Имам ғазали жүректің сырлары


Орындалған істер, таразы және тозақ азабы



Pdf көрінісі
бет93/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Орындалған істер, таразы және тозақ азабы 
Бауырым, жасаған істеріңнің таразыға тартылуы және сауап-күнә дәптеріндегі 
парақтардың ары-бері ұшатыны әрдайым есіңде болсын. Өйткені адамдар сұраққа 
тартылғаннан кейін төменгі үш топқа бөлінеді: 
1) Жасаған ешбір жақсы ісі болмағандар. 
Тозақтан қап-қара мойындар созыла шығып, мұндайларды құс шоқығандай іліп алып, 
оралып тұрып отқа лақтырғанда от оларды дереу жалмап алады. Олардың жаман 
нәтижеге душар болғанын қатты дауыспен жар сала естіртеді. 
2) Ешбір жаман іс жасамағандар 
Бір періште қатты дауыспен: «Қандай жағдайда болмасын Аллаға мақтау айтқандар 
орындарынан тұрсын!» – деп жар салады. Бұл топ сөйтіп пейішке жол тартады. Содан 
соң түндерін ғибадатпен өткізгендер, содан соң сауда-саттық Алланы зікір қылудан 
(намаздан) ала алмағандар да солай шақырылғаннан кейін олардың бәрі шексіз 
бақытқа жеткені қатты дауыспен естіртіледі. 
3) Жақсы істерді де, жаман істерді де жасағандар 
Пенделердің көбі сол түрге кіреді. Олар жақсы істері немесе күнәларының қайсысы 
басым екенін білмесе де ұлы Алла оны жақсы біледі. Бірақ кешірсе ұлылығы, жазаласа 
әділеттілігі ашық-айқын білінуі үшін Алла Тағала олардың жасаған істері туралы үкімін 
мұқият көрсетуді қалайды. 
Міне, сондықтан сауап және күнә істер жазылған дәптердің парақтары желге 
ұшқандай біртіндеп ұшады және таразы құрылады. «Оң бетінде жазу бар ма не сол 
бетінде ме?» – деп дәптерге қараған көздер сол сәтте-ақ «оң табағы ауыр баса ма не 
сол табағы ауыр баса ма?» – деп таразыға қарайды. 
Бұл көрініс кісілердің миын қайнататындай қорқынышты. 
Хасан Басридің айтуы бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын әзірет 
Айшаның тізесіне қойып ұйықтап қалады. Сол сәтте ақырет туралы ойлаған Айшаның 
(р.а.) көздері жасаурап, жағынан төмен сызылып аққан көз жасы Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жүзіне тамады. Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.) ойланып кетіп: «Айша, неге 
жылап жатырсың?» – деп сұрайды. Әзірет Айша: «Ақыретті еске алып, соған жыладым. 
Сендер, еркектер, қиямет күні жұбайларыңды еске аласыңдар ма?» – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған былай деп жауап береді: «Жаным қолында болған Аллаға 
ант етейін: «Ақыретте үш сәтте әркім өзін ғана ойлайды: 
Біріншісі, таразылар қойылып, пенденің жасаған істері тартылып жатқанда әркім 
жасаған жақсы ісі ауыр баса ма не жеңіл ме деп ойлап, соны көргенге шейін өзін ғана 
ойлайды. 


125 
Екіншісі, сауап-күнә дәптерлері таратылып жатқанда. Бәрі дәптері оңнан берілерін 
не солдан берілерін көргенге шейін басқаны ойлана алмайды. 
Үшіншісі, Сыраттан өтерде де әркім өзін ғана ойлайды»
314

314
 
Әбу Дәуіт, 4755. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Қиямет күні адам баласы Алланың алдына әкелініп, 
таразының екі табағының ортасына тұрғызылып, жанына бір періште қойылады. 
Таразыда сауаптары ауыр басқанда басындағы періште жалпыға естілетіндей қатты 
дауыспен: «Пәленше мәңгілік бақытқа жетті!» – дейді. Ал енді таразыда жақсы істері 
жеңіл басқанда, сол сәтте періште: «Пәленше нәтижесі жаман бақытсыздыққа 
ұшырады!» – деп дауыстайды. Сауап жағы жеңіл болғанда қолдарына темір күрсі 
алған, оттан киім киген азап беруші періштелер келіп, тозаққа баратын кісіні алып 
кетеді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қиямет күні туралы былай деген: «
Қиямет күні келгенде 
Алла Тағала Адамға (а.с.): «Уа, Адам, орныңнан тұрып, тозақ керуенін тозаққа 
жібер», – деп айтады. Адам «Тозақ керуені қаншалық?» – дегенде, Алла Тағала: «Әр 
мың кісінің тоқсан тоғызы», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
ақырғы сөзі сахабаларды терең ойға салып, үнсіз отырып қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) 
олардың қайғырғанын байқағанда: «Сендер жақсы істеріңді жалғастырыңдар 
және Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант етейін, сендермен бірге екі 
тайпа ел бар. Олар қайсы үмбеттің дәуірінде жасаса, сол үмбеттің санын 
бүтіндейадамзат және шайтандардың өліктерінің санындай көбейтеді. Соған 
қуаныңдар
», 
– деді. Сахабалар: «Бұл екі тайпа кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Яжуж және Мажуж», – деді. Сонда сахабалардың көңілі біраз жайланды. Алла 
Елшісі (с.а.с.) сөзін одан ары жалғастырып: «
Жақсы істерді жалғастырыңдар. 
Сендерге сүйінішті хабар бар! Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант 
етейін: «Қиямет күні сендер адамдардың арасында түйенің қарнындағы дақ не 
аттың аяғындағы жараның ізіндей аз санда болып қаласыңдар
»
315
 
деді. 
315
 
Бұхари, 3348; Мүслим, 222. 
Ей, уақытша дүниенің азғыруына алданған пенде! Көшіп кететін жерің жайлы 
басыңды ауыртудың орнына көшіп баратын жайың туралы ойлан! Өйткені тозаққа 
барлық пенде баруы мүмкін екені саған білдірілген. 
Алла Тағала былай дейді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет