260
қызықпаймын. Бірақ бұрынғы күйеуімнен біраз мал-мүлік қалған еді. Сіз мұқтаж
кісілерді жақсы танисыз. Менде қалған бұл байлықты оларға жұмсасаңыз деймін. Сол
ниетпен сізге тұрмысқа шығуды ойлап жатырмын. Сонда Аллаға жақынырақ болар
едім», – деп жауап береді.
Абдулхауари үйлену мәселесі туралы Әбу Сүлеймен Дараниден кеңес сұрайды.
Дарани Абдулхауариді үйленуден тыйып, «Біздің кісілердің қайсысы болмасын
үйленген соң бәрі өзгерді, бұзылды. Үйленсең, сен де бұзыласың», – деді. Бірақ
Рабианың жоғарыдағы ұсынысы туралы айтқанда, «Ол (Рабиа) Алланың әулие пендесі
екен, оған үйлене бер», – деді. Сөйтіп Ахмад ибн Абдулхауари оған үйленді.
Ақырындап бүтіндей байлықты кедей-кембағалдарға және мұқтаж, тақуа кісілерге
жұмсады.
Осы шамдық Рабиа басралық Рабиаға (Рабиа Адауияға) ұқсас тақуа әйелзаттан еді.
Күйеуінің мал-мүлкін ысырап қылмай жақсы қарау да әйелдің міндеті. Сондықтан
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күйеуінің рұқсатынсыз оның мал-мүлкін әркімге беру әйелге
адал емес. Бірақ бұзылып кетуі мүмкін болған тамақ-асты бере алады. Егер күйеуінің
рұқсатымен біреуге бір нәрсе жегізсе, ол да күйеуімен бірдей сауап табады. Егер
күйеуінің рұқсатынсыз берсе, күнәсі оған, сауабы күйеуіне жазылады», – деген.
Ата-ананың да күйеуге ұзатылатын қызының алдында бірнеше міндеттері бар. Олар
қыздарына күйеуге тигеннен кейін күйеуімен ынтымақта жасау, оған жақсы мәміле
жасау жолдарын үйретуге тиіс. Фазари қызы Асма атты қызын күйеуге ұзатып жатып
оған төменгідей насихатын айтқан екен:
«Қызым, осы күнге шейін өмір сүріп келген үйден басқа үйге бейтаныс, бұрын
сөйлеспеген кісімен бірге өмір сүргелі бара жатырсың. Сен ол кісіге жақын бол,
мейірімді жар бол, ол кісі саған аспан болып, сені өз қорғауына алсын. Сен оған төсеніш
бол, ол саған таяныш болсын. Сен оған күң бол, ол саған сұлтан болсын. Оны еш
ренжітпесең, ол да сені ренжітпейді. Одан алыстамасаң, ол да сені ұмытпайды. Егер
саған жақындамақшы болса, сен де оған жақында. Егер сенен аулақтағысы келсе, сен
де одан аулақ бол. Оның мұрнын, құлағын, көзін сыйла, жақсы қара. Сенен әрдайым
жағымды иіс аңқып тұрсын. Аузы-мұрныңнан жағымсыз иістер келмесін. Сенің
аузыңнан әрдайым жақсы сөздерді естісін, құлағына жаман сөздер кірмесін. Сені
әрдайым жағымды жағдайда көрсін. Сенен көңілі суымасын, жиіркенбесін!»
Достарыңызбен бөлісу: