Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


Балалардың қалай білім алатынын ескеру



Pdf көрінісі
бет40/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   358
Байланысты:
Зайцев Педтехнологии лекция книга 1
Балалардың қалай білім алатынын ескеру
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында 
ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай 
қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды 
пайдаланады. Бұған дейін бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын 
тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру 
үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау 
нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді 
бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де 
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін 
мүлдем ұмытып қалады. 
Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу 
керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз 
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды 
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады 
(10-сурет).


| 28 |
10-сурет.
 Оқу пирамидасы
Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын 
жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың бойында 
бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді. Мұғалім 
оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын 
(11-сурет) 
және Райан мен 
Деки (2009) «
ішкі уәж
» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. 
Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс 
пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау 
түрткі болып табылатын 
сыртқы уәжден
ажырата білген жөн. 
11-сурет.
 Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар
Осы мақсатта мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде 
оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар 
оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және 
тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт 


| 29 |
назарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және 
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: 
оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. 
Басқаша айтсақ, 
оқушыға бағдарланған оқыту ортасында
мұғалім оқушылардың сыныпқа 
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз 
пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын 
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің 
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай 
алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және 
не істегісі келетінін түсінуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет