157
мемлекет үшін: мемлекеттік ақпараттық құрылымдар мен
мемлекеттік
ақпараттық ресурстарды қорғау; мемлекеттік ақпараттық
кеңістіктің тұтастығын сақтау.
Жаңа ақпаратық көзқарастар мәдениет тарихын бағалауды жан-жақты
етуге септігін тигізеді. Егер әр дәуірлердегі ақпаратты сақтау және
тасымалдау технологияларын салыстырсақ, онда адамзат өркениетіндегі
білім дамуы барысындағы бірнеше ақпараттық төңкерістерді бөліп
қарастыруға болады:
бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен
байланысты, ұрпақтан ұрпаққа білімдерді беру және тіркеу мүмкіндігі
туды;
екінші ақпараттық төңкеріс (ХҮІ ғ.-ң ортасы) кітап шығару ісіне
қатысты, ақпаратты тарату мәдениеті мен ұйымдастырылуын түбегейлі
өзгертті;
үшінші ақпараттық төңкеріс (ХІХ ғ.-ң аяғы) электр қуатын
шығарып, телеграф, телефон, радио арқылы ақпаратты тез таратуға және
жинақтауға жол ашылды;
төртінші
ақпараттық
төңкеріс
(1970
жылдар)
микропроцессорлық технологиялардың пайда болуы, дербес компьютер,
компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат тасымалдау жүйелерінің
шығуы. Бұл кезең үш фундаментальды жаңалықтармен ерекшеленеді:
ақпарат
өңдеудің
механикалық
және
электрлік
құралдардан
электорондыққа өтуі, барлық құрылғылар
мен құрал-жабдықтардың
ықшамдалуы;
бағдарламалық-басқарушылық
құрылғылар
мен
үрдістердің пайда болуы.
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қауырт дамуы
ақпараттық қоғам деген атауға негіз болды. З.Бжезинский, Д.Белл,
О.Тоффлер тұжырымдамалары бойынша, ақпараттық қоғам –
постөнеркәсіптік қоғамның бір түрі. Қоғамдық дамуды – сатылардың
ауысуы деп түсінген бұл ғалымдар ақпараттық қоғамды «төртінші
сектор» - экономиканың ақпараттық секторы деп, ол лдындағы ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет көрсету экономикасынан кейін пайда
болды деп санайды. Өнеркәсіптік қоғамдағы капитал мен еңбек,
ақпараттық қоғамда ақпарат пен білім түрінде көрініс табады. Қоғамның
ақпараттық деңгейге өтуінің бірнеше талабы бар. Егер қоғамда 50 %
халық ақпарат
қызметінде жұмыс істесе, онда ол қоғам ақпараттық
болады. Мысалы, А.И.Ракитов ақпараттық қоғамның келесідей
қасиеттерін келтіреді: а) ақпараттың қол жетімділігі; б) техникалық
жағынан ақпараттың қол жетімді болуы; в)
қоғамда қажетті көлемде
ақпараттың өндірілуі; г) барлық өндіріс және басқару салаларын тездетіп
158
автоматтандыру мен роботтандыру; д) 50 % жұмысшы халықтың
ақпараттық салада жұмыс жасауы.
Осы орайда жаһандық ақпараттандырудың қауіпті үдерістерін
(тенденцияларын) бөліп қарауымыз қажет:
-
БАҚ-ң қоғамға мол әсер етуі;
-
ақпараттық технологияларды қолдану арқылы азаматтар немсе
ұйымдардың жеке өміріне араласа алу мүмкіндігінің жоғарылауы;
-
сапалы және нақты ақпаратты алу мәселесінің күрделенуі;
-
апараттық технологияларды жасаушылар мен тұтынушылар
арасындағы аралықтың үлкендігі.
Сонымен, информатиканың философиялық-әдіснамалық мәселелерін
қарастыру
зат пен энергия, дискреттік және континуалдық бейнелер,
белгілер мен модельдер т.б. түсініктердің арақатынасын нақтылауға
мүмкіндік береді. Жаһандық ақпараттандыру мен құрылымдардың
ақпараттандырылуы
әлеуметтік-гуманитарлық
информатиканың
дамуына ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: