Ылым министрлігі



бет4/5
Дата21.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144420
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
000458d7-8d2556ea

Үлгі...

  1. 1 Есеп. Рентгенологияда асқазанға ауа жиналғаны анықталған. Ауа жиналатын асқазанның бөлігін атаңыз



Жауап эталоны:

  1. Плакат, асқазан муляжын пайдалана отырып асқазанның құрылысын қарау, бөліктерін тауып. атап көрсету.

  2. Ауа асқазанның жоғарғы бөлігіндегі түбінде жиналуы тиіс.

  3. Асқазанның төрт бөлігі бар: кіреберіс (кардиа), түбі, денесі, шығаберіс (пилорикалық). Кіреберіс бөлігі өңештің қарынға жалғасқан жері; түбі жоғары және солға қараған бөлігі; денесі тік орналасқан; шығаберіс бөлігі 12- елі ішекке жалғасады.

Асқазанның екі беті - алдыңғы, артқы және екі иірімі - үлкен, кіші бар.




  1. Өз жауабының анатомиялық негіздемесін түсіндір

Ситуациялық есептердің жауаптары эталоны


Асқазан, ащы және тоқ ішектер
1.Ауа асқазанның жоғарғы бөлігіндегі түбінде жиналуы тиіс.
2.Дәрігер асқазан ауруы туралы ойлауы керек, өйткені науқаста ауырсыну сол жақ қабырға астынан белгіленгендіктен.
3. Ісік асқазанның 12 елі ішекке өтетін пилорикалық бөлігінде орналасқан.
4. Ісік 12-елі ішектің төмен бағытталған бөлігінде орналасқан, өйткені бұл бөлікте үлкен емізікше бар.
5. Ісік оң бүйрекке кіріп, өсуі мүмкін.
6. Лимфойдты түйіндер тобы мықын ішекте және құрт тәрізді өсіндіде бар.
7. 3 сфинктерлік құрылымы бар; пилорикалық сфинктер, имоциональды және тік ішектің ішкі сфинктері.
8. Жіңішке ішектің ұзына бойы бұлшықеттері бір қалыпты тегіс болады, ал тоқ ішекте – талшықтар 1/6 рет тоқ ішек ұзындығынан қысқа лента түрінде жинақталғандықтан , қалталар (гаустрлер) пайда болады.
9. Оташы құрт тәрізді өсіндіні соқыр ішектің үш жіпшелерінің біріккен жерінен табуы мүмкін.
10. Ауыз қуысында, көмейде, өңештің жоғарғы 1/3 және тік ішектің артқы тесігі аймақтарында бұлшықетті қабат көлденең жолақты.
11. Мүшелердің бұндай орналасуы құрт тәрізді өсінді мен соқыр ішектің аномальды бауыр астында жоғарғы орналасуынан.
12. Оташы мықын ішектің аномалиясын – Меккель дивертикулін тапқан.
13. Ащы және мықын ішек аурулары , өйткені олар сол аймақта орналасқан.
14. Оташы құрсақ қабырғасын оң жақ шат аймағында басады.
15. Ішкі, сыртқы сфинктерлердің құрылыс ерекшеліктері олардың топографиясында, бұлшықеттерінде және қызметтерінде.
16. Бұл ас қорыту мүшелерінің аномалиясының бір түрі; ол даму кезінде ішектің оң жаққа бұрылуының бұзылуына байланысты.
17. Тік ішектің бұлшықеті ерекшелігі, онда дәрет алуды ерікті реттейтін m sphinsteraniexternus болуында.
18. Асқазан грекше – gaster, жіңішке ішек-enteron, тоқ ішек-colon.
Тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу және өзіңді тексеру
Бауыр. Өт қабы.Ұйқыбез


  1. Оқытушы студенттен бауырдың төменгі жиегінен кіндікке дейін созылатын байламның атын және шығу тегін сұраған.Жауап болмаған. Дұрыс жауап қандай?

  2. Ота кезінде оташы кездейсоқ бауыр-12 елі ішек байламын зақымдаған. Науқас біраздан кейін қайтыс болған. Өлімнің себебі қандай?

  3. Бауыр 12 елі ішек байламындағы қуысты мүшелердің аңнан солға қарай ретімен орналасуын атаңыз. Латынша атауларының алғашқы әріптерінің қандай аббревиатурасы бұл реттілікті есте сақтауға көмектеседі?

  4. Бауырдың оң бөлігінің ішкі бетінде шаршы және құйрықты бөліктері бар екені белгілі. Бұл бөліктер бауыр қақпасына қарағанда қалай орналасқан?

5. Патологоанатомдар бауыр сыртындағы өт түтігінің өткізгіштігін жай әдіспен тексереді? Қандай?
6. Бауырдың бірнеше бөліктері бар. Диафрагмальды және висцеральды беттерінен бөліктердің әр түрлі санын көруге болады. Аталған беттерден бауырдың қандай бөліктерін көруге болады?
7.Оқытушы бауырдың құрылымдық – қызметтік бірлігін атауды сұраған. Студент сигмент деп жауап берген. Жауап дұрыс па?
8. Оқытушының бауыр бөлікшесінің ортасында не бар деген сұрағына студент орталық вена деп жауап берген. Дұрыс па?
9.Өт дорбасының тасы өт ағымында орналасқан. Өт он екі елі ішекке өте ме?
10.Өт дорбасының тасы жалпы өт ағымында орналасқан. Өт он екі елі ішекке өте ме?
11.Ұйқы безі аралас без. Ішкі сөліністік бөлігі неден тұрады, гормондары қандай?
12. Ота кезінде ұйқы безінің қосымша ағымы байланған. Ас қорытуда өзгеріс бола ма?
13.Құрсақ қуысының әр мүшесінің, оның ішінде бауырдың да белгілі орны бар. Бұған мүшенің байламдарының маңызы зор. Өлікті сойғанда бауырдың қандай байламдарын көруге болады?
14. Оқытушы студенттен ұйқы безінің құрсақтың алдыңғы бетінде орналасқан тұсын анықтауды сұраған. Дұрыс жауап берілген, ол қандай?
15. Оқытушы студентке сипалау арқылы талақтың, құрсақтың алдыңғы қабырғасының қай аймағына сәйкес келетінін және қандай қабырғалардың деңгейінде орналасқанын анықтауды сұраған. Студент тапсырманы табысты орындаған, оның жауабы қандай болуы керек?
16.Талақтың құрсақ қуысында екі байламмен бекітілетіні белгілі. Бұл қандай байламдар және қандай мүшелермен байланыстырады?
17.Ота кезінде өт дорбасынан уақ тастар мен 75 мл өт алынған. Алынған өт көлемі өт дорбасының қалыпты көлеміне сай келе ме?
18. Бауырдың ішкі бетінде ас қорыту мүшелерінің тиіп жатуынан пайда болған бірнеше ойыстар бар, тағы басқа жүйе мүшелерінен түскен ойыстар бар?

Ситуациялық есептердің жауаптары


Бауыр, ұйқы безі, талақ.

  1. Бауырдың төменгі жиегі мен кіндіктің арасында бітіп кеткен кіндік венасынан тұратын бауырдың дөңгелек байламы орналасқан.

  2. Бауыр-он екі елі ішек байламында қақпа венасы, меншікті бауыр артериясы, жалпы өт ағымы. Бұлады кесу өлімге әкелген күшті қан кетуге себеп болған.

  3. Көрсетілген ретпен орналасады:ductus hepaticocommunis, v.poztae, a.hepatica pzopziae.

  4. Шаршы бөлік бауыр қақпасының алдында, ал құйрықты бөлік артында орналасқан

  5. Он екі елі ішектің төмен бағытталған бөлігін ашу керек, өт қуықты сығып, өттің он екі елі ішекте пайда болуын бақылау керек.

  6. Көк еттік бетінде оң және сол бөліктері, ал висцериалды бетінде шаршы және құйрықты бөліктері көрінеді.

  7. Студенттің жауабы дұыс емес. Бауырдың құрылымдық-қызметтік бірлігі бауыр бөлікшесі.

  8. Студент дұрыс жауап берген

  9. Бұл жағдайда өт он екі елі ішекке жалпы өт ағымы арқылы құйылады.

  10. Өт құйылмайды.

  11. Ішкі секрециялық бөлігі, жасушалары инсулин мен глюкагон бөлетін ұйқы безі аралшықтарынан (Лангерганс) тұрады.

  12. Ас қорыту негізі өзгермеуі тиіс, өйткені ұйқы безінің тағы негізгі ағымы бар.

  13. Өлікті сойғанда бауырдың 9 байламын көруге болады: 2 тәждік, 2 үшбұрышты, бауыр-асқазан, бауыр-он екі елі ішектік, бауыр-бүйрек, орақ тәрізді және дөңгелек байланыс.

  14. Ұйқы безі эпигастральды және сол қабырға асты айшықтарда бейнеленеді.

  15. Талақ IX-XI қабырғалар деңгейінде орналасқан және сол қабырға асты аймағында бейнеленеді.

  16. Талақты 2 байлам бекітеді: асқазан-талақ және көк ет-талақ байламдары, олар тиісінше талақты асқазан мен көк етпен байланыстырады.

  17. Өт қуықтың қалыпты көлемі30-50 см3, ал алынған өттің көлемі қалыптан артық.

  18. Бауырдың висцериальды бетінде 2 ойыс бар:зәр шығару жүйесінен-бүйрек ойысы, ал эндокриндік жүйеден-бүйрек үсті безі ойысы.



7. Тесттер орындау А деңгейі І-нұсқа
1. Ас қорыту жүйесінің үлкен бездері:
а) жұтқыншақ, өнеш, асқазан
б) асқазан, ұйқы безі, бауыр
в)асқазан, жіңішке және жуан ішектер
г) бауыр, ұйқы безі, жұтқыншақ
д) бауыр, ұйқы безі
2. Ауыз қуысының бөліктері:
а) кіреберіс және меншікті
б) меншікті және көкет
в) кіреберіс және таңдай
г) меншікті және таңдай
д) кіреберіс және көкет
3. Жіңішке ішектің қай бөлігінде Пейер түйіндері көп кездеседі:
а) 12 – елі ішекте
б) соқыр ішекте
в) мықын ішекте
г) ащы ішекте
д) тік ішекте
4. Сүт тістерінің саны:
а) 20
б) 25
в) 30
г) 32
д) 33
5. Тістің бөліктері:
а) ұшы және негізі
б) негізі және мойыны
в) негізі, мойыны, ұшы
г) сауыты, мойыны, түбірі
д) мойыны, қанаты, түбірі
6. Эмаль тістің қай бөлігін қаптаған:
а) сауытын
б) мойының
в) түбірің
г) негізің
д) ұшын
7. Жуан ішектің шырышты қабатының ерекшелігі:
а) бүртікшелер
б) түтіктер
в) таспалар
г) Пейер түйіндері
д) көлденен қатпарлар
8. Тіл латынша:
а) pulpa
б) lingua
в) dentes
9. Тілдің бұлшықеттері:
а) көлденен-жолақ
б) бірыңғай – салалы
в) қанқа
г) жалпақ
д) ұзын
10. Тілдің бөліктері:
а) түбі, денесі, мойыны
б) денесі, негізі
в) ұшы, негізі
г) түбі, мойыны
д) түбі, денесі, ұшы
11. Тік ішектің кеңейген бөлігі:
а) дене
б) мойын
в) құйғыш
г) ампула
д) түбі
12.Тілдің үзенгісі дегеніміз не:
а) нерв
б) тамыр
в) лимфа тамыры
г) тілдің кілегейлі қабықшасы
д) шеміршек
13. Жұмсақ таңдайдың бұлшықеттері:
а) тілше
б) жақ – тіласты
в) иек – тіласты
г) жауырын-тіласты
д) тіласты- қалқанша
14. Бауыр орналасқан:
а) қабырғаастында оң жақта
б) қабырғаастында сол жақта
в) эпигастрийдің ортасында
г) гипогастриййдің ортасында
д) мезогастрийда
15. Үлкен сілекей бездері:
а) құлақманы, тіласты, қарынасты
б) тіласты, жақасты, қарынасты
в) тіласты, құлақманы, төменгі жақасты
г) құлақманы, тіласты, асқазан
д) құлақманы, тіласты, бауыр
16. Жұтқыншақтың бөліктері:
а) мұрын, ауыз, кеңірдек
б) мұрын, ауыз, көмей
в) мұрын, кеңірдек, көмей
г) ауыз, кеңірдек, көмей
д) ауыз, асқазан, көмей
17. Жұтқыншақ латынша:
а) glossa
б) lingua
в) dentes
г) faringeus
18. Бауырдың беттері:
а) жоғарғы, ортаңғы
б) көкеттік, висцералды
в) сыртқы, ішкі
г) медиалды, латералды
д) ортаңғы, төменгі
19. Хоандар арқылы жұтқыншақ байланысқан:
а) ауыз қуысымен
б) мұрын қуысымен
в) асқазанмен
г) өнешпен
д) кеңірдекпен
20. Аран арқылы жұтқыншақ байланысқан:
а) ауыз қуысымен
б) мұрын қуысымен
в) асқазанмен
г) өнешпен
д) кеңірдекпен
21. Пирогов – Вальдеер сақинасының қызметі:
а) қорғаныш
б) қан түйіршіктерің түзеу
в) тасымалдау
г) өткізу
д) дыбыс шығару
22. Өт қуығының қызметі:
а) қорғаныш
б) өт бөлу
в) өт жинау
г) асқазан сөлің бөлу
д) гормон бөлу
23. Өнеш орналасқан:
а) ІV мойын омыртқадан VІІ мойын омыртқаға дейін
б) ІV мойын омыртқадан VІІІ мойын омыртқаға дейін
в) VІ мойын омыртқадан ХІІ мойын омыртқаға дейін
г) VІІ мойын омыртқадан V мойын омыртқаға дейін
д) ІV мойын омыртқадан ІХ мойын омыртқаға дейін
24. Өнештің ортаңғы тарылған жері пайда болған:
а) кеңірдектің бифуркациясынан
б) көкеттен өткеннен
в) асқазанға өткеннен
г) жұтқыншақпен байланысқаннан
д) 12-елі ішекке өткеннен
25. Ұйқы безінің өзегі қайда ашылады:
а) асқазанға
б) 12-елі ішекке
в) мықын ішекке
г) соқыр ішекке
д) тік ішекке
26.Асқазан бөліктері:
а) түбі, денесі, мойыны
б) түбі, денесі, негізі
в) түбі, кіреберісі, шығаберісі
г) кіреберісі, түбі, денесі, шығаберісі
д) кіреберісі, мойыны, түбі
27. Асқазанның бездері қай қабатта орналасқан:
а) шырышты
б) бұлшықет
в) сірлі
г) фасциясында
д) шарбыда
28. Асқазанның бұлшықет қабатында неше қабат бар:
а) 1
б) 2
в) 3
г) 4
д) 5
29. Өнеш асқазанның қай бөлігіне кіреді:
а) кіреберіс
б) түбі
в) шығаберіс
г) мойыны
д) денесі
30. Асқазанмен 12-елі ішектің арасындағы сфинктер:
а) кардиалды
б) пилорикалық
в) түбіндегі
г) денелік
д) негіздік
А деңгейі II-нұсқа

1. Жіңішке ішектің қай бөлігіне өт жолы және ұйқы безінің өзектері ашылады:


а) жуан
б) тік
в) соқыр
г) 12 – елі
д) мықын
2. Жіңішке ішектегі шырышты қабаттың қатпарлары орналасқан:
а) тік
б) дөнгелек
в) қиғаш
г) аралас
д) ұзына бойы
3. Тұрақты тістердің саны:
а) 20
б) 25
в) 30
г) 32
д) 33
4. Қай ішектер аралығында Баугиниев қақпа орналасқан:
а) 12 – елі және ащы ішектер арасында
б) ащы және мықын ішектер арасында
в) мықын және соқыр ішектер арасында
г) соқыр және айналма ішектер арасында
д) айналма және тік ішектер арасында
5. Қай ішекте түтіктер кездеседі:
а) жуан
б) жіңішке
в) соқыр
г) тік
д) құрттәрізді өсіндіде
6. Жуан ішектің бөліктері:
а) соқыр, жуан, тік
б) 12 – елі, ащы, мықын
в) ащы, мықын, соқыр
г) 12 – елі, мықын, тік
д) соқыр, айналма,тік
7. Тістің негізгі қатты ұлпасы:
а) эмаль
б) дентин
в) цемент
г) пульпа
д) сүйек
8. Айналма ішектің бөліктері:
а) соқыр, жуан, тік
б) төмен бағытталған, сигма, ащы, мықын
в) ащы, мықын, соқыр
г) 12 – елі, мықын, тік
д) жоғары бағытталған, көлденен, төмен бағытталған, сигма
9. Құртәрізді өсіндінің қызметі:
а) қызметі жоқ
б) қорғаныш, су сіңіру
в) ас қорыту
г) лимфа ұлпасын жинау
д) зат алмасу
10. Жуан ішектің қызметі:
а) қызметі жоқ
б) қорғаныш, су сіңіру
в) ас қорыту
г) нәжіс шығару, су сіңіру
д) зат алмасу
11. Тілдің емізікшелерінің қызметі:
а) қорғаныш
б) қан түйіршіктерің түзеу
в) иіс сезу
г) дыбыс шығару
д) дәм сезу
12. Ең үлкен асқорыту безі:
а) ұйқы безі
б) бауыр
в) құлақ манындағы сілекей безі
г) асқазан бездері
д) жіңішке ішек бездері
13. Бауырдың құрылым бірлігі:
а) гепатоцит
б) альвеола
в) ацинус
г) бөлік
д) сегмент
14. Қай сілекей безінің өзегі шайнау бұлшықетінен өтіп ауыз қуысына ашылады:
а) құлақманы
б) тіласты
в) төменегі жақ асты
г) қарынды
д) қарынасты
15. Бауыр қақпасы қай бетінде орналасқан:
а) көкеттік
б) висцералды
в) артқы
г) аралық
д) алдыңғы
16. Бауыр паренхимасы неше бөлікке бөлінген:
а) екі
б) үш
в) төрт
г) бес
д) алты
17. Бауыр қақпасына кіреді:
а) қақпа венасы, нервтер
б) қақпа венасы, бауыр артериясы, нервтер
в) бауыр артериясы, бауыр венасы, нервтер
г) ұйқы безі венасы және артериясы
д) өт венасы және нервтер
18. Жұтқыншатың ерекшелігі:
а) тыныс және жүрек жүйелері қиылысқан
б) жүрек және асқорыту жүйелері қиылысқан
в) есту және тыныс жүйелері қиылысқан
г) тыныс және асқорыту жүйелері қиылысқан
д) есту және көру жүйелері қиылысқан
19. Бауырдың салмағы:
а) 1500 г.
б) 500г.
в) 600г.
г) 2000 г.
д) 3000г.
20. Қай өзектерден Одди сфинктері пайда болады:
а) өт қуығының және жалпы бауыр
б) жалпы бауыр және панкреатикалық
в) өт қуығының және панкреатикалық
г) панкреатикалық және ішек
г) ішек және өт қуығының
д) өт қуығының және асқазан
21. Өт қуығының бөліктері:
а) түбі, мойыны, ұшы
б) түбі, денесі
в) түбі, денесі, мойыны
г) мойыны, денеі
д) денесі, шеті
22. Өнештің бөліктері:
а) мойын, жұтқыншақ, меншікті
б) бас, мойын, дене
в) мойын, кеуде, іш
г) бас, мойын, негізі
д) мойын, медиалды шеті, латералды шеті
23. Ұйқы безінің көлденен жазығы қалай орналасқан:
а) тігінен
б) көлденен
в) қиғаш
г) алдыңан артқа қарай
д) артынан алдыңа қарай
24. Ұйқы безінің бөліктері:
а) ұшы, түбі, денесі
б) түбі, мойыны, денесі
в) мойыны, ұшы, төбесі
г) төбесі, денесі, ұшы
д) басы, денесі, құйрығы
25. Асқазан орналасқан:
а) эпигастрийда
б) мезогастриййде
в) жамбас қуысында
г) гипогастрийде
д) оңыншы қабырға астында.
26. Ұйқы безінің қай бөлігін 12-елі ішек айналып жатыр:
а) түбің
б) мойының
в) ұшың
г) басың
д) құйрығын
27. Бауырдың қызметі:
а) зәр бөлу
б) креатинин бөлу
в) өт бөлу
г) инсулин бөлу
д) адреналин бөлу
28. Тілдің бұлшықеттері:
а) көлденен-жолақ
б) бірыңғай – салалы
в) қанқа
г) жалпақ
д) ұзын
29. Жұтқыншақтың бөліктері:
а) мұрын, ауыз, кеңірдек
б) мұрын, ауыз, көмей
в) мұрын, кеңірдек, көмей
г) ауыз, кеңірдек, көмей
д) ауыз, асқазан, көмей
30. Жіңішке ішектің бөліктері:
а) соқыр, жуан, тік
б) 12 – елі, ащы, мықын
в) ащы, мықын, соқыр
г) 12 – елі, мықын, тік
д) ащы, тік, көлденен

Жауаптар эталоны.


І-нұсқа

1. д
2. а


3. в
4. а
5. г
6. а
7. г
8. б
9. а
10. д
11. г
12. г
13. а
14. а
15. в
16. б
17. г
18. б
19. б
20. а
21. а
22. в
23. в
24. а
25.б
26. г
27. а
28. в
29.а
30.б

Жауаптар эталоны. ІІ-нұсқа


1. г
2. б
3. г
4. в
5. б
6. д
7. б
8.д
9. б
10. б
11. д
12. б
13. г
14. а
15. б
16. а
17. б
18. г
19. а
20. а
21. в
22. в
23.б
24. д
25. а
26. г
27. в
28. а
29. б
30. б
Бағалау:
10% дейін қате жауаптары – «5»
25% дейін қате жауаптары – «4»
50% дейін қате жауаптары – «3»
50% көп қате жауаптары – «2»
Барлығы: 30 сұрақ
0-3 қате – «5»
4 – 11 кате – «4»
12 -15 қате – «3»
15 –дан жоғары –«2»

Бағаны таблицаға көшір


Тесттер В деңгейі


1. Асқорыту жүйесі 2 үлкен топқа бөлінеді ............
2. Ас қорыту жолы..................
3. Ауыз қуысы- ........................................... тұрады.
4...........................-шырышты қабықпен қапталған,бұлшық етті мүше.
5.............жақтың әр бөлігінде 2 ден орналасқан,барлық саны 8.
6. Жұтқыншақ......................жалғайтын түтікше
7. Жұтқыншақ 3 бөліктен тұрады: .....................................
8. Өңеш үш бөліктен тұрады: .........................................
9. Асқазан бездерінің 3 түрі кездеседі.............................
10.............................. дененің биохимиялық лабораториясы деп аталады.
11.............................бауырдың төменгі бетінде,оң жақтағы ұзын сайда орналасқан
12.....................аралас қызмет атқаратын без



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет