Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет97/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
1.1
12.1 Мәдени өмірдің 
интерсубъективті
тәжірибелері 
психологиясы 
және сөз. Тіл мен сөз биліктің құралдары ретінде. Адам және жануар. 
Инстинктілер, рефлекстер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, тілектер. 
Санасыздық проблемасы және оның құралдары. Образ және сөз 
арасында. Санасыздық проблемасы және оның құралдары. Образ 
және сөз арасында. Санасыздық және түс көру архетиптері. Түс жору: 
З.Фрейд, Г.Юнг, Ж.Лакан. Либидо және мәдениет. Тілек энергиясы: 
сублимация, 
қысылу, 
орналасу. 
«Психологиялық 
энергия»: 
циркуляция, ауысу, иемдену және қайта иемдену. Тілектің 
қанағатсыздығы. Сөз және тілек метафизикасы. Психоанализ және 
психосинтез. Қолдану қоғамы шектен шығу культі. Тілек өндірісі.
Алкоголь. 
Мәдениет хронотипі және есте сақтау. Мәдениет, дәстүр және 
мәдени мұра проблемасы ретінде. Сананың ландшафтылары және 
картасы: ориентация, таңдау, қадағалау, мотивация. Руханилық және 
шын ашықтық. Рух және жан. Рух пен жанның күшсіздігі. Жан 
дисциплинасы. Феноменология және психология. Интенционалды 
мазмұн және сана актілері. Түсінік, үміт, махаббат. Махаббат 
формалары және түрлері. Үміт және күту, сенім, дұрыстық, өзін-өзі 
алдау. Шындық және адам өмір сүруінің растығы. Өзін-өзі алдаудың 
формалары. 
Қарым-қатынас мәдениеті әлеуметтік 
психологияның проблемасы ретінде. 
Қарым-қатынас және коммуникация. 
Диалог. Диалогты философиялық 
тұрғыдан 
негіздеу. 
Түсініктің 
психологиялық 
хронотипі. 
Басқаның 
хронотипі. 
Басқаның 
проблемасы. Көзқарас және дауыс. Мен. Маска (бетперде), (Персона), 
Басқамен арадағы дистанция проблемасы. Әлеуметтік рольдер және 
жасырыну. Бетпердемен ойын айтылмаған тілекті қанағаттандыру 
ретінде. Кернбергтің шекаралық жекелігі. «Жарықшақты» феномені. 
Былыққан байланыс және деперсонализация. Бейтсонның «екі 
түйіні». 
Психиатрия, 
антипсихиатрия, 
психотерапия. 
Психотерапияның негізгі стратегиялары. Ішкі проблемалар және 
ақылсыздық. 
Өмірде ең керекті білім – қоғамда қарым-қатынас құра білу, 
басқа адамдармен тіл табысу. Ықылым заманнан бері бұл қағиданы 
адам өмірінің негізі ретінде санап келеді. Экзистенциализм 
философиялық бағытының көрнекті өкіілі Карл Ясперс адам өз 
өмірінің мәнсідігінен, абсурдтығынан, өмірдегі жалғыздығынан, 
жаттанудан тек шынайы қарым-қатынас арқылы ғана арылуына 
болады деп есептеген. Қарым-қатынас дегеніміз, К.Ясперс бойыша, 
жақын адамдармен бірін-бірі жақтыру, достық пен махаббат 


203 
жағдайында қауышып, ешкімге де ұқсамайтын қайталанбас ішкі жан 
дүниеңді жүзеге асыру. 
Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, 
диалогты әрбір адам өзімен де жасайды. Атақты структуралист 
Ю.Лотман қарым-қатынастың схемасын екі түрде былайша 
көрсеткен: «Мен – Ол» және «Мен – Мен». Біздің санамызда өзіндік 
түсінік, пікір, ойлар формасында туындайтын білім де тура осындай 
екі жолмен игеріледі, сіңіріледі: адымен басқамен қарым-қатынас 
арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы. 
Рефлексия қарастырылатын әрбір мәселе бойынша ой толғатып, жан-
жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну, 
ішкі жан дүниеңе үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп беру дегенді 
білдіреді.
Ғылым, өнер, дін психологиясы. Адамның рухани тәжірибе 
объективациясы. Объективтілік. Шындық және өтірік. Шындық және 
алдау. Қарапайымдылық және толқу интенсификациясы. Діни 
толқудың 
уақыты 
және 
кеңістік. 
Имманенттілік 
және 
трансценденттілік. Бостандық: өзіңдікі және басқаныкі. Үнсіздік және 
жалбарыну, өтініш және заң, билік және әлсіздік, жекелік және 
анонимділік. Діни символизмнің психологиясы. Руханилықты игеру 
проблемасы. Морализм және утилитаризм. Құндылықтар толқуы. 
Жоғары құндылықтарға деген махаббат, эстетикалық толқулар 
психологиясы. Суретші көзінің қатысуындағы түрлері мен 
формалары. Психология және шығармашылық. 
Американдық философ Джон Дьюи білімді тәжірибе деп 
түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен: 
«Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде 
пайда болады». Үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым-
қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін 
біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз 
жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан мұндай қарым-қатынаста 
жақсы психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын 
орны аса маңызды. Ортада тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен 
өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар 
мен жағдайлар жасалады, оның еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік 
өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен 
пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды 
түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады. 
Француз психологы Ж. Пиаже индивидтің танымдық құрылы-
мының дамуына және олардың тәжірибеге және әлеуметтік ықпал 
етуге байланысты алдағы уақытта қайта құрылуына назар аударады. 
Оның пікірінше бұл кезеңдер нақты бір бірізділікте бірін-бірі 


204 
ауыстырып отыратын сенсорно-моторлы (туғаннан бастап 2 жасқа 
дейін), операциональды (2 жастан 7 жасқа дейін), нақты опера-
циялар кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін), формальдық операциялар 
кезеңі (12 жастан 15 жасқа дейін).
Бірқатар психологтар мен әлеуметтанушылар әлеуметтену 
үдерісі бүткіл өмір бойы жүріп отырады және үлкендердің әлеумет-
тенуі балалардың әлеуметтенуінен бірнеше сәттермен ерекшеленеді 
деп есептейді. Егер үлкендердің әлеуметтенуі оның сыртқы мінез -
құлқын өзгертетін болса, ал балалардың әлеуметтенуі олардың құн-
дылықты бағыт-бағдарын қалыптастырады. Үлкендердің әлеумет-
тенуі адамдардың белгілі бір дағдыларын иеленуге көмектессе, 
балалардың әлеуметтенуі көпшілігінде мінез- құлық мотивациясымен 
анықталады.
Әлеуметтенудің механизмдеріне жататындар: агенттер + фактор-
лар = әлеуметтену механизмдері. Әлеуметтену механизмдерін екі 
негізгі топқа бөліп қарастырамыз. Олар: әлеуметтік-психологиялық 
механизмдер; әлеуметтік-педагогикалық механизмдер. 
Әлеуметтік-психологиялық 
механизмдердің 
құрамына 
импритинг, экзистенцианалдық қысым, еліктеу, сәйкестену, 
рефлексия. Импритинг - адамның рецепторлық және санадан тыс 
деңгейде өмірлік маңызы бар объектілердің ықпал етуші ерекшелік-
терін белгілеп алуы. Экзистенцианалдық қысым- әлеуметтік мінез - 
құлық нормаларын тіл және санадан тыс меңгеруі. Еліктеу- адамның 
әлеуметтік тәжірибені ерікті түрде тыс және ерктен тыс жолмен 
меңгеруі. Сәйкестену - адамның өзін басқа адамдармен, топпен, 
үлгімен барабар етуі. Рефлексия- ішкі диалог, адам сол немесе басқа 
бір құндылықтарды қарастырады, баға береді, қабылдайды немесе 
қабылдамайды. 
Педагогикалық 
мақсат 
қалыптастыруда 
жеке 
тұлғаның 
планетарлық және жалпымәдени санасын қалыптастыруды және 
дамытуды есепке алуымыз қажет. Бұндай сананың мазмұндық жағы 
жалпыадамзаттық құндылықтармен анықталады. Түрлі аймақтар бір-
бірінен өзінің табиғи-климаттық жағдайларымен, экономикасының 
және мәдениетінің ерекшеліктерімен ажыратылады. Тарихи өткен 
жолына, қоғамда қол жеткен деңгейлеріне және даму болашағына 
қарай адам идеалы қалыптасады. Саясаткердің, идеологтың белгілі 
бір типі қалыптасады, мемлекетке тән әлеуметтік практика 
қалыптасады. 


205 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет