Сот бақылауы – бақылау объектілерінің бақылаушы инстанцияға ұйымдық бағыныстылығымен ғана емес, сонымен қатар бақылау субъектісінің (соттың) өзі тәуелсіз және тек заңға бағынатындығымен сипатталатын бағынышты бақылаудың ерекше түрі. және бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам сотқа қандай шешім қабылдау керектігі туралы нұсқау бере алмайды.
Сот бақылауының міндеттері:
1) заңдылықты (апелляциялық шағымдар, кассациялық тексерулер; тергеу судьясының қылмыстық қудалау органдарының шешімдері мен әрекеттеріне санкция беруі) және жеке құқықтық актілердің негізділігін (сотталушыға, сезіктіге, айыпталушыға қатысты) тікелей тексеру;
2) уәкілетті органдардың (прокурордың, тергеушінің, анықтаушының) құқықтық актілері мен әрекеттерінің заңдылығын тексеру.