Ііі тоқсан Аптасына 9 сағат



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі55,11 Kb.
#92708
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәнерлеп оқу (1)

Үйірме тақырыбы: Абайдың қара сөздерін оқу, талдау.
Күні: 28.02.2020
Үйірме мақсаты:
а) А. Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Қолданылатын әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
2. Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
3. Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

ә) Жаңа сабақты түсіндіру:


Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар - дей келе мақалдарға тоқталып өткен.
Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал - мәтелдерді теріп алып, салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.
Мақал – мәтелдер
Абайдың сыны
Өз пікірің

Топпен жұмыс: «Ата - анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Қара сөзден қандай тағлым, үлгі, ақыл - нақыл алдыңдар?
2. Қалай ойлайсыңдар, ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
3. Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

Үйге тапсырма: А. Құнанбайұлының Қара сөздерін оқып келу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет