271
сендерден де жақынырақпыз», – деді және сол күні ораза ұстауға бұйырды.
Бірақ
«Яһудилерге ұқсап қалмас үшін Ашура күнінен бір күн бұрын және бір күн кейін қосып
ораза ұстаңдар» деп бұйырды.
Ашура күнінің ұлылығы туралы бірнеше мағлұмат бар. Адам (а.с.) сол күні
жаратылып, сол күні пейішке кіргізілгені, сол күні тәубесі қабыл болғаны, Арш, Күрсі,
аспан-жер, Күн, Ай және жұлдыздар сол күні жаратылғаны, Ибраһим (а.с.) сол күні
туылғаны және Намрудтың отынан сол күні құтылғаны, Иса (а.с.) сол күні туылып, сол
күні аспанға көтерілгені, Идрис (а.с.) сол күні ұлы орынға көтерілгені, сол күні Нұхтың
кемесі
Жуди тауына тоқтағаны, Сүлейменге (а.с.) ұлы патшалық сол күні берілгені,
Жүніс
балықтың ішінен шығарылғаны, Жақыптың көзі көре бастағаны, Жүсіптің
құдықтан шығарылғаны, Әйюбтің (а.с.) бәледен құтылғаны, бірінші жаңбыр сол күні
жауғаны, бұрынғы үмбеттерге Ашура оразасы парыз болып, Рамазан оразасымен үкімі
жойылғаны айтылады.
Байхақи жазып алған бір хадисте: «Кім Ашура күні бала-шаға мүшелерін қуантса,
Алла да жыл бойы оны қуантады», – деп айтылған.
Табарани
кітабында жазған, бірақ сахихтігі анықталмаған бір хадис төменгідей:
«Ашура күні қылынған бір жақсылық жетпіс мың жақсылыққа тең».
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немересі әзірет Хүсейіннің Ашура күні шейіт болуы да
оның Алланың алдындағы дәрежесінің ұлылығын көрсетеді.
Сондай-ақ оның құтты
әһл-бәйтте ұлы орын иеленгеніне дәлел болады. Кім Ашура күні Хүсейіннің (р.а.)
басына келген кесел-кесапат бәлені еске алғысы келсе, барлық кісілер бұл дүниеде
уақытша екенін және барлық нәрсе Алладан келіп, Аллаға қайтарын еске ұстап, терең
ой жүгіртуі керек.
Рафидилердің, Шиалардың және басқа тура емес ағымдардың жаңылыс жолдарына
түспеуге тиіс. Ашура күні жылап-сыздап,
айқайлап-өкіріп, өзін сабап аза тұтуға
болмайды. Өйткені мұндай іс-әрекеттер мұсылманшылыққа тура келмейді. Егер
мұсылманшылықта айқайлап-өкіріп, бетін жыртып жылап, айғай салу бар болса әзірет
Хүсейіннің атасы, әлемнің жарық күні – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеден өтуі соған
ең лайықты болмақ. Алла Тағаланың өзі бізге жеткілікті. Ол қандай жақсы Қолдаушы!
Достарыңызбен бөлісу: