Психикалық мәжбүрлеу — адамның еркіне сөз, символ, ымдау, қаруды немесе оның сұлбасын көрсету арқылы әсер ету. Мұндай әрекеттер адамды өз өміріне, денсаулығына және жақын адамдарына қауіп төнуі мүмкін деген қорқынышқа итермелейді. Психикалық мәжбүрлеу кезінде адамның өз әрекетін таңдау мүмкіндігі сақталады. Егер ол талап етілетін әрекетті жасаса, ол қоғамға қауіпті болады. Ол келетін күштеу және психикалық мәжбүрлеу салдарынан әрекет жасағаны үшін жауапкершілік туралы мәселе қажеттілік ережелері бойынша шешіледі. Сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік егер алдынғы зиян, келтірілген зияннан көп болған жағдайда ғана жоққа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |