І лмек (3-сурет)- жеке дара немесе тəл блогымен бірге (ілме блок) дайындалады. Олар көтеріп-түсіру процесінде бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары тізбегін алқамен бұрғы элеваторы арқылы ілу, бұрғылау кезінде вертлюгті бұрғылау тізбегімен ілу жəне монтаж, демонтаж жұмыстарында жүктерді түсіру, тарту үшін қолданылады.
3-сурет. Ілмек
Конструкциялық дайындалуы бойынша ілмектер бір, екі, үш ашалы болып келеді. Қазіргі кезде негізінен үш ашалы бұрғы ілмектері қолданылады. Оның екі бүйірлік ашаларына сырға ілінеді. Дайындалу тəсілдеріне қарай ілмектер соғылған, құйылған жəне қатпарлы құрылмалы болып келеді.
Таль жүйесі бұрғылау механизмінің көтеріп-түсіру қызметін атқарады. Таль жүйесінің көтеру жинынтығының ең негізгі элементінің бірі- ТАЛЬ АРҚАНДАРЫ (4-сурет).
Қажеттілігі мен пайдалану жағдайларына байланысты әртүрлі конструкциялы болат арқандары дайындалады, оларды 3-топқа бөлеміз
Бір орталық металды жүрекшелі болат сымнан жасалған таль арқандары.
Жүрекшесіз болат арқандар.
Орта бөлігінде жүрекшелері болат сымнан жасал ған арқандар.
4-сурет. Таль арқандарының конструкциясы
Таль арқандарының механикалық қасиеттері бойынша жоғары сапалы және І, ІІ сапалы деп бөлінеді. Құрылысы бойынша арқандар жалғыз, екі және үш орамды болады.
Таль арқандарына қойылатын көптеген талаптар бар:
1. Арқан диаметрі мен шек сандары ілмекке ілінетін күштердің салмақтарын ескере отырып таңдайды.
2. Таль жүйесінің шкив диаметрі арқан диаметрінен жоғары болуы керек. Себебі үйкеліс кезінде арқандар шығынын азаюы ескеріледі.
3. Арқанның қозғалмайтын шегін барабанға бекіту керек, қайта жіберуде оның оңай жылжуын қамтамасыз етеді.
Бұрғы лебедкасы бұрғылау құбырлары тізбегі көтеріп-түсіру, ұстап тұру, бұрғылау кезінде жайлап жіберіп отыру жəне шегендеу құбырларын түсіру үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда лебедканы қозғалтқыштар қуатын роторға жеткізу, құбырларды бекіту, ашу, ауыр жүктерді сүйреп тарту жəне де басқа қосалқы жұмыстарды атқаруда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |