Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет23/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
1.9 Қазіргі ғылым
философиясындағы
проблемалық өріс 
келтіретін ғылыми қорытындылардың формасын шығару керек. 
Өйткені, ешқандай білім басқа білімдермен салыстырылмай, әмбебап 
жүйге келтірілмей дайын, аяқталған, нақты бола алмайды».
Сонымен, Франктің ең бір маңызы жетістіктерінің бірі - ол 
философияның 
спецификасын 
анықтау, 
ғылымның 
және 
философияның тәуелсіздігін құруында, соның негізінде «барлық жеке 
және арнайы ғылымдардың негізін, қорытындысын жасайды». 
 
Қазіргі 
ғылым 
философиясыХХ
ғасырдың 
бірінші 
жартысында 
қалыптасты. 
Ғылыми 
революция 
классикалық көзқарастарды түбірімен 
өзгерткен. Х1Х ғасырдың соңында болған ғылыми революцияның 
мағынасын ашу нәтижесінде болды. Атомның бөлінуі сияқты, арнайы 
және салыстырмалы жалпы теория, кванттық теория, кванттық химия, 
генетика, системаның жалпы теориясы.
 
Жаңа ғылымның рационалдығын күн тәртібіндегі сұрақ ретінде
адамзаттың жаңа өркениетті дамуға және глобальді дағдарысты 
шешуге бағытталғандығы қарастырады. Ғылымның жаңа үлгілерін 
құрылымдайтын техникалық төңкерістің жағдайын жасап қана 
қоймай өзінің әлеуметтік және әлеуметтік стратегиясын коррелеуін 
және ғылымның жаңа кеңістігінің басқа рухани мәдениетпен 
араласуын болжайды. Өркениетті дамудың ізденіс аясының жаңадан 
құрылуы ғылым философиясы мен ғылымның дәрежесінің өзінің 
өзгеруіне әкеледі. Осы мәселелерді дұрыстап қарастырайық. Ғылым 
философиясындағы проблемалық өріс сұрақтары және ғылымның 
өзінің 
статусының 
өзгеруі 
жайлы 
өзіміздің 
және 
шетел 
ғалымдарының көптеген еңбектері жарық көруде. Бұл жерде 4 жүйелі 
блокты көрсетуге болады: 
қарастыратын еңбектерде ғылымның эволюциясын кең 
тарихи мән мәтінінде көрсетеді; 
ғылымды толығымен қамтитын философиялық ойлар 
қорытындылайды; 
ғалымдардың ғылым дамуы туралы мәселелерге деген 
«іштей» қалыптасатын көзқарастарын еңбектерінен көруге болады; 
ғылымның барлық үлгілерінің қорытындысын жасау – 
кумулятивтік, антикумулятивтік және кейс стадиясы (белгілі 
жағдайлардың зерттелуі) болып табылады. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым мен философия 
өкілдерінің көбі «ғылым» деген термин сөздің трансформациясы 
жайлы өз көзқарастарын айтып «ғылымның соңы» жайлы 


53 
пікірталасқа 
қатысты 
(Дж.Хорган, 
В.Гейзенберг, 
Ж.Делез, 
П.Фейерабеннд, М.Фуко, Ф.Лиотар, В.Паули және тағы басқалары). 
«Ғылымның соңы» деген түсінік тек қана үлкен үрдістің ауысуын 
ғана білдірмейді, сонымен қатар ғылымның қарастырып отырған 
парадигмасының ауысуын, парадигмалық негіздемесін және қазіргі 
таңдағы мәдениетті өркениеттегі ғылымның орнының өзгеруін 
білдіреді. Қазіргі таңда көбіне мынадай уәждемелер айтылып жүр: 
әлем дегеніміз біртұтастық және ғылым өзінен өзі холистикалық 
дүниетанымнан шыға алмайды; ғылыми төңкеріс қажет, ол ғылым 
деген түсініктің өзінің шеңберінен де шығуы тиіс. Мұндай ерекше 
құбылыс – мәдениет. Мұнымен көптеген авторлардың постмодерндік 
ментальды мәдениет клишесіне үндеуі түсіндіріледі. 
Ғылым философиясы (әсіресе тарихи мектептер) мен 
гуманитарлық 
таным 
философиясының 
бірігуінің 
негізінде 
ғылымның жаңа парадигмалық негіздемесі іздестірілуде, оның 
зерттеу аймағының шеңберінде плюралистік ғылым философиясы 
пайда болады (К.Хюбнер).
Сұраққа жауап беру үшін біз бұл екі бағыттың жаңа ғылымның
және оның мәртебесін құраудағы дәрежесін қарастырамыз, олардың 
әрқайсысының негізгі мәселелері мен түсінігін қарастырамыз, 
соңында жаңа әдіснамалық парадигманы шығару үшін барлығын 
қорытындылаймыз. 
ХХ ғасырда пайда болған постмодернизм соңғы үшінші «уақыт 
бағыты» («дух времени») дүниетанымын түсіндіреді. 1980 жылдың 
басында батыс зерттеушілері постмодернизмның мәселелерін күн 
тәртібіне қойған. Соның кейбір өкілдерімен танысайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет