Имам Мухйиддин ан-Науауи Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!



бет3/6
Дата27.12.2016
өлшемі12,07 Mb.
#5666
1   2   3   4   5   6
32 ТАРАУ

Әлсіз, кедей және оларды көбі танымайтын мұсылмандардың абыройы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет…» «Кеһф» сүресі, 28 аят.


252. Хабар бойынша, Харис бин Уахб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге Жннәттық болғандардан хабар берейін бе? – Ол әр-бір әлсіз және танымсыз1, бірақ ол бір нәрсемен ант етсе, Аллаһ оның антын орындайды. Сендерге Отта болатындардан хабар берейін бе? – Ол әрбір дөрекі, сараң және өр-көкірек. Аль-Бухари, Муслим.


253. Хабар бойынша, Абуль-Аббас Сахл Саъд ас-Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанынан бір (бай) адам өтті де, ол туралы, жанында отырған адамнан: «Сен осы адам туралы, не айтасың?», – деп сұрады. Ол: «Бұл құраметті адамдар қатарында, Аллаһтың атымен ант етемін, егер ол бір әйелге құда түссе, оны ол әйелге үйлендіруге, ал егер ол біреуге болысса (қорғаса), онда оның болысуын қабыл алуға лайық адам», – деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндемеді, ал бірер уқыттан кейін жанынан басқа бір адам өтті де, ол: «Ал мына адам туралы сен не ойлайсың?», – деп сұрды. Ол: «Бұл – кедей мұсылмандар қатарынан, және оған ол құда түсіп үйленгісі келеген әйеліне үйлендірмеуге, және оның болысуы қабыл болмауға және ол сөйлегенде сөйлегенін тыңдамауға лайық адам», – деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол кедей, барлығы мынау сияқты (байлармен) толтырылған жерден артық!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


254. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Тозақ пен Жұмақ бір-бірімен тартысып, Тозақ былай деді: «Менде мейірімсіз және өр-көкірек адамдар болады», ал Жұмақ: «Ал менде - әлсіз және кедейлер», - деді. Сонда Аллаһ Тағала былай деп араларына төрешілік айтты: «Иә Жұмақ, расында сен Менің қалағаныма көрсететін мейірімім боласың, ал сен болсаң, иә Тозақ, Менің қалағаныма көрсететін жазалауым боласың және Мен екуіңді де толтыруым керек болады!» Муслим.


255. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Қиямет күні маңғаз сұсты адам келеді де, оның Аллаһ алдында масаның қанатынан да жеңіл екендігі анықталады. Аль-Бухари, Муслим.


256. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Кезінде қара жүзді бір әйел мешіттің еденін сыпыратын, бірде ол әйел көрінбей қалғаннан соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол туралы сұрады. Сонда оған: “Ол бұл дүниеден өтіп кетті” – деді. Бұны естіген ол: “Маған неге хабар бермедіңдер” – деді. Оның өліміне олар көп мән бермей, олар үшін бұл уақиға кішігірім мәселе көрінген секілді болды. Содан кейін ол: “Маған оның қабірін көрсетіңдер!”, – деді. Оған оның қабірін көрсетіп ол оған жаназа намазын оқыды да: “Расында бұлардың қабірлері қараңғы бір түнек секілді және ондағылардың бәрі соған (түнекке) оранған, расында, енді Аллаһ Тағала менің дұғам арқылы оларға оны нұрландырады”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.


257. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бәлкім шашы жалбыраған, үсті шаң болған және адамдардың есігінің алдынан қуылатын адамдардың Аллаһтың атымен айтылып жатқан антын, Аллаһ міндетті түрде орындайды. Муслим.


258. Хабар бойынша, Усама, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәттің қақпасының алдында тоқтадым да, оған кіргендердің көпшілігі кедейлер екенін байқадым, ал байлар болса (есеп беру үшін) тоқтатылды, бірақ Тозақ тұрғындарын Тозаққа тасталуына әмір етілді. Мен және тозақ алдында да тоқтатылдым, онда түскендірдің көпшілігінің әйелдер екенін байқадым. Аль-Бухари, Муслим.


259. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үшеуден басқа ешкім бесігінде сөйлеген емес, олардың бірі Иса бин Марйам. Ал екіншісі жайлы айтатын болсақ, ол Журайж сөйлескен нәресте. Журайж өзін Аллаһқа құлшылық етуге арнаған адам болатын. Ол өзіне құлшылық ететін үйшік салып алып, сонда құлшылық ететін. Бірде ол намаз оқып жатқан уақытында оған шешесі келіп: «Иә Журайж!», – деді. Ол: «Иә Раббым менің, менің шешем және намазым!»,1 – деді, де намазын жалғастыра берді, ал шешесі болса кетіп қалды. Келесі күні шешесі ол намаз оқып жатқан кезінде тағы да келіп: «Иә Журайж!», – деді. Ол тағы да: «Иә Раббым менің, менің шешем және намазым!», – деді, де намазын жалғастырып оқи берді. үшінші күні шешесі ол намаз оқып жатқан кезінде тағы да келіп: «Иә Журайж!», – деді. Ол тағы да: «Ия Раббым менің, менің шешем және намазым!», – деді, де намазын жалғастырып оқи берді. Сонда шешесі: «Иә Аллаһ, ол жезөкшелердің жүзіне қарамайынша, оны өлтірме!», – деді. Осыдан кейін Исраил ұрпағының адамдары Журайж жайлы және оның құлшылығы жайлы айта бастады. Олардың ішінде оның әдемілігін әңгіме ететін бір жезөкше болды. Ол әйел: «Қаласаңдар мен оны азғырып жолдан тайдырамын», – дейді де, оған келеді, ал ол болса оған қарамады да. Сонда ол әйел оның бөлмесінде тұратын бір қойшыға келіп оны азғырып жүкті болады да босанған кезінде: «Нәресте Журайждан», – деп жар салады. Сонда адамдар, оған келіп оның төмен түсуін талап етіп, оның құлшылық ететін үйшігін бұзып, ал өзін ұра бастады. Ол олардан: «Сендерге не болған?», – деді. Олар: «Сен мына жезөкше әйелмен ойнас жасадың, ал ол болса сенен бала туды», - дейді. Сонда ол: «Ол бала қайда?», - деп сұрайды да, олар оған баланы алып келеді. Журайдж оларға: «Маған дұға жасауға рұқсат беріңдер», – дейді. Ол дұғасын жасап болған соң баланың ішінен қағып: «Иә балақай, сенің әкең кім?», – деп сұрайды. Нәресте: «Пәленше қойшы», – деп жауап береді. Бұны естіген адамдар, Журайжға келіп оны сүйіп оған қолдарын тигізе бастап былай дейді: «Біз саған алтыннан құлшылық ететін үй салып береміз!». Бірақ ол: «Маған лайдан Өзімнің құлшылық ететін үйімді салып беріңдер!», - дейді, ал олар болса оның айтқанын орындайды.

Ал үшінші нәресте туралы айтатын болсақ, бірде ол шешесінің омырауын еміп жатқан кезінде олардың жанынан тамаша аттың үстінде, әдемі жүзді бір кісі өтіп бара жатып нәрсетенің шешсі: «Иә Аллаһ менің баламды осы аттылы секілді ет!», – деді. Сонда бала еміп жатқан омырауын тастап аттылыға бұрылып қарап: «Иә Аллаһ, мені ол секілді етпе!», – деді де, емуін одан ары жалғастырды.

Абу Хурайра сөзін былай жалғастырды:

Осы әңгімені айтып жатқан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осы күнге дейін көз алдымда, ол (баланың емгенін көрсетпекші болып) өзінің сұқ саусағын аузына салып сора бастады. Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Біраз уақыт өтісімен олардың жанынан бір күңге: “Сен зина жасадың! Сен ұрлық қылдың!”, – деп, оны ұрып-соғып алып өтті. Ал ол күң болса: “Маған Аллаһ жеткілікті, Ол тамаша қамқоршы!”, – деп айтып жатты. Осының бәрін көрген ана: “Иә Аллаһ, менің баламды осы күң сияқты ете көрме!”, – деді. Сонда бала тағы да емуін қойып, оған (күңге) қарады да: “Иә Аллаһ, мені сол секілді қыл”, – деді. Сонда олар бір-бірімен сөйлесе бастады да, шешсі баласына: “Сен неге біздің жанымыздан тамаша кейіпті адам өтіп бара жатып мен:«Иә Аллаһ менің баламды осы аттылы секілді ет!», - дегенімде сен: «Иә Аллаһ, мені ол секілді етпе!», - дедің, ал, жанымыздан: «Сен зина жасадың! Сен ұрлық жасадың!», – деп күңді ұрып соғып алып өткенде мен: “Иә Аллаһ, менің баламды осы күң сияқты ете көрме!”, – дегенімде, сен: “Иә Аллаһ, мені сол секілді қыл”, – дедің?” – деп, сұрайды. Сонда нәресте: “Расында, ол адам, жәбірлеуші сондықтан мен: «Иә Аллаһ, мені ол секілді етпе!», - дедім, ал күң жайлы айтатын болсақ, ол туралы: «Сен зина жасадың!», – дейді, ал ол болса оны жасамаған және ол туралы: «Сен ұрлық жасадың!», - дейді, ал ол болса оны да жасамаған, сондықтан мен: “Иә Аллаһ, мені сол секілді қыл”, – дедім”, – деп жауап береді. Аль-Бухари, Муслим.


33 ТАРАУ

Жетімдермен, қыздармен, басқа да әлсіз жарлы және шарасыздармен мейірімді пейілде болу, оларға аяушылық, жұмсақтық танытып және де оларды мойындап, игілік көрсету жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мұсылмандарға қанатыңды жай»1 «Хыжыр» сүресі, 88 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма…» «Кеһф» сүресі, 28 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме.» «Зуха» сүресі, 9-10 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? Міне сол жетімді қақпайлағанды, Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды.» «Мағұн» сүресі, 1-3 аяттар.


260. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Уаккас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз алтауымыз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған кезімізде, көпқұдайшылдар оған: «Бұларды бізге қыр көрсетпеулері үшін жаныңнан қу2», - деді. Ал бұл алтаудың ішінде менен басқа Ибн Масъуд, хузайл руынан бір адам, Биляль және тағы мен атын атамай жатқан екі кісі болды. Ал Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ойына келгені Аллаһтың қалағаны болды да, ол өзінің жан дүниесіне үңілді, ал Аллаһ Тағала оған мына аятты түсірді: “Сондай күндіз-түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума…”3 Муслим.


261. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Хубайр Аиз бин Амр аль-Музани, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ риза болған антты бергендердің бірі, ол былай деді:

Абу Суфйан өзімен ілескен бірнеше адммен бірге Сальманға, Билялге және Сухайбке келген кезінде, олар: «Аллаһтың қылышы, Аллаһтың жауларынан өзіне тиесілісін алған жоқ!»4, - деді. Бұны естіген Абу Бакр: «Сендер бұны құрайыштардың мырзасы мен басшысына айтып жатырсыңдар ма?!», – деді,5 де Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайдың бәрін оған айтып берді. Бұны естіген ол: “Иә Абу Бакр, сен оларды ашуландырып алмадың ба? Расында, егер сен оларды ашуландырсаң, онда Раббыңды аушуландырғаның”, – деді. Осыдан кейін Абу Бакр оларға келіп: “Иә бауырларым, мен сендерді ашуландырып алған жоқпын ба?”, – деп сұрады. Олар: “Жоқ, сені Аллаһ кешірсін!”, – деді. Муслим.


262. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Мен Жәннәтта жетімді асырағанмен мынадай бірге боламын», – деп, сұқ саусағы мен одан кейінгі саусағының арасын ашып көрсетті. Аль-Бухари.


263. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Туысқандарының ішінен не болмаса басқа адамдардан жетімді асыраушы, Жәннәтта менімен осы екеуі секілді жақын болады.



Осыны айтып, бұл хадисті жеткізуші Малик бин Анас, сұқ саусағымен одан кейінгі саусағының арасын көрсетті. Муслим.
264. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір-екі құрма не болмаса бірлі-жарым тамақ тиген кедей емес, нағыз кедей ол төзімділік көрсеткендер.» аль-Бухари


265. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жетім мен жесірдің қамын ойлаған, Аллаһ Тағаланың жолында соғысқандармен тең.



Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

… және де мен, ол былай айтты деп есептеймін: «… және де ол, түнімен тынымсыз намаз оқып, күнімен үздіксіз ораза ұстағанмен тең.» Аль-Бухари, Муслим.


266. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сый-құрмет көрсетіп тамақтандырудың ішіндегі ең жаманы - ол, үйлену тойына барғысы келгендерді шақырмай1, келуден бас тартатындарды2 шақыру болып табылады. Ал шақырғаннан бас тартқандар жайлы айтатын болсақ, онда олар Аллаһ пен Оның елшісін тыңдамағандар (бағынбағандар) болып табылады. Муслим.



Бұл хадистің екі «Сахихте» де келтірілген басқа бір нұсқасында, Абу Хурайрадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Нашар тамақ болып, оған байлар шақырылып, ал кедейлерді шақырудан бас тартылған үйлену тойында берілген тамақ саналады.



267. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Екі қызға бой жеткенше қамқоршы болған адам, Қияметте менімен осындай жақын болады», - деп, ол саусақтарын біріктіріп көрсетті. Муслим.


268. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде қайыр сұрап жүрген бір әйел, өзінің екі қызымен маған кірді. Ал менде оған беретін бір құрмадан басқа еш нәрсе болмағандықтан, оған оны бердім. Ол әйел өзі ол құрманың дәмін де татпай қыздарына бөліп берді де, тұрып шығып кетті. Артынша Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйге келіп, мен оған болған оқғианы айтып бергенімде ол: «Бұл қыздар кімге сынақ ретінде жіберілген болса, оны олар тозақтың отынан қорғайды», - деді. Аль-Бухари, Мслим.


269. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде маған қолына екі қызын көтеріп бір кедей әйел кірді. Мен оған үш құрма бердім, ал ол болса құрманың екуін бір-бірден екі қызына берді де, үшінші құрманы өзі жемекші болып аузына апара бергенде, қыздары тағы да оған қарап тамақ сұрай бастады, сонда ол қолындағы құрманы қыздарына бөліп берді. Мен бұл оқиғаға таңырқап, болған жайды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанымды ол: “Расында, бұл үшін Аллаһ оған жәннәтті кәміл етті /немесе: … оны тозақтың отынан босатты/!” Муслим.



270. Хабар бойынша, Абу Шурайха Хувайлид бин Амр аль-ХЪузаъи, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Аллаһ, мен екі әлсіздің: жетім мен әйелдің ақысына қысымшылық көрсетуге тыйым саламын. Ан-Насай жақсы иснадпен, «Жақсы хадис» деп келтіреді.



Тыйым саламын (ухариджу) деген сөз, ол осы екеуінің хақысына қысымшылық көрсеткендерді күнә жасады деп айыптаймын және ондай іс істеуден өздерін ұстауға шақырамын, дегені.
271. Хабар бойынша, Мусъаб бин Съад бин Абу Ваккас, олардың екеуіне де Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Саъд өзін басқалардан жақсы санайтын1. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерге әлсіздеріңнің арқасында жеңіс пен ризықтарың сыйланады емес пе?2”, – деді. Аль-Бухари.


272. Хабар бойынша, Абу Дарда, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған әлсіздерді іздеңдер, өйткені сендерге көмек пен ризық, сол араларыңдағы әлсіздеріңнің арқасында беріледі. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.




34 ТАРАУ

Әйелдерге жақсы қарым-қатынас

көрсету жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар…» «Ниса» сүресі, 19 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше (біреуіне) мүлде ауып кетіп. өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар. (күйеусіз әйелге ұқсатып, дел-салда жүрмесін) Егер түзеліп сақсынсаңдар, негізінен Аллаһ тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» «Ниса» сүресі, 129 аят.


273. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені, расында, әйел (Адам атаның) қабырғасынан жаралған, ал оның ең қисық жері жоғарғы жағында1, егер сен қабырғаны түзеткің келсе, онда оны сындырасың, ал егер оны өз жөніне қойсаң, онда ол сол қисайған күйінде қала береді2, сондықтан әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Аль-Бухари және Муслим.



Бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Әйел қабырға секілді: егер оны түзеткің келсе, онда сындырасың, ал егер одан ләззәт алғың келсе (оны жақсы көргің келсе), онда оның қисықтығына қарамай ләззәттана бер (жақсы көре бер)



Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, әйел қабырғадан жаратылған, ол сен үшін ешқашан түзу болмайды, сондықтан егер сен оны жақсы көргің келсе, оның қисықтығына қарамай жақсы көре бер. Ал егер оны түзеткің келсе, онда оны сындырасың, (ал) сындыру дегеніміз онымен ажырасу.


274. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Замаъа, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға хұтпасы кезінде түйе жайлы және оның сіңірін кескен адам жайлы айтып өтіп, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: «Оның ең жауызы қарсы шыққанда». Бұл дегеніміз, адамдардың ішінде аз кездесетін, бой бермейтін, өз халқының қорғанышында болған бір адам, түйеге қарай, оны өлтірмек ниетте бет бұрды.

Содан соң ол әйелдер жайлы айтып, олар туралы хұтпасында былай деді:

Сендердің араларыңдағы кейбіреулерің әйелдеріңді құлдарың секілді ұрасыңдар, ал содан кейін, түнде олармен бір төсекке жататын шығарсыңдар.

Содан соң ол оларға, араларындағы біреулері жел шығарып, оған бәрі күлетіндігі жайлы айтып былай деді:

Сендерден кейбіреулерің неге өздерің жасайтын іске күлесіңдер? Аль-Бухари, Муслим.



«Бой бермейтін» (ъарим) – залым, жамандықты жаюшы.
275. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмин еркек, мүмин әйелді жек көрмеу керек, өйткені оның мінезінің бір көрінісіне қапа болса, онда басқа-бір көрінісіне риза болады. Муслим.


276. Хабар бойынша, Амр бин аль-Ахвас аль-Джушам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу хажылығы кезінде бірінші Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтып Оған шүкірліктер айтып болған соң былай деп айтқанын естіген:

Әйелдеріңмен әр қашан жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені, расында, олар сендердің – тұтқындарың. Сендер оларға, айтарлықтай ұятсыз іс жасамаса, тисулеріңе хақыларың жоқ. Ал егер олар сондай бір жаман іс жасаса онда оларды төсектеріңнен алыстатыңдар да, оларды ақырын ұрыңдар. Сонда сендерге бағынса, онда оларға қарсы еш нәрсе жасамаңдар. Расында, сендердің әйелдеріңде хақыларың бар және әйелдеріңнің сендерде хақылары бар. Сендер олардан, жақтырмаған адамдарыңды төсектеріңе отырғызбауларын талап етулеріңе және сендердің көргілерің келмеген адамдарды (үйлеріңе) кіргізбеулерін талап етулеріңе хақыларың бар. Ал әйелдерің сендерден өздеріне жақсы тамақ пен жақсы киім талап етулеріне хақылары бар. Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис» деп келтіреді.



Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелді ерінің билігінде болған тұтқынға теңеп жатыр. Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «…оларға қарсы еш нәрсе жасамаңдар» – дегені, ол олар туралы жамандықты тіміскілеп, оларды ренжітпеңдер, - дегені. Ал, Аллаһ бұл жайлы жақсырақ біледі.
277. Хабар бойынша, Муъавийа бин Хайда, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біздің әр қайсысымызда, әйелдеріміздің қандай хақысы бар?», – деп сұрадым. Ол: «Сен өзің тамақ ішсең оны тамақтандыруың керек, өзің киінсең оны киіндіруің керек және де сен оны жүзінен ұруыңа, жаман сөздер айтуыңа, үйден тыс жерде (сұрағына жауап бермей) одан теріс айналып кетуіңе болмайды. Абу Дауд бұны «Жақсы хадис» деп, жаман сөз айтуға болмайды дегеніміз, ол: «Аллаһ сенің түріңді бұзсын!», - деп айту, дейді.


278. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иманы толық мүмин болып, мінезі көркем мүмин саналады, ал мінезі көркем мүмин болып, әйелімен жақсы қарым-қатынаста болған мүмин саналады. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы әрі сенімді хадис» деп келтіреді.


279. Хабар бойынша, Иййас бин Абдуллаһ бин Абу Зубаб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың әйел құлдарын ұрмаңдар!», – деді. Біраз уақыт өтісімен, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келді де: «Әйелдер шектен шығып барады», – деді, сонда ол әйелдерді ұруға рұқсат берді. Осыдан кейін көптеген әйелдер Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне келіп, өздерінің күйеулеріне шағымдана бастады. Сонда ол: «Мухаммадтың үйіндегі әйелдерге көптеген әйелдер өздерінің күйеулеріне шағымданып келді, олар (сол еркектер) сендердің араларыңдағы жақсыларың емес!», - деді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.


280. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл дүние сендерге уақытша бір қолдануларыңа берілген, сол берілгеннің ішіндегі сендер үшін ең хайырлысы діндар әйел. Муслим.




35 ТАРАУ

Еркектің әйелге хақысы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар, малдарынан да пайдаландырады. Ал енді жақсы әйелдер, бой ұсынушылар, Аллаһ қоруға берген көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар…» «Ниса» сүресі, 34 аят.


281. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер еркек өзінің әйелін төсекке шақырып, ал ол болса келмей, күйеуі оған ашуланып ұйықтаса, онда першіте оны таң атқанша қарғап шығады. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер әйел ерінің төсегінен бөлек жерде түн өткізсе, онда оны періштелер таң атқанша қарғап шығады.



Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, егер еркектің бірі, әйелін төсегіне шақырып, ал әйелі оған келмесе, ол әйелдің күйеуі әйеліне риза болмайынша, онда көктегі болған1, ол әйелге ашулы болады!


282. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әйел адамға күйеуінің рұқсатынсыз, оның жанында ораза ұстауына болмайды2 және оның үйіне оның рұқсатынсыз ешкімді кіргізуіне болмайды. Аль-Бухари, Муслим, мұнда Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.


283. Хабар бойынша, Ибн Омар, олардың екеуіне де Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел да күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады. Сонымен әр- қайсысың бақташысыңдар және әр-қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер. Аль-Бухари, Муслим.


284. Хабар бойынша, Абу АлиТалька бин Али, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер еркек өзінің әйелін, бір қажеті үшін шақырса, әйелі пештің жанында тұрса да ерінің шақыруына келуі керек. Ат-Тирмизи және ан-Насай келтіреді. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис» дейді.


285. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мен, біреудің біреуге сәжде жасауына әмір беруіме мәжбүр болған болсам, онда мен әйелдің күйеуіне сәжде жасауына әмір берген болар едім!3 Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақса сенімді хадис» деп келтіреді.


286. Хабар бойынша, Умм Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кез келген әйел1, күйеуі риза болып өлген болса, ол жәннәтқа кіреді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді2.


287. Хабар бойынша, Муъаз бин Жабал, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Осы дүниеде әйел өз еріне қысмшылық көрсеткен сайын, оның (жәннәттағы) хор қыздарының ішіндегі әйелдерінің бірі әлбетте: «Аллаһ сені жойғыр, қинама оны! Ол жақын бір күндері сені тастап бізге аттанатын, сенің қонағың ғана ғой!», – дейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


288. Хабар бойынша, Усама бин Зайд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен өзімнен кейін ерлерге, әйелден артық зиян келтіретін нәпсі қалдырмаймын. Аль-Бухари, Муслим.




36 ТАРАУ

Өзінің қарамағындағы асырап жатқан адамдарына қаржы жұмсау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Ананың тиісті керегі мен киімі, баланың әкесіне міндет…» «Бақара» сүресі, 233 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Кеңшілік иесі бай кісі, өзіне Аллаһтың бергені бойынша нафақа берсін. Аллаһ біреуге оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ ауыршылықтан кейін жеңілдік береді. «Талақ» сүресі, 7 аят.


289. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолына динар жұмсасаң3, құл (азат) етуге динар жұмсасаң, кедейге садақа ретінде динар жұмсасаң және жанұяңның керегіне динар жұмсасаң, сонда сол жұмсаған динарларыңның ішіндегі ең сауабтысы - ол жанұяң үшін жұмсаған динарың. Муслим.


290. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ Саубана бин Будждуда, Аллаһтың елшісінің оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, азат еткен құлы, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамның жұмсаған динарларының ішіндегі ең жақсысы болып: өзінің асырап жатқан адамдарына жұсаған динары, Аллаһ жолында мініп жүрген көлігіне жұмсаған динары және Аллаһ жолындағы жолдастарына жұмсаған динарлары жатады. Муслим.


291. Хабар бойынша, Умм Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, менің Абу Саламның баларына, оларды осындай да, осындай жағдайда қалдырмай жұмсағанымнан, олар менің балаларым болса да маған тиетін сауабы бар ма?1», – деп сұрадым. Бұл сұрағыма жауап ретінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Иә, сенің оларға жұмсағаныңнан, саған сауап бар». Аль-Бухари, Муслим.


292. Бірінші кітабтың басында келтірілген Саъд бин Абу Ваккас келтірген ұзын хадисте (№6), Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, сен Аллаһ жолында жұмсағаныңның барлығы үшін сауаб табасың, керек десең, әйеліңнің аузына салғаның үшін сауап бар. Аль-Бухари, Муслим.


293. Хабар бойынша, Абу Масъуд аль-Бадри, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам Аллаһтың сауабынан үміттеніп өзінің жанұясына қаржы жұмсаса, онда ол оған садақа ретінде жазылады. Аль-Бухари, Муслим.


294. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам қол астындағы асырауына тиістілі жандарын өлтіріп алса, онда бұл ісі ол үшін күнәсінда жетіп асады. Абу Дауд және басқа мухаддистер.



Муслим өзінің «Сахихінде» осыған ұқсас хадис келтіреді. Онда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер адам қол астындағы асырауына тиістілі жандарына тамақ беруін тоқтатса, онда бұл ісі ол үшін күнәсінда жетіп асады.


295. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр күні, Аллаһтың құлдары оянатын уақытында, көктен екі періште түсіп, оладың бірі: «Иә Аллаһ, ақшасын (сауабты істерге) жұмсағандардың ақшасын толықтыр!», – десе, екіншісі: «Иә Аллаһ, сараңның ісін опат қыл!», – дейді. Аль-Бухари, Муслим.


296. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Төмендегі қолдан жоғарыдағы қол жақсырақ2. Беруді өзіңнің қол астыңдағы асырауға тиістілеріңнен баста, ал садақаның ең жақсысы өзінде мол болған кезде берген садақа. Ұстамдылыққа (төзімділікке) талпынғанды, Аллаһ ұстамдылыққа (төзімділікке) алып келеді, ал кімде-кім өзінің күшімен ғана1 әрекет ететін болса, ондай адамды Аллаһ адамдарға мұқтаж болудан сақтайды. Аль-Бухари.




37 ТАРАУ

Өзінің жақсы көрген нәрсесінен беру.
Аллаһ Тағала айтты:

«Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…» «Әль-Имран» сүресі, 92 аят



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсылықтарынан, тиісті орынға жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді жұмып әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Аллаһ жолында беруді ойламаңдар…» «Бақара» сүресі, 267 аят.


297. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Ансарлардың ішінде пальма ағаштарын ең көп иемденген Абу Тальха болатын, ал дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байрақа (атты пальмалы тоғай) болатын. (Ол тоғайға) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таза суынан ішуге жиі келіп тұратын.



Анас сөзін былай жалғастырды:

Ал мына аят түскен кезде: «Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - Абу Тальха, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Аллаһ Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - деді», – ал менің ең сүйген нәрсем, ол Байраха, сондықтан ол Аллаһ жолындағы берген садақам болсын, ал мен болсам онымен жақсылыққа жетіп, о дүниеге дайындаған сауабым болсын деп үміттенемін», – деді. Бұған Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тамаша! Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек, деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не шешесімен) ағайындас ағасының баларына бөліп берді. Аль-Бухари, Муслим.



Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «…саған табыс әкеледі…», - дегені, ол міңгілік өмірде оның саған пайдасы тиеді, дегені.


38 ТАРАУ

Мұсылманның өзінің әйеліне, кәмілетке жеткен балаларына және үй ішіндегі барлық асырап отырған адамдарына, Аллаһқа бағынуды әмір етуінің міндеттілігі және оларға Аллаһтың әміріне қарсы келуге тыйым салу, оларды тәрбиелеу және де харам нәрселерді жасаудан ұстау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Үй ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл…» «Та-ха» сүресі, 132 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Өздеріңді әрі үй іштеріңді отыны адамдар мен тастар болған оттан қорғаңдар…» «Тахрим» сүресі, 6 аят.


298. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде аль-Хасан бин Али1, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, садақа ретінде жиылған құрманың бірін аузына алған кезінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Болмайды, болмайды, таста оны! Сен біздің садақадан жиналғанды жемейтінімізді білмеймісің?2», - деді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

…расында, садақа бізге рұқсат етілмеген.


299. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өгей ұлы Абу Хафс Умар бин Абу салам Абдуллаһ бин Абд аль-Асад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейді:

Мен кішкентай кезімде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, асырауында болдым. Ас ішкен уақытта мен қолымды тамақтың әр шетіне созатынмын, бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Тамақ жердің алдында): «Аллаһтың атымен!», – деп айт та, өзіңнің жаныңдағысынан ғана оң қолыңмен же», - деді, содан бері мен тек қана солай жейтін болдым. Аль-Бухари, Муслим.


300. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады және өзінің баққанына жауапкер, еркек өзінің жанұясының бақташысы және өзінің баққанына жауапкер, әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады және өзінің баққанына жауапкер, қызметші өзінің иесінің дүнесінің бақташысы және өзінің баққанына жауапкер. Сонымен әр-қайсысың бақташысыңдар және әр- қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер. Аль-Бухари, Муслим.


301. Хабар бойынша, Амр бин Шуъайб өзінің әкесінен атасының былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Балаларыңа намаз оқуды жеті жасынан әмір етіңдер және сол үшін он жасынан бастап ұрыңдар (жазалаңдар)1 және оларды ұйқыға бөлек жатқызыңдар. Жақсы хадис, жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.


302. Хабар бойынша, Абу Сурайа Сабр бин Малик аль-Жухани, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұл баланы намазға жеті жасынан тұрғызыңдар да, оны ол үшін он жасынан орындамаса ұрыңдар. Абу Дауд, ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.



Бұл хадистің Абу Дауд келтірген нұсқаында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізіледі:

Ұл балаға жетіге толғанда, оған намаз оқуды бұйырыңдар.



39 ТАРАУ

Көрші хақысы жайлы және соған байланысты үкімдер2 жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар…» «Ниса» сүресі, 36 аят.


303. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жебірейіл маған көршімен жақсы қарым-қатынаста болу керектігі жайлы өсиет айтқаны сонша, мен керек десеңіз көршіге мұра қалдыру керек пе, деп қалдым. Аль-Бухари, Муслим.


304. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Иә Абу Зарр, ет пісірген кезде, көршіліеріңнің қамын ойлап көбірек су қос», – деді. Муслим.



Бұл хадистің Мүслим келтірген тағы да бір нұсқасында, Абу Заррдың былай деп айтқаны келтіріледі:

Менің сүйікті досым, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деп өсиет етті: «Ет пісірген уақытыңда көбірек су қос та, одан кейін көршілеріңе барып оларды өзінің ретінше үлестіріп бер.».


305. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Аллаһтың атымен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһтың атымен ант етемін, иман келтірмейді, Аллаһтың атымен ант етемін, иман келтірмейді!» Одан: «Кім, иә Аллаһтың елшісі!» – деп сұрады. Ол: «Көршісі оның залымдығынан тыным таппаған адам» – деді. Аль-Бухари, Муслим.

Және осы хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Көршісі оның жәбірінен тыным таппаған адам, Жәннәтқа кірмейді.


306. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Мұсылман әйелдер, ешбір көрші, қойдың тұяғы тұрғысында болса да, көршісіне жақсылық жасауды арсынбасын (не болмаса ұмытпасын). Аль-Бухари, Муслим.


307. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер көрші көршісінің үйінің қабырғасына тақтай орнатқысы келсе, оған көршісі қарсы болмасын (яғни рұқсат етсін)

Осыны айтты да, Абу Хурайра өзін тыңдап отырған адамдарға былай деді:

Неге мен сендердің, осыны орындаудан бас тартатындарыңды көремін?! Аллаһтың атымен ант етемін, бұдан былай да мен осыны сендерге айтудан жалықпаймын! Аль-Бухари, Муслим.


308. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда өзінің көршісіне жамандық жасамасын. Кім де кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін. Аль-Бухари, Муслим.



309. Хабар бойынша, Абу Шурейха аль-Хазаъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда өзінің көршісіне жақсылық жасасын. Кім де кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін. Осы күйінде бұл хадисті Муслим келтіреді, ал аль-Бухари болса жартылай келтіреді.


310. Хабар бойынша, Аиша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, менің екі көршім бар, олардың қайсысына сый беруім керек?1» – дедім. Ол: «Қайсысының есігі саған жақын болса, соған» – деді. Аль-Бухари.


311. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағаланың алдында жолдастардың ішіндегі ең жақсысы, жолдасымен жақсы қарым-қатынаста болғаны жатады, ал Аллаһ Тағаланың алдында көршілердің ішіндегі ең жақсысы, көршісімен жақсы қарым-қатынаста болғаны жатады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.




40 ТАРАУ

Ата-ананы құрметтеу және жақсы қарым-қатынаста болу және туысқандық байланысты үзбеу жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар…» «Ниса» сүресі, 36 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстардан (безуден) қорқыңдар…» «Ниса» сүресі, 1 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Олар, Аллаһтың жалғастырылуын әмір еткен нәрсесін жалғастырып,…» «Рағыд» сүресі, 21 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық жасауды нұсқадық…» «Ғанкабут» сүресі, 8 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де кәрілікке жетсе: «Туһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мархамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мархеметіңе бөлей көр!», - де.» «Ісра» сүресі, 23-24 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Адамдарға: ата-анасына қайырласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік (көтергені) үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет…» «Лұқман» сүресі 14 аят.


312. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Абдуллаһ бин Масъуд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың, бәрінен де жақсы көретін амалы қайсы?», – деп сұрадым. Ол: «Өз уақытында оқылған намаз», – деп жауап берді. Мен: «Одан кейін ше?», – деп сұрдым. Ол: «Ата-анаға құрмет көрсету», – деді. Мен: «Одан кейін ше?», – деп сұрадым. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


313. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Баласы әкесінің құлшылықта жүргенін есітіп оны одан сатып алып, босатып жіберген кезде ғана (әкесінің алдындағы балалық) борышын өтей алады. Муслим.


314. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін. Муслим, аль-Бухари.


315. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ бүкіл жаратылысты жасады, ал осыны бітірген кезде орындарынан туысқандық байланыстар тұрды да: «Бұл – саған айырылушылықтан сыйынатындардың (пана іздейтіндердің) орны», – деді. Бұл айтылғанға Ол: «Мен сендерді ұстанатындарды сыйлап, ал сендермен үзетіндерді үзсем, сендер осыған риза боласыңдар ма?», – деді. Олар: «Иә», – деді. Сонда Ол: «Бұл сендерге сыйланады», - деді. Осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қаласаңдар былай деп айтылған аятты оқыңдар: «Егер іс басына келетін болсаңдар (немесе бет бұрсаңдар) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу үміт етілмей ме (яғни солай істер едіңдер)? Олар, Аллаһ, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар»». Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһ Тағала айтты: «Сендерді ұстанғандарды марапаттаймын да, ал сендермен қатынасын үзгендермен Мен де үземін».


316. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір кісі келді де: «Иә Аллаһтың елшісі, адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас жасауыма ең лайықтысы кім?», – деп сұрады. Ол: «Сенің шешең», – деді. Ол адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Сенің шешең», – деді. Ол адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Сенің шешең», – деді. Ол адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Сонда ғана ол: «Сенің әкең», – деді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, ол адам:

«Иә Аллаһтың елшісі, адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас жасауыма ең лайықтысы кім?», – деп сұрағанда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сенің шешең, одан соң шешең, одан соң әкең, одан соң жақын туыстарың», – деп жауап берді.


317. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әке-шешесінің бірінің қартайғанын көріп Жәннәтқа кірмегенге нендей масқара және де нендей масқара1. Муслим.


318. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен туысқандық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқысы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар болса маған залымдық жасайды, мен оларды сыйлаймын, ал олар болса менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деді. Бұған ол: «Егер жағдай, шынымен-ақ сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлмен толтырып жатырсың, және Аллаһтан саған оларға қарсы көмекші болады!», – деді. Муслим.



«Олардың ауыздарын ыстық күлмен толтырасың», деген сөз, ол «сен оларды ыстық күлмен тамақтандырасың», дегені. Сонымен оларға сол істеген күнәләрі үшін жіберілетін жаза, ауызға салынған ыстық күлмен тең болғаны. Және де оларға біреу жақсылық жасағаннан жақсылық жасаушыға ештеңе болмайды, ал олар болса оны ренжіткені үшін үлкен күнәға батады, ал Аллаһ болса бұл туралы жақсырақ біледі.
319. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім ризығының көбеуін және өмірінің ұзаруын қаласа, туған туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Аль-Бухари, Муслим.


320. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Ансарлардың ішінде пальма ағаштарын ең көп иемденген Абу Тальха болатын, ал дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байрақа (атты пальмалы тоғай) болатын. (Ол тоғайға) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таза суынан ішуге жиі келіп тұратын.



Анас сөзін былай жалғастырды:

Ал мына аят түскен кезде: «Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…» - Абу Тальха Аллаһтың елшіісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Аллаһ Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - деді», – ал менің ең сүйікті нәрсем, ол Байраха, сондықтан ол Аллаһ жолындағы берген садақам болсын, ал мен болсам онымен жақсылыққа жетіп, о дүниеге дайындаған сауабым болсын деп үміттенемін», – деді. Бұған Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тамаша! Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек, деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не шешесімен) ағайындас ағасының баларына бөліп берді. Аль-Бухари, Муслим.


321. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен көшіп келемін (хижра жасаймын) және жихадқа қатысамын, өйткені мен Аллаһ Тағаланың сауабын алғым келеді», – деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сенің ата-анаңнан тірісі бар ма?», – деп сұрады. Ол: «Иә олардың екеуі де тірі», – деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: «Сен Аллаһ Тағаланың сауабын алғың келеді ме?», – деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда кері орал да, ата-анаңмен жақсы қарым-қытынаста болып (құрметте де, оларға қызмет ет)!», – деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп отыр.



Бұл хадистің екі «Сахихте» де келтірілген нұсқасында, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: «Мен Жихадқа қатысқым келеді» – дегеніне, ол:

«Сенің ата-анаң тірі ме?», – деп сұрады, ол адам: «Иә», – деді, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда бар күшіңді соларға жұмса!», – деді.


322. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Туысқандық қарым-қатынсты үзбейтін, ( - ол оған қандай қарым-қатынас жасаса) сонымен ғана жауап беретін емес, шындығында, туысқандық қарым қатынасты үзбейтін - ол туыстарының онымен қарым-қатынасын үзгеніне қарамастан, олармен араласын тоқтатпайтын! Аль-Бухари.


323. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың Күрсісіне ілулі тұрған туыстық байланыстар былай дейді: «Аллаһ бізді ұстанғандарға суап береді де, бізді ұстанбағандарды Өзінен алыстатады.» Аль-Бухари, Муслим.


324. Хабар бойынша, діндарлардың анасы Маймун бинт аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бір кездері Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, рұқсатынсыз бір күңді босатып жібереді. Ал оның кезегі болған бір күні Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келген кезінде, оған былай дейді:

“Иә Аллаһтың елшісі, мен күңімді босатып жібергенім саған мәлім бе?”, – деді. Ол: “Сен шынымен-ақ солай істедің бе?”, – деп сұрады. Мен: “Иә” – деп жауап бердім. Сонда ол: “Егер сен оны ағаңның балаларына берсең, сауабың көбірек болар еді1”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.


325. Хабар бойынша, Асма бинт Абу Бакр ас-Сиддик, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде маған Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде көпқұдайшыл болған шешем келді. Сол кезде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ақыл сұрап: «Маған, менен бір нәрсе сұрап шешем келді, онымен қарым-қатынас жасауым керек пе?», – дедім. Ол: «Иә, сен солай істеуің (араласуың) керек», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.



Біреулер оны туған анасы дейді, ал кейбіреулер сүт анасы, деді, ал дұрысы алғашқысы.
326. Хабар бойынша, Зайнаб ас-Сакафийа, Абдуллаһ бин Масъудтың әйелі, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Иә әйелдер, үстеріңдегі әшекейлерді берсеңдер де садақа беріңдер».



Зайнаб сөзін былай жалғастырды:

Осыдан кейін мен Абдуллаһ бин Масъудқа қайта келдім де: «Сен бай адам емессің, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге садақа беруді әмір етті, сондықтан оған барып мен үшін осы жағдайым жеткілікті ме2, ал егер де олай болмаса, онда мен сендерге емес басқаларға (қаржымды) жұмсаймын», - дедім. Абдуллаһ: «Жоқ, оған өзің бар», - деді. Мен барғанымда, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, есігінің алдында ансарлардың ішінен менің сұрағым сияқты сұрағымен келген бір әйелді көрдім. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға өзіне деген терең құрмет сезімін оятатын, (сондықтан) біз, аз уақыт өтісімен бізге шыққан Билялдан: «Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіріп екі әйел есігіңнің алдына келіп: өздерінің қаржыларын күйеулеріне және өздерінің асырап отырған жетімдеріне жаратады екен, сол оларға садақа ретінде есептеледі ме екен, деп сұрап жатыр деші, бірақ біздің кім екенімізді айтпа», - деп өтіндік. Осыдан кейін Билял Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кірді де, біздің қойған сұрағымызды айтты, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олар кімдер?», – деп сұрады. Билял: «Ансарлардың ішінен бір әйел мен Зайнаб», – деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қай Зайнаб?», – деп сұрады. Билял: «Абдуллаһтың әйелі», – деді, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл үшін оларға екі сауап бар, бірі – туысқандық байланысты ұстанғаны үшін, екіншісі – садақа бергені үшін», – деді. Аль-Бухари, Муслим.


327. Хабар бойынша, Абу Суфиан Сахр бин Харб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген ұзын хадисте, ол Ираклмен1 кездескенінде, Иракл Абу Суфианнан:

«Ол сендерге не істе, деп бұйырады?», - деп Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы сұрағанда. Абу Суфиан: «Ол бізге, Тек бір Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер, Одан басқа ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-бабаларыңның айтқанынан бас тартыңдар, намаз оқыңдар, тек шындықты сөйлеңдер, ізгілікті болыңдар және туаған-туысқандарыңмен байланысты үзбеңдер, дейді», - деп жауап берген. Аль-Бухари, Муслим.


328. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендер әлбетте карат жайлы жиі айтылатын елді жаулап аласыңдар2.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сендер әлбетте карат жайлы жиі айтылатын, Мысыр елін аласыңдар, сол кезде олармен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, ойткені олар, расында, сендермен туыс болып келеді де, сондықтан олардың сендерден қамқорлық талап етулерінде хақылары бар. Бұл хадистің үшінші бір нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…сендер ол жерді жаулап алған кезде, тұрғындарымен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, ойткені олар, расында, сендермен туыс болып келеді де, сондықтан олардың сендерден қамқорлық талап етулерінде хақылары бар /немесе ол былай деді:/ сендермен нағашы туыстарың болып келеді де, сондықтан олардың сендерден қамқорлық талап етулерінде хақылары бар. Муслим.

Ғалымдар былай дейтін:

Туыс болып келеді дегені ол, Исмаил пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, шешесі (Ибраһим пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, әйелі) Хаджар Мысырлық қыз. Ал нағашы туыстарың болады дегені ол, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, баласы Ибраһимнің шешесі Мариам да Мысырлық қыз болғаны болса керек.
329. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

«Жақын ағайындарыңа ескерт!», – деген аят түскеннен кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзіне құрайштарды шақырып алып, олар жиналған кезде, келгендердің бәріне және олардың кейбіреуіне тікелей былай деді: «Иә бану қааб бин луайш3, оттан сақтаныңдар! Иә бану мурра бин қаъб, оттан сақтаныңдар! Иә бану абд манаф оттан сақтаныңдар! Иә бану хашим, оттан сақтаныңдар! Иә бану абд муталлиб оттан сақтаныңдар! Иә Фатима4, оттан сақтан! Расында, мен сендерді Аллаһтан еш қорғай алмаймын, бірақта менің сендермен туыстық байланысым бар, сондықтан мен оны әрқашан ұстанамын!» Муслим.


330. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ашық та жасырмай былай дегенін естігенмін: «Расында, бұл жанұяның1 мүшелері менің қамқоршым емес. Менің қамқоршым тек Аллаһ және мүмин мұсылмандар, дегенмен мені олармен туысқандық қатынастар байланыстырады, сондықтан мен ол қатынастарды болашақта да үзбеймін!» Аль-Бухари, Муслим. Мұнда аль-Бухаридің нұсқасы беріліп отыр.


331. Хабар бойынша, Абу Айнуб Халид бин Зайд аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Маған Жәннәтқә кіруіме көмектесетін бір амал айтшы», – деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Алаһқа құлшылық ет те Одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынсты ұстан», – деді. Аль-Бухари, Муслим.


332. Хабар бойынша, Сальман бин Амір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім аузын ашса құрмамаен ашсын, өйткені онда хайыр бар, ал егер құрма таппаса онда – сумен, өйткені, расында, ол тазартады.



Және де Сальман бин Амір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кедейге садақа беру ол тек қана садақа, ал туысқанға көмектесу ол екі нәрсе – садақа және туысқандық қарым-қатынасты ұстану2. Ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


333. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде менің жақсы көретін бір әйелім болды, бірақ ол Омарға (әкесіне), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ұнамайтын3. Ақыр аяғында ол маған: «Ажырас!», - деді, бірақ мен көнбедім. Сонда Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, болған жайдың бәрін айтып берді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онымен ажырас!», – деді. Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.


334. Хабар бойынша, Абу Дарда, оағ Аллаһтың ризашылығ болсын, оған бір бір адам келіп:

«Менің әйелім бар, ал шешем болса онымен ажырас, дейді!», – деді. Абу Дарда болса: «Мен, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ата-ана ол Жәннәттің ортаңғы (ең жақсы) қақпасы, қаласаң сен сол қақпаны сақтай аласың не жоғалта аласың1», - деп айтқанын естідім.», - деді. Ат-Тирмизи «Жақсы хадис», - деп келтіреді.


335. Хабар бойынша, аль-Баръа бин Азиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Нағашы апаның дәрежесі шешенің дәрежесіндей. Ат-Тирмизи «Сенімді хдис» деп келтіреді.



Бұл тарауға байланысты көптеген «Сахих» хадистер келтіруге болады. Мысалыға, бұның алдында айтылып кеткен үнгірде жабылып қалған үш адам жайлы хадисті2, Журайдж жайлы хадисті3 келтіруге болады. «Сахих» кітабында бұдан да басқа осы тақырыпта көптеген хадистер бар, бірақ мен оның бәрін кітаб шіли ұзақ және қалың болып кетпесін, деп келтірмедім. Олардың ішіндегі маңыздысы болып Амр бин Аъбас келтірген ұзын хадис жатады. Ол хадисте, діннің басты шарттары мен ислам өнегесінің басты қағидалары келтіріледі. Аллаһ қаласа мен ол хадисті «Үміт жайлы тарауда» келтіремін, ал сол хадистің бір бөлігінде былай делінеді:

Мен пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кірдім де: «Сен кімсің?», - деп сұрадым. Ол: «Пайғамбармын», – деп жауап берді. Мен: «Пайғамбар, деген кім ол?», - деп сұрадым. Ол: «Мені Аллаһ Тағала жіберді», – деді. Мен: «Ол саған не деп жіберді?», – деп сұрадым. Ол: «Ол мені адамдарға мына әмірлерін: туған-туыстарымен байланысты үзбеулерін, бұттарды жаруларын және тек қана Аллаһқа құлшылық етулерін, Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеулерін, баянда деп жіберді», – деді.



Амр бұл хадисті ары қарай соңына дейін баяндайды, Аллаһ Тағала бұл жөнінде жақсырақ біледі және күш беруші және көмек көрсетуші Аллаһ қана.


41 ТАРАУ

Ата-анаға құрметсіздік көрсетуге рұқсат жоқтығы және туысқандық қатынасты

үзуге рұқсат жоқтығы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Егер іс басына келетін болсаңдар (немесе бет бұрсаңдар) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу үміт етілмей ме (яғни солай істер едіңдер)? Олар, Аллаһ, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар.» «Мухаммад» сүресі, 22-23 аяттар



Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай, Аллаһқа берген серттерін бекіткеннен кейін бұзғандар және Аллаһтың, бірлесуін бұйырған нәрселерді бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер, міне лағынет осыларға. Сондай-ақ мекеннің жаманы солардікі.» «Рағыд» сүресі, 25 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де кәрілікке жетсе: «Туһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мархамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мархеметіңе бөлей көр!», - де. «Ісра» сүресі, 23-24 аяттар.



336. Хабар бойынша, Абу Бакр Нуфайъ бин аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: «Сендерге ауыр күнәләрға не жататынын айтайын ба?» – деп үш рет сұрады. Біз: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі!» – дедік. Сонда ол: «Бұл – көпқұдайшылық және әке-шешеге құрметсіздік таныту», - деді, осыны айтқанда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шынтағына жантайып жатқан, сосын (шынтағын алып) отырды да: «Және де, расында, ол - өтірік айту және жалған куәлік беру!» – деп, қайталап айта бергені соншалық, біз: «Айтуын қойса екен!» – дегенше айта берді1. Аль-Бухари, Муслим.


337. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үлкен күнәләрдің қатарына, көпқұдайшылдық, ата-ананы құрметтемеу, адам өлтіру, және жалған ант2 беру жатады. Аль-Бухари.



Мұндағы жалған ант беру, ол беруші адамның біле тұра әдейіге берген анты жатады, өйткені ант беруші адамды ондай ант күнәға батырады.
338. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Адамның ата-анасына тіл тигізуі ауыр күнәләрдің қатарына жатады». Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, адамдар өзінің ата-анасына тіл тигізе алады ма?», – деп сұрады. Ол: «Иә солай болуы мүмкін, егер адам біреудің әкесін сөксе, ал ол болса жауап ретінде оның әкесін сөге бастайды, егер адам біреудің шешесін сөксе, ал ол болса жауап ретінде оның шешесін сөге бастайды!3» - деді. аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Расында, ата-анасын қарғаған, үлкен күнәләрдің біріне батады!» Адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, адам өз ата-анасын қарғайды ма екен?», - деп сұрады. Ол: «Иә солай болуы мүмкін, егер адам біреудің әкесін сөксе, ал ол болса жауап ретінде оның әкесін сөге бастайды, егер адам біреудің шешесін сөксе, ал ол болса жауап ретінде оның шешесін сөге бастайды!», - деді.


339. Хабар бойынша, Абу Мухаммад Жубайр бин Мутъим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үзуші Жәннәтқа кірмейді. Аль-Бухари, Муслим.



Осы хадисті айтып жатып, Суфйан (бин Ъуйайн: «(Үзуші) дегеніміз, ол – туысқандық байланысты үзуші», - деді.
340. Хабар бойынша, Абу Иса аль-Муъира бин Шуъба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала сендерге аналарыңа құрметсіздік көрсетулеріңе, қол қайтаруларыңа (бас тарту), «Бер!» - деп айтуларыңа, және қыздарыңды тірідей көмуге1, тыйым салды. Және Ол сендердің даттаумен айналысуларыңды, адамдарға мұқтаждарыңмен және сұрақтарыңмен көп баруларыңды және де дүниелеріңді (бостан-бос) ысырап етулеріңді қаламайды. Аль-Бухари, Муслим.



«Қол қайтару», дегені ол – беруге мүмкіншілігі бар затты немесе беру керек затты бермей қол қайтару; «Бер!» деу, ол – сұрауға хақысы жоқ нәрселерді сұрау; «Даттаумен айналысу», ол – біреуден естігенін, оның анық-қанығына жетпей: «Анау былай деп жатыр, мынау былай, деп жатыр», - деп сөз тасу жатады, өйткені, адамға, біреуден естігенін жеткізу, күнәдә жетіп асады, емес пе2; «Дүниені ысырап ету», дегеніміз, ол – дүниені рұқсат етілмеген жерге жұмсау және оны сақтауға мүмкіншілік бола тұра сақтамау; «Адамдарға мұқтаждарыңмен және сұрақтарыңмен көп бару», дегеніміз, ол – орынсыз мазалау.

Бұл тақырыпқа, бұның алдындағы тарауда былай деп айтылған: «…Сендерді үзгенмен үземін»3, «…бізді үзгенмен үзеді»4, хадистерді де келтіруге болады.


42 ТАРАУ

Әкенің, ананың, туысқандардың, жұбайдың (осылардың бәрінің) достарына және одан да басқа сыйлауға лайықты адамдарға құрмет көрсету жайлы.
341. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әкесінің жақсы көрген адамдарымен қарым-қатынсты жалғастыру, құрмет көрсетудің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Муслим.



342. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Динар, ол былай деді:

Бірде бір бәдәуи Меккеге бара жатқан жолында Абдуллаһ бин Омарды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездестіреді. Сонда Абдуллаһ бин Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған сәлемін беріп, оны өзінің есегіне отырғызып, өзінің киіп жүрген сәлдесін береді.



Ибн Динар сөзін былай жалғастырды:

Сонда біз оған: «Аллаһ саған ақыл салсын, бұлар азға да риза болатын бәдәуилер ғой!», – дедік. Бұған Абдуллаһ бин Омар: «Расында, бұл адамның әкесін (менің әкем) Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жақсы көрген және де расында, мен, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Құрмет көрсетудің ең жоғарғы түріне, адамның әкесінің жақсы көрген адамдарымен араласуы жатады», - дегенін естідім», – деп жауап береді. Муслим.



Бұл хадистің ибн Динардың айтуы бойынша Муслим келтірген бсқа бір нұсқасында былай делінеді:

Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, әдетте Меккеге жолға шыққанда өзімен бірге, түйеде отырып шаршаған кезде мінетін есегін ала шығатын және басын сәлдемен орайтын. Бірде сол есегін мініп келе жатқан кезде, жанынан бір бәдәуи өтіп одан: «Сен пәлше дегеннің баласы емессің бе?»,- деп сұрайды. Ол: «Иә», - деп жауап береді. Сонда ол оған өзінің есегін беріп: «Мынаған отыр» – дейді, және оған Өзінің сәлдесін беріп: «Мынаны басыңа ора», – дейді. Сонда оның жанында бірге келе жатқан жолдастары: «Сені Аллаһ кешірсін, сен оған өзіңнің демалғанда мінетін есегіңді бердің, басыңа орайтын сәлдеңді бердің!», – дей бастайды. Жауап ретінде ол, оларға: «Расында, мен, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Құрмет көрсетудің ең жоғарғы түріне, адамның, әкесі өлгеннен кейін де, әкесінің жақсы көрген адамдарымен араласуы жатады», - дегенін естідім, ал бұл адамның әкесі Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, досы болған», - деді.


343. Хабар бойынша, Абу Усайд Малик бин Рабиъ ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған кезде, оған бану салима руынан бір адам келді де: «Иә Аллаһтың елшісі, мен ата-анамның өлгенінен кейін де, оларға құрмет көрсете аламын ба?», – деп сұрды. Ол: «Иә, егер оларға дұға жасасаң, Аллаһтан олар үшін кешірім сұрасаң, олардың артынан уәделерін орындасаң, өзің ата-анаңның туысқандарымен байланысты жалғастырсаң және олардың достарын құрметтесең.» Абу Дауд1.


344. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Мен Хадишаны, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, өмірімде көрмесем де, одан басқа Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, еш бір әйелінен, Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қатты қызғанған емеспін! Бірақта ол, оны жиі еске алып отыратын және де қой сойған кезде етін бөлшектеп оның етінен Хадишаның достарына да жіберіп отыратыны жиі кездесетін. Сонда мен: «Хадишадан басқа ешбір әйел болмап па!» – дейтінмін. Ал ол болса: «Расында, ол осындай да осындай болатын және менің одан балаларым болған», – дейтін. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Ал ол қой сойған кезде, оның достарына сыйлық ретінде жеткілікті түрде ет бергізетін.



Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Ал қой сойған кезде ол: «Хадишаның достарына ет жіберіңдер», - дейтін.



Бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірген нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Бірде Хдишаның апасы Халя бинт Хувайлид, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіруге рұқсат сұрады, сонда оның рұқсат сұрағаны оған Хадишаның осылайша рұқсат сұрайтынын есіне салып жіберді де, ол: «Иә Аллаһ, бұл Халя бин Хувайлид қой!», - деп қуанып кетті.

«Сахихтердің» кейбір нұсқасында, «қуанып кетті», деген сөздің орнына «тебіренді», деген сөз келтіріледі.
345. Хабар бойынша, Анас бин Малик, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен Жарир бин Абдуллаһ аль-Бажалимен сапарға шықтым. Ол жол бойы маған қызмет көрсетумен болды. Мен оған: «Бұлай істеме!», - дедім. Ал ол болса: «Расында мен, ансарлардың Пайғамбармен бірге үлкен бір істің істегенін көрдім, сонда мен өзіме-өзім, егер де мен осылардың бірімен сапарлас болсам, онда әлбетте оларға құрмет көрсетемін, деп ант бердім!»1, - деді. Аль-Бухари, Муслим.




43 ТАРАУ

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанұясына құрмет көрсету жайлы және олардың абыройларын түсіндіру.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде, Аллаһ сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды.» «Ахзап» сүресі, 33 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Міне осы. Кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» «Хаж сүресі» сүресі, 32 аят.


346. Хабар бойынша, Йазид бин Хаййан былай дейді:

Бірде мен Хусайн бин Сабир және Амр бин Муслиммен бірге Зйд бин Аркамға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бардым. Біз оның жанына барып отырған кезде, Хусайн оған былай деді: «Иә Зайд, сен көп игілік таптың: сен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрдің, сен оның сөйлегенін естідің, сен онымен бірге жорықтарға қатыстың және оның артында тұрып намаз оқыдың! Расында, иә Зайд, сен көп игілікке жетістің, сондықтан бізге Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан сөздерін жеткізші!» Жауап ретінде оған Зайд: «Иә менің бауырымның баласы, мен қартайдым және бұл дүниеде көптен бері өмір сүремін, сондықтан мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естігенімнің бір бөлігін ұмытып қалдым, сондықтан білетінімді ғана қабыл алыңдар да, ал айтпаған нәрсем жайлы сұрамаңдар!»1, - деді.



Ал содан соң ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меке мен Мәдинаның арасындағы судың бастауы Хумда болған уақытта, ол орнынан тұрды да бізге хұтпа айта бастады. Ол Аллаһқа мақтау айтып, оған шүкірлік айтып болған соң, адамдарға уағыз айтып естеріне сала бастады!2 Сосын ол былай деді: «Содан соң: «Иә адамдар, расында, мен - тек адам ғанамын, жақын бір күндерде маған менің Раббымның елшісі келеді де мен оны қабыл аламын!3 Сендерге артымнан екі асылды қалдырамын. Олардың біріншісі өзіне басшылық пен нұрды сіңірген Аллаһтың Кітабы, сондықтан оның айтқанымен жүріңдер және оны мықты ұстаныңдар!», - деді де адамдарды Аллаһтың Кітабымен жүру керектігіне шақырып, оларды оған ынталандыра бастады. Содан соң ол: «Ал екінші асыл ол, менің жанұямның мүшелері болып табылады, мен сендерге Аллаһтың, менің жан ұямның мүшелеріне қатысты айтқан әмірлерін естеріңе саламын!», - деді.

Хусайн Зайдтан: «Иә Зайд, оның жанұясының мүшелеріне кім жатады? Оның әйелдері оның жан ұясының мүшелеріне жатады емес пе?», – деп сұрады. Ол: «Иә, оның әйелдері оның жанұясы мүшелеріне жатады, бірақта бүтіндей оның жан ұясының мүшелері болып, оның өлімінен кейін садақа жеуге кімге рұқсат жоқ, солардың бәрі жатады», - деді. Хусейн: «Олар кімдер?» – деп сұрады. Зайд: «Алидің жанұясының мүшелері, Акиляның жан ұясының мүшелері, Жафардың4 жан ұясының мүшелері және Аббастың5 жан ұясының мүшелері!» – деді. Ол: «Осылардың бәрінің садақаға тисуге хақысы жоқ па?» – деп сұрады.. Ол: «Иә» – деп жауап берді. Муслим.

Ал бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, мен сендерге екі асылды қалдырдым, олардың бірі Аллаһтың Кітабы, ол – Аллаһтың жібі!6 Оны ұстанғандар тура жолда болады, ал бас тартқандар, жолдан таяды!


347. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Абу Бакр Сыддықтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұхаммадқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оның жан ұясын құрметтеу арқылы, құрмет көрсетіңдер. Аль-Бухари.




44 ТАРАУ

Ілім иелеріне, қарт кісілерге және басқа да абыройлары бар адамдарды құрметтеу және де оларды басқалардан ерекшелеп, жоғары орындарды ұсыну жайлы және олардың жайын түсіндіру.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Оларға: «Білгендер мен білмегендер тең болады ма?», - де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады.» «Зүмәр» сүресі, 9 аят.


348. Хабар бойынша, Абу Мухаммад Жубайр бин Мутъим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Намаз кезінде араларыңнан имам болып алдарыңа Аллаһтың Кітабін көп оқитын адам1 шығу керек. Егер бұл жағдайда олар өзара тең келетін болса, онда олардың ішінен Сүннәтті көп білетін адам. Ал егер бұнда да олар өзара тең келетін болса, онда олардың арасынан ерте көшкені2. Ал егер мұнда да олар өзара тең болатын болса, онда олардың ішінен Исламды ерте қабылдағаны шықсын. Үй иесінің жастығына, оның рұқсатынсыз ешкімнің отырмауы рұқсат болмағаны қандай анық болса, сол секілді ешкім де өзіне бір істерге байланысты әмірші болған адамының алдына имам болып шықпасын3. Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында:

“Исламды басқаларынан ертерек қабылдағаны…”, - делінеді.



Ал бұл хадистің Муслим келтірген үшінші бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Адамдарға имам болып олардың арасынан Аллаһтың Кітабін көп оқитын және оқуды бәрінен ертерек бастағаны шығуы керек. Ал егер бұнда өзара тең болатын болса, онда – ерте көшкені. Ал егер олар мұнысында да өзара тең болатын болса, онда имам болып арасынан жас шамасында ең үлкені шықсын.



«Бір істерге байланысты әмірші болған», - деген сөздің мағынасы, бұл жерде адамның әмірі жүрген ісі, не болмаса тек қана сол адамның алатын орны ғана жайлы айтылып жатыр4. «Үй иесінің жастығы», - деген сөз, ол сол үйдегі үй иесінің ғана орны жайлы айтылып жатыр, мысалыға оның төсегі, сәкісі және т.б. сол секілді орындар.
349. Хабар бойынша, Абу Масъуд Укба бин Амр аль-Бадри аль-Ансари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Жамағатпен оқылатын намаздың алдында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте бізді иығымыздан ұстап5 былай дейтін: «Түзеліңдер, араларыңда өзгешелік болмасын, әйтпесем жүректерің бірлікті білмейтін болады және менің артымнан ақылы кірген үлкендерің тұрыңдар одан соң - кейінгілерің, одан соң – кейінгілерің.»1 Муслим.



«Үлкендерің», - дегені ол - жасы толған және абыройлы адамдар, деп айтады.
350. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп үш рет айтқанын естіген:

Менің артымнан ақылы кірген үлкендерің тұрыңдар, ал оның артынан - кейінгілерің және өздеріңді (намазда) базарда жүрген секілді ұстанбаңдар!2 Муслим.


351. Хабар бойынша, Абу Йахйа Сахль бин Абу Хасма аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Бірде Абдуллаһ бин Сахль мен Мухаййиса бин Масъуд Хайбарға аттанды, ол кезде мұсылмандар мен ол жердің тұрғындарының арасында тыныштық келісім-шартының күші бар болатын. Олар онда бір-бірімен қоштасады да артынан Мухаййиса Абдуллаһ бин Сахльге келген кезде, оны өзінен аққан қанның көлшігінде өліп жатқанын көреді. Сонда ол оны жерлеп Мәдинаға қайта оралады. Содан соң Абд ар-Рахман бин Сахль3, Мухаййиса бин Масъуд және Хуваййса бин Масъуд4 Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді, сонда онымен Абд ар-Рахман сөйлескісі келді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жас үлкені сөйлесін, жас үлкені сөйлесін!», - деді. Абд ар-Рахман жайлы айтатын болсақ, ол араларындағы ең жасы кішісі еді, сондықтан ол үндемеді, ал қалған екеуі сөйлей бастады. Олардың айтқандарын тыңдаған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Өлген адамның қанына хақылы айыбын өтеу үшін сендер өлтіргенге қарсы куәлік ант бере аласыңдар ма?», - деді. Аль-Бухари.



Ал содан соң Сахль бин Абу Хасма хадисті соңына дейін айтып шықты.5
352. Хабар бойынша. Жабірдің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтуы бойынша:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ухуд соғысынан кейін өлгендерді екеуден жинауға, яғни қабірге екеуден салуға әмір берді6: «Бұлардың қайсысы Құран аяттарын көбірек жатқа білетін?», - деп сұрайтын, ал олардың бірін көрсеткен кезде, ол оны бірінші көмуге әмір беретін. Аль-Бухари.


353. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен түсімде тіс тазалағышпен тісімді тазалап жатқанымда маған екі кісі келді, олардың бірі екіншісінен үлкен болатын. Мен тіс тазалағышты кішісіне берген кезімде маған: «Улкеніне!», - делінді1 де, мен оны үлкеніне бердім. Аль-Бухари, Муслим.


354. Хабар бойынша, Абу Муса, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың

елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, шашы ағарған (қарт) мұсылманға және шектен шықпайтын Құранды есінде жатқа ұстайтын мұсылманға құрмет көрсету, ол Аллаһ Тағалаға құрмет көрсетудің белгісі болып табылады. Абу Дауд.
355. Хабар бойынша, Амр бин Шуъайб өз әкеснен, оның атасы, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Біздің арамыздағы жастарға аяушылық көрсетіп, үлкендерді силамаған, бізге жатпайды. Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.



Ал бұл хадистің тек қана Абу Дауд келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…арамыздағы үлкендерге тиесілі (құрметін) көрсетпеген.


356. Хабар бойынша, Маймун бин Абу Шабиба, Аллаһ оны мейіріміне бөлесін, айтуы бойынша:

Бірде Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жанынан бір қайыршы өткен кезде ол оған бір үзім нан берді, ал жақсы киімді бір адам өткен кезде оны дастарханға отырғызуға әмір берді де, ол жеп алды. Сосын одан мұның мәнісін сұрағанда, ол былай деді: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейтін:

«Адамдарға олардың жайына (құрметіне) байланысты орын бөліңдер». Хадисті Абу Дауд келтіреді, бірақта ол: Маймун, Айшаны, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тірі кезінде көрген емес, дейді.

Бұл хадсті өзінің «Сахихінің» басында Муслим келтіреді. Оның нұсқасында Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсы, былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге адамдарға олардың жайына (құрметіне) байланысты орын бөлуімізді талап ететін.



Және де бұл хадисті аль-Хаким Абу Абдуллаһ өзінің кітабы «Маърифат ъулюм аль-хадисте» «Сенімді хадис», деп келтіреді2.
357. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Кезінде Убайна бин Хисн Мединаға келіп, өзінің ағасының баласы аль-Хурр бин Қайсаның үйінде тоқтайды. Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мәжіліс жасағанда үлкен-кішісне қарамай Құран қариларын өзіне жақындататын. Аль-Хурр солардың бірі болатын. Убайна інісіне: «Иә ағамның баласы, сен қазіргі өкімет басшысының жанында жақсы орындасың ғой, маған онымен сұхбаттасуға рұқсат алып берші», - дейді. Ол ағасына Омармен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездесуіне рұқсат алып беріп келгенде, Убайна Омарға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Иә Ибн аль-Хаттаб, сен бізге аз беріп, бізбен әділ басқармайсың”, - деді. Бұны естіген Омар ашуланып оны жазаламақшы болды. Сонда Аль-Хурра: “Иә діндарлардың басшысы, шындығында Аллаһ Тағала Өзінің елшісіне: «Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.»1, - деді, ал менің бұл ағам туралы айтатын болсақ, ол сол білместерге (надандарға) жатады», - деді. Аллаһтың атымен ант етемін, осы аятты оқысымен Омар, сол аятқа сәйкес келмейтін еш нәрсе істемеді (яғни райынан қайтып оны жазалатпады), өйткені ол әр уақытта Аллаһтың Кітабіна сүйенетін. Аль-Бухари.


358. Хабар бойынша, Абу Саъид Самур бин Жундуб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде мен жас едім, сондықтан мен көп нәрсені есімде сақтап қалдым, бірақ маған қазір сөйлеуге арамыздағы үлкен кісілердің үлкендігі ғана кедергі болып тұр. Аль-Бухари, Муслим.


359. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Егер жас жігіт қартқа оның жасы үшін құрмет көрсететін болса, онда Аллаһ оған ол қартайған шағында құрмет көрсететін біреуді әлбетте жібереді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Белгісіз хадис», деп келтіреді.1




45 ТАРАУ

Игілікке жетіскендермен барысып-көрісіп тұру, олармен жақындасу, сөйлесу, оларға деген сүйіспеншілік, олармен кездесуге талпыну және олардың Аллаһтан сұрап жасаған дұғасына іліну жайлы және де құрметті жерлерді зиярат ету жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Сол уақытта Мұса жігітіне (қызметшісі): «Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын2. Немесе жүріспен жылдар өткіземін» деді. Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда балық сырғып барып теңізден жол алды3. Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса жігітіне: «Азығымызды әкелші; әрине осы сапарымызда шаршадық» деді. «Көрдің бе? Тасқа дем алғанда, балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан-ақ ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізде жол алды» деді. (Мұса): «Міне іздегеніміз осы» деп, екеуі ізінше қайта қайтты. Сонда екеуі, Өз тарапымыздан игілік беріп, Өз қасымыздан ғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты. Мұса, ол кісіге: «Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?, - деді. «Қеһф» сүресі, 60-66 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен брге өзің де сабыр ет…» «Қеһф» сүресі, 28 аят.


360. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болғанына біраз уақыт өткеннен кейін Абу Бакр Омарға, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын келіп: «Бізбен бірге Умм Айманға1 жүр оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді барып қайтайық», - деді. Олар Умм Айманға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келген кезде, ол жылай бастады да олар: «Сен неге жылайсың? Сен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһтың жанындағы ол үшін жақсы екенін білмейсің бе?», – деді. Ол: «Расында мен, ол үшін Аллаһтың жанындағы жақсы екендігін білмегеннен жылап жатқаным жоқ, менің жылап жатқаным, Көктен уахидың тоқтағанына жылап жатырмын?» – деп еді, олар да оның айтқан сөзінің әсерінен жылай бастады. Муслим.



361. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде бір адам басқа ауылда тұратын бауырымен2 көрісу үшін жолға шығады, ал Аллаһ Тағала оған жолда кездесетін бір періштені жібереді. Ол адаммен жолда кездескенде: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Мен ана ауылда тұратын бауырыммен жолығуға бара жатырмын», - деп жауап береді. Періште: «Сен оған бір жақсылық жасаған шығарсың, ал енді сол жақсылығыңнан бір пайда тапқың келіп бара жатқан шығарсың?», - дейді. Ол адам: «Жоқ, расында, мен оны Аллаһ Тағала үшін жақсы көремін», - деп жауап береді. Сонда періште: «Мен болсам, шындығында: «Сен ол адамды Аллаһ үшін қалай жақсы көрсең, Аллаһ та сені солай жақсы көреді!», - деп айту үшін саған Аллаһтан жіберілдім», - дейді. Мувлим.


362. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім аурудың көңілін сұрауға барса, не бауырымен көрісуге барса және де осының бәрін Аллаһ үшін істесе, онда оған екі хабаршы періште түсіп: «Сен риза бол, сенің жолың игілікті болсын және де Жәннәттан тұрақ табасың!» – деп айтады. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіреді. Кейбір жазбаларда бұлхадис белгісіз деп те айтылады.


363. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, діндар жолдас пен нашар жолдас, иіс май сататын адам мен ұстаның торсығымен отты желпіп жатқан адамға ұқсас. Иіс май сатып жатқан адам жайлы айтатын болсақ, ол саған не иіс майын сыйлайды, не оны сатып аласың, не оның иіс майының тәтті иісін сезінесің. Ал От желпитін адам жайлы айтатын болсақ, ол не сенің киіміңді күйдіреді, не одан шығып жатқан сасық иіске тұншығасың. Аль-Бухари, Муслим.


364. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әйелге төрт қасиеті үшін үйленеді: оның байлығы үшін, оның шыққан тегі үшін, әдемілігі үшін және діндарлығы үшін, ал сен болсаң діндарын қала, әйтпесем ұтыласың. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл дегеніміз адамдар әйелінде осы қасиеттерінің бірі болса екен дейді, ал сен болсаң діндар болуын қала, соған ұмтыл.
365. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Жебірейілден: «Саған бізге қазіргі келіп жатқаныңнан гөрі жиірек келуіңе не кедергі болады?», - деп сұрағаннан кейін мына аяттар түсірілді: «Раббымның әміріміен ғана түсеміз. Алды-артымыздағы және екі арадағы жағдайларды білу оған тән…»1 аль-Бухари.


366. Хабар бойынша, Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Діндарлардан басқа ешкіммен араласпа және сенің тамағыңнан тақуалардан басқа ешкім дәм татпасын. Бұл хадистің иснады жаман емес деп, Абу Дауд пен ат-Тирмизи келтіреді.


367. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамның жақын досы қай дінде болса, ол да сол дінде болғаны, сондықтан адам достасайын деп жатқан адамына мұқият зер салсын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи келтіреді, ат-Тирмизи «Жақсы хадимс», деген.


368. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам өзінің жақсы көрген адамдарымен бірге болады. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында, Абу Мусаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Адам (діндар) адамдарды жақсы көреді, бірақта ол оларға әлі қосылған жоқ1,» – деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның бұл салауына: «Адам өзінің жақсы көрген адамдарымен бірге болады.» – деді.


369. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде бір бәдәуи Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақырғы күн қашан болады?», - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: «Сен ол күнге не дайындадың?», - деп сұрады. Бәдәуи: «Аллаһ пен Оның елшісіне деген сүйіспеншілікті», – деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен жақсы көргендеріңмен бірге боласың!», - деді. Аль-Бухари, Муслим. Мұнда Мұслмнің нұсқасы беріліп отыр.



Ал бұл хадистің «Сахихтердің» екеуінде де келтірілген басқа нұсқасында, бәдәуидің былай дегені келтіріледі:

Мен ол күнге көп ораза, намаз, садақа дайындаған жоқпын2, бірақ та мен Аллаһ пен Оның елшісін жақсы көремін.


370. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, егер біреулерді жақсы көріп, бірақ та өзі әлі оларға қосылмаған адам туралы не дейсің?», - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол адам жақсы көрген адамдарымен бірге болады», - деді. Муслим, аль-Бухари.


371. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар алтын не күміс қазбалары секілді, қазбалар болып табылады. Олардың ішінен жахил3 дәуіріндегі жақсылары, егер олар дінді жақсы меңгерген болса, онда Исламда да жақсылары болып қала береді. Ал рух жайлы айтатын болсақ, олар әскерге шақырылған жауынгер секілді, бір-бірін танитындар бірігеді де, ал танымайтындар, ажырайды4. Муслим.



Аль бухари бұл хадисті Айшаның айтуымен жеткізіп «рухтар», деген сөзден бастайды.
372. Хабар бойынша, Усайр бин Амр (немесе: ибн Жабір) былай деді:

Омар бин аль-Хаттабқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, қосымша әскери күш Иемендіктердің ішінен келіп отырған кезде, ол: «Сендердің араларыңда Увайс бин Амір бар ма?», - деп әрдайым сұрастыратын. Ол сол сұрастыруын Увайспен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездескенше тоқтатпады. Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, одан: «Сен Увайс бин Амірсің бе?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Омар және: «Мурад руы каран қауымынансың ба?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап қайырды. Омар және: «Сен алапеспен ауырып, дирхем көлемндей бір жеріңді санамағанда, толығымен жазылып кеттің бе?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Омар және: «Сенің шешең бар ма?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Сонда Омар: «Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Сендерге Иеменнен келген жасақтың ішнде мурад руы каран қауымынан алапеспен ауырып, одан денесінде дирхемнің көлеміндей жерін санамағанда түгел айыққан, Увайс бин Амір келеді. Оның шешесі бар, ол шешесін құрмет көрсетіп (күтеді), егер ол ант беретін болса, Аллаһ оның антын орындайды, қолыңнан келсе одан өзің үшін Аллаһтан кешірім тілеуін сұра!», деді. Омар: «Сондықтан мен үшін кешірім сұрашы!», - дейді. Увайс ол үшін Аллаһтан кешірім сұрап дұға жасайды. Содан соң Омар одан: «Сен қайда барғың келеді?», - деп сұрайды. Ол: «Куфаға», - дейді. Омар: «Сен үшін Куфаның басқарушысына хат жазып берейін бе?1», - деп сұрайды. Увайс оған: «Маған кедейлердің арасында болу ұнайды»,- деп айтады.

Ал келесі жылы Куфаның белгілі бір адамы қажылық кезінде Омарды кездестіреді. Ол одан Увайс жайлы сұрастыра бастайды. (Куфалық): «Соңғы рет мен оны көргенімде оның ештнеңесі болмады және үйінде де ештеңесі болмаған болатын», – деді. Сонда Омар оған былай дейді: «Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Сендерге Иеменнен келген жасақтың ішнде мурад руы каран қауымынан алапеспен ауырып, одан денесінде дирхемнің көлеміндей жерін санамағанда түгел айыққан, Увайс бин Амір келеді. Оның шешесі бар, ол шешесін, құрмет көрсетіп (күтеді), егер ол ант беретін болса, Аллаһ оның антын орындайды, қолыңнан келсе одан өзің үшін Аллаһтан кешірім тілеуін сұра!»

Сосын ол адам Увайсқа келді де: «Мен үшін Аллаһтан күнәмнің кешіруін сұрашы», – деді. Увайс жауап ретінде: «Сен қажылықты менен кейін жасадың, сондықтан мен үшін сен Аллаһтан күнүнәләрімнің кешіруін сұра!», – деді. Ол адам одан: «Сен Омармен кездестің бе?», – деп сұрады. Увайс: «Иә», - деді де – ол үшін кешірім сұрап Аллаһқа дұға жасады2. Сосын адамдар бұл жайлы білді де, ал (Увайс) өз жөнімен (ол жерден) кетіп қалды3. Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Усайр бин Жәбірдің, былай деп айтқаны келтіріледі:

Кезінде Омарға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ішінде Увайсты жиі келемеждеп күлетін бір адамы бар, Куфадан бір топ кісі келеді. Омар олардан: «Каран руынан адам бар ма?», - деп сұрады. Әлгі адам алдыға шыққанда, Омар былай дейді: «Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Расында, сендерге Иеменнен, Иеменде шешесінен басқа ешкімі қалмаған, бір адам келеді. Алдында оның үстін ақ (алапес) басқан болатын. Ол Аллаһтан сұрап дұға жасағаннан кейін, оны Аллаһ денесіндегі динардай /…дирхемдей/ жерін санамағанда түгелдей айықтырған болатын. Сендерден кім оны кездестіретін болса, оны сендер үшін Аллаһтан күнәләріңнің кешіруін сұрап дұға жасауын сұраңдар!»



Хадистің Муслим келтірген үшінші нұсқасында Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Расында, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Расында, ізбасарлардың (табиғин)1 ішінде шешесі бар және үстін ақ басқан, Увайс деген адам болады, одан Аллаһтан сендер үшін кешірім тілеуін сұраңдар!»


373. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұмра жасау үшін рұқсат сұрап бардым. Ол Маған рұқсат берді де: «Иә бауырым, өзіңнің дұғаңда бізді де ұмытпа!», - деді. Мен бұл сөздерді бүкіл дүниеге ауыстырмас едім!



Бұл хадистің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Иә бауырым, бізді де дұғаңа қос! Абу Дауд пен ат-Тирмизидің «Жақсы хадис» деп келтірген сенімді хадис2.


374. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Кубаға3 бірде көлікпен, бірде жаяу жиі келіп екі ракағат намаз оқып тұратын. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің аль-Бухари мен ан-Насаи келтірген тағы бір нұсқасында, Омардың, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не аттылы, не жаяу әр бір сенбі күні Кубадағы мешітке келіп тұратын.



Бұл хадисте ибн Омар да солай істейтін, деп хабарланады.


46 ТАРАУ

Аллаһ үшін жақсы көрудің дәрежесі жайлы және оған талпындыру және ол жайлы жақсы көрген адамыңа хабарлау және хабарлағанда не айту керектігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Мухаммад Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рукуғта, сәждеде көресің. Олар Аллаһтан ризалық әрі мәрхәмет тілейді. Олардың жүздерінде сәжденің ізінің дерегі бар. Олардың Тауратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл мысал егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Аллаһ, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор силық уәде етті.» «Фатх» сүресі, 29 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Бұрыннан Мединеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі). Олар өздеріне босып (көшіп) келгендерді жақсы көріп…» «Хашір» сүресі, 9 аят.


375. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ пен Оның елшісін бәрінен артық жақсы көрген, Аллаһ үшін қай бір адамды жақсы көрген және Аллаһ оны құтқарғаннан кейін1 отқа қалай түскісі келмейді солай имансыздыққа (дінсіздікке) қайта оралғысы келмеген, міне осы үшеуін бойына сіңірген болса сол иманның (діннің) тәтті дәмін татады. Аль-Бухари, Муслим.



375. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған күні, Аллаһ Тағала жеті (түрлі) адамды Өзінің көлеңкесіне алады:



  1. Әділ басқарушы,

  2. Ұлы Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен есейген жас,

  3. Жүрегі мешіттерде байланған2,

  4. Тек қана Аллаһ Тағала үшін кездесіп-қоштасатын және бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендер,

  5. Абыройлы әрі әдемі әйел қалап шақырып, бірақ ол: «Расында, Мен Аллаһтан қорқамын», - деп бармаған еркек,

  6. Садақаны жасырын бергені сонша, оның сол қолы оң қолының бергенін көрмейтін,

  7. Оңашада Аллаһ Тағалны еске алғанда көзіне жас толатын (адамдар).

Аль-Бухари, Муслим.
377. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахірет күні Аллаһ Тағала: «Бірін-бірі Менің ұлылығым үшін жақсы көргендер қайда? Бүгін Менің көлеңкемнен басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған Күні, Мен оларды Өзімнің көлеңкеме аламын!», - дейді. Муслим.


378. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, сендер иман келтірмейінше Жәннәтқа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше иман келтірмейсіңдер, сондықтан сендерге бір-біріңе деген сүйіспеншілікке қандай амал алып келетінін айтайын ба? Араларыңда сәлем таратыңдар!1 Муслим.


379. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде бір адам басқа ауылда тұратын бауырымен2 көрісу үшін жолға шығады, ал Аллаһ Тағала оған жолда кездесетін бір періштені жібереді. Ол адаммен жолда кездескенде: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Мен ана ауылда тұратын бауырыммен жолығуға бара жатырмын», - деп жауап береді. Періште: «Сен оған бір жақсылық жасаған шығарсың, ал енді сол жақсылығыңнан бір пайда тапқың келіп бара жатқан шығарсың?», - дейді. Ол адам: «Жоқ, расында, мен оны Аллаһ Тағала үшін жақсы көремін», - деп жауап береді. Сонда періште: «Мен болсам, шындығында: «Сен ол адамды Аллаһ үшін қалай жақсы көрсең, Аллаһ та сені солай жақсы көреді!», - деп айту үшін саған Аллһтан жіберілдім.», - дейді. Мувлим.


380. Хабар бойынша, аль-Бари бин Азиб оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тек қана иманды оларды жақсы көреді және тек қана иманды оларды жек көреді. Аллаһ оларды жақсы көргендерді жақсы көреді де, оларды жек көргендерді Аллаһ жек көреді. Аль-Бухари, Муслим.


381. Хабар бойынша, Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала айтты: «Мен үшін бір-бірін жақсы көргендер үшін нұрдан жасалған мінберлер бар, және оларға пайғамбарлар мен дін үшін мерт болғандар (шаһидтер) қызығады!» Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
382. Хабар бойынша, Абу Идрис аль-Хаулян, оларға Алллаһтың мейірімі болсын, ол былай деді:

Бірде Дамаскідегі мешітке кіргенімде, адамдардың ортасында отырған, тістері жарқыраған ақ тісті жас жігітті көрдім. Оған адамдар сұрақтар қойып, оның айтқанын дұрыс санап, өздерінің істерінде соның жауабына сүйеніп амал қылатын. Мен ол туралы сұрай бастадым да, маған: «Ол Муъаз бин Жабал3, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын», – деді. Ертеңіне мен мешітке ертерек келсем, ол онда менен де ерте келіп намаз оқып жатыр екен. Мен оның намазын оқып болуын күттім де, ол намаз оқып болысымен, алдына келіп сәлем беріп: «Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен сені Аллаһ үшін жақсы көремін!», - дедім. Ол: «Аллаһ үшін екеніне ант бересің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ үшін екеніне, ант беремін!», - дедім. Ол тағы да: «Аллаһ үшін екеніне ант бересің бе?», - деді. Мен тағы да: «Ант беремін!», - дедім. Сонда ол мені шапанымның шетінен тартып: «Қуана бер, өйткені, расында, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ Тағала айтты: «Мен үшін бір-бірін жақсы көріп, Мен үшін бір-бірімен кездесіп, Мен үшін бір-бірімен жолығатындарды Мен де міндетті түрде жақсы көремін (сүйемін)!», - дегенін естідім», - деді. Сенімді иснадтарымен «Сенімді хадисті» Малик «Аль-Муаттада» келтіреді.


383. Хабар бойынша, Абу Карим аль-Макдим бин Маъдикари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам өзінің бауырын жақсы көрсе, онда оған жақсы көретіндігін хабарласын. Бұл хадисті «Жақсы әрі сенімді», хадис деп, Абу Дауд пен ат-Тирмизи жеткіздеді.



384. Хабар бойынша, Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның қолынан ұстап былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Муъаз, Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін, иә Муаз мен саған әр намаздан кейін мынаны айтуды міндеттеймін: «Иә Аллаһ, маған Өзіңді есімде ұстауға, саған шүкіршілік етуіге және дұрыстап құлшылық етуге көмектес». /Аллаһумма аъини ъала зикрика, уа шукрика, уа хусни ъибадатика/ 1 Жақсы хадис сенімді иснадпен Абу Дауд пен ан-Насаи келтіреді.


385. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырған көпшіліктің арасында бір адам, олардың жанынан өткен бір кісі жайлы: "Иә Аллаһтың елшісі, мен мына адамды, Аллаһ үшін жақсы көремін", - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен ол жайлы оған хабарладың ба?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда оған оны айт!», - деді. Ол адам оны қуып жетті де: «Расында, мен Аллаһ үшін сені жақсы көремін!», - деді, ал ол: «Аллаһ сені, Өзі үшін мені жақсы көргеніңе, сені де жақсы көрсін!», - деді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.




47 ТАРАУ

Аллаһ Тағаланың құлын жақсы көргенінің белгілері жайлы және сондай белгілері бар мінезді тәрбиелеу және соған құлшыну жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«“Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәләріңді жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса жарылқаушы, ерекше мейірімді“, - деп айт.» “Аль-Имран” сүресі, 31 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Сендерден кім діннен шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі; Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді. Мүминдерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Аллаһ жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Аллаһтың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені Аллаһ Кең, Білуші». «Мәида» сүресі, 54 аят.


386. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала айтты: “Маған жақын болғанмен жауласқанға Мен соғыс жариалаймын! Құлымның Маған жақындамақшы болып істеген істерінің ішіндегілерінен Мен үшін ең сүйкімдісі, Менің орындауға парыз етіп жүктеген амалдарымды орындағаны және де Менің құлым, Менің парыз еткен амалдарымнан да артық (нәфіл) амалдар жасап Маған, Мен оны Өзім сүйгенімше жақындай түседі (береді). Ал Мен оны сүйген кезімде, Мен оның көретін көзі, еститін құлағы, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын және егер де ол Менен бір нәрсе сұрайтын болса, онда Мен оған (сұрағанын) әлбетте беремін, ал егер Менен қорғау сұраса, онда Мен оны әлбетте қорғаймын!” аль-Бухари.
387. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ Өзінің бір құлын жақсы көрсе. Жебірейілге: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр!», - дейді. Содан кейін оны Жебірейіл жақсы көре бастайды да, аспан тұрғындарына1: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жақсы көре бастайды да, оған жерде де құрмет көрсете бастайды! Аль-Бухари, Муслим.



Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер Аллаһ Өзінің бір құлын жақсы көрсе, Жебірейілге: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр!», - дейді. Содан кейін оны Жебірейіл жақсы көре бастайды да, аспан тұрғындарына: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сендер да оны жақсы көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жақсы көре бастайды да, оған жерде де құрмет көрсете бастайды! Егер Аллаһ Өзінің бір құлын жек көрсе. Жебірейілге: «Расында, Аллаһ пәленшені жек көреді, сен де оны жек көр!», - дейді. Содан кейін оны Жебірейіл жек көре бастайды да, аспан тұрғындарына: «Расында, Аллаһ пәленшені жек көреді, сендер де оны жек көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жек көре бастайды да, оны жердегілер де жек көре бастайды!


388. Хабар бойынша, Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамды басшы етіп, жорыққа жасақ жібереді. Ол адам жорық кезінде оларға намазда имам болып, намазын әрдайым: «Айт: «Ол Аллаһ Біреу…»2, - деген сөздермен аяқтайтын. Олар жорықтан оралған кезде, болған жайды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты. Ол: «Одан оны неге істегенін сұраңдаршы?», - дейді. Оған сол сұрақты қойған кезде: «Онда (ол сүреде) Қамқоршының (Аллаһтың) сипаттары еске алынады, сондықтан мен оны оқығанды жақсы көремін», - деді. Оның айтқанын естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оған, Аллаһ Тағала да оны жақсы көреді, деп айта барыңдар!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.




48 ТАРАУ

Тақуаларға, әлсіздерге және кедейлерге жәбір көрсетудің қатерлігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мумин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Ендеше жетімді қорлама, сұраушыны зекіме.» «Дұха» сүресі, 9-10 аяттар.


Егер бұл тарауға байланысты хадистер жайлы айтатын болсақ олар көп-ақ.

Олардың қатарына алдыңғы тарауда айтылып кеткен Абу Хурайраның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген Аллаһ Тағала айтты: «Маған жақын болғанмен жауласқанға Мен соғыс жариалаймын!»1, - деген хадис жатады.

Олардың қатарына «Жетімдерге жақсы қарым-қатынас көрсету», жайлы тарауында, Саъд бин Абу Уаққастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген хадисі2 және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, егер сен оларды ашуландырсаң, онда Раббыңды ашуландырдың!», - деп айтылған хадисі3 жатады.
389. Хабар бойынша, Жундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң намазын орындаушы4 Аллаһтың қорғанында болады және Аллаһ Өзінің қорғаны үшін сендерден еш нәрсе талап етпейді, өйткені, расында, кімнен Ол қорғаны үшін бір нәрсе талап ететін болса, Ол жетеді де (сұлатады да), сосын етбетінен Тозақтың жалынына лақтырылды! Муслим.




49 ТАРАУ

Адамдарды тек қана сыртқы көріністерімен ғана тұжырымдап, ал ішкі жан-дүнисінің жайын Аллаһ Тағалаға тапсыру жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар...» «Тәубә» сүресі, 5 аят.


390. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған бұл адамдармен1, олар Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік бермейінше және намаз оқып зекет төлемейінше, соғысуға әмір етілді. Ал егер олар бұны орындаса, онда менен өздерінің өмірі мен дүниесін қорғайды және бұдан былай олары тек қана Исламның хақымен ғана адамдарға тиесілі бола алады да, ал содан соң олардан есеп сұрауға тек қана Аллаһ хақылы болады.2 Аль-Бухари, Муслим.


391. Хабар бойынша, Абу Абдаллаһ Тариқ бин Ашйам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Аллаһтан басқа құдай жоқ», - деп айтқан және Аллаһтан басқаға құлшылық еткенге сенбегеннің дүниесі мен жанына қол салуға тыйым салынады, ал олардан есебті тек қана Аллаһ алады. Муслим.


392. Хабар бойынша, Абу Маъбад аль-Макдад бин аль-Асуад, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған айтшы, егер де мен бір имансызбен кездесіп, екеуіміз шайқасып ол менің қолымды қылышпен шауып түсірсе, ал одан кейін менен құтылмақшы болып, ағашқа шығып: «Мен Аллаһқа бығындым!3», - десе, осыдан кейін, иә Аллаһтың елшісі, менің оны өлтіруге хақым бар ма?», - деп сұрадым. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған оны өлтіруге болмайды», - деді. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, ол менің қолымды шапты ғой және ол сөздерді соны істегеннен (шапқаннан) кейін айтты ғой!», - дедім. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған оны өлтіруге болмайды, өйткені егерде сен оны өлтірсең, онда ол, сен оны өлтіргенге дейін қандай күйде болсаң, ол сондай күйде болады, ал сен болсаң, ол сол сөздерді айтқанға дейін қандай күйде болса, сен де сондай күйге түсесің!», - деп айтты. Аль-Бухари, Муслим.



«Сен оны өлтіргенге дейін қандай болсаң, ол сондай күйде болады», - дегені, оның өміріне қол салуға болмайды, өйткені оның ісі ислам қабылдаған адамның ісі ретінде қаралуы керек; «Ал сен болсаң, ол сол сөздерді айтқанға дейін қандай күйде болса, сен де сол күйге түсесің», - дегені, оның мұрагерлері сені адам өлімі тиісінше (қысас) өлтіре алады. Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөзі, сен сол сияқты имансыз болдың, дегенді әрине білдірмейді, ал Аллаһ бұны жақсырақ біледі.
393. Хабар бойынша, Усама бин Зайд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді жухайн тайпасының аль-хурака руына жорыққа аттандырды да, біз оларға таң ертең бұлақтың жанында шаптық. Олардың бірін мен бір ансармен бірге қуа бастадым, ал біз оған жақындаған кезде ол: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айқайлап қалды. Бұны естіген жанымдағы ансар оны қуғанын тоқтата қойды, ал мен болсам оны найзаның соққысына жығып өлтірдім. Біз Мединаға қайта оралғанымызда, бұл оқиға жайлы Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, белгілі болды да ол: «Иә Усама, шынымен-ақ сен оны ол: «Лә иләһә илә-Ллаһу», - дегеннен кейін өлтірдің бе?!», - деп сұрады. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, ол сөздерді ол құтылу үшін ғана айтты ғой!», - деп едім, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: «Шынымен-ақ сен оны ол: «Лә иләһә иля-Ллаһу», - дегеннен кейін өлтірдің бе?!1», - деп айтуын қайталап айта бергені соншама2, мен Исламды бұдан ерте қабылдағаныма өкіндім!3 Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Усаманың, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол: «Лә илаһа илля-Ллаһу», - деп айтқаннан кейін, сен оны өлтірдің бе не?», - деп сұрады. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, ол бұл сөздерді біздің қаруымыздан қорыққанынан кейін айтты ғой!», - дедім. Бұл сөзіме ол: «Сен онда неге, ол жүрегімен айтып тұр ма әлде жоқ па екндігін білу үшін, оның жүрегін кесіп қарамадың?!4», - деп, қайталай бергені соншама, менде, осы күні ғана Исламды қабылдасам еді, деген құштарлық туды.


394. Хабар бойынша, Жундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көпқұдайшылдарға қарсы жорық аттандырды. Олар біраз уақыт өтісімен бір-бірімен кездесті. Көпқұдайшылдардың арасында біреу болды, ол мұсылмандардың біреуін таңдап алып оны аңдып жүріп өлтіретін, ал мұсылмандардың бірі жайлы айтатын болсақ (оның Усама бин Зайд екенін айтқанбыз), ол оның бір қателік жасауын күтіп жүрді. Сонымен оның бір қателік жасағанын көріп, оған қылышын көтеріп қалғанда, ол көпқұдайшыл: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айқайлап жіберді, бірақта Усама оны бәрібір өлтірді. Ал одан кейін Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйіншілеп шабарман келді де, оның бүкіл қойған сұрақтарына жауап беріп соның ішінде, ол адамның істеген ісін баяндады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны өзіне шақырып: «Сен оны неге өлтірдің?», - деп сұрады. Усама: «Иә Аллаһтың елшісі, ол мұсылмандарға жәбірлік жасады, пәленше мен пәленшені өлтірді!», - деп бірталай адамның есімін атады да: «Мен, расында оған бас салдым, ал ол қылышты көрген кезде: «Лә иләһә иллә-Ллаһу!», - деп айқайлап қалды», - деп жауап берді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Сосын сен оны өлтірдің бе?!», - деп сұрады. Ол. «Иә», - деп жауап берді. Сонда ол: «Сен Ахірет күні: «Лә илаһа илля-Ллаһу», - деген сөздермен не істейсің?», - деп сұрады1. Муслим.


395. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Утба бин Масъуд, ол былай деді:

Мен Омар бин аль-Хаттабтың былай деп айтқанын естідім: «Расында, Аллаһтың елшісінің уақытында, адамдардан түсіп отырған аяндар нұсқауымен сұралатын, ал енді аяндардың түсуі тоқтатылды2. Енді біз сендерден, сендердің жасаған істеріңнен көргенімізге сәйкес сұраймыз, ал сендерден кім жақсы амалдарымен көрінсе, біз олардың жан дүниесінде не жасырын тұрғанына қарамай оларға сеніп, оларды өзімізге жақындатамыз, өйткені олардың жан дүниесі жайлы есебті, тек қана Аллаһ талап ете алады! Ал өздерін жаман жағынан көрсететіндерге, олар өздерін еш жамандық ойламаймыз, деп сендіргеніне қарамастан, оларға сенім артпаймыз да сенбейміз!» Аль-Бухари.




50 ТАРАУ

Қорқыныш жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Әрі Менен ғана қорқыңдар.» «Бақара» сүресі, 40 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.» «Буруж» сүресі, 12 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббың қолға алғанда, кенттердің залым халқын өстіп алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді. Күдіксіз осыдан Ахірет азабынан қорыққан кісілерге әрине дәлел бар. Қиямет, адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол әзір болатын бір күн. Ол Қиямет күнін санаулы мерзімге ғана кешіктіреміз. Ол күн келсе Аллаһтың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да бақыттысы да бар. Ал енді сорлылар тозақта ыңыранып шыңғырады.» «Һұд» сүресі, 102-106 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ сендерді Өзі қорқытады»3 «Аль-Имран» сүресі, 28 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сол күні кісі туысынан қашады; Шешесінен, әкесінен, Әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.)» «Ғәбәсә» сүресі, 34-37 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе. Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты.» «Хаж» сүресі, 1-2 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңның хұзырынан шығуға қорыққанға екі пейіш1 бар» «рахман» сүресі, 46 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады: «Расында, біз бұрын жанұямызда да қорқушы едік», - деседі. «Сондықтан Аллаһ бізге игілік етті де заһарлы азаптан құтқарды.» «Расында, біз бұрын. Аллаһқа жалбарынушы едік. Өйткені Ол игілік істеуші, ерекше меірімді», - (десед!).» «Тұр» сүресі, 25-28 аяттар.



Ал хадистер жайлы айтатын болсақ, онда олар өте көп, біз болсақ солардың бір бөлігін ғана келтіреміз, ал көмек көрсетуші Аллаһ қана.
396. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Шынышыл әрі сенімге лайықты Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге былай деді:

Расында, сендердің әрқайсысың әуелі өзінің анасының құрсағында қырық күн ішінде тамшы болып қалыптасады, одан кейін соншама аралықта ұйыған қан ретінде және соншама – кесек ет ретінде, ал содан оған кейін жан үрлеу үшін Аллаһ періштені жіберіп оған төрт нәрсені жазуға әмір береді:


  1. оның үлесін,

  2. оның мерзімін2,

  3. оның амалдарын,

  4. және ол бақытты бола ма, әлде бақытсыз бола ма.

Сонымен Өзінен басқа құдай болмағанның атымен ант етемін, сендерден кез-келгенің Жәннәтқа бір білек қалғанға дейін, Жәннәт тұрғындарының амалын жасай аласыңдар, сонда оның пешенесінде жазылғаны Тозақ болса, ол Тозақ тұрғындарының амалдарын орындай бастайды да, Тозаққа кіреді.3 Расында, дәл солай сендерден кез-келгенің Тозаққа бір білек қалғанға дейін, Тозақ тұрғындарының амалын жасай аласыңдар, сонда оның пешенесінде жазылғаны Жәннәт болса, ол Жәннәт тұрғындарының амалдарын орындай бастайды да, Жәннәтқа кіреді. 4 Аль-Бухари, Муслим.
397. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ол күні5 үстіне жетпіс мың тізгін тартылған және әр тізгінінен жетпіс мың періште сүйреген, отты алып келеді. Муслим.


398. Хабар бойынша, ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахіретте Тозақ тұрғындарының ішінде ең жеңіл жазаға тартылатынның табанына қызуынан миы қайнайтын екі шоқ бастырылады, Сонда ол жазасының ең жеңіл болғанына қарамай, өзінен басқа ешкім олай қатты қиналып жатқан жоқ, деп ойлайды. Аль-Бухари, Муслим.


399. Хабар бойынша, Самур бин Жундуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Олардың арасында отқа балтырына дейін оранғанғандар болады, және олардың арасында отқа тізесне дейін оранғанғандар болады, және олардың арасында отқа беліне дейін оранғанғандар болады, және олардың арасында отқа бұғанасына дейін оранғанғандар болады! Муслим.



400. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар бүкіл әлемнің Раббысының алдында тұрады, сонда олардың кейбірі өздерінің терлерінің суы құлағының ортасына жетіп тұрады1. Аль-Бухари, Муслим.


401. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұрын мен естімеген хұтпа айтты, сөздерінің арасында былай деді: «Егер сендер мен білетінді білсеңдер еді, аз күліп, көп жылар едіңдер!», - сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары қолдарымен беттерін жауып ауыздарын ашпастан жылай бастады. Аль-Бухари, Мслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Анастың, былай деп айтқаны келтіріледі:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің схабалары жайлы бір нәрсе естіп2, оларға хұтпа айтып былай деді: “Маған Жәннәт пен Тозақ көрсетілді, мен ешқашан, сол күнденгідей одан жақсы және одан жаман нәрсені көрмедім! Егер сендер мен білетінді білсеңдер еді, аз күліп, көп жылар едіңдер!». Сонда сол күн, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары үшін өте ауыр болды, олар бастарын бүркеп алып ауыздарын ашпай жылаумен болды.


402. Хабар бойынша, аль Микдад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте адамдарға күн жақындатылады да, ол адамдардан бір миль3 ара қашықтықтығында болады.



Бұл хадисті аль Микдатың айтуымен жеткізген Сулайм бин Амр былай деді:

Сонымен, Аллаһтың атымен ант етемін, білмеймін оның миль дегені – ұзындық өлшемі ме, әлде көзге сүрме жағатын таяқты айтты ма, білмеймін1.



Ары қарай Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзіне былай жалғастырлы:

Ал адамдар болса, әр қайсысы өздерінің амалдарына байланысты терлерінің суына батып тұрады, сонда олардың кебіпеулері қызыл асығына дейін, кейбіреулері – тізесіне дейін, үшіншісі – беліне дейін, ал кейбіреулері батып кетеді (не терілері оларды өзіне бағындырып алады)2, - деді де Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолымен аузын көрсетті. Муслим.



403. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні адамдардан тер аққаны сонша, олардың терлері жерге, жетпіс білекке дейін сіңеді, ал кейбіреулерінің терлері оларды батырғаны соншама, оның суы құлағына дейін көтеріледі. Аль-Бухари, Муслим.


404. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған кезде ол бір заттың құлаған гүрсілін естіді де, бізден: «Сендер бұның не екенін білесіңдер ме?», - деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі бұл туралы жақсырақ біледі?», - дедік. Сонда ол: «Бұл – жетпіс жыл бұрын тозақтың жалынына тасталған тас. Қазір ол тас оттың түбіне жетті де, сендер оның гүрсілін естідіңдер», - деді. Муслим.


405. Хабар бойынша, Ади бин Хатим., оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендердің араларыңда оның Раббысы сөйлеспейтін және (сол уақытта) араларында түсіндіруші болмайтын адам табылмайды. Сосын адам оң жағына қарайды да, өзінің амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, сосын сол жағына қарайды да, өзінің амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, сосын алдына караған кезде, бет алдында тозақ отынан басқа еш нәрсе көрмейді, сондықтан өзіңді Оттан құрманың жартысымен болса да қорға!3 Аль-бухари, Муслим.


406. Хабар бойынша, Абу Зар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мен сендер көрмегенді көремін: аспан сықырлады да, оның олай істеуіне хақы болды, өйткені әр бір төрт исбаға4 Аллаһқа сәжде жасап жатқан бір періштеден келеді! Аллаһтың атымен ант етемін, егер сендер мен білгенді білген болсаңдар, онда аз күліп көп жылар едіңдер, әйелдеріңмен төсектіріңде рахаттанып жатпас едіңдер де, көшеге шығып Аллаһқа дауыстап, құтылу үшін дұға жасар едіңдер! Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.



Бұл жерде: «Сықырлады», - деген сөз ол араб тілінде ер тоқымның сықырынан шыққан сықырды білдеретін дыбысты айтып тұр. Яғни, аспан сәжде жасап жатқан періштелердің көптігінің ауырлығынан сықырлап жатыр.
407. Хабар бойынша, Абу Барз Надл бин Убайд аль-Аслам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте құл, өмірі жайлы: оны қалай өткізгені? білімі жайлы: оны қалай қолданғаны? ақшасы жайлы: оны қалай тапқаны және қайда жаратқаны? денесі жайлы: оны қалай қолданғаны? - туралы сұралынбайынша орнынан қозғалмайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.


408. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына аятты: «Ол күні жер уақиғасын түсіндіреді», - оқыды да: «Сендер оның уақиғасының қандай болатынын білесіңдер ме?»1, - деп сұрады. Біз: «Аллаһ және Оның елшісі бәрінен де жақсы біледі», - дедік. Сонда ол: «Оның оқиғасының мәні – Аллаһтың әр бір құлына қарсы оның үстінде не істегені жайлы куәлік беруде болады, ол: «Сен сол күні мынаны және мынаны істедің», - деумен болады. Оның уақиғасы осындай болады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді2.


409. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Сүр ұстаушы3, (қазір) оны аузына тақап үрлеуге әмір күтіп тыңдап тұр, осы уақытта мен өміріммен қалайша рахаттанамын?» Бұл айтылған сөздер Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауыр тиген болса керек, сонда ол: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Ие (Қамқоршы)!»4, - деп айтыңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.



Аллаһ Тағала айтты: «Сүр үріліп…»5
410. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қорыққан адам, жолға түннің басында шығуға асығады, ал осыны істеуге асыққан, көздеген жеріне жетеді. Расында Аллаһтың бұйымы қамбат тұрады, ал Аллаһтың бұйымы - ол Жәннәт.6 ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіреді.



411. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінің: «Ахіретте адамдар жалаңаш киімсіз, жалаң аяқ, сүндеттелмеген күйде жиналады.», - дегенін естідім де: «Иә Аллаһтың елшісі ерлер мен әйелдер бірге жиналып бір-бірін көреді ме?», - деп сұрадым. Ол: «Иә Айша, оларға ол (күн) өте ауыр болып ол жайлы ойлауға (шамалары болмайды)!», - деді.



Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былй дегені келтіріледі:

Олардың бірі-біріне қарайтын мұрша болмайды. Аль-Бухари, Муслим.




51 ТАРАУ

Үміт жайлы
Аллаһ Тағала айтты:

«(Оларға): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың рахметінен күдер үзбеңдер. Аллаһ біртұтас күнәләрді жарылқайды. Өйткені Ол Жарылқаушы, Мейірімді», - де.» «Зүмәр» сүресі, 53 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Қарсы келгендерді ғана жазаландырамыз» «Сәбә» сүресі, 17 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді.» «Таһа» сүресі, 48 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Менің рахымым әр нәрсені (яғни бәрін) сидырады…»«Ағраф» сүресі, 156 аят.



412. Хабар бойынша, Убад бин ас-Самит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мухаммад - Оның құлы әрі елшісі, Иса – Аллаһтың құлы әрі елшісі және Оның Марйамға сөйлеген сөзі әрі Оның жаратқан рухы1, Жәннәт – рас, Тозақ – рас, деп куәлік беретін болса, онда оны Аллаһ оның амалының қандай екендігіне қармай Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былй дегені келтіріледі:

Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мухаммад – Аллаһтың елшісі, дегенді Аллаһ Отқа тигізбеіді2.


413. Хабар бойынша, Абу Зар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала Айтты: Кімде-кім бір жақсы амал жасаса оны он сауап күтіп тұр, не болмаса Мен оған және қосамын, ал жамандықты жасағанды соншама жамандық күтіп тұрады, не болмаса Мен оны кешіремін. Кім Маған бір алақанға жақындаса, Мен оған бір білекке жақындаймын, ал кім Маған бір білекке жақындаса Мен оған бір құлашқа жақындаймын. Кім маған қарай жүрсе, Мен оған қарай жүгіре жөнелемін, ал кімде-кім Маған, күнә жасап келсе, ал күнәсінің көлемі бүкіл жерді жауып, бірақ та Менен басқа ешкімге табынбай келген болса, Мен оның бүкіл күнәсін жабатын кешіріммен қарсы аламын. Муслим.

Бұл хадистің мәні: кім Маған бой ұсынып «жақындайтын болса» Мен оған рақымшылық көрсетіп «жақындаймын», ал егер ол бұдан да көп жасаса, Мен ол үшін одан да көп жасаймын; Маған бой ұсынып «Маған қарай жүргенге», «Мен жүгіре жөнелемін», яғни оған Өзімнің рақымымды төгемін және оны алдын-ала беріп одан озамын және оны мақсатына қарай ұзақ жүргізбеймін, ал Аллаһ бұл жайында жақсырақ біледі.

414. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи келді де: «Иә Аллаһтың елшісі, маған соңы әлбетте орындалатын екі себеп не?», - деді. Ол: «Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпей өткен Жәннәтқа кіреді де, ал Аллаһпен бірге тағы да басқаға құлшылық етіп өлген Тозаққа түседі». Муслим.


415. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көліктің үстінде, ал Муъаз оның артында отырған кезде: «Иә Муъаз!», - деді. Муъаз: «Мен алдыңдамын және қызмет етуге бақыттымын!», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: «Иә Муъаз»!, - деді. Муъаз: «Мен алдыңдамын және қызмет етуге бақыттымын!», - деді. Бұл жай үш рет қайталанды. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қай бір құл шын жүрегімен, Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі, деп куәлік берсе, Онда оны Аллаһ Отқа харам етеді1», - деді. Муъаз: «Иә Аллаһтың елшісі, адамдарды қуандыру үшін бұны хабарлайын ба?», - деп сұрады. Ол: «Онда адамдар осыған ғана сенім артып қалады», - деді. Бұны Муъаз өлер алдында ғана, бұдан былай бұл жайлы айтпауым күнә болады, деп хабарлаған. Аль-Бухари, Муслим.



«Бұл жайлы айтпауым күнә», - деген сөз, ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзін адамдарға жеткізбей жанында сақтап қалу күнә, деп санаған.
416. Хабар бойынша, Абу Хурайра ма әлде Абу Саъид аль-Худри ма (хадисті жеткізуші осы екеуінің қайсысынан естігенін ұмытып отыр, дегенмен одан хадистің құндылығы кемімейді), олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Табук жорығында аштықтан қалжыраған адамдар Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, егер сен бізге түйелерімізді сойуға рұқсат берсең, біз олардың етін жеп, майын қолданар едік», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Солай істеңдер», - деді. Сонда оған Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, егер сен оларға бұны рұқсат етсең, онда бізде көлік аз қалады. Одан да сен оларда қалған тамақтарды алдыр да, одан кейін Аллаһтан оған ол адамдар үшін берекесін сұрап дұға жаса, бәлкім Аллаһ берер оны!», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә», - деді де өзінің теріден жасалған көпшігін алдырды да, оған қалған тамақтарын салуға әмір берді. Адамдар болса кім бір уыс тарысын, кім бір уыс құрмасын, ал енді кім бір бөлік нандарын әкеліп сала бастады. Соңында сол көпшіктің үстінде азын-аулақ тамақ жиналды да Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол тамаққа береке тіледі, сосын: «Мынаны ыдыстарыңа салыңдар!», - деді. Сосын адмадар бәрі ыдыстары толғанша салып алды және бәрінің қарындары тойғанша жеді және көпшіктегі тамақтан әлі де болса қалды. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтан басқа құдай жоқ және мен - Аллаһтың елшісімін, деп куәлік беремін, ал Аллаһтың құлдарының ішінен кімде-кім, Аллаһты осы екі куәлікпен (оған нық сеніп) кездестіретін болса, Онда оған Жәннәт, шексіз бұйырады!», - деді. Муслим.


417. Хабар бойынша, Ъитбан бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Бадр соғысына қатысқандардың бірі, ол былай деді:

Әдетте мен намазды өзімнің руым бану салимнің адамдарымен бірге оқитынмын, бірақта олардың мешіті мен менің үйімнің арасын бір сай бөлетін де, жаңбыр жауған кезде одан өтуге маған қиын болатын. Сонда мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Расында, менің көзімнің жанары әлсіреді, жаңбыр жауған кезде мен үшін руластарыма сай арқылы аққан судан өтіп жету қиын болып барады, сондықтан мен сенің біздің үйге келіп намаз оқып кетуіңді сұраймын, сонда мен сенің намаз оқыған жеріңді өзімнің намаз оқитын жерім қылар едім», - дедім. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен әлбетте оны істеймін!», - деді. Ал ертеңіне таңертең күн әжептеуір көтерілген кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Бакрмен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірге келді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйге кіруге рұқсат сұрады да мен оған үйге кіруді ұсындым. Үйге кіріп отырмастан: «Менің намазым үшін, үйіңнің қайсы жерін таңдадың?», - деп сұрады да, мен оның намазы үшін, өзімнің таңдаған орнымды көрсеттім. Содан соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің таңдаған орныма тұрып: «Аллаһу акбар!», - деп намазға кірісіп кетті, ал біз болсақ артынан сапқа тұра қалдық. Сонымен ол екі ракағат намазын екі жағына сәлем берумен аяқтады да, оның артынан біз де айтқандарын қайталадық. Осыдан кейін мен оны, әдейі өзіңе дайындаған хизардың дәмін тат, деп бөгедім. Осы арада адамдар менің үйіме Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келгенін есітіп жинала бастады да, ақыр аяғында көп ер кісілер жиналып қалды. Олардың бірі: «Мен мұнда көрмей тұрған Мәлік ше?», - деп сұрады. Басқа бірі: «Ол – Аллаһ пен Аллаһтың елшісін жақтырмайтын екіжүзді», - деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олай деме! Ол сенің көзіңше Аллаһтың дидарына талпынып: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айтпап па еді?», - деді. Ол адам: «Аллаһ және Оның елшісі бұл жайында жақсырақ біледі, ал біз жайлы айтатын болсақ, онда Аллаһтың атымен ант етемін, біз оның екіжүзділермен араласып, оларды жақсы көретінін білеміз!», - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Аллаһ, «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», деп Аллаһтың дидарынан үміттеніп айтқан әр бір адамды, Отқа харам (тигізбейтін) етті!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


418. Хабар бойынша, Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұтқынға түскендерді алып келді, олардың ішінде біреуді іздеп, одан кейін олардың ішінен бір баланы тапса омырауына апарып емізіп жүрген бір әйел болды1. Бұны көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізден: «Сендер қалай ойлайсыңдар, осы әйел өз баласын отқа тастауға дәрменді ме?», - деп сұрады. Біз: «Аллаһтың атымен ант етеміз, жоқ!», - дедік. Сонда ол: «Ал Аллаһ болса Өзінің құлдары үшін, бұл әйел өз баласына (жақсылық) қалағаннан да көп (жақсылық) қалайды!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.


419. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала бүкілін жаратқанда, Өзіне жазмыш етіп Өзінің Аршысындағы Өзінің Кітабына мынаны жазды: “Расында Менің рахымым, Менің қаһарымнан (ашуымнан) үстем болады”. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің “Сахихтардың” екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында: “…Менің қаһарымнан жоғары болады”,- делінсе, ал енді үшінші бір нұсқада: “…Менің ашуымнан озады”, - делінеді.
420. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала мейірімділікті жүз бөлік етіп жасады да, оның тоқсан тоғызын Өзінде ұстап бір бөлігін Жерге түсірді. Сол түсірілген мейірдің әсерімен жаратылыстың бәрі бір-біріне мейір көрсетеді, (керек десеңіз) мініс малдары да, (туған кезде) балларын басып кетпес үшін аяқтарын көтереді.



Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ Тағаланың (қорында) жүз бөлік мейірім бар, солардан Жерге бір бөлігін түсірді де, оны бүкіл жындар, адамдар, хайуандар және құрт-құмырсқалардың арасында бөлді. Сол арқылы бүкіл адамдар бір-бірін аяп мейір көрсетеді және сол арқылы жабайы аң да өзінің баласын жақсы көреді. Ал қалған тоқсан тоғыз бөлігі жайлы айтатын болсақ, оны Аллаһ Өзінің мейірімін, құлдарына Ахірет күні көрсету үшін сақтап қойды. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Сальман Фараси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, хабары бойынша келтірген Муслимнің нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ Тағалада жүз бөлік меірім бар, солардың бір бөлігінің ғана арқасында адамдар бір-біріне мейір көрсетеді, ал тоқсан тоғыз бөлігін Ол Ахірет күніне сақтап қойды.



Бұл хадистің Муслим келтірген үшінші бір бөлігінде, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп йтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ Тағала жер мен көкті жаратқанда, әр қайсысы жер мен көктің арасында орын алатын жүз бөлік мейірімді де жаратты. Олардан жерге бір бөлігін ғана орналастырды, бірақ та (сол бір) бөлігінің арқасында ана өз баласын жақсы көреді, ал құстар мен айуандар бір-бірін жақсы көреді. Ақірет күні болған кезде, Аллаһ мейірдің сол бөлігіне тоқсан тоғыз бөлігін толықтырды.


421. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің Мәртебелі де Жоғары Раббысының сөзін жеткізіп жатып, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлдарынан бірі күнә жасап: “Иә Аллаһ, менің күнәмді кешір!”, - деген кезінде, Аллаһ Тағала: “Менің құлым күнәләрді кешіруші және күнәләр үшін жаза беруші Раббысы бар екенін біліп күнә жасады”, - деді. Сосын ол тағыда күнә жасап1: “Иә Аллаһ, менің күнәмді кешір!”, - деген кезінде, Аллаһ Тағала: “Менің құлым күнәләрді кешіруші және күнәләр үшін жаза беруші Раббысы бар екенін біліп күнә жасады”, - деді. Сосын ол тағыда күнә жасап: “Иә Аллаһ, менің күнәмді кешір!”, - деген кезінде, Ұлы Мәртебелі Аллаһ Тағала: “Менің құлым күнәләрді кешіруші және күнәләр үшін жаза беруші Раббысы бар екенін біліп күнә жасады, ал Мен болсам құлымды кешірдім де, енді не істесе де өз еркінде!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

“…не істегісі келсе өз еркінде!”, - деген сөз, ол: егер ол күнә жасап артынан тәубеге келіп отыратын болса, Мен оны кешіріп отырамын, өйткені, расында, тәубеге келу алдыңғы бүкіл күнәләрді кешіреді, деген сөз.
422. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, егер сендер күнә жасамасаңдар еді, онда Аллаһ Тағала сендерді әлбетте жояр еді де, сендердің орындарыңа, күнә жасап артынан Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап отыратын халық жаратып, оларды кешіріп отырар еді! Муслим.


423. Хабар бойынша, Абу Аййуб Халид бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендер күнә жасамасаңдар, онда Аллаһ әлбетте күнә жасап артынан кешірім сұрайтын халық жаратып, оларды кешіріп отырар еді! Муслим.


424. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз арасында Абу Бакр мен Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, бірнеше адамдармен отырған кезімізде, кенеттен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан тұрды да бізді тастап кетіп қалды. Ол бізге көп уақыт ішінде қайта оралмады да, біз болсақ ешкім жоқта оған біреу қастандық жасады ма екен, деп уайымдай бастадық. Одан кейін бізді үрей биледі де, біз орнымыздан тұрдық. Мен болсам қорқып, бірінші болып оны іздеп шыққан кезімде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ансарлардың бірінің бағында екен.



Сосын ол бұл хадисті сөзбе-сөз былай деп келтірді:

Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бар да осы бақтың сыртында кезіктірген кез келген, Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп жүрегімен нық сеніп куәлік берген адамға, Жұмақты хабарлап қуандыр!”, - деді. Муслим.


425. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бріде Пайғамбар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Ибраһимнің, оған Аллаһтың сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген Аллаһ Тағаланың мынадай сөздерін оқыды: «Раббым, олар1 адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреуі маған ерсе, рас ол менен…»2 және Исаның, оған Аллаһтың сәлемі болсын, былай деп айтқанын оқыды: «Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң да күдіксіз Сен аса үстем, хикмет иесісің».3 Осыдан кейін қолын көкке көтерді де: «Иә Аллаһ, менің үмметім, менің үмметім!», - деп жылап жіберді. Сонда Ұла Аллаһ Тағала: «Иә Жәбірейіл Мухаммадқа бар да – ал сенің Раббың бәрін жақсы білуші! – одан: «Сенің жылауыңа не себеп болып жатыр?», - деп сұра», - деді. Жебірейіл келіп одан сұрағанда, ол Аллаһқа бәрінен де жақсы мәлім сөздерін айтты4. Сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Иә Жебірейіл Мухаммадқа бар да: «Расында, Біз сені, сенің үмметіңмен риза еткіземіз және сені ренжітпейміз!», - деп айт.» Муслим.


426. Хабар бойынша, Муъаз бин Жабіл, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, есегінің артында отырғанымда: “Иә Муъаз, Аллаһтың құлдарында кандай хақысы бар және Оның құлдарының Аллаһтан не үміттенулерне хақылары бар, екендігін сен білесің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Аллаһ пен Оның елшісі бұл жайында жақсырақ біледі”, - дедім. Сонда ол: “Расында, Аллаһтың құлдарындағы хақысы, ол олардың Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеулерінде, ал Аллаһтың құлдарының хақысы, ол егерде олар Одан басқа ешкімге құлшылық етпесе, Оның азаптамайтындығына үміттенулерінде”, - деді. Мен: “Ия Аллаһтың елшісі, мен бұл хабармен адамдарды қуандырайын ба?”, - деп сұрадым. Ол жауап ретінде: “Олай істеме, өйткені оны айтсаң олар соған ғана сеніп қалады!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


427. Хабар бойынша, аль Бар бин Ъазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманға оның қабірінде сұрақтар қойылған кезде, ол Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – оның елшісі, деп куәлік сөзін айтады, оған Аллаһ Тағаланың мына сөздері: “Аллаһ сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақіретте де мықты сөзбен бекітеді…”1, - дәлел деді. Аль-Бухари, Муслим.


428. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер имансыз, бір жақсы амал жасаса, ол үшін үлесін осы дүниеде ғана алады, ал мүмин жайлы айтатын болсақ, расында, Аллаһ оның жақсы амалын мәңгілік өмірге жазады да, осы дүниеде де амалының үлесін береді.



Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ, жақсы амал жасаған мүминді, әрбір жасаған амалы үшін осы дүниеден үлесін беріп және мәңгілік дүниеге сауабын жазып оны ренжітпейді. Ал имансыз жайлы айтатын болсақ, ол әрбір Аллаһ үшін жасаған амалына осы дүниеде үлесін алады да, ал басқа дүниеге барған кезінде, оның сауап алатын еш бір жақсы амалы болмайды. Муслим.


429. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бес намаз, әр қайсысыңның үйлеріңнің есігінің алдында ағып жатқан және онда бес рет шомылатын суы толық өзен секілді. Муслим.


430. Хабар бойынша, ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер кез-келген мұсылманның мәйітінің жанында, Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеген қырық мұсылман тұратын болса2, онда Аллаһ әлбетте олардың шапағатын (болысқанын) қабыл алады.3 Муслим.


431. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Брде біз қырық шақты адам Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір шатырда болған кезімізде ол: “Сендер Жәннәтқа кіретіндердің төрттен бірін құрағыларың келеді ме?”, - деп сұрады. Біз: “Иә!”, - дедік. Ол: “Ал сендер солардың үштен бірін құрағыларың келеді ме?”, - деп сұрды. Біз: “Иә!”, - дедік. Сонда ол: “Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, мен сендердің Жәннәтқа кіретіндердің жартысын құрайды деп үміттенемін, өйткені онда бой ұсынушысылар ғана кіреді, ал сендердің қазір жағдайларың, көпқұдайшылдардың ішінде қара бұқаның үстіндегі ақ шашы секілді /немесе: … ақ бұқаның терісіндегі қара шаш секілді/ (болғандарыңа қарамай бой ұсынушылырдансыңдар)”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


432. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақыр заман болғанда Аллаһ әр бір мұсылманға бір христианды немесе иудейді беріп: “Мынау – сенің Оттан құтылуың”, - дейді. Муслим.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:

Ахіретте Мұсылмандардың ішінде күнәсі таудай болған адамдар келеді де, Аллаһ оларды кешіреді. Муслим.

Аллаһ әр бір мұсылманға бір христианды немесе иудейді беріп: “Мынау – сенің Оттан құтылуың”, - дейді”,- деген сөздердің мағынасын, Абу Хурайрадан келген басқа хадис түсіндіреді, онда Аллаһтың елшісінің былай деп айтқаны келтіріледі: «Әркімнің Жәннәтта және Тозақта өзінің орны бар, сондықтан мүмин Жәннәттан орын алғанда, имансыз өзімен оның тозақтағы орнын толтырады, өйткені оған ол өзінің имансыздығымен лайық». Сонымен «сенің құтылуың», деген сөздің мағынасы: Сенде Тозаққа түсу қауіпі болды, бірақта бұл – сенің құтылуың, өйткені Аллаһ Тағала Тозақты белгілі мөлшердегі адамдармен толтыруды шешті, сондықтан имансыз өзінің күнәсі мен имансыздығы үшін Тозаққа түскенде, олар мұсылмандар үшін құтылуы секілді болады, ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі.
433. Хабар бойынша, ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте мүмин өзінің Раббына жақындатылып, Ол оны Өзінің қорғанына алады. Сонда Ол оның бүкіл күнәләрін мойындаттырады да: “Сен мына күнәңді мойындайсың ба, сен мына күнәңді мойындайсың ба?”, - деп сұрайды. Ол жауап ретінде: “Мойындаймын, Раббым менің!”, - дейді. Сонда Ол: “Расында, Мен сенің күнәләріңді жердегі өміріңде жаптым (жасырдым), ал бүгін оларды кешіремін!”, дейді де, оған жақсы амалдарының кітабы беріледі. Аль-Бухари, Муслим.


434. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам бір әйелдің бетінен сүйді1, сосын Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайды айтып берді. Сонда Аллаһ мына аяттарды түсірді: “Күндіздің екі жағында2, түннің күндізге таяу кезінде намазын3 толық орында. Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды…”4 Сонда әлгі адам: “Иә Аллаһтың елшісі бұл маған ғана қатысты ма?”, - деп сұрады. Ол: “Бұл – менің барлық үмметім үшін”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.


435. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: «Мен (Исламның) бір қағидасын бұздым5, сондықтан мені жазаға тартшы!», - деді. Сол екі арада намаздың уақыты келді де, намазды ол адам Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге оқыды. Намаз оқылып бітісімен ол адам тағы да: «Иә Аллаһтың елшісі, расында, мен бір қағиданы бұздым, сондықтан Аллаһтың Кітабының үкіміне сай мені жазаға тартшы!», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен бізбен бірге намазға қатыстың ба?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен кешірілдің», - деді. Аль-Бухари, Муслим.



Ол адамның: “Мен бір қағиданы бұздым”, - деп жатқан сөздері, оның ғибратты жазаға лайықты (кішігірім) күнә жасағандығын көрсетіп тұр. Әрине бұл жерде әңгіме шариғаттың үкіміне сай жазаланатын үлкен ойнас үшін, не болмаса маскүнемдік үшін осы сияқты күнәләр жайында болып тұрған жоқ, өйткені олар тек қана намаз оқығанмен кешірілмейді, ал имам болса оны ескерусіз қалдыра алмайды.
436. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ, (Өзінің) құлдарының ішінде, әр-бір жеген тамағының үзімі үшін және ішкен суының жұтымы үшін, Өзіне мақтау айтқан құлына риза болады. Муслим.


437. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала, күндіз қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған түнде Өзінің қолын созады. Ал түнде қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған күндіз Өзінің қолын созады1. Және бұл, күн бататын жағынан шықпайынша жалғасады2 Муслим.


438. Хабар бойынша, Абу Наджих Амр бин Абас ас-Сулами, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Жахилия уақытында адамдар бұттарға табынатын, сондықтан мен оларды әр уақытта мардымды еш нәрсе істемеуде және адасуда, деп ойлайтынмын, бірақта мен сол уақытта, Меккеде бір адам өте мәнді әрі таң қаларлық нәрсе айтып жүр деп естідім. Сонда мен түйеге отырып оны іздеп Меккеге келсем, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің руластары жәбір көрсетіп оған байланысты әділетсіздік көрсеткендіктен, ол адамдардың арасында көрінбей (жасырын) жүреді екен. Сонымен оны табу үшін маған бір құрайыштан ол туралы сыпайы түрде сұрау керек болды. Мен оған келгенімде, одан: “Сен кімсің?”, - деп сұрадым. Ол: “Мен – пайғамбармын”, - деді. Мен: “Ал пайғамбар деген кім?”, - дедім. Ол: “Мені Аллаһ жіберді”, - деді. Мен: “Ол сені немен жіберді?”, - деп сұрадым. Ол: “Ол маған адамдарға, туған-туысқандық қарым-қатынасты ұстануға, бұттарды бұзуға және тек қана Аллаһ Тағалаға құлшылық етуге және Онымен қатар ешкімге құлшылық етпеуге, - деген әмірлерін жеткізуге жіберді”, - деді. Мен: “Осы ісіңде сені кім қолдайды?”, - деп сұрадым. Ол: “Бас бостандығы бар мен құл”, - деп жауап берді, өйткені ол кезде онымен бірге Абу Бакр мен Билял ғана, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, болатын. Мен: “Расында, мен саған ілесемін!”, - дедім. Бірақ ол менің сөзіме: “Сен қазір бұны істей алмайсың, сен менің қандай жағдайда екенімді және бұлардың маған қарсы қандай әрекеттер жасап жатқанын көріп тұрсың ғой! Өзіңнің жанұяңа орал да, мені жеңіске жетті, дегенді естісімен маған кел!”, - деді.



Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Сонымен мен үйіме оралдым, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса біраз уқыт өтісімен Меккеден Мәдинаға көшті. Осы жай болған уақытта мен адамдардан ол туралы көбірек сұрай бастадым да, бізге Мәдинадан бірнеше адам келген уақытта олардан: “Мединаға көшіп келген адам не істеп жүр?”, - деп сұрадым. Олар: “Адамдар оған асығуда, ал оның руластары оны өлтірмекші болды, бірақта олардың қолынан ештеңе келмеді”, - деді. Сосын мен өзім Мәдинаға келдім де, одан: “Иә Аллаһтың елшісі, сен мені таныдың ба?”, - деп сұрадым. Ол: “Иә, сен – менімен Меккеде кездескен адамсың”, - деді.



Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

“Сонда мен: “Иә Аллаһтың елшісі, маған Аллаһтың саған үйреткендерінен хабарла және мен білетін намаз туралы маған айтшы”1, - дедім. Ол былай деп жауап берді: “Таң намазын орында да, одан кейін күн найза бойына көтерілгенше намаз оқыма, өйткені, расында, бұл (уақытта күн) шайтанның мүйізінің арасынан шығады2, және бұл уақытта оған (шайтанға) имансыздар иіледі (құлшылық етеді). Ал бұдан кейін найзаның көлеңкесі кішірейіп қысқарғанша намаз оқи берсең болады, өйткені ол уақыттағы намаздың куәгерлері мен қатысушылары болады. Осы уақыттан (көлеңкені ең кішкене болған кезінде) намаз оқудан өзіңді ұста, өйткені бұл уақытта Тозаққа отын тасталады, ал көлеңке күн шығыс жаққа бұрылғаннан бастап намаз оқи беруіңе болады, бұл намаздың да қатысушылары мен куәгерлері болады және бұл уақыт екінді намазының уақытына дейін созылады. Ал одан кейін күн батқанша намаз оқуды тоқтата тұр, өйткені, расында, ол (күн) шйтанның мүйізінің арасында батады және бұл уақытта оған (шайтанға) имансыздар иіледі.»



Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

“Одан кейін мен: “Иә Аллаһтың елшісі, маған дәрет жайлы айтып берші”, - деп сұрадым. Ол: “Егер сендерден біреулерің дәрет алуға су дайындап, одан кейін аузын және мұрнын шайса, онда оның бетінен, аузынан және мұрнынан оның жасаған кішігірім күнәләрі түседі. Ал одан кейін ол Аллаһ әмір еткендей бетін жуса, онда сумен бірге оның сақалының ұштарынан міндетті түрде бетінің кішігірім күнәләрі түседі3. Ал одан кейін ол қолдарын шынтақтарына дейін жуса, онда оның саусақтарының ұштарынан міндетті түрде оның қолының кішігірім күнәләрі түседі. Ал одан кейін ол басын сүртсе, онда шашының ұштарынан міндетті түрде оның басының кішігірім күнәләрі түседі. Ал одан кейін аяқтарын қызыл асықтарына дейін жуса, онда аяқтарының саусақтарының ұшынан міндетті түрде кішігірім күнәләрі түседі. Егер де осыдан кейін Аллаһқа лайықты түрде, Оған мақтау айтып, Оны мәртебелеп, Оны дәріптеп, жүрегін Аллаһ Тағаладан басқаның бәрінен тазартып4 намаз оқыса, онда анасынан жаңа туған баладай, (кішігірім) күнәләрінен арылады.”

Амр бин Абас бұл хадисті сахабалардың бірі Абу Умамаға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізгенде, Абу Умама оған: “Иә Амр бин Абас, сен мына бір жеріңде не айтып жатқаныңа қара: шынымен-ақ соны жасаған адамға (кешірілу) бұйырады ма?!”, - деді. Жауап ретінде Амр: “Иә Абу Умама, мен қартайып сүйектерім тозып жіңішкерді және маған өмір сүруге көп уақыт қалған жоқ, сондықтан мен Аллаһ пен Аллаһтың елшісіне жала жауып өтірік айтуға мұқтаж емеспін! Егер мен бұл айтқанымда Аллаһтың елшісінің өзінен бір рет, не екі рет, не үш рет…”, - деп жетіге дейін жетті де – “есітпесем, онда мен бұл сөздерді қайталамас едім, бірақ та мен бұл сөздерді жеті реттен көп естідім!”, - деді. Муслим.
439. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ қай бір үмметке жақсылық қалайтын болса, Ол үмметтің Пайғамбарын, оны оларға керек жабдықтарын дайындаушы1 және кепілі2 ретінде (үмметі өлгенше) Өзіне алады. Ал егер Ол бір үмметті опат еткісі келсе, онда ол үмметті пайғамбарының өмірі кезінде пайғамбарының әмірін орындамағаны және пайғамбарын олардың жазаланғанын көріп қуандыру үшін, пайғамбарының өмірі кезінде жазалайды. Муслим.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет