарды қолданып жүргізілетін тек қана противогаз киіп жұмыс істеуге болады.

Қышқыл, сілті тағы басқа да уытты әсері, күшті заттармен жұмыс істеген кезде қорғаныш көзәйнек киіп жұмыс істеу қажет.

Химиялық улы заттар, бактериялы препараттар және химиялық улармен жұмыс істеу кезінде тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды. Жұмыс жүргізіп болған соң қолды, бетті жылы сумен жуып отыру керек.

Ыдыстармен басқа құрал-саймандарды екі процент ерітіндісімен суда жуу керек.



Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау.

Қазақстан Республикасының еңбек қорғау-құқықтық, санитарлық, техникалық, экономикалық және ұйымдық шараларды еңбектен қауіпсіздендіруге бағытталған үлкен бағдарлама.

Әлеуметтік өндірістің кез-кезген аумағында адам ең маңызды және бағалы болып саналады. Сондықтан өндірісте адамның өмірін және денсаулығын қорғау кәсіби орынның ең маңызды міндеті болып саналады.

«Қазақстан Республикасы еңбек қорғау» бойынша жұмыстар ұйымдастыру тәртібіне сәйкес шаруашылықтарда жыл сайын өндрістік және аумақтық көлемдер бойынша еңбек қорғауға жауапты мамандар мен мүдделі тураларға жауапкершілік туралы бұйрық шығарды.

Шаруашылықта және Айболитте әйелдер мен жас өспірімдер еңбек заңдылықтары қатаң сақталады.

Өндірістік процестерге байланысты бақытсыз жағдайларда болдырмау мақсатында 0004-79 120 млн. стандартқа сәйкес жиі-жиі жұмысты қауіпсіздендіру әдістерін оқытады.

Инструктаж жүргізгені туралы арнайы тіркеу журналында жазады. Шаруашылықты еңбек қорғау бойынша кабинет бар.

Ол еңбек қорғау бойынша ұйымдық және оқу орталығы болып саналады. Мал шаруашылығы жұмыскерлері толығымен арнайы аяқ киіммен, жеке басын қорғау заттарымен қамтамасыз етілген.

Мал шаруашылығында пайдаланылатын машиналар мен механизмдер жұмыс істеуге арнайы дайындалған жұмыс орнына қауіпсіздік техникасы инструктажынан өткен тұлғалар жіберіледі.

Мұндай жұмысқа 18-ге толмағандар жіберілмейді. Мал шаруашығы жұмыскерлеріне мал бағу бойынша инструктаж жүргізіледі.

Жұқпалы аурумен, ауру балықтарды қарауға медициналық тексеруден өткен тұлғаларды жіберіледі.

Бақытсыз жағдайларды тексеру және есепке алу, және сараптау Қазақстан Республикасының бекітілген нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Жарақаттану салдарынан есептік уақыттан 80 еңбекке мүмкіншілік күн жоғалтады. Шаруашылықта және Айболитте жарақаттануға қарсы шаралар міндетті деңгейде жүргізіледі.

Жұмыс орындары қауіпсіздік техникасы бойынша инструкциямен қамтамасыз етілген. Өрттің алдын алу жағдайы шаруашылықта және Айболитте өртке қарсы шаруалардың орындалуына жауапкершілікке әкімшілік шаруашылықтың директорының орынбасары тағайындалған, өртке қарсы ерікті ұйым құрылған. Азық сақтау қоймалары өрттен қорғау себімен салынған.


Қоршаған ортаны қорғау


Табиғат пен адам өзара тығыз байланысты. Адам өз өмірінде табиғатқа айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты табиғатты қорғаудың көптеген шаралары қарастырылуда. Өйткені мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді (топырақ, су көздері, ауаны) ластау орны толмас зардаптар қалдырады.

Бұл экологиялық дағдарыс қауіпін тудырып отыр. Көп жағдайларда қоршаған ортаны қорғау, айналаны тазарту, жерге органикалық тыңайтқыштар беру тағы басқалармен шектеліп келеді.

Бұдан адамзатқа түсетін көп жеңілдік жоқ.

Адамзатты экологиялық дағдарыстан құтқару үшін істі табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастаған жөн.

Сонымен экология табиғатты қорғаудың теориялық негіздері мен оны дұрыс пайдалану, қоршаған ортаны қорғау түрінде сипатталады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау маңызды мемлекеттік мәселелердің бірі болып табылады.

Табиғатты қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген жер, орман-тоғай, су көздерін жүйелі падалану туралы заңдар қарастырылған. Қазіргі кездегі басты мақсаттардың бірі табиғат ресурстарын жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне мыналар жатады:

1. Адамның дұрыс жағдайы өмір сүруіне қажетті негізгі экологиялық процестермен жүйелерді қолдау;

2. Тірі организмдердің генетикалық ерекшеліктерін сақтау;

3. Экологиялық жүйелерді сонымен қатар жекеленген түрлерін ұзақ мерзімде пайдалану:

Біздің елімізде табиғатты қорғау мемлекеттік және барлық азаматтардың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Табиғатты қорғау ісіне бюджетпен бөліп отырады. Әр деңгейдегі әкімшіліктерде арнайы комиссиялық посттар құрылған.



Шаруашылықта табиғатты қорғау.

Адам өмірі қоршаған ортаның оның өсімдік әлемінен тығыз байланысты және біз осы байланыстықты әрқашан есте сақтай бермейміз. Өсімдік және су асты әлемі бізге көріністен жұмбақ әрі күрделі.

Табиғатты қорғау мемлекеттік халықаралық және қоғамдық шаруалардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануға және оны ластанумен бұзылудан қорғауға жоспарлық жүйе.

Қазіргі кезде ғылыми техникалық даму кезінде және табиғи ресурстарды пайдалану барысындағы табиғатты қорғау бойынша үлкен тапсырма тұр.



Табиғатты қорғау бойынша заңдылықтар мен нұсқаулар.

Қазақстан Республикасы мен басқа да ТМД елдерінің маңызды мемлекеттік тапсырмасының бірі, ол табиғатты қорғау болып табылады. Ол адамның өмір сүру барысында табиғи ресурстарды жер, су, өсімдік, ауа, жан-жануарларды пайдалануға байланысты: осы барлық ресурстар оны тиімді пайдаланған жағдайда азаяды және қайтымсыз процестерге ұласады, топырақ эрозияланады, су пайдалануға жарамай қалады, ауа ластанады, ал жануарлар өсімдіктер және су жәндіктері (балық, шаян т.б.) толығымен жойылады. Осыған байланысты табиғатты қорғау бойынша бірнеше заңдылықтар мен нұсқаулар шығарылған.




Ү. Қорытынды
1. “Айболит” емханасында негізінен ұсақ үй жануарларының жарасын емдеу қазіргі кездегі талапқа сәйкесті жүргізілмегендігі анықталды.

2. Үй жануарларының жарасына шунгит майын қолданудың әсерінен, жараның жазылуы дәстүрлі препараттармен салыстырғанда 3 тәулікке ерте болды.

3. Жануарлар жарасын емдеумен бірге, оның алдын алу шараларын ұйымдастырған, экономикалық жағына тиімді.

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Абдрахманов Е. – «Хирургия» Алматы, 2000ж. 152 б.

  2. Абсатаров. Е.А.-«Хирургиялық аурулар» 2001ж., 330 б.

3.Абишев.Г.А.- «Травматизм сельско хозяйсвенных животных» Алматы «Кайнар», 1975г.,125 стр.

  1. Башкиров Б.А., Белов А.Б.«Общая ветеринария хирургия» Москва, 1990г., 430стр.

  2. Бесков Ф.З. «Случай выправления при травме кишок. Ветеринария», №5, 1938г.

  3. Бранцев В.Р. «Травматические болезни и их лечение» Москва, 1929г., 52 стр.

  4. Бурденюк Н.Н. «Болезный копыт» Киев «Урожай», 1968г., 48 стр.

  5. Братюха С.И. «Оперативность вмешательство при травме кишок» 1952 г. 160стр

9. А.В. Вишневский «Моя методика» местный анистозий травматических операциях бражной полости 1929г. 200б.

10. А.А. Вишневский «Нервный фактор в патогенде травматизме и лечение хирургия » 1953г 180б.

11.К.И. Шакалов «Частная ветеринария хирургия»1986г. 220б.

12. В.Я. Воронин «Оперативная хирургия с основами топографический анатомий домашних животных» Москва 1979г. 250б.



13. А.А. Веллер «Оперативное хирургия» Казанского вет институт 1933г.

  1. С.С. Гирголов «Подтравматических брюшинных сращениях» 1928г. 200б.

  2. А.А. Гусев «К статистике травматизма у животных ветеринария»1953г. 320б.

  3. В.И. Дорофеев .И «Внутревенное применение новокаин после травмы хирургия» №4 1953г.80б.

  4. Б.К. Ильясов «Алғашқы ветеринарлық жәрдем» Алматы 2001ж.

  5. С.Ф. Захаров «Реакция тонкой кишки после травмы» врачебное дело №10 1952г. 80б.

  6. Ишмуходов Г.А., Иманбаев А.А. «Жалпы ветеринарлық хирургиялық оқу құралы» 1995ж. 180б.

  7. Б.З. Иткин «Оперативная хирургия» Москва 1979г. 320б.

  8. Г.С. Кузнецов «Хирургическое болезни животных в хозяйствах промышленного типа» «Колос» 1980 180б.

  9. Т.С. Касенов «Жалпы хирургия» Алматы 1992ж. 200б.

  10. Е. Карий «Уход за конечностями при современных содержаний овец» «Колос» 1980г. 220б.

  11. А.А. Кабыш «Частная ветеринария хирургия» 1986г.250б.

  12. З.К. Кожабеков «Малдың патологиялық физиологиясы» оқулық Алматы «Ана тілі» 1992ж.150б.

  13. Л.А. Лосев «Болезни овец» 1935г.280б.

  14. И.А. Ленец «Частная ветеринария хирургия» Ленинград 1986г.320б.

  15. И.Е. Поваженко «Оперативная хирургия» 1952г.320б.

  16. Т.С. Сайдулин «Қазақша- орысша сөздік» Алматы 1992ж. 450б.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет