Иманқұлова С. М. 1, Абдрахманова Ж.Ә



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#115854
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 эссе

Ключевые слова: 

Смарт образование, новая парадигма, цифровые технологии, интернет-

курсы, доступный контент.

Кіріспе

ХХІ  ғасырда  еліміз  ақпараттық  қоғамға 

көшкелі  жаңа  технологиялар  өміріміздің  басты 

құралына  айналды.  Қазіргі  таңдағы  ең  үлкен 

ақпараттар көзі – Интернеттің арқасында адам

-

дар жаңа түр, жаңа мазмұнда виртуалды қарым-



қатынасқа түсіп, айналасына құндылықтары мен 

қызығушылықтары ортақ қолданушыларды топ

-

тастырды.



Былтыр еліміз интернет пайдаланушы лары-

ның көрсеткіші бойынша 137 елдің арасында 36 

орынға көтеріліп, жылдың қорытындысы бойын

-

ша  халықтың  77  пайызы  интернетті  қолданған 



екен.  Соңғы  дерек  бойынша,  «Қазірдің  өзінде 

интернетке  35  миллиард  құрылғы  қосылған 

және  деректермен  алмасуды  жүзеге  асырады, 

бұл  цифр  әлемдегі  тұрғындардың  жалпы  са

-

нынан  бес  есе  артық»  (Syipyrlyk  Qazaqstan, 



2017:  6).  Цифрлық  технологиялардың  мұндай 

қарқынды  дамуы  адамдардың  білімі  мен  еңбек 

дағдыларына  жаңа  талаптар  енгізуіне  әкелді. 

Цифрлық  технологиялардың  көмегімен  байла

-

ныс  орнатып,  шегарасыз  ақпараттық  кеңістікті 



қалыптастырды. Сөйтіп өмір сүру формасы мен 

қарым-қатынас  жасаудың  жаңа  әдіс-тәсілдеріне 

жол ашты. 

Бүгінде  бүкіл  әлемде  цифрландыру  үдерісі 

қарқынды  жүріп  жатыр.  Әр  ел  ұлттық  циф

-

рландыру  бағдарламаларын  өздері  айқындауда. 



Қытай,  Сингапур,  Жаңа  Зеландия,  Оңтүстік 

Корея  және  Дания  сияқты  15-тен  астам  ел 

ұлттық  экономикаларын  цифрландыру  бойын

-

ша  алдыңғы  қатардан  көрінуде.  Қай  елдің  тех



-

нологиясы қуатты, сол елдің экономикасы озық, 

халқының тұрмысы көш ілгері екені аян. 

Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

2017  жылы  бекітілген  «Цифрлық  Қазақстан» 

мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылы 

халықтың  цифрлық  сауаттылық  деңгейін  – 

83%-ға  арттыру  көзделген.  Елімізде  жұмыстың 

тиімділігі  мен  жылдамдығын  арттыру  үшін 

адами  капиталды  цифрландыруға  баса  назар 

аударылып,  азаматтар  мен  мемлекет  арасында 

қарапайым әрі ашық диалог жүруде.

Аталған бағдарламаны іске асыру бес негізгі 

бағыттан тұрады: 

1.  «Экономика  салаларын  цифрландыру»  – 

еңбек  өнімділігін  арттыру  және  капиталданды-

рудың  өсуін  қамтамасыз  ететін  озық  техноло

-

гиялар  мен  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып 



Қазақстан  Республикасы  экономикасының 

дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.

2. «Цифрлық мемлекетке көшу» – еліміз дегі 

барлық саланы сандық технология көші ру арқы-

лы халыққа қызмет көрсетулерді оңтайландыру.

3.  «Цифрлық  Жібек  жолын  іске  асыру» 

–  еліміздің  транзиттік  әлеуетін  іске  асыру 

үшін  деректерді  жіберу,  сақтау  және  өңдеу дің 

жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұ-

рылымын дамыту бағыты.

4.  «Адами  капиталды  дамыту»  –  жаңа 

жағдайға – білім экономикасына көшуді қамтама-

сыз ету үшін креативті қоғам құру бағыты.

5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, 

ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты 

байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен 

инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты 

(Syipyrlyk Qazaqstan, 2017: 5-6).

Цифрлық  технологиялардың  ақпараттық 

қоғамда  білім  беруді  оңтайландыру  мен  же

-

делдету  мәселелерін  және  оған  жеке  тұлғаның 



бейімделуі  мен  тәрбиесін  табысты  шешетін 

құрал ретінде маңызы артып келеді. ХХI ғасыр 

адамдарына  Интернет  пен  мобильді  телефон, 

компьютер  –  ауа  мен  су  сияқты  маңызды  эле

-

ментке айналды. Заманауи білім беруді дамыту 



үшін бұрынғыдай тек адами капиталдың ықпалы 

жеткіліксіз  болып  қалды,  сонымен  қатар  оның 

білім  беру  ортасын  өзгерту,  тек  білім  берудің 

көлемін  ғана  емес,  оның  мазмұнын,  әдіс-тәсілі 

мен құралдарының сапасын қайта қарау мәселесі 

өзектілікке айналды.

2025  жылы  цифрлық  мемлекетке  көшу 

мемле кеттік  қызметті  тұтынушылардың  өмірін 

анағұрлым  жеңілдетіп,  қызмет  көрсетудің  бар-



Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019

222


Смарт білім беру технологиялары

лығын электронды түрге көшіруге кірісіп кетті. 

Құжат айналымын электронды форматқа көшіру 

тұрғындарды  қағазбастылықтан  құтқаруға  жол 

ашты. 

Қазіргі таңда әлем ғалымдары білім берудің 



жаңа  парадигмаларын  жан-жақты  қарастырып, 

оның  оңтайлы  шешімін  табуға  ұмтылуда.Үнді 

ғалымы  К.  Синкхтің  пікірі  бойынша  білім 

берудің ұлттық жүйесі ондаған жылдарға ескірді, 

олардың  көзқарасында  ескірген  бағдар  жатыр 

және адамзаттың әл-ауқаты мен өмір сүруі үшін 

қазір  керек  болатын  жаңа  парадигманы  ұсына 

алатын  жайы  жоқ  (Оbpazobanye  dlya  mirabogo 

soobzhestbo, 1997: 248). 

Американдық  физик  Митио  Каку:  «Білім 

берудің  қазіргі  жүйесі  мамандарды  ескірген 

жолмен дайындап жатыр. Біз оларды болашақта 

болмайтын  жұмысқа  баруды  оқытып,  тиімді 

болудан  қалған  интеллектуалды  құралдармен 

қамтамасыз  етіп  жатырмыз.  Сондықтан  да 

әлемде  жұмыссыздықтың  саны  артуда.  Бизнес 

иесіне кеше біткен тәжірибесі де, сәйкес білімі 

де  жетпейтін  түлекті  алудың  қажеті  қанша? 

Әлемнің  көптеген  жетекші  компанияларын

-

да  негізінен  50-60-қа  келгендер  басшылық 



етеді.  Олар  ары  қарай  өсуге  қарсы  емес,  120 

жасқа  дейін  істей  бергілері  келеді.  Сондықтан 

білім  беру  саласының  мамандары  қазір  оқу 

бағдарламаларын  қайта  қарастырып,  оны  бола-

шақ технологиялармен тікелей қатысты етіп жат-

қандары сол» (Mitio Kaku, http://xochu-vse-znat.

ru ), – деген пікірлерін ескермеске болмайды. 

Әрине,  мұндай  талапты  орындау  ең  алды

-

мен  білім  беру  жүйесінен  басталары  белгілі. 



Заманауи, жылдам өзгеретін қоғам жоғары мек

-

тептен  көп  үміт  күтеді.  Кез  келген  оқу  орны 



болып  жатқан  өзгерістерге  жылдам  бейімделу, 

оңтайлылық,  кәсіби  міндеттерге  практикалық 

бағдар  жасай  білу  сұраныстарына  жауап  беруі 

керек. Әсіресе, TOP-200 құрамына кіретін ЖОО-

на  бұл  негізгі  көрсеткіштер  болып  табылады. 

Қазіргі заманның мұқтаждығына жауап беретін 

білім  берудің  мақсаттары  ЮНЕСКО-да  «Білім 

беру  барлығы  үшін»  қозғалысының  «Төрт 

бағаны»  ретінде  сипатталған,  атап  айтқанда: 

өмір  сүруді  үйрену;  тани  білуді  үйрену;  істей 

білуді  үйрену;  қатар  өмір  сүруді  үйрену

 

(Elektrondy  okytydyn  tyzhyrymdamasy,  2011:  7). 



Соған  орай  ЖОО-ның  да  міндеті  –  кәсіби  ма

-

ман болумен қатар адамдарды мәдени деңгейіне 



сай  өмір  сүруге  және  өз  кезеңіндегі  алдыңғы 

қатарлы идеяларды ұсынуға дайындау. Осындай 

мәселенің оңтайлы шешімі – оқу үдерісін смарт 

технологияларға көшіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет