Байланысты: І жарты жылдықтағы оқу-әдістемелік жұмыстар талдауы
ҚМЖ жазуда ескеру керек: Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтижені болжау. Сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша жұмсалатын уақытты нақты көрсету. Интерактивті оқыту әдіс –тәсілін сынып оқушыларына тиімділігін ескере отырып қолдану. КТЖ-да көрсетілген оқу мақсаттары ҚМЖ-да сәйкес болуы.Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың толық жүзеге асуы. КТЖ бойынша 1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспарлаудың бағдарламаға сай болуы 2. Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген талаптардың орындалуы 3. БЖБ, ТЖБ жұмыстары нормаларының сақталуы 4. Тақырыптарға бөлінген сағат сандарының орындалуы
2.
Орыс тілі мен әдебиеті
6
5
3.
Ағылшын тілі
7
6
4.
Тарих, құқық
6
6
5.
Жаратылыстану
7
6
6.
Математика, физика
7
5
7.
Информатика
6
6
8.
Бастауыш сыныптар
7
6
9.
«Өнер»
6
6
10.
Дене шынықтыру
5
4
11.
МАД сыныбы
-
-
Мектеп директорының № 116 бұйрығы бойынша желтоқсан айының 6-8 аралығында оқу-тәрбие жоспарына сәйкес жазба дәптерлерінің жүргізілуін тексеру жоспарға енгізілген болатын. 1-10 сынып оқушыларының дәптерлерін тексеру барысында біраз кемшіліктер анықталды. Оқушылардың басым көпшілігінің дәптерлері қапталмаған, сынып, үй жұмысы тапсырмалары толық орындалмаған, сынып жұмысы мен тапсырмалар толық емес, жазу каллиграфиясы нашар,грамматикалық қателері дер кезінде түзетілмеген, қалыптастырушы бағалар мен комментарийлер жазылмаған. Пән мұғалімдеріне ескертулер берілді.
Қыркүйек айында 12-22.09 аралығында «Тіл мерекесі» онкүндігі өткізілді.Қараша, желтоқсан айларында жылдық жоспарға сәйкес информатика, тарих, бастауыш сынып пәндерінің апталығы және онкүндігі өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Тіл – ұлт мақтанышы» атты 12 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында онкүндік өтті. Жоспарда бастауыш сыныптар, информатика, математика, тарих, физика бірлестіктері де қамтылды.
Жоспарға сай 12.09.2022ж күні лездеме болып, онда оқушылар онкүндіктің жоспарымен таныстырылды. Лездемеде үш тілде өлеңдер оқылып, мәліметтер берілді. «Ұлт ұстазымен үндесу» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кешке Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің ахметтанушы профессорлары – Смағұлова Света Әдепқызы, Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы шақырылды.
Қараша айының 14-19 күндер аралығында мектепте информатика пәні апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты:Мұғалімдердің шеберлігін анықтау, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мен болашақта цифрлы сауаттылыққа баулу болды. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, логикалық сұрақтар сайысы, роботтар жарысы, т.б. сыныптан тыс іс- шаралар өтті. «3D деректер құралдары, Статистикалық мәліметтер,Электронды кесте элементтерін пішімдеу Интернет бізге керек пе? (интернет желісінде қауіпсіздікті сақтау, кибер қауіпсіздік) Zipgrede қосымшасын қолданудың білім сапасын арттырудағы тиімділігі» тақырыбында ашық сабақтар мен мастер-класс өткізілді.
5.12-12.12 күндері аралығында «Елдігіңді ойласаң –тарихыңды таны»атты тарих әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.