Мінездеме Сеилиханов Нұржан Абайұлы 2007 жылдың 16 ақпан айында дүниеге келді. Осы мектепте 4 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғадық жұмыстарға белсенді қатысады. Нұржан толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Нұржан сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Нұржан өз білімін жан – жақты жетілдіреді.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Нұржан мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр.Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай Өте белсенді. Нұржан болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.Осы сыныпты алғаннан бері , барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады.
Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.