Икт крит руководство для учителя 1 каз indd



Pdf көрінісі
бет116/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   358
Байланысты:
Зайцев Педтехнологии лекция книга 1
Кейс-стади
Бұл тапсырма менің тәжірибемде Менделеевтің периодтық кестесіндегі бір элемент 
туралы ақпарат жинау үшін оқушылар жеке жұмыс істейтін, барлығына аян «текшені 
қалыптастыру» қағидатына негізделген тапсырмаларды оқытуды қолдану нәтижесінде 
құрылды. Жиналған ақпарат, әдетте, таныстырылым жасау үшін текше түрінде жинақталады. 
Мен бұл идеяны ақпарат жинау үшін лайықтап, оқушылар оны маған ұсына алатын жаңа 
жолдарды қарауды ұйғардым. Мен істеп көріп, қателерімді анықтай отырып, оқушылар 
шағын топ болып (3–4 адам) жұмыс істеулері қажет деген қорытындыға келдім, онда әр 
оқушы жеке элементпен жұмыс істейді, кейін олар өздерінің зерттеген ақпаратын хабарлама 
немесе жарнамалық ролик түрінде ұсынуы тиіс.


| 63 |
Жұмыс сызбасы өзімнің жаратылыстану пәні бойынша екі сабағыма және тағы бір 
сабаққа негізделеді, бірақ бұны үш сабақта істеуге немесе екі сабаққа дейін қысқартуға 
болады. Сатып алушыларға әсер ету үшін БАҚ жарнамалық роликті қалай пайдаланатынына 
көп уақыт бөлуді ұйғардым. Мәселен, егер сабақта уақыт жеткіліксіз болса, оқушыларға 
өздерінің жарнамалық роликтерін ойлап шығаруға және айналысуға қосымша уақыт беруге 
болады. Бірақ мен осы идеяларды қалай болғанда да, қысқаша болса да, көрсетіп түсіндіруді 
ұсынамын, сонда оқушыларда еліктейтін үлгі болады, әрі жарнама ролигінің ең соңғы 
нұсқасы анағұрлым ықшам әрі ұтымды болуына септігі тиеді.
Тізбектелген сабақтар топтамасының соңғы сабағын мен оқушыларға жарнамалық 
роликті редакциялауға, оған түрлі әсерлер мен атаулар қосуға, содан кейін оны сыныппен 
көріп, ең жақсы роликке сынып қалай дауыс беретінін бақылауға арнадым. Дегенмен дайын 
немесе мұғалім редакциялаған жарнама ролигін ғана көрсету арқылы уақытты үнемдеуге 
болады.
Мен роликтер түсіру үшін оқушыларды топпен үзіліс кезінде немесе түскі ас уақытында 
жұмыс істеуге шақырған пайдалы екенін анықтадым. Бұл шынында да нәтиже берді, себебі 
оқушылар роликтерінің сыныптан тыс таныстырылымының алдында өздерін сенімді ұстады 
және оларды жазып алу үшін барлығы қайтып келуге тырысты.
САБАҚ
Сабақ жарнамалық роликті түсіндіру және жарнамалаушылардың адамдарды өз 
өнімдерін сатып алуға қалай көндіретіндері туралы түсінік беруден басталды; бұл сондай-
ақ PowerPoint таныстырылымы мен түрлі жарнамалардың сандық бейнеклиптерін көрсету 
түрінде ұсынылды. Біз аяқтағаннан кейін сыныпты 3–4 оқушыдан тұратын топтарға бөлдік. 
Әр топқа зерттеу үшін түрлі элемент берілді және олар кітаптар мен Интернетті пайдалана 
отырып, оның негізгі сипаттамалары туралы ақпарат жинады. Осыдан кейін, топтардан өз 
элементі туралы жарнаманы қалай ұсынатыны туралы ойлау сұралды. Оқушыларға көмек 
ретінде, әр топқа оқушылар қосуға тиіс ақпарат туралы нұсқаулығы бар жұмыс парағы 
берілді. Бірінші сабақ оқушылар өздерінің болашақ жарнамаларының жоба жазбаларын 
толтырумен және өздеріне қажет болатын қосымша материалдар (мысалы, қосымша слайдтар 
және т.б.) табумен аяқталды. Оқушыларға, сыныптан шыққанға дейін, үзіліске және түскі 
асқа берілген уақытты жарнама түсіру үшін пайдалану ұсынылды. Келесі сабақта видеоны 
жасап, редакциялауға және оны көрсету үшін Microsoft Movie Maker пайдалануға шамамен 
30 минут бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет