Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет47/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107
Байланысты:
Отчет Оперплан по МС 1кв
Проблема
– теориялық зерттеудің формасы, оның мазмұнын әлі 
адам танып, білмеген нәрсе қамтиды. Проблема таным процесі 
кезінде пайда болатындықтан ғылыми танымның формасы емес, екі 
негізгі нәрсені қаулы және шешімді қамтитын процесс болып 
табылады. Адам танымының даму жолының барлығы алдымен бір 
проблеманың шешу жолын табу, одан соң жаңа проблемаларды 
анықтау ретінде көрінеді.
Гипотеза
– теориялық білімнің формасы, ғылыми теорияның 
фактілер негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мәні әлі 
анықталмаған және дәлелдеуді қажет ететін құрылымдық элементі. 
Ғылыми гипотеза әрқашан нақты қандай да проблеманы шешу үшін, 
жаңа эксперименталды мәліметтерді түсіндіру немесе теориядағы 
қайшылықтар мен эксперименттің теріс нәтижелерін жоққа шығару 
мақсатында ұсынылады. Гипотезаның ғылыми білімнен алар орнын 
көптеген атақты философтар мен ғалымдар атап өткен болатын. 
Атақты британ философы, логик және математик А.Уайтхед жүйелі 
ойлау кейбір арнайы қосымшалы жалпы жағдайларға арналған 
гипотезаларды 
пайдаланбай 
алға 
баспайтындығын 
айтқан: 
«Жеткілікті дамыған ғылым екі жағдайда алға басады. Бір жағынан, 
білімнің дамуы жұмыста пайдаланатын басты гипотезаны анықтау 
әдісінде байқалса, екінші жағынан, осы гипотезаларды түзету 
жұмыстары жүргізіледі». Теориялық білімнің формасы ретінде 
гипотеза оның туындауы мен негізделуіне қажет кейбір міндетті 
шарттарға сай болуы керек: ғылымда қабылданған заңдарға, өзі 
түсіндіруге тиіс мәселе төңірегіндегі факті материалдарына сәйкес 
болуы керек, формалды логика заңдарына қайшы келмеуге тиіс, 
қарапайым әрі дәлелдеуге немесе терістеуге келетін болуы керек.
Теория ғылыми білімнің ең дамыған және күрделі формасы. 
Ғылыми білімнің басқа формалары – ғылымның заңдары, жіктеулер, 
топтастырулар, алғашқы түсіндіру сызбалары теорияның туындауына 
алғы шарттар жасайды. Сонымен қатар, олар көп жағдайда теориямен 
бірге өмір сүреді, ғылым жүйесінде оған ықпал ете отырып, тіпті 
құрылымдық элементі ретінде теорияға да кіреді. Ғылыми білімнің 
басқа формаларынан теорияның өзіндік ерекшелігі ол болмыстың 


87 
белгілі бір саласындағы кездесетін байланыстар мен заңдылықтар – 
аталған теорияның объектісі туралы тұтас көрініс болуында. Ғылыми 
теорияға 
Ньютонның 
классикалық 
механикасы, 
Дарвиннің 
эволюциялық 
теориясы, 
Эйнштейннің 
сәйкестік 
теориясы. 
Эйнштейннің пікірінше, кез-келген теория төмендегі белгілерге 
(критерийлерге) жауап беруі тиіс: тәжірибе мәліметтеріне қарсы 
шықпау; тәжірибе жасалған материалдар бойынша тексеруге келетін 
табиғилығымен; логикалық қарапайымдылығымен ерекшелену; 
неғұрлым анықталған жағдайдан тұру; көріктілігімен, сұлулығымен, 
үйлесімділігімен ерекшелену; қолдану аясының кең болуы; жаңа, 
жалпылама теорияларды жасауға жол сілтеу. Өзінің құрылысына 
қарай теория іштей бөлінген (дифференцияланған), бірақ бір 
элементтің екіншіге логикалық жағынан тәуелді болатын және теория 
мазмұнының кейбір пікірлер мен ұғымдар жиынтығы, арнайы логика-
әдіснамалық ережелер арқылы шығарылатындығын сипаттайтын 
біртұтас білімдер жүйесін құрайды.
Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлері бір-
бірімен тығыз байланысты. Эмпирикалық зерттеулер бақылау мен 
эксперимент арқылы жаңа мәліметтер ала отырып, теориялық 
зерттеудің дамуын ынталандырады, оларға жаңа міндеттер жүктейді. 
Теориялық зерттеулер ғылымның теориялық мазмұнын дамыта, 
нақтыландыра түсіп, фактілерді болжау мен түсіндірудің болашағын, 
жаңа жағын көрсетеді, эмпирикалық зерттеуді бағыттап отырады. 
Ғылым біртұтас динамикалық жүйе ретінде тек жаңа эмпирикалық 
зерттеулермен байып, оларды теориялық құралдар жүйесі, таным 
формалары мен әдістерінде пайдалана отырып қана, сәтті дамуы 
мүмкін. Ғылым дамуының белгілі бір сатысында эмпирикалық 
зерттеу теориялық зерттеуге өтеді және керісінше. Бұл ұғымдардың 
біреуін дамыту үшін екінішісін тежеуге болмайды.
Ғылымда шынайы білімді алу мен негіздеу түрлі ғылыми 
әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Әдіс 
(гр: metodos – зерттеу жолы немесе таным) – іс-әрекетті 
практикалық және теориялық жағынан меңгеру ережелері, тәсілдері 
және операцияларының жиынтығы. Ғылыми білімдегі әдістің негізгі 
қызметі – белгілі бір объектіні тану үрдісін іштей ұйымдастыру және 
бақылау.
Әдіснама әдістер жүйесі, жалпы әдістер теориясы ретінде 
анықталады. Қазіргі әдістер жүйесі ғылымның өзі сияқты сан алуан. 
Ғылым зерттейтін объектілердің мазмұны жаратылыстану және 
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар әдістерін бір-бірінен айыратын 
белгі рөлін атқарады. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымдарының 


88 
әдістері іштей өлі табиғатты және тірі табиғатты зерттейтін әдістер 
болып бөлінеді.
Әдістің сипаты көптеген факторлар арқылы анықталады: 
зерттеу нысанымен, қойылған міндеттің жалпылығы, жинақталған 
тәжірибе, ғылыми білімнің даму кезеңдерімен және т.б. Ғылыми 
білімнің бір саласына пайдаланған әдіс басқа салада көздеген 
мақсатқа қол жеткізуге көмек бере алмауы мүмкін. Ғылыми пәннің 
қалыптасу дәуірінде қолданылған әдістер ол дамыған сайын аса 
күрделі және жетілдірілген әдістерге орын босатады. Дегенмен 
көптеген жетістіктер бір ғылымда жоғары нәтиже көрсеткен әдістерді 
басқа саладағы ғылыми білімге ауыстырып қолданудан шыққан 
болатын. Мысалы, биологияда физика, химия жүйелерінің жалпы 
теориясының әдістері сәтті қолданылуда. Математикалық әдістер де 
түрлі ғылым саласында қолданылып, жақсы нәтиже көрсетті. Демек, 
қолданатын әдістер негізінде екі қарама-қарсы үрдіс дифференциация 
және интеграция жүзеге асады.
Ғылым теориясында және танымның ғылым әдіснамасында 
әдістерді түрліше жіктейді. Мәселен, В.Канке ұсынған ғылыми 
әдістер жіктемесінде төмендегідей әдістер көрсетілген: білімді белгілі 
объектіден белгісізге өткізетін және ғылыми ашылулар мәселесімен 
тығыз байланысты индуктивті әдіс; жаратылыстанудағы ғылыми 
түсініктің ережелерін анықтайтын және ғылым түсініктің шынайы 
жағдайға сәйкестігін анықтауға негізделген гипотетико-дедуктивті 
әдіс; логикалық және математикалық талдаулардың ережелерін 
анықтайтын аксиомалық және конструктивті әдіс; әлеуметтік-
гуманитарлық білімде жиі қолданылатын құбылысты түсіну 
(интерпретация), зерттеуші мен мәдениет әлемі арасындағы 
құндылықты байланыс құруға негізделген прагматикалық әдіс. 
жалпы әдістер: анализ, синтез, абстракциялау, салыстыру, 
индукция, дедукция, аналогия және т.б. да анықталған. 
арнайы, яғни ғылымда қолданылатын: ғылыми бақылау, 
эксперимент, 
идеализация, 
формализация, 
аксиомализация, 
абстракциядан нақтылыққа ауысу және т.б. 
тәжірибелік, 
яғни 
ғылыми 
танымның 
заттық-сезімдік 
деңгейінде қолданылатын: бақылау, өлшеу, тәжірибелік эксперимент. 
логикалық: дәлелдеу, терістеу, түсіндіру, салдарын анықтау, 
жақтау. 
Бақылау, өлшеу, тәжірибелік эксперимент эмпирикалық әдістерге 
де жатады. Идеализация, ойлау эксперименті, абстракциядан 
нақтылыққа өту сияқты әдістер теориялық болып табылады. 
Әдістердің бірі білімді негіздеуге арналса (эксперимент, дәлелдеу, 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет