Ылым министрлігі


Сур. Google AdWords хабарландырулары кестесін құру



бет43/146
Дата08.02.2022
өлшемі2,46 Mb.
#98547
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146
Байланысты:
Бизнес талдаудағы зияткерлік жүйелер

Сур. Google AdWords хабарландырулары кестесін құру



Алдымен Біркелкі ротацияны таңдап көріңіз. Ротация екі апта жүрсін, содан сіздің ПТК-ге байланысты, не шертулерді оңтайландыруға немесе конверсияларды оңтайландыруға ауысыңыз. Біркелкі ротация 90 күн ішінде жүрмеуі керек, бұл әр хабарландырудың біркелкі айналуы үшін тым ұзақ кезең. Науқан әрекет етіп, шын мәнінде аяққа тұру үшін оңтайлы кезең шамамен екі аптаны құрайды.
Түйінді сөздерді таңдау
Сіздің науқан теңшелген және келесі элемент түйінді сөздерді таңдауды қамтиды. Бұл әрбір науқан үшін бастапқы нүкте және, бәлкім, ең маңызды бөлігі, өйткені ол сіздің хабарландырулардың қандай түйінді сөздер бойынша көрсетілетінін анықтайды. Сіздің барлық сапа көрсеткіштеріңіз түсін сөзге байланысты екенін ұмытпаңыз; түйінді сөздерді таңдау маңызды, өйткені сіздің хабарландыруыңыздың көшірмесі, мақсатты бет, мөлшерлемелер және т.б. сіз таңдаған түйінді сөздермен анықталатын болады. Қай түйінді сөз ең жоғары табыс әкелетінін, сіздің өніміңіз немесе қызметіңіз тұрғысынан ең қолайлы болып табылатынын шешу өте маңызды. Егер сіз дұрыс түйінді сөздерді таңдамасаңыз, сіздің хабарландыруыңыз қате іздеу терминдерімен көрсетіледі, сіздің өз пайдаланушыларыңызға ешқандай қатысыңыз болмайды және сіздің тұтынушыңыз болмайтын аудиторияға ақша жұмсайсыз.
Түйінді сөздерді зерттеу құралдары
PPC түйінді сөздерін зерттеу, егер сіз осы міндетті орындау үшін тиісті құралдармен жабдықталмаған болсаңыз, қиын үдеріс болуы мүмкін. Бақытымызға орай, төменде аталған екі құрал цифрлық ландшафта жатқан бағалы түйінді сөздерді табуға мүмкіндік бере отырып, сізге виртуалды балға және қашау қызметін атқарады.

  1. Google Trends. Google Trends белгілі бір түйінді сөз немесе санат үшін тарихи іздеу процестерін көруге мүмкіндік береді. Ол нақты іздеу көлемін бермесе де, дегенмен, ол көптеген жылдар бойы белгілі іздеу терминдері немесе санаттары қаншалықты танымал екеніне жақсы шолу жасайды және зерттеу, жоспарлау және науқандарды талдау үшін өте қолайлы.

Бәсекелестік зерттеулерін жүргізу Google Trends-ті пайдалану үшін ең маңызды себептердің бірі болып табылады. Мысалы, Samsung, HTC және Apple сөздерін енгізу арқылы, сіз жай ғана іздеу сұрауларының шыңы мен құлауына қарап, ең танымал бренд қайсысы екенін көре аласыз. Сіз сондай-ақ бәсекелестер сізден гөрі танымал немесе танымалдығы төмен болатын жыл уақытына байланысты қандайда бір үрдістердің бар- жоқтығын анықтай аласыз. Google Trends-тің өзгеше ерекшелігі, ол орынды болған кезде жаңалықтарды қамтиды. Сондықтан, егер Google жаңалықтарында Samsung туралы жаңалық байқалса және Samsung үшін іздеу көлемі шыңға жеткен болса, ол сізге іздеу сұраныстарының көлемінде осы шыңның қандай жаңалық негізінде туындағаны туралы сізге ақпарат беретін шағын аннотация қосады.
Егер сіз нақты іздеу сұрауына сенімді болмасаңыз, "Барлық санаттар" түймесін басып, санатты (мысалы, тамақ және сусындар) қараңыз.
Сіз сондай-ақ (3.14-Сур.) көрсетілгендей елдер бойынша процестерді бөле аласыз. Егер сіз басқа елдердегі өз бәсекелестеріңізді сәйкестендіргіңіз келсе, сондай-ақ сіз өзініз жұмыс істейтін елмен






  1. Сур. Елдер бойынша Google Trends опциясы

Ақпарат көзі: Google және Google логотипі-Google Inc. тіркелген сауда белгілері болып табылады; рұқсатпен
пайдаланылады.
салыстырғанда белгілі бір түйінді сөздерге қызығушылық деңгейін көргіңіз келсе, бұл өте пайдалы болуы мүмкін.
Жылдың белгілі бір уақыты бойынша процестерді қадағалау өте пайдалы, және, бақытымызға қарай, Google Trends бұл тапсырманы жеңілдетеді. Сонымен, егер сіз қаласаңыз Сонымен, егер сіз соңғы төрт жылда курорттық маусым кезіндегі үрдістерді талдағыңыз келсе, сіз күндер ауқымын ғана емес, ол қарайтын платформаны да өзгерте аласыз. Ақпарат іздеу, суреттер іздеу немесе жаңалықтар Іздеу болсын, Google Trends сізді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді!

  1. Түйінді сөздерді жоспарлаушы. Бұл дереу және қысқа мерзімді ұсыну құралы, ол сізге соңғы 12 ай ішінде белгілі бір түйінді сөздер бойынша іздеу көлемін ұсынады. Google Trends-тен айырмашылығы ол сізге жаңа түйінді сөздерді ұсынады. Ол сондай-ақ трафик бағалаушысын ұсынады, бағалаушы, егер сіз белгілі бір мөлшерлемені ұсынсаңыз және белгілі бір соманы жұмсаңыз сізге қанша трафик алуға тиіс екеніңізді айтады.

Сіз 3.15-сур. көріп отырғандай, жетекші іздеуде "сандық маркетинг курсын" терді және электронды бизнес курстарын жарнамалайтын науқан үшін қандай түйінді сөздер пайдалы болатынын көру үшін цифрлфқ маркетингті зерттеді. Іздеу сұрауын енгізіп, сіз "Түйінді сөз идеялары" қойындысында түйінді сөз нұсқаларының тізімін табасыз. Түйінді сөздер жоспарлаушының сіз үшін хабарландырулар топтарын ұсынғанына қарамастан, сіз бәрібір осы хабарландырулар топтарын құрылымдау кезінде барынша күш салуыңыз және сіздің өз науқаныңыз үшін құрған тағайындалулар туралы келісімді ұстануыңыз керек.
Түйінді сөздерді жоспарлаушы, сондай - ақ жаңа түйінді сөздер, ұсынылатын мөлшерлеме және түйінді сөз бойынша жалпы іздеу көлемі бойынша кеңестер ұсынады-бұл шерту құнын есептеу үшін өте қолайлы.
Түйінді сөздерді жоспарлаушы, сондай-ақ бәсекелестік деңгейін немесе осы деңгей жоғары, орта немесе төмен екенін көрсету арқылы осы түйінді сөздер бойынша мөлшерлемелер жасайтын адамдар санын көрсетеді. Егер бәсекелестік жоғары болса, мөлшерлеме жоғары болады, себебі бұл бірінші орын үшін жарнама берушілер арасында үміткерлер әлдеқайда көп. Барлық түйінді сөздерді көргеннен кейін, сізге оларды жоспарға қосуға болады.
Хабарландыру тобында барлық түйінді сөздерді көргеннен кейін, сізге «бәрін жоспарға қосу» бассаңыз болады. Түйінді сөздерді жоспарлаушы содан кейін сізге күніне жұмсайтын соманы өте жуықталған шамамен бағалап береді, бірақ Трафик бағалаушы сізге баға туралы әлдеқайда егжей-тегжейлі ақпарат береді. Осыдан кейін сізде бірнеше нұсқалар болады. Сіз әр түрлі хабарландыру топтарынан барлық түйінді сөздерді Excel электрондық кестесіне жүктей аласыз немесе трафик бағалаушысына өтуге болады. Трафик тағалаушысына қол жеткізу үшін оң жақ төменгі бұрышытағы "Болжамға шолу" көк түймесін басыңыз. Бұл құрал күнделікті бюджеттерге негізделе отырып, сіз ала алатын трафик пен көрсеткіштердегі айырмашылықтарды көру үшін өте қолайлы. Шертулердің санын арттыру қандай деңгейлер әкеп соқтыратынын көру үшін, мөлшерлемелер және бюджеттермен тәжірибе жасауға тырысыңыз. Көріп отырғаныңыздай, бұл тамаша интерфейс! Ол орта есеппен сіз күніне қанша шерту алатыныңызды көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ сіздің жалпы көрсетімдеріңіз, күнделікті шығындар мен орташа позиция қандай болатынын есептейді.Бұл құрал барлығын дерлік жасай алады!
Түйінді сөздер сәйкестігінің типтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет